Инфоурок Другое СтатьиБалабақша 8 наурыз сценарий

Балабақша 8 наурыз сценарий

Скачать материал

Наурыз мейрамы.

 

І. 1 жүргізуші: Қош келіпсің,Наурыз!

Арман тойы ананың

Қуанышы ғаламның

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап, қарсы алып,

Бейбітшілік тойы деп, Қол соғады жұрт.

2 жүргізуші:   Арайы бар даланың,

Амансың ба, Жана күн!

Сәлем, Халқым, тірегім,

Сендермен бірге жүрегім!

Орындалды ойларың,

Құтты болсын тойларың!

Сәлеметсіздер ме, қымбатты қауым! Ұлыстың Ұлы  күні құтты болсын! Наурызға арналған мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1 жүргізуші: Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі – Наурыз күні. Наурыз – қазақ халқының жаңа жылы. Парсы тілінде нау-жаңа, роз-күн деген сөз, бұл екі сөз қосылып, “жаңа күн”, яғни “жаңа жыл” деген ұғымды береді. Қазақ халқы уақыт есептеуде бағзы заманнан бері байырғы дәстүрге айналған он екі жылдық мүшелдік күнтізбені қолданды. Осы мүшел жылының басын күн мен түннің көктемдегі теңелуінен (күн тоғысуынан) бастап, осы күнді (жиырма екінші наурызды) “ұлыс күні” немесе “наурыз” деп атады.

2 жүргізуші: Ертедегі адамдар жаңа жылдың басы – “Ұлыстың ұлы күнін” зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл аралап, бірін-бірі жаңа жыл – наурызбен құттықтап, сағынышты көрісулер, ыстық құшақ қауышулар устінде бір-біріне игі тілек тілесіп, адал ниетпен, ақ бата беріскен. Мұны олар өлең, тақпақ арқылы білдіріскен. “Аман ба! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса, жол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле-жала жерге енсін!” – деп, немесе: “Ұлыс күні” кәрі-жас, құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай, жамырасып көріскен.

1 жүргізуші: Наурыз мейрамында қазақ халқы “Наурыз көже” ішіп, ән шырқап, күй шертісіп, балуан күрестіріп, ойын-сауықпен өткізген.

Наурыз мейрамын қазақтармен бірге көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ т.б. жұрттар да осылай тойлайтын болған.

Наурыз – діни мейрам емес, халық мейрамы. “Аурулар сауығымыз деп, аштар тойынамыз деп, жалаңаштар киінеміз де күн көреміз” дегендей жұрттың бәрінде келешектен үлкен үміт, жылы шырай сезіліп, “бәріміз де табиғаттың перзентіміз, оның бергеніне риза болайық” дегендей ой-пікір өзекті орын алған.

2 жүргізуші: Наурыз мейрамын атап өту соңғы елу жыл ішінде аяқсыз қалып келген еді. Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1988 жылдан бастап, бүкіл республика жұртшылығы Наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтетін болды.

Қазақ халқының ежелгі салт-діәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру.  Бата беру әдетте аулдың үлкен қария, ақсақалдарының үлесіне тиген немесе құдайы қонақтың алғыс, тілегі болып саналған. Халқымыздың бата-тілегін бейнелейтін шешендік сөздерінің неше алуан нұсқалары бар.  Бата-тілектің түрлері көп. Мысалы шәй бергенде:

 

Саян: Шәйың қызыл болсын,                 Дұшпаның қаша берсін.

   Ғұмырың ұзын болсын.                Құдайым ұзақ ғұмырды

   Несібең таса берсін,                     жаза берсін!

 

Ал ет бергенде:

Құдай жолыңқабыл болсын,        Кемтігіңді алла толтырсын!

Әрбір нәрсең әзір болсын.            Бақыт пен дәулетті құдайым

Кеткенінді келтіріп,                        Саған несіп етсін!

 

II. 1 жүргізуші: Бүгін бәрі ерекше,

                         Бишілерде көп өнер.

                         “Шашу” биін билейді.

                         Ортамызға Ботагөз кеп.  - 6 “Ә” сынып

2 жүргізуші: Өлең өрлеп, жыр самғай,

                      Үйлесті әсем әніміз.

                      Болады екен жыл сондай,

                      Қандай болса Наурыз!

Жан қалмасын жай тұрған,

Мәз болсын жас – кәріміз.

Күй шертілсін, ән айтып

Би билейік бәріміз. – 5 “А”, “Ә”, 6 “А”, “Ә”, 7 “А”.

 

III. 1 жүргізуші: Әдемі би билеп, ән жырлап,

  Халықты қуантты ұл – қызы.

  Құт болып азат күн – Наурыз,

                          Шырқалсын қазақтың ән – жыры. –5 “А”, “Ә”, 6 “А”, “Ә”, 7 “А”.

 

IV. Ұлттық тағам. 2 жүргізуші: Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. “Ас – адамның арқауы”, “Жаман ауруға – жақсы ас”, “Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады” деп халық тегін айтпаған.

1 жүргізуші: Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған тамақтардың негізгі түрлері: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік мал өнімінен дайындалған. Халық егіншілікпен айналысып, бау-бақша өсіріп, отырықшылыққа бет алған дәуірде ғана мал өнімінен әзірленіп келген негізгі тамақтарға қоса нан, сондай-ақ жеміс, көкөніс дәмдері келді. Олардың ішінде ең көп өндірілгені – тары, арпа, бидай, күріш.  – 5 “А”, “Ә”, 6 “А”, “Ә”, 7 “А”.

 

V. 2 жүргізуші: Бауырласқы тәнтіміз,

 Бұзылмаған антымыз.

 Кең даланың ежелгі,

 Қазақ дейтін халқымыз.

 Кетер өрлеп даңқымыз,

 Біз Қазақстан халқымыз.

 Өзге ұлттай біздің де,

 Бар дәстүр мен салтымыз. –5 “А”, “Ә”, 6 “А”, “Ә”, 7 “А”.

 

VІ. 1 жүргізуші: Кіршіксіз көгілдір көгіміз,

  Гүлдері құлпыраған жеріміз.

  Армысың, Наурыз, аңсаған,

  Қуанып қарсы алдық сені біз.

  Адамдар ақ сүттей ар үшін,

  Жігерін намысқа жанысын!

  Наурызда абырой биіктеп,

  Қыдыр кеп халқыма дарысын!

 

2 жүргізуші: Осымен Наурыз мейрамызға арналған мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Мейрамдарыңызбен!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Балабақша 8 наурыз сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Наурыз мейрамы.

І. 1 жүргізуші:Қош келіпсің,Наурыз!

Арман тойы ананың

Қуанышы ғаламның

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап, қарсы алып,

Бейбітшілік тойы деп, Қол соғады жұрт.

2 жүргізуші: Арайы бар даланың,

Амансың ба, Жана күн!

Сәлем, Халқым, тірегім,

Сендермен бірге жүрегім!

Орындалды ойларың,

Құтты болсын тойларың!

Сәлеметсіздер ме, қымбатты қауым! Ұлыстың Ұлыкүні құтты болсын! Наурызға арналған мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1 жүргізуші: Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі – Наурыз күні. Наурыз – қазақ халқының жаңа жылы. Парсы тілінде нау-жаңа, роз-күн деген сөз, бұл екі сөз қосылып, “жаңа күн”, яғни “жаңа жыл” деген ұғымды береді. Қазақ халқы уақыт есептеуде бағзы заманнан бері байырғы дәстүрге айналған он екі жылдық мүшелдік күнтізбені қолданды. Осы мүшел жылының басын күн мен түннің көктемдегі теңелуінен (күн тоғысуынан) бастап, осы күнді (жиырма екінші наурызды) “ұлыс күні” немесе “наурыз” деп атады.

2 жүргізуші: Ертедегі адамдар жаңа жылдың басы – “Ұлыстың ұлы күнін” зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл аралап, бірін-бірі жаңа жыл – наурызбен құттықтап, сағынышты көрісулер, ыстық құшақ қауышулар устінде бір-біріне игі тілек тілесіп, адал ниетпен, ақ бата беріскен. Мұны олар өлең, тақпақ арқылы білдіріскен. “Аман ба! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса, жол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле-жала жерге енсін!” – деп, немесе: “Ұлыс күні” кәрі-жас, құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай, жамырасып көріскен.

1 жүргізуші: Наурыз мейрамында қазақ халқы “Наурыз көже” ішіп, ән шырқап, күй шертісіп, балуан күрестіріп, ойын-сауықпен өткізген.

Наурыз мейрамын қазақтармен бірге көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ т.б. жұрттар да осылай тойлайтын болған.

Наурыз – діни мейрам емес, халық мейрамы. “Аурулар сауығымыз деп, аштар тойынамыз деп, жалаңаштар киінеміз де күн көреміз” дегендей жұрттың бәрінде келешектен үлкен үміт, жылы шырай сезіліп, “бәріміз де табиғаттың перзентіміз, оның бергеніне риза болайық” дегендей ой-пікір өзекті орын алған.

2 жүргізуші: Наурыз мейрамын атап өту соңғы елу жыл ішінде аяқсыз қалып келген еді. Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1988 жылдан бастап, бүкіл республика жұртшылығы Наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтетін болды.

Қазақ халқының ежелгі салт-діәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру.Бата беру әдетте аулдың үлкен қария, ақсақалдарының үлесіне тиген немесе құдайы қонақтың алғыс, тілегі болып саналған. Халқымыздың бата-тілегін бейнелейтін шешендік сөздерінің неше алуан нұсқалары бар.Бата-тілектің түрлері көп. Мысалы шәй бергенде:

Саян: Шәйың қызыл болсын,Дұшпаның қаша берсін.

Ғұмырың ұзын болсын.Құдайым ұзақ ғұмырды

Несібең таса берсін,жаза берсін!

Ал ет бергенде:

Құдай жолыңқабыл болсын,Кемтігіңді алла толтырсын!

Әрбір нәрсең әзір болсын.Бақыт пен дәулетті құдайым

Кеткенінді келтіріп,Саған несіп етсін!

II. 1 жүргізуші: Бүгін бәрі ерекше,

Бишілерде көп өнер.

“Шашу” биін билейді.

Ортамызға Ботагөз кеп.- 6 “Ә” сынып

2 жүргізуші: Өлең өрлеп, жыр самғай,

Үйлесті әсем әніміз.

Болады екен жыл сондай,

Қандай болса Наурыз!

Жан қалмасын жай тұрған,

Мәз болсын жас – кәріміз.

Күй шертілсін, ән айтып

Би билейік бәріміз. – 5 “А”, “Ә”, 6 “А”, “Ә”, 7 “А”.

III. 1 жүргізуші: Әдемі би билеп, ән жырлап,

Халықты қуантты ұл – қызы.

Құт болып азат күн – Наурыз,

Шырқалсын қазақтың ән – жыры. –5 “А”, “Ә”, 6 “А”, “Ә”, 7 “А”.

IV. Ұлттық тағам. 2 жүргізуші: Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. “Ас – адамның арқауы”, “Жаман ауруға – жақсы ас”, “Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады” деп халық тегін айтпаған.

1 жүргізуші: Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған тамақтардың негізгі түрлері: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік мал өнімінен дайындалған. Халық егіншілікпен айналысып, бау-бақша өсіріп, отырықшылыққа бет алған дәуірде ғана мал өнімінен әзірленіп келген негізгі тамақтарға қоса нан, сондай-ақ жеміс, көкөніс дәмдері келді. Олардың ішінде ең көп өндірілгені – тары, арпа, бидай, күріш.– 5 “А”, “Ә”, 6 “А”, “Ә”, 7 “А”.

V. 2 жүргізуші: Бауырласқы тәнтіміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Кетер өрлеп даңқымыз,

Біз Қазақстан халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз. –5 “А”, “Ә”, 6 “А”, “Ә”, 7 “А”.

VІ. 1 жүргізуші: Кіршіксіз көгілдір көгіміз,

Гүлдері құлпыраған жеріміз.

Армысың, Наурыз, аңсаған,

Қуанып қарсы алдық сені біз.

Адамдар ақ сүттей ар үшін,

Жігерін намысқа жанысын!

Наурызда абырой биіктеп,

Қыдыр кеп халқыма дарысын!

2 жүргізуші: Осымен Наурыз мейрамызға арналған мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Мейрамдарыңызбен!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 152 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2018 1327
    • DOCX 32 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумабекова Шолпан Ануаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумабекова Шолпан Ануаровна
    Жумабекова Шолпан Ануаровна
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12281
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 313 человек из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек