Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыБаяндама. "Шет тілі пәні мұғалімдерінің білім беру технологиясы және ізденісі"

Баяндама. "Шет тілі пәні мұғалімдерінің білім беру технологиясы және ізденісі"

Скачать материал

Шет тілі пәні мұғалімдерінің білім беру технологиясы және ізденісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі ролді білім беру жүйесі алып отыр.

Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. 
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» деп атап көрсетті. 

Қазіргі кезеңде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын да қамтып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан – жақты терең білім беру, сөйтіп білікті маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдер басты көңіл бөліп отырғаны да сондықтан.

Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ.

Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда.
А. Байтұрсынов өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «….Мұғалім қандай болса, мектеп, пән сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту алты бағытты қамтиды. Олар мыналар:

  1. Модельдік технологиясы

  2. Рейтингтік жүйе

  3. Дамыта оқыту технологиясы

  4. Сын тұрғысынан ойлау

  5. Іскерлік ойын технологиясы;

  6. Қабілетті оқушылармен жұмыс технологиясы.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады. Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін біз өзіміздің алдымыздағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзіміздің шеберлігімізге орай «Шет тілін оқытудағы ойын технологиясы (оқыту кезеңдеріне қарай)» технологиясын таңдап алдық. Ағылшын тілін үйретудің негізгі әдістемелік бағыты оңайдан қийынға қарай бағытталғандықтан бізге ойын технологиясын қолдану өте тиімді.

«Ойын- баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады,  ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін  емес».

                                                        В. А.Сухомлинский

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.
Ойын арқылы:

1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар үшін қауіпсіз.

9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз –ақыл –ойын, сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс –тәсілдерді, сондай –ақ ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн. 
Енді шетел тілі сабақтарында қолдануға тиімді болып табылады деген ойын элементтеріне тоқтала кетелік. Шетел тілі сабағында қолданылатын оқу ойындарының мақсаты мен міндеттері бойынша тілдік, және сөздік деп бөлуге болады. Тілдік ойындардың ең қызықтыратыны олар өте қарапайым және қиын бейімделуді талап етпейді.Ойын үшін тек керек зат қарындаш, қағаз кейде бұл заттарды қолданып та керегі жоқ. Мысалға алатын болсақ: «Alphabet Dinner» тілдік ойыны. Бірінші ойнаушы «Today I have for dinner some… » дейді де, жейтін тағамды атайды. Ол «А» әріпінен басталуы керек. (apple). Екінші оқушы «Today I have for dinner some apples and bananas» деп бірінші оқушының сөзін қайталап, «B» әрпініен басталатын тағам түрін атайды. Бұл ойынды тағамдар тақырыбын өткен кезде тағамға байланысты сөздерді жылдам жаттап және есте сақтауы үшін өте тиімді. Міне осылайша ойын шарты орындалғанша, оқушылар ойынды жалғастырады. Ал басқа оқушылармен айтылып кеткен сөздерді айта алмаған бала ойыннан шығады.
Солайша бірінші оқушы бір сөз айтады, екіншісі оның сөзін қосып өз сөзін айтады, үшінші оқушы тағы басқа сөз айтады.
Осылайша қысқаша әңгіме құралады. 
Мысалы: 1) І 2) like 3) listening 4) to 5) music, 1) my 2) favourite 3) flower 4) is 5) rose. 
Сондайақ «Stairway» ойынының мақсаты сөздерден саты құрау , осылайша әріптер саны көбейеді. Ойнаушы оқушы алфавиттегі кезкелген әріпті таңдайды. Саты бойынша бос жер болмауы керек. Яғни, екі әріптен келетін сөз айтылса, келесі 3,4,5,6 әріптен реті 
бойынша құралу керек. Сөзді ең соңғы атаған оқушы жеңімпаз болады. Мысалы 
i
 
i n
 
i n k
 
i n t o
 
i m a g e
 
i n s i d e
 
i l l n e s s
 

Қорытынды

Еліміздің болашағы балаларда болғандықтан, оларға жаңаша білім беру керектігін мақсат қоя отырып, «Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту» проблемасы бойынша жоспарланған жұмыстарымды толығымен орындау үшін өз тәжірибемді жетілдіру барысында көптеген жұмыстар күтіп тұр деп ойлаймын.

Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады.

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Яғни, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқутыдың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет.

Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді:
1. Әр оқушының шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілеті анықталады
4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады

В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен.

ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі – функционалдық сауаттылық. 
Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңіс – тігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты. 

Қ о л д а н ы л ғ а н ә д е б и е т т е р т і з і м і : 

1. Колесникова И.Е. Игры на уроке английского языка. 1999 ж. 

2. Мектептегі шет тілі, 2006 ж. №2 

3. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж. №5 

4. В. Т. Тихомирова. «Уроки сотрудничества». Алматы, 2000 г. 

5. Г. Ю. Ксензова. «Перспективные школьные технологии». 

Учебно – методическое пособие. Москва, 2001 г.

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Алматы, 2007ж.

  2. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми конференцияның материалдары.

  3. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3 60б.









































Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінің

ағылшын тілі пәні мұғалімі Жаксиликова Айнурдың

педагогикалық-әдістемелік кеңесте оқылатын

«Шет тілі пәні мұғалімдерінің білім беру технологиясы және ізденісі» тақырыбындағы баяндамасы.





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама. "Шет тілі пәні мұғалімдерінің білім беру технологиясы және ізденісі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 296 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2016 1586
    • DOCX 30.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксиликова Айнур Бердиғалийкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10061
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 272 человека из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 054 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 831 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания китайского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 107 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек