Инфоурок Другое Научные работыӘн байқауы "Ана тілде әнім менен сәнім!"

Ән байқауы "Ана тілде әнім менен сәнім!"

Скачать материал

 

 

 

Нағарашы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ана тілде әнім менен сәнім де»

ән байқауы

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Жауапты: Беделбекова Қ.Қ.

                                                                               «ЖасҰлан» оқушы жастар ұйымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

 

«Ана тілде әнім менен сәнім де»

ән байқауы

Мақсаты: 1. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл- қазақ 

              тілі туралы түсінігі, қоғамдық өмірде алатыг орны, мәртебесі жайлы

              ойларын тереңдете отырып тіл туралы мәлімет беру;

         2. балалардың қазақ өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани

             адамгершілік және көркемдік дамуын қалптастыру;

         3. оқушыларды өз Отанын сүйюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа,  

            адамгершілікке тәрбиелеу.

 

І-жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар.

Ана тілім жүрегісің анамның,

Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңызды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның.

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен теңесем.

 

ІІ- жүргізуші: 22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне мерекесіне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз.

 

І- жүргізуші: тіл –қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен еніп қалыптасады.

 

ІІ- жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйекте «Тіл туралы заң» қабылданған болатын. Бұл заңда қазақ ССР-інің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі ұлт аралық болып бекітілді.

 

І- жүргізуші: Туған тілде сыры терең жаным бар,

 Туған тілде әнім менен сәнім бар.

 Туған тілім тіл болудан қалса егер,

 Жүрегімді суырып- ақ алыңдар- деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай «Ана тілде әнім менен сәнім бар» атты тақырыпта өткізетін әншілер байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!

 

ІІ- жүргізуші: Байқауға қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырамыз.

 

І- жүргізуші:Бүгінгі байқауымызға қатысушыларға әділ баға беріп, төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.     тәрбие жұмысының орынбасары Сабырбекова Іңкәр Оразалықызы

2.     музыка пәнінің мұғалімі Жұматаева Қызжібек Оқабылқызы

3.     педагог- психолог Кәдірбаева Забира Қырықбайқызы

 

ІІ- жүргізуші: Сүйемін туған тілді, ана тілін,

Бесікте жатқанымда –ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

 

Құлағыма сіңірген таныс үнің.

І- жүргізуші: Ортаға № 1 үміткерімізді шақырамыз.

 

Қазылар алқасы үміткеріміздің  бағасын беріп өтсеңіздер!

 

ІІ- жүргізуші: Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсің менің қасиетті шаттығым.

Сенсің менің тазалықта пәктігім,

Сенсіз бақыт дүниеде тапты кім.

Ортаға № 2 үміткерімізді шақырамыз

 

Қазылар алқасы үміткеріміздің  бағасын беріп өтсеңіздер!

 

І- жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ

Ортаға № 3 үміткерімізді шақырамыз

 

Қазылар алқасы үміткеріміздің  бағасын беріп өтсеңіздер!

 

ІІ- жүргізуші: Ана тілім ар тілім,

Жанардағы жарқыным.

Жүрегімде сақталған,

Ән –жыры бұл халқымның

Ортаға № 4 үміткерімізді шақырамыз

 

Қазылар алқасы үміткеріміздің  бағасын беріп өтсеңіздер!

 

І- жүргізуші: Қазағым-ау бір-бір үлкен жүрексің,

Қадамыңы бір құдай гүл ексін.

Тәуелсіз ел-ана тілін ардақтап,

Тәуелсіз ел-ана тілін ту етсін.

Ортаға № 5 үміткерімізді шақырамыз

 

Қазылар алқасы үміткеріміздің  бағасын беріп өтсеңіздер!

 

ІІ- жүргізуші: Ана тілі деп атаудың себебі-

Анасындай қастерлесін дегені.

Өз анасын сыйлайтұғын әр адам,

Өз елін құрмет тұтып келеді, -дейді.

Ортаға № 6 үміткерімізді шақырамыз

 

Қазылар алқасы үміткеріміздің  бағасын беріп өтсеңіздер!

 

І- жүргізуші: Ана тілім өз тілім, қазақ тілім,

 

Өз тілімде ән айтқан таланттымын.

Ортаға № 7 үміткерімізді шақырамыз

Қазылар алқасы үміткеріміздің  бағасын беріп өтсеңіздер!

 

ІІ- жүргізуші: Бірақ ауыз сөзімен,

Дауды әділ шешкен тіл.

Өз еліңді әнге бөлеп,

                         Болған ғажап досы-тіл.

Ортаға № 8 үміткерімізді шақырамыз

 

Қазылар алқасы үміткеріміздің  бағасын беріп өтсеңіздер!

 

І- жүргізуші: Үміт күтіп кейінгі ұрпақ жастардан,

Сенім арту бабалардан басталған.

Қазақ тілін мойындату әлемге,

Жастар үшін болса екен басты арман- деп ортаға барлық қатысушы  үміткерлерімізді шақырамыз.

 Байқауымыздың қорытындысын айту үшін  сөз кезегін қазылар алқасына берейік.

 

Қорытынды

Жеңімпаз әншілерімізді марапаттау, сыйлықтар табыстау.

 

Осымен бүгінгі байқауымыз өз мересіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Келесі көріскенше күн жақсы болсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ән байқауы "Ана тілде әнім менен сәнім!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 849 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 759
    • DOCX 18.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касымжанова Айнур Амангельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19348
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой