Инфоурок Классному руководителю ПрезентацииҚазақша тәрбие сағат: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (БІРЛІГІ ҚАЗАҚ ЕЛІ)

Қазақша тәрбие сағат: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (БІРЛІГІ ҚАЗАҚ ЕЛІ)

Скачать материал

Қазақша тәрбие сағат: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (БІРЛІГІ ҚАЗАҚ ЕЛІ) Тәрбие сағат білімділігі: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Тәрбие сағат дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.  Тәрбие сағат тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағат түрі: аралас сабақ

Тәрбие сағат әдісі: сұрақ-жауап, өлеңдер оқу, түсіндіру, ТҚЖ қолдану. Тәрбие сағат көрнекі құралдары: әр ұлттың киімі, слайд , гүлдер, шар, қағаздан жасалған ұшақтар

Тәрбие сағат барысы: I. Психологиялық даярлық.

 Қайырлы күн, балалар! Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген, Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз ЖАРАСҚАН Үлгі алсын көрген жан мына бізден Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын.Ендеше, сендер де сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.

  1: Әнұраным –жанұраным, Айтар әнім -сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады. Республикам Әнұраны! Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

 - Біз сендермен Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.Әнұранның авторлары кім?

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев , Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән - Еліміздің тағы қандай рәміздері бар? Ол туралы не білесіңдер? Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов. : Қаны да, жаны да қазақтың, Егемен еркіндік –ғажап күн. Жүзінен білінген,

2Сарайлар төрінде ілінген,

Елтаңба - егемен елдің белгісі.

Елтаңба - өжеттік, өрліктің белгісі.

 Елтаңба - тәуекел, ерліктің белгісі.

Елтаңба - кемелдік, кеңдіктің белгісі.

 Елтаңба - өзге ел мен теңдіктің белгісі.

Елтаңба - егемен елдің белгісі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков

.Мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi.

 Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi.Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi

    3: Жарасқан байрақтың мәні бар,

Көк аспан, күн, қыран –сәні бар.

Көк байрақ –ашық көк кеңісім,

 Алтын күн - белгісі жеңістің.

Алтын күн көтерген ел құсы

- Халқымның батырлық белгісі!

4: Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім -Әнұран, Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі - Біздің әнұранымыз, елтаңбамыз, көк байрағымыз бар. Бұл нені білдіреді ?

 5: Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата - бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті.

  6: Туған ел- Қазақстан арайлы. Бүгін саған әлем түгел қарайды. Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның Бейбітшілік таңы әр кез арайлы.

7: Арайлы азаттықтың нұрын құшқан, Шолпандай жарқыраған күншығыстан. Тәуелсіз Қазақстан – туған елім, Досы көп, бата алмайды бірде дұшпан.

8: Тәуелсіздік –он бір әріп құралған, Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман. Талай дара, даналардың көз жасы, Қаныменен атты таң боп алдан. Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан тәніңмен ұғып, біл! Он бір әріп - не мағына береді? Ал талдайық жеткеніңше қызыл тіл. Т-әріпі –білдіреді теңдікті ә-әріпі – әдептілік, әлдікті у-әріпі – уайымсыз уақытты е-әріпі – егемендік елдікті л-әріпі – дейді лағып, лепірме с-әріпі - сенімділік секілді і-әріпі – ілтипат пен ізет қой з-әріпі- зиялық тілек қой д-әріпі –шақырады достыққа і-әріпі- ілкімді боп сақтыққа к-әріпі- дейді күн бол көктегі Ойын. «Тәуелсіздік ұшағы» Қазақстанның атаулы күндерін айту. 1991 жылы 16- желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. 1991 жылы 1 -желтоқсандағы жалпыхалықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 1991 жылы 10 қазан.Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. 1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы, Гимні қабылданды. 1993 жылы 12- қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді. 1994 жылы ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты. 1995 жылы 1-наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 1995 жылы 30-тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды. 1997 жылы 10-желтоқсанда астанамыз Ақмола қаласына көшірілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көп этностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Көрініс. Немересі атасына: - Ата, неге біздің елімізде басқа ұлт өкілдері тұрады? Олар біздің елімізге қашан келді, келу тарихы қандай? - Оны өздерінен сұрайық. Слайд көрсету.Әр ұлт өкілдері өздерінің Қазақстанға келу тарихын айтып, ұлттық тағамын ұсынады.Өз өнерлерін көрсетеді.

- Мы дружной семьею живём в Казахстане, Татары, уйгуры и русские с нами. Так пусть же крепнет во веки веков Дружба народов всех возрастов      

-Қазақжері – қонақжай төрдің жері, Қазақ елі – қассақтай ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген, Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

-Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

- Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын. Татулығын жырға қосам ұлттардың, Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

- Тілі бөлек болғанменен тілек бір, Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл. Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ, Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. -: Қазақ елі қашаннан да жыр елі Тарихында тұлғалар көп киелі. Қазақстан аясында бұрыннан Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді. Бір-бірімен тату-тәтті тұрады. Бәрінің де Қазақстан тұрағы. Топпен жұмыс.Екі топқа бөліп, бірінші топ «Бірлік» тақырыбына эссе жазады, екінші топ осы тақырыпқа мақал-мәтелдер айтады.Жекелеген оқушыларға жазған эсселерін оқыту.

- Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

:-Қазақстан - елім менің Қазақстан - жерім менің Саған арнап тартылады Күйім менің !

 Кім білмес қазағымның қою шайын, Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын. Ақ тілекпен әрбір келген қонағына, Құрметпен шығаратын төрі дайын. Келіңіз ұсынамын төрден орын, «Досым» деген адамға міне қолым. Әр қазақтың жүрегінде осы тілек, Адамзат, оң сапарда болсын жолың. Жаса, жаса тыныштық Достық бізге тым ыстық, Бірлік – байлық, ырыс – құт. Хормен : «Туған жер» әні. Құрметті қолданушы, Сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде кірдіңі. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақша тәрбие сағат: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (БІРЛІГІ ҚАЗАҚ ЕЛІ)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақша тәрбие сағат: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (БІРЛІГІ ҚАЗАҚ ЕЛІ) Тәрбие сағат білімділігі: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Тәрбие сағат дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.  Тәрбие сағат тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағат түрі: аралас сабақ

Тәрбие сағат әдісі: сұрақ-жауап, өлеңдер оқу, түсіндіру, ТҚЖ қолдану. Тәрбие сағат көрнекі құралдары: әр ұлттың киімі, слайд , гүлдер, шар, қағаздан жасалған ұшақтар

Тәрбие сағат барысы: I. Психологиялық даярлық.

 Қайырлы күн, балалар! Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген, Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз ЖАРАСҚАН Үлгі алсын көрген жан мына бізден Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын.Ендеше, сендер де сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.

  1: Әнұраным –жанұраным, Айтар әнім -сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады. Республикам Әнұраны! Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

 - Біз сендермен Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.Әнұранның авторлары кім?

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев , Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән - Еліміздің тағы қандай рәміздері бар? Ол туралы не білесіңдер? Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 887 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2015 2190
    • DOCX 21.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Старовойтова Александра Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56849
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 548 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции