Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Балабақшаға жаңа қабылданған сәбилердің ата-аналарымен жиналыс өткізу

Балабақшаға жаңа қабылданған сәбилердің ата-аналарымен жиналыс өткізу

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Ата-аналар жиналысы:

Баланың балабақшаға бейімделуі.

Мақсаты:  Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.  Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;

Жоспар

1.  Кіріспе сөз

2.  Тренинг: «Кел танысайық!»

3. Балабақшаның күн тәртібі

4. « Алғашқы қадам» бағдарламасы (слайд)

5. Баланың балабақшаға бейімделуі (баяндама оқу).

6. Ата-ана мен балаға байланысты ситуация шешу.

7. Сұрақтарға жауап беру

8. Ата-аналар комитетін сайлау.

9. Сұрақ-жауап алмасу.

10. Қорытынды.































Балабақша меңгерушісі Айгүл Қоныспайқызы Насиловаға сөз беру.

Тәрбиеші:               
Құрметті ата - аналар! Сіздерді біздің балабақшада көргенімізге қуаныштымыз. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен балабақша. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Олай болса біз сіздермен ең алдымен танысып алайық.

Тренинг: «Кел танысайық!»

Ата-аналар шеңбер құрып тұрады. «Менің есімім .... мен ... анасымын (әкесімін). Өз баласы туралы айта кету. Сіздермен танысқаныма қуаныштымын»-деп жұмсақ ойыншықты көрші тұрған ата-анаға беріп, әр бір ата-ана өзін таныстырып шығады.

Балабақшаның күн тәртібі

Р\с

Өткізілетін іс- әрекеттер

Өткізілу уақыты

1

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Таңертеңгілік қабылдау

08.00-08.30

2

Таңертеңгілік жаттығу

08.40-08.50

3

«Ас-адамның арқауы»Таңғы ас

09.00-09.15

4

«Ойнайық та, ойлайық!»

Ұйымдастырылған оқу әрекеті

09.15-09.50

5

«Табиғат аясында»

Серуенге дайындық. Серуен. Серуеннен қайту. Гигиеналық және шынықтыру шаралары

09.50-11.30

6

«Ас адамның арқауы» Түскі ас

11.50-12.30

7

«Тәтті ұйқы»

Гигиеналық шаралар.

Түскі ұйқыға жатқызу. Ұйқы

12.30-15.00


8

«Ұйқымызды ашайық!»

Ұйқыдан ояну.Шынықтыру және гигиеналық шаралар

15.00-15.30

9

«Алақай! ойын!»

Сюжетті рөлдік, шығармашылық, дидактикалық ойындар. Серуенге дайындық. Серуен. Серуеннен қайту. Гигиеналық және шынықтыру шаралары

15.30-16.10

16.40-18.00

10

«Ас дәмді болсын!» Кешкі ас.

16.10-16.40

11

«Ертеңге дейін....»

Кешкі серуенге әзірлік. Серуен.

Ата-аналармен қарым-қатнас.

Еркін ойын

18.00-18.30




ҚР жалпыға міндетті стандартының « Алғашқы қадам» бағдарламасы бойынша жұмыс жасаймыз. (тәрбиеші баяндама оқып,оған сәйкес слайд көрсетіледі)

Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді ұйымдастыру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайтуға бағытталған. Осыған байланысты бағдарлама 5 сала арқылы іске асады. Оның 4 біз жұмыс жасаймыз. Олар шығармашылық, таным, қатынас және денсаулық.

  • Шығармашылық саласының базалық мазмұны:

  • Сурет салу

  • Баланы сурет салуға, мүсіндеуге ынталандыру және жағдай жасау

  • Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру

  • Түс, сызық, дақтарды қолдана отырып, қоршаған ортадағы нақты шындық құбылыстарын бейнелеу жолдарына үйрету.

  • Сурет салуға арналған материалдар туралы ұғымдарын толықтыру.

  • Желімсіз жапсыру

  • Қарапайым жапсыру әрекеттерінде тәжірибе жинақтауға көмектесу.

  • Ересектермен бірлесіп, затты желімсізжапсыруды түсінуге және құрылымына қарай жеке бөліктерден бейнелер құрастыруға үйрету.

  • Жапсыру барысында қағаздың бетін дұрыс пайдалануға үйрету.

  • 2-3 бөліктен тұратын затттарды құруға үйрету.

  • Мүсіндеу

  • Мүсіндеуге қызығушылықтарын арттыру, сазбалшықпен жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

  • Бейнелеу материалдары ретінде сазбалшықтың саппасы туралы ұғым беру.

  • Илеуді, қарапайым зарратр мен құбылыстарды мүсіндей білуге үйрену.

  • Музыка

  • Музыкаға қызығушылықтарын және оның бейнелі мазмұнын ажырату қабілеттерін дамыту.

Енді мен сіздермен сурет салу бойынша дәстүрлі емес түрде оқу іс әрекетін өткізгелі тұрмын. Ата-аналарды ортаға шақырып ақ қағазға түрлі-түсті бояулар арқылы саусақтарыңызбен қылқалам, қарындашсыз сурет саласыздар. Мысалы: ауа райы құбылыстарын, жер, табиғат т.с.с

Келесі сөзді музыка мұғалімі Гүлнар Маратқызына беремін.



  • Таным саласының базалық мазмұны:

  • Қоршаған ортамен таныстыру:

  • Балаларға қоршағанаттардың алуан түрлі қызметін айқындауға және олардың адам өмірі, табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтыру.

  • Қоршаған ортадағы құбылыстар мен адамдардың кейбір мамандықтарымен таныстыру.

  • Адам бойындағы қаситеттерді дамыту.

  • Сенсорика:

  • Баланың сенсорлық саласын кеңейту, қабылдауы, назары мен пәндік манипуляциялық іс-әрекетін дамыту.

  • Заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті, көлемді, пішінді атап көрсете білуге үйрету.

  • Құрастыру:

  • Қарапайым құрастыру жасауға бейімделу, сенсорлық қабілеттері мен қарапайым құрастыру біліктерін дамыту.

  • Құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру.

  • Қарапайым құрылыс салып оларды қалпына келтіру.

  • Қатынас саласының базалық мазмұны:

  • Тіл дамыту:

  • Ересектердің тілін түсіне ,баланың бастамашылық жәнежауап бере білу тілін дамыту.

  • Балалардың жалпыға ортақ зат есім, сын есім, етістік, үстеу және қосымшалармен пассив және белсенді сөздіктерін кеңейту

  • Тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетті, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру.

  • Көркем әдебиет:

  • Халық ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларға қызығушылығын тәрбиелеу.

  • Көркемсөзге деген сүйіспеншілігін, қызы,ушылығын тәрбиелеу.

  • Шығармалардың мазмұнын түсінуге көмектесу.

  • Ертегілер мен әңгіме, тақпақтарды қабылдауға үйрету.

  • Денсаулық саласының базалық мазмұны:

  • Дене шынықтыру:

  • Балалардың денсаулығын нығайту, ағзаны шынықтыру, қимылдың негізгі түрлерін дамыту.

Денсаулық саласына дене шынықтыру мұғалімі Бахытгүл Қапенқызы тоқтала кетеді.





Баланың балабақшаға бейімделуі (баяндама оқу), баланың бейімделуіне байланысты жүргізілетін іс-әрекет

Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

-        Басқа  адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,

-        Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.

-        Кейбір  тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

-        Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Ата-аналардың балаға эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады.

Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.

-   жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;

- орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде;

-   ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді. Кей жағдайда 11-12 айға дейін.

Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды.  Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.

Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

-Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз.

Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.

-Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.

-Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.

-Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.

-Балаға анық түсінік беру керек.

Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі.

2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.

Сондықтан кеңес береміз:

-          Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.

-          Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз

-          Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

-          Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

-          Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне  керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз  мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

-          Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

-          Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.

-          Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады. Соған байланысты балалардың бейімделуіне көз жүгіртіп шығайық. (Бейімделуге байланысты слайд көрсету)


Ата-ана мен балаға байланысты жағдаяттарды шешу.

Үрленген шардың ішінде жағдаяттар жазылған. Сіздер сол шарды жарып, ішіндегі жағдайды оқып, сол жағдайдан шығу жолдарын ұсыныңыздар.

1. Сіз балаңызбен саябақта қыдырып жүріп, өсіп тұрған әдемі гүлдердің біреуін жұлып алдыңыз. Сол кезде балаңыз сізге: «Ана, ол гүлді неге жүлып алдың? олай жасауға болмайды ғой»-деген сөзін естігенде сіз не істейсіз? Балаға қандай жауап қайтарасыз?

2. Сіз балаңызбен аулаға серуендеп, балаңызбен ойнап келуге шықтыңыз. Ойын алаңында сіздің балаңызбен тектес жасар балалар ойнап жүр. Сіздің балаңыз да сол балалардың қастарына ойнауға барды. Бірақ басқа балалар сіздің балаңызды ойынға қоспай тұр. Ал сіздің балаңыз мұңайып, жылап тұр. Сол кезде сіз қандай әрекет етер едіңіз?


Ата-аналардың жауабы.

Барлықтарыңыз білесіздер біз балабақшада бір тәрбие берсек, үйде бала басқа тәрбие алады. Сондықтан да, үйдегі тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыру үшін біз сіздерден мына сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз.

Ол үшін нөмірленген асықтарды сіздер таңдайсыздар, сол нөмірдің сәйкесінше сіздерге сұрақтар қойылады.

1.Егер балаңыз балабақшаға келгісі келмесе, қандай амалдар қолданасыз?

2. Балаңызға жиі-жиі ертегі айтып бересіз бе?

3.Балаңызбен қандай ойындар ойнайсыз?

4.Теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламаларды қарайсыздар?

5.Өзіңіздің балалық шағыңыз туралы балаңызға айтасыз ба?

6. Баламен қандай тілде сөйлесесіз?

7.Өзіңіздің бала кезіңіздегі тәрбие мен қазіргі кездің тәрбиесінің айырмашылығы бар ма? Қандай?

8.Бала тәрбиесінде сізге кездескен қиыншылықтар, оны шешудің жолы қандай?

9.Балаңыздың денсаулығына қалай көңіл бөлесіз?

10.Балаға ойыншық алғанда ойланып аласыз ба, әлде кез кеген ойыншықты ала бересіз бе?

Өте жақсы.

Ата –аналар комитетін сайлау.

Сұрақ – жауап алмасу.

Ата-аналар жиналыстан алған әсерін білдіруде.


Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

































төрайымы: Гаухар-Асылжан Хамитқызы

Комитет мүшелері: айсулу-Мейрамгүл Бебетқызы, Елжан-Елдар Серікұлы, Аман,Есен-Валихан Айдарханұлы

Талқыланатын сұрақтар.

-балабақша ережесі

-концелерия

-ата-аналар мәліметін толтыру

-тест тарату «кел танысайық»

-ертеңгіліктер туралы айту

-төлемді уақытында төлеу

-тазалық сақтау

-ойыншықтар әкелмеу





























1 2 3 4 5 6 7 8 9 10



1.Егер балаңыз балабақшаға келгісі келмесе, қандай амалдар қолданасыз?



2. Балаңызға жиі-жиі ертегі айтып бересіз бе?



3.Балаңызбен қандай ойындар ойнайсыз?



4.Теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламаларды қарайсыздар?



5.Өзіңіздің балалық шағыңыз туралы балаңызға айтасыз ба?



6. Баламен қандай тілде сөйлесесіз?



7.Өзіңіздің бала кезіңіздегі тәрбие мен қазіргі кездің тәрбиесінің айырмашылығы бар ма? Қандай?



8.Бала тәрбиесінде сізге кездескен қиыншылықтар, оны шешудің жолы қандай?



9.Балаңыздың денсаулығына қалай көңіл бөлесіз?



10.Балаға ойыншық алғанда ойланып аласыз ба, әлде кез кеген ойыншықты ала бересіз бе?



1. Сіз балаңызбен саябақта қыдырып жүріп, өсіп тұрған әдемі гүлдердің біреуін жұлып алдыңыз. Сол кезде балаңыз сізге: «Ана, ол гүлді неге жүлып алдың? олай жасауға болмайды ғой»-деген сөзін естігенде сіз не істейсіз? Балаға қандай жауап қайтарасыз?

2. Сіз балаңызбен аулаға серуендеп, балаңызбен ойнап келуге шықтыңыз. Ойын алаңында сіздің балаңызбен тектес жасар балалар ойнап жүр. Сіздің балаңыз да сол балалардың қастарына ойнауға барды. Бірақ басқа балалар сіздің балаңызды ойынға қоспай тұр. Ал сіздің балаңыз мұңайып, жылап тұр. Сол кезде сіз қандай әрекет етер едіңіз?



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Ата-аналар жиналысы:

Баланың балабақшаға бейімделуі.

                                                                                                                                      

Мақсаты:   Бала тәрбиесіндегібалабақша мен отбасыынтымақтастығыннығайту. Балалардыңмінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірекзерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиешіүштігіарасындаөзарасенім мен сыйластықорнауынаықпалету. Бала тәрбиесіндегіата- ананыңалатынорныныңерекшеекендігінтүсіндіру;Отбасымүшелініңарсындағыбауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;

Жоспар

1.  Кіріспе сөз

2.  Тренинг: «Кел танысайық!»

3. Балабақшаның күн тәртібі

4. « Алғашқы қадам» бағдарламасы (слайд)

5. Баланың балабақшаға бейімделуі (баяндама оқу).

6. Ата-ана мен балаға байланысты ситуация шешу.

7. Сұрақтарға жауап беру

8. Ата-аналар комитетін сайлау.

9.Сұрақ-жауап алмасу.

10. Қорытынды.

 

 

Общая информация

Номер материала: 412297
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>