Инфоурок Начальные классы КонспектыБАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

БАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Скачать материал

 

 

        БАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН

                  ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

    Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамады, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара  қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екені түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділілігі бір сыдырғы байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады, сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойнақылы болады.».

    Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән түрткілері болады. Мысалы дәрігер ауру адамды емдеген уақытта өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ ол да айналасындағыларды өзінше  «емдейді». Бірақ бұл оның жай қызығулығынан туған. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен түрткісінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасынан одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтыландар ойыннан талап етіледі. Бұдан ойынның ешқандай мағынасы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шетел психологтары ойынды көбінесе санасыз инстингтерге балайды.

     Мәселен, олардың бірі жануар төлі мен адам баласының ойынның арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса, екіншілері – ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді, ал үшінші біреулері-ойынды жай рахат табудың бір көзі деп қарайды да,оның негізгі түрткісі көрсетілмейді, мұндағы қоғамдық фактордың рөлін еске алмайды. Орыс  ғалымы Г.В.Плеханов өз еңбектерінде ойын жөніндегі идеялистік теорияларды сынап, балалар ойынының үлкендер еңбегі мен байланысын, оның маңызы тарихи-әлеуметтік сипат алатынын дұрыс көрсетті.

Баланың жасы өсуімен қатар, ойлайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, бір жастағы бөбектердің ойыны манипуляциялық сипатта болса, балалар бақшасындағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүние үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидиактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойындарына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәреже көреді. Баланың осы тілегін демеу қажет. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше «ойын» болып саналғанымен, баланың барлық күш-жігерін, зейінін өзіне аударып отыр. Балалар ойынына  үнемі дұрыс басшылық етіп отыру – ой-өрісінің, өмір тәжірибесінің жан-жақты қалыптасуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың басты бір бөлігі делінген.

     Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен, мектепке дейін тұрмыстық ойындарды көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процессінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі мұғалімнің, қалғандары оқушың рөлін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бейнелеуі екінші сынып балаларында біртіндеп кеми бастайды, оның орнын творчествовалық ойындар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір-бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.

     Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі – оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрине, жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушыларының ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ бола ойнап, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының арасында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы – бала ұжымын құрастыруға таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапынан жоғарыда аталған ұйымдардың жұмыстары нәтижелі болуға себебін тигізеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің басындағы мінез-құлықтардың кейбір теріс бітістерінен ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарға баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады. Бастауыш класс оқушыларының өмірде спорттық ойындарда едәуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис, лапта ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарды ережелерді сақтау, бір-бірімен жарысу сәттері күшті болады. Сондықтанда мұндай ойындар жылдамдықты, тапқыштықты, ептілікті қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды үйренеді, жолдасқа көмек беруді өз командасы үшін бар мүмкіндігін сарықа пайдалануды ойлай бастайды. Ойын да жарысқа түсу, бірінен-бірі озу жағыда келіседі. Төменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тиісті дағдыларды, ептілікті ережелерді үйрене қоймағанымен, қимыл-қозғалыстың аса қажетті үйлесілімділігін жылдамдық пен оңтайлықты жақсы меңгереді. Осы ұйымдардың бір жақсы жері сол балаға секіру, лақтыруғ қарғу, өрмелеу сияқты атрибуттарды үйреніп қана қоймай, адалдық, шыншылдық, қағидашылық секілді адамгершілік қасиеттерге баулиды. Бастауыш сынып мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жетекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

     Ойын оқу мен еңбек қатарындағы – адам іс-әректінің ең бір негізгі түрі, біздің өмір сүруіміздегі ғажайып көрініс. «Ойын іс-әрекеттің бір түрі. Ойындық жағдаяттар негізінде қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға, әрі меңгертуге бағытталған тәлім-тәрбие жүреді, әрі соның негізінде тәртіп шыңдалып, өзін-өзі реттеу, жетілдіру жүзеге асырылады»,- делінген анықтама. Ойын әрекеті адам зат тәжірибесінде төменгідей қызметтер атқарады.

-көңіл көтеру, қызығушылығын ояту;

-қарым-қатынастық, қатынас жасау диалектикасын меңгерту;

-өзін көрсету, өз мүмкіндігін жүзеге асыру, адамның тәжірибе жасау алаңы ретінде;

-ойын терапиясы қызметін атқарады, әр-түрлі қиындықтарды жеңуге үйретеді;

-диагностикалық қалыпты тәртіппен ауытқушылықты, ойын үстінде өзін-өзі тануына көмектеседі;

-коррекциялық, реттеушілік қызмет атқарады. Жеке тұлғаның өмірлік орнын; позициясын өзгертуіне, жеке тұлға құрлымының өзгеруіне көмектеседі;

-ұлт аралық қарым-қатынас құралы ретінде барлық адамдар үшін бірдей, жалпы әлеуметтік-мәдени құндылықтарды игеруге мүмкіншілік береді;

-әлеуметтенуге қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне қосылуға, адамзаттың бірлесіп өмір сүру нормасын игеруіне ықпал етеді.

     Көптеген ойын түрлеріне негізінен төрт түрлі басты белгілер сипаттары тән;еркін дамымалы іс-әрекет, баланың өз қалауы бойынша ғана жүзеге асатын процесс. Тек қана нәтижесінде емес ойын ойынауға ынталы келеді;

-шығармашылық, көп жағдайда импровизациялық, өте жоғарғы деңгейде дамыған белсенді іс-әрекет, нағыз, әшығармашылық айдыны» іс-әрекет эмоциялық көтеріңкі көңіл күйде жүреді, жарыс, бәсекелестік, эмоциялық күш жігер жұмсалады;

-ойын мазмұнын бейнелейтін тура және жанама ережелерінің болуы, оның логикалық жүйесі және өту уақыты жағынан бірізді дамуы жүзеге асады.

      Ойын әрекетінің себепкерлігі оның еріктілігімен, таңдап алу мүмкінділігімен және жарыс элементімен, өзін-өзі бекіту, күш жігерін жұмсау, қажеттілігін өтеуге жағдай жасайды. Ойынның үрдіс ретінде құрлымына төмендегілар кіреді,

а) ойнаушылардың өздері орыдауға алған рольдері;

ә) бұл рольдерді атқару құралы ретінде ойын амалдарын орындау;

б) ойнап, нақты заттарды шартты ойындық нәрселермен алмастыру;

в) ойыншылар арасындағы шынайы нақты, өмірлік қатынастар;

д) ойында шартты түрде қайталаныналатын нақты, ақиқат шындықтың көрінісі, аймағы-ойын сюжеті (мазмұны) ойынның мәнін, мүмкіндігін бағалау, көңіл көтеру-танымдық, шығармашылық мүмкіндігін тауысу мүмкін емес.

    Оның ерекшелігіде сонда демалыс көңіл көтеру бола тұрып, ол үйрету оқыту, шығармашылық, терапия, адамзат қатынасы типінің жобасына, моделіне, еңбек үстіндегі көрнісіне айналуы мүмкін. Ежелден-ақ ойынды оқыту әдісі ретінде, аға ұрпақтың жас ұрпаққа іс-тәжірибесін беру көзі ретінде пайдаланған. Ойын халықтың педагогикада мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемемлерде кеңінен қолданылады. Қазіргі кезеңде оқыту үрдісінің белсенділігі мен қарқынын арттыруға күш салатын мектепке ойын әрекеті төмендегідей жағдайларда қолданылады:

-оқу пәні бойынша тақырыпты, тіптен, тұтас тарауды, негізгі ұғымдарды меңгеру үшін дербес технология ретінде;

-неғұрлым кең, ауқымды технологияның бөлшегі ретінде (кейбірде аса мәнді);

-оқу жұмысы, не сабақ ретінде, болмаса оның бөлшегі түрінде (кіріспе, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, жаттығу, бақылау)

-сыныптан тыс жұмыс технологиясы ретінде («Елім-ай» ойын-экспедициясы, «Атамекен» операциясы, ұжымдық шығармашылық іс, іскерлік ойын, «Пікір сайыс», «21 ғасыр серкесі», т.б.

«Педагогикалық ойын технологиясы» ұғымы педагогикалық үрдісті әр-түрлі педагогикалық ойын формасында откізу әдістерімен тәсілдерінің қомақты тобын қамтиды. Педагогикалық ойынның жай қарапайым ойындардан ерекшелігі, олардың мәнді белгілерінің болуында. Ол мыналар:-нақты қойылған оқыту мақсаты мен соған сәйкес оның педагогикалық нәтижесі, дәлелденуі мүмкін, оқу – танымдылық бағыттылығымен сипатталатын, айқын түрде бөліп көрсетуге келеді. Жұмыстың ойын түрі сабақ үстінде ойындық тәсілдер мен жағдайлардың көмегімен жасалады да, олар оқушыларды оқу әрекетіне, ынталандыру, ояту құралы ретінде қолданылады. Ойын тәсілдері мен ойындық жағдайлар оқытуды сабақ формасында ұйымдастырған уақытта негізінен мынандай бағыттарда жүреді, оқушылардың алдына дидақтикалық мақсат, ойын міндеттері түрінде қойылады, оқу әрекеті ойын ережесі мен тәртібіне бағынады, оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады, оқу әрекетіне жарыс, байқау элементтері енеді де, жақсы мағынасындағы бәсекелестік рух береді, әрі жарыстық рух дидактикалық міндетті ойындық міндетке айналдырады, дидактикалық тапсырманың жемісті, жетістікпен орындалуы ойын нәтижежесімен байланыстырылады. Оқу үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен ролі, оқу мен ойын элементтерінің үйлесім тауып қолданылуы мұғалімнің педагогикалық ойын жіктелуін және қызметін дұрыс түсінуіне тәуелді келеді.  

       Біріншіден, ойынды іс-әрекет түріне қарай дене (қимыл-қозғалыс), интелектуалдық (ақыл-ой), еңбек әлеуметтік, психологиялық деп ажыратамыз.

  Екіншіден, педагогикалық үрдістің сипатына қарай ойынның келесі тобын:

а) білім берушілік, оқыту үйретушілік, жаттығу, бақылау, жалпылау;

ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

б) репродуктивтік, творчестволық;

в) қарым-қатынастық, (диагностикалық) айтқындаушы, (профориентациялық) кәсіптік бағдарлаушы, психотехнологиялық-деп бөлеміз. Педагогикалық ойындардың ойын әдістемесінің сипатына сәйкес топтастырылу түрлері өте көп. Ең маңызды кең қолданылатын ойын типтерін ғана көрсетіп, атап өтеміз: пәндік сюжеттік, сахналаған – көрініс, драмалық ойын. Мектепге оқылатын барлық пәндер саласы бойынша да ойын түрлері қалыптасқан бар. Мысалы: математикалық, тілдік, табиғаттану, дүниетанымдық ойындар: «Кел, ойналық», «Ойналық, та ойлалық»,  «Ұлттық ойындар» т.б. жинақтары жарық көрген. Ойын технологиясының ерекшелігін ойындық орта анықтайды: зат, нәрсе пайдаланып ойналынатын ойындар, үстел

дік, бөлмелік, даладағы, көшедегі, жергілікті, компьютерлік, техникалық құрал-жабдықты әр-түрлі қозғалыс-құралдарына негізделген түрлері кездеседі.

  Келесі жасаралық кезеңі өздерінің жетекші іс-әрекет бастауыш сынып оқушыларында – оқу әрекеті, жеткіншектік кезеңде қоғамдық пайдалы іс-әрекеттік ойынды сақтайды және үрдіске қосып отырады.

      Мазмұнының сипатына барлық ойын технологиясының жүйесі енеді, кіреді және кіріктіреледі.

Басқару типіне қарай: барлық бағдарламасына дейін.

Ұйымдасыру формасы бойынша: барлық формасы.

Балаға қатынасына қарай: еркін тәрбие.

Қолданылған әдістердің түрлеріне сәйкес: дамытушылық, іздемпаздық, шығармашылық.

Модернизациялық бағытына қарай: белсенділігін арттыру.

Қатынасушылардың категориясына сай: көпшілік, барлық категориялар.

Мақсатты түрде бағдарлау спекторы:

-дидактикалық: танымдық әрекет, таным, білімін кеңейту;

Танымдық әрекет, таным, білімін кеңейту; іс-әрекеттік тәжірибеде білім, дағды, икемділігін қолданылу тәжірибелік әрекетіне қажет. Жалпы оқу дағдысы мен икемділігін дамыту: еңбектену дағдысын дамыту.

-тәрбиелік: ерік-күш жігерін; өз бетінше еңбектену, іздену, оқу, өзін-өзі тәрбиелеу;  белгілі бір қатынастарды, позициясын, адамгершілік эстетикалық, дүниетанымдық бағыттылығын қалыптастыру; ынтымақтастықты, ұжымшылдықты, қарым-қатынас жасауы, ашықтығы.

-дамытушылық: зейінін, есін, тілін, ойлауын салыстыру, ұқсастық, ұйқастық табу, қолдау, шығармашылық қабілетін, сезімін дамыту, тиімді шешім таба білу дағдысы; оқу әрекетінің себепкерлігін дамыту.

-әлеуметтендірушілік: қоғамдық нормаларды меңгеруі мн жалпы адамзаттық құндылықтарды игеру мақсатында қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерге араластыру, тарту; ортаның жағдайына бейімдалу; өз мінез құлқын-ашу, ызасын бақылау, өзін-өзі реттеу, қарым-қатынас жасауға үйрету; психотерапия.

  Ойын әрекетінің психологиялық механизмі өзін-өзі көрсету, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі реттеу; өзін-өзі жүзеге асыру сияқты жеке қажеттілігінде,өзіндік «мен» тұжырымдамасының ірге тасына сүйенеді. Ойын – психогендік тәртібінің яғни жеке тұлғаның ішкі құбылысына тән форма. Ойын – баланың «іштей әлеуметтену» кеңістігі, әлеуметтік талап-тілектерді меңгеру құралдары. Ойын – жеке тұлғаның қиял бостандығы «орындалмайтын қызығушылығын елестей жүзеге асыру». Ойынға оңай кірісіп кете білу қабілеттілігі адамның жасына байланысты емес, бірақ әрбір жасаралық кезеңдегі ойындардың өзіндік ерекшеліктері бар. Балалар ақыл-ойының мазмұны ойыннан дамиды, олардың негізгі мазмұны пәндік іс-әрекет болып табылады. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін ойындарға басқа мазмұны қоғамдық тәртіп ережелері мен адамдар арасындағы қатынасқа бағындырылған ойындар жатады                                                                                                               

     Д.Б. Элькониннің балалар дамуын жасарлық кезеңдерге бөлуде ерекше роль жетекші іс-әрекет түрлеріне берілген әрбір жетекші іс-әрекетке сәйкес психикалық жаңа жасалыстар туады және калыптасады. Компьютерлік технологиялар «оқытушы-компьютер-оқушы» жүйесінің арасында әр түрлі оқыту бағдарламаларының көмегімен жүзеге асырылады. Диалогтық технологиялар байланысты ортаның болуымен және оқу-танымдық есептерінің қойылымы мен шешімінің барысында «оқытушы-оқушы», оқушы-оқушы», «оқытушы-туындыгер»,  «оқушы-туынгер» деңгейінде бірлесе қызмет істеу кеңістігінің кеңеюімен байланысты шешіледі. Тренингтік технологиялар – бұл оқыту барысында оқу-танымдық әрекеттермен типтік есептерді шешу тәсілдерінің алгоритмін жасаудағы іс-әрекеттер жүйесі. Ұйымдасқан түрде бірлесіәп оқыту – ынтымақтастық технологиясы аз топпен оқыту педагогикада ертеден қолданылып келеді. Ол Джон Дьюдің философиясында білімге прагматикалық қатынастың негізінде өмірге пайдалы амал-тәсілдердің оқу әрекетінде үйретілуі, оның жоба әдісі маңызды бір элементі болып табылады, әрі педагогикадағы гуманистік бағыттағы технологиялардың бірі болып табылады. Аз топпен оқыту Батыс Германияда, Нидерландияда, Ұлы-британияда, Австралияда; Израильде және Жапонияда колданылады. Бірақ бұл оқытудың негізін американдық педагогтары қалады. Содан бері ұйымдастыра оқытудың идеялары әлемнің көптеген елдерінің педагогтарының еңбегінде өз дамуын айқындады. Өйткені, әр елдің идеяларында белгілі бір айырмашылықтар бола тұра, идеяның өзі, өз даму жолында гуманистік және, сонымен қатарпедагогикалық болды. Бұл идеяны дұрыс ұғыну үшін бұл әдістің авторлары «қате» сөзіне көңіл аудару керек дейді. «Қате» сөзін көбінесе жаңылыс әрекет, қате пайымдаудан шыққан пікір немесе шала білім, болмаса ынтасыздық деп анықтайды. Бұл түсінік түсіндірмелі сөздіктегі анықтамаға өте жақын, ұқсас. Авторлар бұл анықтамаға мынадай келесі тіркесті қосуды ұсынады. «Қажетті білім немесе іскерлікті қалыптастыру үшін көп жаттығу мен қосымша практиканың қажеттілігі нені меңзейді?». Егер де оқушылардың қатерлі олардың қажетті іскерлікті игермегендігнен  деп білсеңіз, онда сіз оларды тек қана жай дерек ретінде қарастырғаныңыз. Олай болса, сіз оқушыларыңызға жеткілікті  мөлшерде білімді игеретіндей көлемде қосымша білім алуға мүмкіндік беруіңіз керек. Егер сіз қатені оқушылардың жұмыс істеуге құлқының соқпауы, қалауының болмауы, оның қабілетсіздігі деп қарастыратын болсаңыз, онда сіз, бұл жағдайда, ол оқушы, өзін-өзі жақсы «ұстағанша» оған қосымша түсіндіруден, қосымша сабақ өткізуден бас тартасыз. Ал бір жағынан, егер оқушы тапсырманы орындауды үйренді деп санауға болады, мұндай оқушыға қосымша сабақтың қажеті шамалы. Демек қате дегеніміз-ол оқушының қосымша сабақты көмекті қажет етеді ме, етпейді ме, соны білідіретін индикаторы ғана. Әрине, сыныптағы әрбір оқушыға мұғалімнің көмек көрсететін уақыты жоқ. Бірақ, бұл жауапкершілікті оқушылардың өздері орындай алады.Оқушылардың аз топта жұмыс істейтін болса, олардың әрқайсысы, бір-бірінің үлгеріміне жауап бере бастайды және бір-біріне көмектесе алады. Педагогикалық тілде бұл берілген есепке барабар әдісті қолданылу қажет екенін білдіреді. Жақсы оқитын оқушы әрқашанда жоғары мәреден көрініп жүрген жеңістен-жеңіске ұжымда да оқи алады: ол жаңа материалды тезірек ұғып, оны тез меңгереді, мұғалім өз қызметінің көп жағдайында оған сүйенеді. Ал әлсіз оқушы бірте-бірте төмендей береді. Себебі оның бәрін жақсы түсінуге уақыты жетпейді, мұғалімге сұрақ қоюға ұялады, сонымен бірге ол бәрін дұрыс, әрі тез жасай алмайды, бәріне де баяу қатынасады. Тиісті әдістер мен оқу материалдар пайдаланып жеке-дара оқуға болады. Ол кезде оқушы өзімен-өзі болады, өзінің үлгерімі мен сәтсіздігін ғана біледі. Оны көршісінің жағдайы қалай екені ешқандай қызықтырмайды. Егер оған материал берілмесе, бұл оның ғана мәселесі. Алайда, достарымен бірге оқығанға не жетсін. Олардан білмегеніңді сұрауға, бірлесіп кезекті есептің шешімін талдауға болады. Ал егер сенің жетістігіңнен бүкіл топтың жетістігі көрініп тұрса, онда сен өзіңніңде, топтың да, яғни жолдастарыңның да жетістігі үшін жауапкершілікті сезінесің. Оқу үрдісінде барлығы да қателеседі. Тек қана біреуге материалды игеру үшін көп уақыт, көп күш, ал екінші біреуге аз уақыт пен аз күш кетеді. Мұны реттеу, мұғалімнің қарым-қатынасты қалай ұйымдастыруына байланысты, оның шеберлігінен танылатындықтан-бұл әдістеменің ісі. Тәжірибе бізге, бірге, ұйымдасқан түрде оқытудың, тек қана, жеңіл және қызықты ғана емес, сонымен бірге көп тиімдірек екенін көрсетеді. Маңызды нәрсе сол, ұжымдық оқыту – тиімдірек, өйткені ол, тек қана оқушылардың күшті жетістіктеріне, ақыл - ойларының дамуына ғана емес, сонымен қатар ішкі жан дүниесінің дамуына да ықпал етеді, әрі оқыту қаржыға да байланысты болғандықтан, экономикалық жағынан да тиімді келеді. Досыңа көмектесу, кез -келген мәселені бірге шешу, жетістіктерге қуануды, сәтсіздіктерге күйінуді бірге бөлісу –күлу, ән айту, өмірге қуану сияқты сезімдік қатынас табиғи нәрсе. Ұымдаса ұжымдық оқытудың негізгі идеясы- бір нәрсені бірге орындау ғана емес, бірге оқу. Жоба әдісі әлемдік педагогикада жаңа әдісі болып саналмайды. Ол осы ғасырдың 20-жылдарында АҚШ-та пайда болды. Оны, сонымен қатар, ділгерлік әдіс деп те атайды және оны американ философ және педагогы Джон Дьюи мен оның оқушысы В.Х.Килпатриктің жетілдірген философиядағы, білім берудің гуманистік бағыттағы идеяларымен байланыстырады. Джон Дьюи оқытуды белсенді түрде, оқушының іс-әрекетінің мақсаттылығы арқылы, оның осы білімге деген қызығушылығын ескеріп құруды ұсынды. Бұдан балалар үшін алатын білімдеріне өз қызығушылықтарын көрсету маңызды нәрсе болып табылады. Бірақ бұл не үшін және қашан керек? Бұл жерде нақты өмірден алынған, баланың әлі де алатын білімдері мен алған білімдерін жинақтауға қажет шешім үшін балаға таныс маңызды нәрсе бар. Қайда, қандай мақсатпен деген сұрақ туады. Оқытушы жаңа ақпарат көздерін есіне түсіруі мүмкін және оқушының ойын өз бетінше іздену үшін керек бағытта бағыттап жіберуі мүмкін. Нәтижесінде оқушылар жан-жақты білімдерін қолданып мәселені өз беттерінше,бірігіп отырып шешуі және маңызды, нақты нәтижеге жетуі тиіс. Осылайша бүкіл мәселе жобасы іс-әрекеттің нұсқауын жасайды. Уақыт өте жоба әдісі кейбір өзгерісті басынан өткізеді. Еркін тәрбиелеу идеясынан туындаған бұл әдіс қазіргі кезде толық жасалған және құрылған білім жүйесінің маңызды компоненті болып табылады. Бірақ оның мағынасы бұрынғыша қалады - балардың белгілі бір мәселеге қызығушылығын арттыру және бір не бүкіл мәселенің шешімін қарастыратын жобалы іс-әрекет арқылы алған білімдердің тәжіриберлік қолданылуын көрсету. Басқа сөзбен айтқанда теориядан практикаға, академиялық білімдердің прагматикалық білімдермен және оқытудың әрбір кезеңдегі тиісті байланыстардың орындалуымен бірігуі. Жоба әдісінің негізінде оқушылардың танымдық дағдының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құру икемділігі, мағлұматты кеңістікте бағдар алу икемділігі, қиын, күрделі ойларды дамыту жатады. Жоба әдісі әрқашанда оқушының, жеке, жұбымен не тобымен, өз бетінше іс-әрекетіне бағытталған. Бұл әдістеме топтық оқу әдістемесімен ұйымдасқан түрде байланысады. Жоба әдісі әрдайым бір жағынан әр түрлі тәсілдерді қолданылып, екінші жағынан ғылымның, техниканың, технологияның, шығармашылық білімдердің әр-түрлі облыстарындағы білім мен икемділіктің бірігуін, қосылуын қарастыратын қандайда бір мәселенің шешімін жобалайды, болжайды. Орындалған жобаның нәтижесі нақты болу керек, яғни, егер бұл теориялық мәселе болса, қолдануға дайын, дәл нәтижесі болу керек. Соңғы уақытта жоба әдісі көпке танымал әдіс болып есептеледі. Бұл әдісті оқу тәжірибесінде кеңінен қолдануға болады. Шын мәнінде жоба әдісі жеке, не топтық болуы мүмкін, егер мұны әдіс ретінде айтсақ, онда ол оқушының өз бетінше әрекетінің нәтижесінде, сол немесе басқа мәселені шешуге болатын, оқу танымдық әдістердің бірігуін жобалайды. Жоба әдісін қолданылу шеберлігі - оқытушының не тәрбиешінің жоғары біліктілігінің, оның оқушыларды оқыту мен дамытудағы алдыңғы қатарлы, жоғары әдістемесінің көрсеткіші. Қазіргі заманғы индустриальды қоғамдағы адамның құбылмалы өмір жағдайларына икемделуін, бейімделуін қарастыратын бұл технологиялар 21 - ғасыр технологияларына, болашақ технологиясына тектен - тек жатпаса керек.

            Тәжірибеде теория технология көмегімен дамыды. Өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиындығы – технология. Өндіру процесінде технология - бұл алгоритмдік негізінде ұсынылған жүйе, құрал, қорытынды қызметіне әкеледі. Берілген өнімнің саны мен сапасын белгілейді. Барлық қазіргі өнімдер технологияға негізделеді: Технология - құнарландырылған өнімнің деңгейі, бұл ғылыми енгізу жетістігінің қортындысы. «Әрбір қызымет технология да, өнер де бола алады. Өнер интуицияға негізделген, технология – ғылымға, өнерден барлығы басталады, ал технологиямен барлығы бітеді, себебі, барлығы басынан басталуы үшін». Әзірге технология жаралған жоқ, сондықтан ол жеке шеберлікті билейді. Бірақ та ол бірте-бірте «ұжымды шеберлікке» орын береді. Жеке шеберлік негізінің қызметімен технологияға негізделген қызметті салыстырып көрейік. Барлық процестің басынан аяғына дейін етікші, я орындық жасаушыға шеберлікті білу қажет емес, сапалы өнім алу үшін ол қойылған, орнатылған технологияны бұзбауы керек және өзінің жұмысын сапалы түрде атқару керек. Әр адам бөлек,өзінің еңбек операциясын ғана орындаса, бұрың бір жағынан артықшылығы 2-жағынан кемшілігі бар деп те санауға болады. Соңғы уақытқа дейін «интелектуальды өнімдер» оның қатарында адам тәрбиесі технология ұғымының көмегінсіз қарастырылып келді. Технологиялық қатынас педагогикалық қызметте пайдаланылмайды. Қазіргі педагогикалық теорияда «пісіп жетілген» тәрбиеге технологиялық қатынас оның тиімділігін мойындайды. Әйтсе де оны, технологияны, өндірістен мектепке механикалық көшіруге қарсы. Тәрбие процесін - бұл өндірісті процесс деп қарастырдық. Шынымен, мектептегі тәрбие ісіне ұқсас. Өндірістік өнімге, сияқты, мектепке де қоғам әлеуметтік тапсырма беріп, мектеп қоғамдық сұранысқа да сай қызмет атқарады. Онда өнімдегідей жеке анық  материалдық база ойластырылады. Осы мақсатқа бағытталған тәрбие процесі - өндіріс процесінің дәлдігі сияқты дәлдікті талап етеді. Оның негізі - педагогтың тәрбие қызметіндегі, нәтижеге жеткізу түрі мен қортындысын талдауы, жоспарлау мен модельдеу жұмыстарының орындалуы, адамның орындаушылық тәртібі. Осыған байланысты мұғалімнің педагогикалық қызметі меңгеруі өндірудегі сияқты жүйелік қалыппен, оның қарым-қатынас, іс -әрекеттік, басқарушылық қызметі негізінде орындалады. Өндірістегідей мектепке де, ынталандырушы жүйесінің бірлігі керек, педагогтар оны бағыттап қолдайды. Өндірістегі сияқты мектеп туралы да ақпараттық, сандық дерек қажет, осыны қолданып педагогтар балалар жайлы мағлұмат алып отырады. Бұл мектептегі процестер қоршаған әлеуметтік ортаға байланысты: отбасына, балабақшаға, мектептен тыс орындарға, сондықтан білім беру кеңістігін құрудың мәні ерекше екендігін ұмытпау керек. Мектептің қызметін қызметі сияқты, оның шығару «өнімінің» сапасы бойынша бағаланады. Мектепте бұл өнім сапасы білім беру деңгейіне, білім сапасына оқушының жеке өмірге дайындықтарына, даму дәрежесіне, тәрбиелігіне сай бағаланады. Осыған байланысты мектеп тәрбие жүйесі «өндірістік өнім жүйесі» сияқты қоғам мақсаттары, материалдық базасы, оның қызмет атқару процесінің жиынтығы, жұмысшы ұжымы, бұл процестер түрлі қызметпен меңгеріледі. Педагогикалық сөздік қорға енген «технология» түсінігі педагогикалық теория мен тәжірибе өміріне жаңа бағыт әкелді. Негізгі технологиялық радикализм бірнеше тәрбие жүйелері ерекшеленеді, - «деп, өз концепциясын» таратты. Бірақ та технология тәрбиесінің өңделуі әр педагог жеке мұратының тірелуге өте қашық. Бүгінгі кезде тек қана тәрбие технологиясы элементтері жайында ғана айтуға болады. Өнімде өндірістік жәй түсіндірілетін оның процедурасы, мектепке оқыту, тәрбиелеу технологиясы қиын және күтпеген нышан табады. Өнім процесінің тәрбие процесінен ерекшелігі: тәрбиенің бір тұтастық сипатында, мінезінде, оны операцияға бөлу қиын. Тәрбиелік ықпал жүйелік сызбасы бойынша дамымдайды, керісінше жинақты дамиды. Жекені қайтадан қайталаймыз. Оқу-тәрбие технологиясы «бөлшектеп» емес тұтас дамиды. Тек қана жекелік жекелікті тудырады. Сондықтан тәрбиелеуші қажетті технологиялық процесті басынан аяғына дейін жүргізеді. Мұнда біз жекелік шеберлікпен жұмыс істейміз. Тәрбие аймағында технологияның ықпалымен барлығын ортақ жолмен жан-жақты дамытады. Оларды анықтап, мақсатқа жету жолы-жаңашылдық ғылымның мақсаты. Технологиялық проблемаларды шешу кезінде әр тәрбиелеуші  каноникалық мақсатқа жетіп, онан өтуі керек. Оның қортындылары белгілі «байланыс нүктелерінде» бақыланады. Негізгі технология элементі – эвеносы сақталады, тәрбиелей  оқыту мінезін қамтиды. Тәрбие тәжірибесі – оқу кезеңінде тәрбиелеушілер ғылыми педагогикада технологияда әлі жақсы жұмыс істеп жатқан жоқ. Бірақ жеке тәрбие мақсатының шешуін жәйлап алшақтап барады

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамады, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара  қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екені түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділілігі бір сыдырғы байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады, сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойнақылы болады.».

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 075 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2015 1852
    • DOCX 29.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кодарова Шолпан Калиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кодарова Шолпан Калиевна
    Кодарова Шолпан Калиевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5295
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1471 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 800 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе