Инфоурок Другое Научные работыБаяндама "Көптілділік заман талабы"

Баяндама "Көптілділік заман талабы"

Скачать материал

Көптілділік заман талабы.

    А.Р. Омарова

    СҚО Шал ақын ауданы

    Городецкое негізгі мектебі

 

Білекке сенген заманда,           Ешкімге есе бермедік.        Білімге сенген заманда,                 Қапы қалып жүрмелік.              Абылай  хан

            Ұлы ғұлама, әлемдегі екінші ұстаз Әбу-Насыр Әл-Фараби өмірінде 76 ұлттың тілі білсе, өр рухты дауылпаз ақын Махамбет пен қазақтың бір туар ұлы  Шоқан да бірнеше тіл білген екен. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. Қазақ тілі  еш уақытта  өзімен көршілес халықтың  тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге бермегендігі мыңдаған жыл тарихынан айқын.                          Көп тіл білу - заман талабы.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға жіті назар аударып «…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі. Президент жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай «... барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% – ағылшын тілін меңгеруі тиіс» делінген.  Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.                                                                                                                                         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» атап көрсетілді.                                                                 Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар сатылай жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.            Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан, біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеріп, ұстаз ретінде өз білгенімізді келер ұрпаққа беруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын өзінің ҚР халқына Жолдауында.             Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта  көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Бірақ, Қазақ баласы әуелі отбасында Қазақы рухпен тыныстап, отбасының, ұлтының, тарихының, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, қазақы қасиетінен айрылып, адасып қалмайтын болады.                                                                                                         Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе ــ бұл сүйініш, мақтаныш; ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе ــ бұл күйініш, өкініш. Ал біздің мақсат – ағылшын идеологиясын сіңіріп, ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшынның тілін ғана үйрену. Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру. Ағылшын тілі ــ әлем мойындаған  жаһандану тілі екені рас.                                                   Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептердің негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Ал міндеті – дүниежүзі халықтарының мәдени құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу, ақпараттық кеңістіктің дамуын қамтамасыз ету, білім беру мазмұнының сабақтастығын және оқушылардың көп лингвистикалық даму орталығына жағдай жасау. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік болып отыр. Қазақстанда білім
саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде де қолданылады.                          
Кез-келген қоғамда азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып табылады. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді.                                                              Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес, мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.                   Білім беру саласына үш тілге үйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі және орта білім бері мекемелеріндегі басты мақсаттардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің алдына қойылған міндет - тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.                                                                                    Сонымен, әр білім беретін, балаларды тәрбиелейтін  мекеменің  басты міндеті - Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Сондықтан кішкентай жасынан бастап, балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шет тілдерге қызығушылықтарын арттырып,  үштілділік арқылы тәрбиелеу керек. Яғни, еліміздің қарыштап дамуындағы экономикалық, әлеуметтік саяси өзгерістері білім мекемелерінің алдына жаңа да үлкен міндеттер жүктелуде.                                                                                 Қас пен көздің арасында жаңарып жатқан  ақпараттар тасқынынан, өзіне қажетті білім нәрін іріктеп ала алатын, өз бетімен ізденетін, қажырлы, еңбекқор, өзінше намысы бар өскелең ұрпаққа қай тілді болсын қызықтыра және қажеттілік екендігін саналы түрде меңгерту, білім беру мекемелеріндегі ұстаздар қауымының қолында.       Осы орайда тіл үйретудің әдістері мен тәсілдерін айта кету керек деп ойлаймын.   Оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуіміз қажет деп санаймын.                                                                                                                                          Жаңа технологиялар мен интерактивті әдістерді (пікірталас, дөңгелек үстел т.б.), ақпараттық құралдарды тіл сабақтарында қолдануда күтілетін нәтижелер:

 үлгерімі төмен оқушылардың ынтасы артады;

 оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын артады;

 сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын артады;

 оқушылардың шығармашылығының, жеке қасиеттерінің дамуына жол ашылады;

 оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді;

 оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

 пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

• топ алдында болсын, өзге ортада болсын өзін еркін ұстап, өз ойымен бөлісуге жетелейді.                                                                                                                                  Елбасының: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деп ескерткенін тағы бір қайталап қойсақ   артық болмас.                                                                                                                       «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен жан-жақты білім беру бүгінгі күннің талабы. Дауға салса алмастай қиятын, сезімге салса қырандай қалқитын, ойға салса қорғасындай балқитын, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болатын, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілімізбен қатар, өзге тілдерді де жетік меңгерулеріне жөн сілтеуміз қажет.

 

 

 

Әдебиеттер:                                                                                                            

  1. «Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренейік» атты оқу бағдарламасы - 2012 жыл 

2.      Қ.Р «Тілдер туралы» Заңы

  1. «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» «Дидар» газеті  2015 жыл №21.
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  3. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №4 (22), 2006
  4. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2(44), 2010
  5. «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасы.
  6. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Көптілділік заман талабы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 151 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2017 451
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарова Айжан Рыспаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омарова Айжан Рыспаевна
    Омарова Айжан Рыспаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18406
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой