Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама PISA тапсырмаларын қазақ тілі мен әдебиеті сабағына кіріктіру

Баяндама PISA тапсырмаларын қазақ тілі мен әдебиеті сабағына кіріктіру

Скачать материал

Мекеменің атауы: Есілбай жалпы орта білім беру мектебі

 

Автордың аты жөні: Машенова Гүлмира Қайырбекқызы

Аты : " PISA тапсырмаларын оқу әрекетіне кіріктіру тәжірибесінде пайдаланудың тиімділігі "

 

 Қала, елді мекеменің атауы: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,     

                                                         Есілбай ауылы.

PISA тапсырмаларын оқу әрекетіне кіріктіру тәжірибесінде пайдаланудың тиімділігі

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын  үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.

Нұрсұлтан Назарбаев : «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.

Қазіргі әлемде жай  ғана  жаппай  сауаттылық  жеткіліксіз  болып  қалғалы қашан. Біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең озық  жабдықтармен  және  ең заманауи  өндірістерде  жұмыс  жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.

Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген  болуы үшін  бұл  аса  маңызды.»

   Болашақ азамат өз ұлтының  тілі мен әдебиетінің асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалдық  сауаттылығын көрсете алады.

          Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыны жеке тұлға ретінде және оның ұлттық сана-сезімін, өзіндік, дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға негіз болатын әлемдегі аса бай, мазмұнды, көркемдік деңгейі жоғары әдебиеттердің қатарындағы қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік қыры сан қилы.

Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды.  Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сондықтан, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерді  шешу, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолданған  жөн. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланатын  мұғалімнің шәкірттері өздігінен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, канспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қыса әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.

Тіл мәселесі, әсіресе, небір бұлыңғыр күндерді, тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткерген қазақ тілінің мәселесі қашан да өткір әрі өзекті болмақ. Қазақ тілі мен әдебиетінің мектепте оқытылу жайы әркімде де толғандыруы тиіс.

Қазақ тілін оқыту алдына үлкен міндеттер, оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру қажеттілігі қазіргі таңда да қарастырылып келе жатқан мәселе. Демек, тіл ғылымының үздіксіз дамуының нәтижесінде, адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты оқыту әдістемесі де қатар жетіліп байып отыр. Өйткені, озат мұғалімдер тәжірибелерінен толығып оның мазмұны мен жүйесі, құрылысы, кеңейіп, байып отырады. Қоғам ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны да күнделікті жаңарып, жетіліп отырады.

Озық ойлы адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. Жаңа технологияның басты мақсатының бірі – баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Яғни, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа технологияларды меңгере отырып, оны сабаққа енгізу педагогтар алдындағы өзекті мәселе екені анық.

Түйін сөз: Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс меңгерте білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізу- заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.Сыныптан тыс оқу бағдарламасындағы «Абайдың әңгімесі» шығармасын осы PISA талаптарына сай танытудың үлгісін ұсынамын.

Абайдың әңгімесі

-Менің Әбдрахман деген балам бар еді.Оны ерте жасынан Семейдегі орыс мектебіне түсірдім.Оны бітірген соң,Петерборға жібердім.Қыс оқып,жазда демалысқа үйге келді.Баламның ғалымдығын сынап білейін деген оймен әңгіме үстінде : «Қалқам,Әбіш,осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма ,қара зат асыл ма ?»-деп сұраған едім. Ол іркілместен :

-Ақ  зат асыл  ғой,-деді.

-Неге,қара зат асыл емес пе?

Әбіш бетіме қарап күліп:

-Қараны қалай асыл дейсіз?-деді.

-Біріншіден,адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе?-дедім мен.-Бірақ көздің ағы көрмейді.Ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді.Екіншіден,қағаз-ақ,одан адам оқып білім ала алмайды,үстіне қара сиямен жазғаннан өнер-білім алады.Үшіншіден ,жас шақта адамның сақал-шашы қара болады.Қартайғанда адамның шаш-сақалы ағарады.Ал,адамда ,білім,қайрат  та азаяды,сондықтан қараны асыл ма деп ойлаймын,-дедім,

-Оның бәрін қалай білдіңіз?

-Ақылмен білдім.

-Олай болса ,ақыл мида болмай ма,ал ми ақ зат емес пе? Екіншіден ,ақыл-нұр,жарық зат.Ал жарық ол да аққа ұқсамай ма?-деді Әбіш.

Ұлымның тауып айтқан сөзіне риза болып,маңдайынан сипадым.

1.Психологиялық көңіл –күй тудыру. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдату.Мұғалім әрекеті .Сұрақ-жауап арқылы:- Бұл әнді тыңдағанда қандай ой келеді. Оқушыларға сұрақ бере отырып тақырыпты ашу. Яғни тақырып «Абайдың әңгімесі».

2. Операциялық кезең . Мәтінді мұқият оқу.

1. «Қолжетімділік және үзінді» аспектісі бойынша мына сұрақ қойылады.

Мәтінде не туралы айтылған?

А. Баласы әкесін құрметтеуге лайық

Ә. Әкесі баласын сынады

Б. Баласы әкесінің махаббатына ие бола алмады.

В. Баласы әкесін аяды.

2. «Біріктіру және түсіндіру» аспектісі бойынша мына сұрақ қойылады.

А) Абай Әбдрахманды неліктен сынағысы келді?

Жауабыңызды дәлелдеп жазыңыз. Осы жерде «қысқа сөйлемдер» стратегиясын  қолданыңыз.

Ә)Мәтінді бірлесе оқып ,қажетті белгілерді қойыңыздар.

Код белгілері

Белгі мағыналары

Сіз үшін жаңа мәлімет немесе жаңа сөз,сөз тіркесі болса

_____________

Маңызды  ақпараттың  астын  сызыңыз

+

Келіскен пікірдің  жанына  немесе  үстіне белгі қойыңыз

Х

Келіспеген  пікірдің  жанына   немесе  үстіне белгі қойыңыз

?

Түсінбеген мәліметтің қасына қойыңыз

Ұқсас ақпаратты байланыстыру үшін

3. Рефлекциялық кезең.  Кері  байланыс  жасау.

Мына тапсырманы орындату.

1.Қара зат адам өміріне зиян тигізеді.Осы пікірмен келісесіз бе? Пікіріңізді нақты фактілерге сүйене отырып жазыңыз .

Келісемін,өйткені _______________________________

Келіспеймін,себебі,________________________________

2. Өзін –өзі бағалау,бірін –бірі бағалау,мұғалімнің бағалауы.

3. Үйге тапсырма: Ақ зат пен қара заттың ерекшелігі туралы қосымша ақпарат алып келу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Н.Назарбаевтың 2013 жылғы  халыққа  жолдауы 

2.PISA бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама PISA тапсырмаларын қазақ тілі мен әдебиеті сабағына кіріктіру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 688 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 2058
    • DOCX 21.7 кбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Машенова Гульмира Кайырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23232
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе