Инфоурок Другое ПрезентацииҚазақстан Тәуелсіздігіне - 25 жыл

Қазақстан Тәуелсіздігіне - 25 жыл

Скачать материал

Мақсаты:1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
 3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайттар. 
            Кіріспе бөлім.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында
«Тәуелсіздік!» деп соғады жүрегім атты  тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Өзгешелігі сайысты ұлдар мен қыздар арасында өткізгелі отырмыз. Әділ қазылар алқасымен таныс болайық. Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.
    Сайыстың шарттары:
1.    Мақал-мәтел айту
2.    Бәйге
3.    Поэзия минуты
4.    Үй тапсырмасы
5.    Жеті жұмбақ
6.    Тілек айту
      Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»-деген.
    Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат, 
Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.
І бөлім.  Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал-мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Алғашқы сайысымыз мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар). 

ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап) 
1. Қазақстанның  астаналары болған қалаларды ата.
1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,
1925-1929жж. Қызылорда қаласы.
1929-1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
      Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар.   Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері.   Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
2.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
3.Тудың авторын атаңыз.
4.Елтаңбаның авторы кім?
5.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.   Әні: Шәмші  Қалдаяқов)      
6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
8.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж.30тамызда,16 жыл)
9.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
10.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).

ІІІ бөлім.Поэзия минуты. Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын –жазушылар қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.
IV бөлім. Үй тапсырмасы. Қыздар: Өткен жылдар  қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды?  «Республикамыз 25 жылда қандай жетістіктерге жетті?» тақырыбы бойынша, ал Ұлдар: «Президенттің халыққа жолдауы туралы не білеміз?» тақырыбы төңірегінде дайындалып келген үй тапсырмалары бойынша сайысымызды бастаймыз.

V бөлім. Жеті жұмбақ. (7 пәннен сұрақтар қойылады)
1.    Тарих. 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?
2.    Қазақ тілі. Тіл туралы заң қашан қабылданды? Қанша баптан,қанша тараудан тұрады? (1989ж. 22 қыркүйек)
3.    Әдебиет. (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)
4.    Ағылшын тілі. Сөйлемді аудару. Мен Ойыл селосында  тұрамын. 
5.    Орыс тілі. Сөйлемді аудару. Мен туған  жерімді жақсы көремін. 
6.    Математика. 04.06.1992 сандары нені білдіреді?
7.    Жаратылыстану. Қазақстан қай материкте орналасқан және шектесетін мемлекеттерді атаңыз. 
VІ бөлім.  «ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін арнайды.
Хор : «Мектеп маршы» Сөзі,әні: Еркін Жиеналин.

Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.

 Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным, 
Көк туымды қалайша құлатармын. 
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
          Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп
тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»                                                                          «Келісемін»

№22 ОМ директоры                                                            Директордың  тәрбие  ісі

_____  А.Т.Алдиярова                                                         жөніндегі орынбасары

                                                                                                      ______  Б.Қойшыбек

 

 

 

 

 

                Тәрбие сағаты:

 

«Тәуелсіздік!» деп соғады                   жүрегім

 

 

 

 

                                    Өткізген: Л.К.Құрымбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе – 2016жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан Тәуелсіздігіне - 25 жыл"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 968 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2017 404
    • DOCX 34.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Құрымбаева Лиза Кәрібайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Құрымбаева Лиза Кәрібайқызы
    Құрымбаева Лиза Кәрібайқызы
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 488
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой