Инфоурок Другое СтатьиБаяндама " Шығармашылық есеп"

Баяндама " Шығармашылық есеп"

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ    МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЗЫРЯН АУДАНЫ

«АНДРЕЙ СУМИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық  есеп

 

Тақырыбы: “Шағын кешенді мектептерде физика және информатика сабақтарында оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру”

 

 

 

 

                                                

 

 

 

                                                        Дайындаған: Асанова Гульшат  

                                                        Куанышевна

                                                        Зырян ауданы «Андрей Сумин атындағы

                                                        орта  мектебі» КММ

                                                        информатика  мұғалімі.

                телефон: 87778549194,

                           үй телефоны: 8(72337)26-362

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Мен Асанова Гульшат Куанышевна информатика пәні мұғалімімін, жалпы педагогикалық еңбек өтілім - 5 жыл. Осы мектепте 2011 жылдан бері қызмет атқарамын. 10 «А» сыныбының сынып жетекшісімін.

Қоғамдық жұмыстарға:

ü Кәсіподақ ұйымында хатшымын,

ü Мектептің ақпараттық есептеріне,

ü Жаратылыстану-математикалық бірлестігінің жетекшісімін,

ü ҰБТ техникалық хатшысымын,

ü Киров көшесі микроучаскесіне жауаптымын.

XXI ғасыр-қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету –еліміздің болашағына қызмет ету. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін -білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

       Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдар анықталуда.

        Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасына да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі- қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезең енді. Қоғамды ақпараттандыру экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Сол жүктемені орындау, іске асыру мақсатында мен 2011 жылдан бастап “Шағын кешенді мектептерде физика және информатика сабақтарында оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру” атты тақырыпта жұмыс істеп келемін.

Бұл тақырыпты алуымның мақсаты шағын кешенді сыныптарда оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі.Сондықтанда осы мақсат аясында негізгі міндеттеріміз жүктеледі:

ü Оқушының  оқу танымдық әрекетін қалыптастыруда жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өзіндік білім алу дағдыларын дамыту;

ü Оқушылардың өзіндік жұмыс формаларын ұйымдастыру;

ü  Физика,информатика , математика пәндері бойынша білім жүйесін меңгерту, әр түрлі оқу пәндерінен алған білім,білітерін өз бетінше  жүйелеуді үйрету.

Өз білімімді жетілдіру бойынша  жаңа әдістемелік  журналдармен, нұсқаулармен танысып отырамын. Білім жетілдіру курстарынан: «ИКТ – компетентность педогических работников на основе внедрение системы электронного обучения в организациях образования РК» -2014 ж,қараша айында. «Білім бері мазмұнын жаңғырту жағдайында физика пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту»- физика, 2015 ж,сәуір және «Шағын жинақталған мектеп жағдайында математиканы оқытуды ұйымдастыру» - математика, 2015 ж, қазанда өттім.

Ізденіс жұмысым бойынша қосымша әдебиеттерді қарап ақпараттар жинастырдым. Соның ішінде Қараевтің «Деңгейлеп оқыту» технологияларының элементтерін пайдаланамын. Соның ішінде проблемалық оқыту, дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту, ойын технологиясы, СТО технологиясының элементтерімен танысып, сабақтарда пәнге қызығушылығын ояту мақсатында қолданып жүрмін. Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен  ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жасау барысында мен 2012 жылдан бастап бірнеше ашық сабақтар өткіздім. Сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: видеопроектор, музыкалық орталық, дербес компьютер, ноутбуктарды пайдаландым. Біздің мектепте интербелсенді тақта істемегендіктен, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру  және уақытты үнемдеу мақсатында слайдтар дайындап, видеопроектор көмегімен көрсеттім. 

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу- оқушылардың білімге деген қызығушылығын,талпынысын арттырып, өз бетімен еңбектенуге, шығармашылық ізденіске жол салады. Заман талабына сай озық технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдануда ғана    оң  нәтиже береді. Соның бір айғағы - шағын кешенді мектеп жағдайындағы іс – тәжірибені ұтымды ұйымдастыру.

Жалпы орта білім беретін мектептерден шағын жинақталған мектептің айырмашылығы - бала  санының аздығы, оқу сабақтарын ұйымдастырудың түрлері  сынып – комплектте жүзеге асуы. Сондықтан  шағын кешенді мектептердегі сынып комплектерде  сабақтарды ұйымдастыру мұғалімнің көптеген жұмыс атқаруын қажет етеді. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген технология элементтерінің де мәні зор болды.

·   Сыныптың дара не сынып - комплект екенін анықтау;

·   Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;

·   Тақырыптың ауқымдылығын қадағалау;

·   Сыныптың психологиялық  дайындықтарын ескеру.

 Сынып - комплектте  мақсатқа  жету үшін көптеген әдіс -тәсілді  тиімді қолдану, ұйымдастыра  білу қажет.

 

 

 

Осы аталған әдіс – тәсілдерді қолдана отырып жүргізген  іс – тәжірибемнен  ашық сабақтар тақырыптарын ұсынамын:

 

оқу жылдары

2011-2012

2013-2014

2014-2015

2015-2016

2016-201

Мұғалімнің іс-тәжірибесін тарату (тақырыбы, деңгейі)

"PAINT” графикалық редакторын қорытындылау

-  7 «а» сынып  (ашық сабақ).

«Ғажайып әлемге саяхат» 5-11 «а» сыныптар

“Қарапайым графикалық редактор”

6 «а» сынып  (ашық сабақ).

«Білекті- бірді жығар,білімді мыңды жығар»

интеллектуалдық сайыс

5-11 сыныптар

 

«Қысым» - 7 «а» сынып  (ашық сабақ).

 

«Тұсаукесерді безендіру,көрсету» - 8 «а» сынып (ашық сабақ).

«Білім биржасы» интеллектуалдық сайыс

5-9 сыныптар

«Сызықтық алгоритмді программалау» - 9 «а» сынып (ашық сабақ).

“Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу” -7 сынып,

“электрондық кестелер,терезе интерфейсі”- 8 сынып

(ашық сабақ).

«Информатика білгірлері» сайыс, 5-10 «а» сыныптары,

«Білгірлер отауы»

интеллектуалдық сайыс

7-10 сыныптар

 

Бұл сабақтардың барлығында да мүмкіндігінше ақпараттық технологияларды қолданып, сабақты түрлендіріп, оқушылардың белсенді ат салысуларына мүмкіндік жасадым. Сабақ нәтижелері жаман емес. Барлық оқушы бағаланып, сабақтың сапа көрсеткіші де жақсы болды.Заман ағымынан қалмай деңгейлік бағдарламалар идеясын өз тәжірибеме енгізіп келемін.

Физика мен информатика  сабақтарында постер,кластер жасаудағы бірнеше модульдің синтезін  көрдім, күннен-күнге өзгерісті байқауға болды: қарапайым әңгімеден зерттеушілік диалогқа көшті, көшбасшылық,дербес оқу, жұптасып, топтасып оқу жүзеге асты. Ашық сұрақтар қолданып, шығармашыл ойлау жүрді, сыни ойлауға үйренді. Өз пікірлерін дәлелдеді, күмән тудырды, басқаларды сендірді, бір-бірінің түсіну дәрежесін бағалады. Постер қорғауға топтағы ең қабілеттілерін шығарса, кейіннен көп сөйлемейтін оқушылар да өз өнімдерін таныстыруға бейімделді.

Кембридж бағдарламасымен деңгейлік курстарды бітіріп келеген мамандардың сабақтарына қатысу барысында ЖИКСО1 стратегиясын қолданғанда «топтық талқылауда кейбір оқушылардың белсенділігі аздығынан топта бір-бірін қолдау және көмек көрсету, сындарлы кері байланыс беру ақсап жатты, өзімшілдік үнемі қайталана береді», -деген ұсынысының астында терең мағына жатқанын, оқыту ортасын құруда жіберген кемшіліктерімді осы топта қайталамау үшін топпен жұмыс істеген кездегі сыныптың негізгі жеті қағидасы ережесі арқылы қиындықты шештім  (Барлығы өзекті ақпарат ұсынады; Барлық идеяларға мақсатқа сәйкес деп қарайды – бірақ сыни бағалайды; Бір-бірімізге сұрақ қоямыз т.б). Өз сабақтарында оқушылармен жұмыс істеуіне бағыт-бағдар алды. Бұл стратегияларда модульдерінің ықпалдастығы сыни тұрғыдан ойлана алатын адамдарға анық байқалатынына күмәнім жоқ. Талқылау барысында әркімнің пікірін бағалауға, өз ұсыныстарын дәлелдеуге үйреніп, бұрын өзі ғана сөйлеген үздік оқушының өз сыныптастарының пікірін тыңдап, сындарлы кері байланыстарын қабылай алуларының өзі үлкен өзгеріс болды.

Сонымен,оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдану ары қарай шығармашылыққа үйлеседі. Сабақтың басында өткізілетін жаттығулар оқушыларды бірден жұмысқа кірістіретіндей  қызықты болуы тиіс. Сабақтың ортасында немесе соңында, балалар жазбаша немесе практикалық жұмыстан шаршаған кезде, қызықты есептеулер оларды сергітеді, жұмыс қабілетін арттырады.

 Қызықты жаттығуларды орынды әрі шеберлікпен пайдалана білу сабақтың нәтижелілігі мен сапасын арттырудың да негізгі тәсілдерінің бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ең алдымен оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек.

Сабақтарда балалардың информатика мен физикаға деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін информатика  кабинеттерінде дидактикалық материал, үлестірмелі материалдар, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен, оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, шығармашылықпен ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
  Осы аталған талаптарды нәтижесі, келесі кестедегідей білім сапасымен өлшенеді. 

Информатика пәнінен білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші:

оқу жылдары

2011-2012

2013-2014

2014-2015

2015-2016

Информатика

 

Білім сапасы 95%

 

Білім сапасы 95 %

 

Білім сапасы 96%

 

Білім сапасы 100 %

 

Өз сабақтарымда және сыныптан тыс уақытта  ұйымдастырылған пәндік шараларымда  ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеулерін ұйымдастыра отырып соңғы 4 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерім:

Оқу жылы

сыныбы

Аты-жөні

орын

1

2013-2014

8

Айынкір Бақболсын-

физика

ІІ-орын

3

2014 -2015

9

Айынкір Бақболсын-

физика

ІІ-орын

4

2015-2016

6

Моюльбаева Диляра-

информатика

ІІ-орын

5

2016-2017

5

Еркін Ердәулет

ІІ –орын

6

2016-2017

5

Бақытқан Дана -математика

ІІІ-орын

7

2016-2017

6

Қуаныш Меруерт

математика

Республикалық «Дарын» ӨҒПО ұйымдастырған түрлі интеллектуалдық сайыс

ІІ –орын

 

 

 

Кәсіби шеберлігімді арттыру үшін   өзім де аудандық 2015-2016 оқу жылында  «Галерея –педагогических идей» конкурсына қатысып , жүлделі 2 орын алдым, мектепішілік жас мамандар арасында сайысында 2 орын алдым. Мектеп әкімшілігінен ұстаздар күніне орай алғыс хатпен,жыл соңында ретинг бойынша әдістемелік бірлестіктің ұсынысымен алғыс хатқа ие болдым. Аудандық білім беру бөлімінен алғыс хатпен марапатталдым.Ғаламтор беттерінде материалдарды жариялап, «Копилка уроков», «Инфоуроков» сайттарында жеке сайт парақшам бар.(слайдтан көре аласыздар).

Келешекте сәтті сабақтар өткізу үшін төмендегідей өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмын:

-Берілген теориялық материалдарды тиімді меңгертудің әдіс-тәсілдерін қарастырамын;

-Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету стратегияларын тереңірек меңгеруім керек;

-7 модульді жетік меңгергім  келеді;

- Кәсіби щыңдалғым келеді;

-Әріптестерім маған берген ұсыныстарын келесі тәжірибемде ескерем.

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақты дайындай аламыз. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы
2. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы
3. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау, 2002 жыл
4. «Мектеп директоры» журнал №5, 2007 ж

5. «Мектеп директоры» журнал №10, 2010 ж
6. Исмагилова Н.З.,Жаксылыкова Г,И., Каженова А.М «Интербелсенді әдіс- тәсілдер»  Әдістемелік нұсқау, 2014 ж



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨЗІНДІК ТАЛДАУ (самоанализ)

 

Рефлексия және даму

 

Неліктен өзгеруім қажет? Әлем өзгергендіктен болар, «мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және  танымалдықтан да артық екендігін ұғынып, ... себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет» [1]  деп С. Бич айтқандай мен өз көзқарастарымнан, тәжірибемнен өзгерістін нышаның әр сыныпта оқыту жүргізген сайын анық көрдім.  Өткізген сабақтарымда аттестация аралығындағы 5 жылда қатысқан оқу ісінің меңгерушілері, әріптестер, эксперттердің басымдықтарымды  ескере отырып тәжірибемді жетілдірдім.

16 жылдық мұғалімдік тәжірибемді жетілдіру барысында сабақ жоспарын жоспарлауда, оқу мен оқытуды ұйымдастыруда формативті бағалауда өзгеріс болды, бұрын көбінеформативті бағалаудың ынталандыру әрекетін көрсетіп, формаларына назар аударсам, қазір стратегияларын  нақты көрсетіп, оқушының қандай бағытта дамуы керектігін анықтау мақсатында қолданатын болдым. Нәтижеге жету үшін табыс критерийін ұсынып, сындарлы кері байланыс беруді жетілдірдім. Қалай оқу керектігін үйрету арқылы өзін-өзі реттеуге (когнитивті, ынталандырушылық, әлеуметтік, эмоционалдық аспектілері) дағдыланғанса тәуелсіз оқушыға айнала отырып, дербес оқуға жететіндігін түсіндім.

Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарын өткен сайын оқушылар бойынан тың бір жаңалық тауып, бұрын оны неғып байқамағанмын деп өзіме сұрақ қойып отырдым. 

Ал қазір конструктивті білім, интербелсенді оқу білімді өздіктерінен игерулеріне негізделгендігін түсіндім, оқыту мен оқу барысында әріптестермен ізгі ниетті өзара қарым-қатынаста болу маңыздылығын, атқарылған жұмысқа рефлексиялық тұрғыдан талдау жасауды үйрендім.

Оқушыларды өзгерте алам ба?.  Барлық деректерді талдап, жинақтай келе оқушыларды өзгермелі өмірге дайындауда білімді өз бетімен меңгеруіне жағдай тудыру үшін өз тобымдағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, жеке қажеттілігін қанағаттандыру, олардың бұрыннан бар білімдерін одан әрі жетілдіру мақсатымда сабақтарға жауапкершілікпен дайындалдым. Күнделікті сабаққа СТО стратегияларын кіріктіріп, берілген білімді тиімді меңгертуде бұрынғы тәжірибем аздық етті, мен үшін үлкен кедергі болды. Білімімді қосымша әдебиеттер, ғаламтор, әріптестерімнің көмегімен толықтырдым. Шеберлік сыныптарына, тренингтерге қатысуда үйренген жаңа білімімді, оқытудағы замануи теорияларды, әдіс-тәсілдерді  Деңгейлік Бағдарламалар идеяларын сабақтастыра қолдану арқылы шештім.

Өз сабағымда керемет ынтымақтастық атмосферасы орнаған деп ойлайтынмын, бірақ Т-эксперт менің ынтымақтастық атмосфера туралы көзқарасымды түбегейлі өзгертті.  Себебі, «үйренушілер арасында әлі де болса ынтымақтастықты қалыптастыру, ФБ мен СБ барысында бағдарлама мазмұнын ескеру қажеттігі» туралы ұсыныстар айтылды.  Тренингтер барысында оқушылардың сенімділігін арттыру үшін ынталандыру жұмыстарын түрлендіру мен қатар сыныптағы парталардың орналасуы, оқушылардың бір-біріне арқасын беріп сөйлеудің өзі ынтымақтастық  атмосферасына әсерін түсініп, сынып мәдениетінің 4-факторын есере отырып сабақ соңына дейін оқуды қолдайтын орта қалыптастыруды үйреніп, формативті бағалауды түрлендіру керектігін түсіндім.

Жекелей, жұптық, топтық жұмыс формалары, бұрыннан қолданатын   инсерт, ЖИГСО, балалар философиясы, қар кесегі, ойлаудың 6 қалпағы, дебатпен қатар, ендігі тәжірибеме фишбоун, қос күнделік жазбалары секілді талқылау құралдарын тиімді пайдаландым. Оқыту үрдісін, болып жатқан өзгерістерді өзімнің көшбасшылығым  және дамыту жұмыстары арқылы басқардым.

Мерсер құрдастар тобындағы өзара қарым-қаынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткендей [1, 29 б] ауыспалы шағын топтардағы бірлескен топтық жұмыстар өте сәтті шықты. Ынтымақтастық және бірлескен оқу, білімнің алмасуы нәтижесінде  бірі айтқан мәліметтерді екіншісі үйренді. Оқушыларда қарым-қатынас, басқаларды қолдау және бақылау, өзін-өзі таныту дағдылары дамыды. Бұрын өздерін тындатса, енді басқаларды тындау, әркімнің пікірі құнды екенің, құрбының көмегі дегенді үйренді.

Тарих сабағында постер жасаудағы бірнеше модулдің синтезін  көрдім, күннен-күнге өзгерісті байқауға болды: куммулятивтік әңгімеден зерттеушілік диалогқа көшті, дербес оқу, ЖАДА жүзеге асты. Ашық сұрақтар қолданып, шығармашыл ойлау жүрді, сыни ойлауға үйренді. Өз пікірлерін дәлелдеді, күмән тудырды, басқаларды сендірді, бір-бірінің түсіну дәрежесін бағалады. Постер қорғауға топтағы ең қабілеттілерін шығарса, кейіннен көп сөйлемейтін оқушылар да өз өнімдерін таныстыруға бейімделді.

Мерсердің «бірлескен ойлау» [2] туралы идеясымен сабақтастырып, оқушыларды бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға ынталандыратын тапсырмаларды беруде (Ұлы Отан соғысы тақырыбы) ЖИГСО оқыту стратегиясын қолдану да сәтті шықты. Оған ықпал еткен өткен бір тәжірибемде оқу ісі меңгерушісі А.Орамалованың сабаққа қатысу барысында ЖИКСО стратегиясын қолданғанда «топтық талқылауда кейбір оқушылардың белсенділігі аздығынан топта бір-бірін қолдау және көмек көрсету, сындарлы кері байланыс беру ақсап жатты», -деген ұсынысының астында терең мағына жатқанын, оқыту ортасын құруда жіберген кемшіліктерімді осы топта қайталамау үшін топпен жұмыс істеген кездегі сыныптың негізгі жеті қағидасы ережесі арқылы қиындықты шештім  (Барлығы өзекті ақпарат ұсынады; Барлық идеяларға мақсатқа сәйкес деп қарайды – бірақ сыни бағалайды; Бір-бірімізге сұрақ қоямыз т.б). Нәтижесінде бұл әдіс оқушыларға не берді?  Оқушылардың  қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталып, жас шамаларына бейімделген сындарлы диалогты ынталандыру стратегиясын үйренді; ЖИГСО әдісінің тақырыпты жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін мнемониканың тиімділігін түсінді; Өз сабақтарында оқушылармен жұмыс істеуіне бағыт-бағдар алды. Бұл стратегияларда модульдерінің ықпалдастығы сыни тұрғыдан ойлана алатын адамдарға анық байқалатынына күмәнім жоқ. Талқылау барысында әркімнің пікірін бағалауға, өз ұсыныстарын дәлелдеуге үйреніп, бұрын өзі ғана сөйлеген үздік оқушының өз сыныптастарының пікірін тыңдап, сындарлы кері байланыстарын қабылай алуларының өзі үлкен өзгеріс болды.

 

Мұғалім ретінде оларды ынталандырып, табандылыққа жетеледім. Оқушылар бір-бірінің қабілеттері мен үдерісті мақтап, қателескен жерлерін түзетуге үйренді. Постерлерге «2 жұлдыз, бір тілек» беру, өзін-өзі, жұптық бағалау сәтті шығып отырды, оқыту және оқу үшін бағалауды түсінді, бағалауға деген көзқарастары өзгерді. Мен үшін шапалақ, басбармақ бағалау түрлерінің тиімділігі жоқ деп шештім. Бірнеше сабақта қолдану барысында байқағаным шынайылылық байқалмады. Жалған бағалау әдісі мен бағдаршамды енгізу мені қызықтырды. 

Бақылауға алған жасқаншақ Мұрагер, көп сөйлемейтін Диляра, өзіндік мені жоғары Динара топтық жұмыстың нәтижесінде және сыныптастардың  көмегімен ашылды, өзгеріске ұшырады. Динара басқалардың пікірімен санасатын, Диляра өз ойын ашық айтатын, Мұрагер басқаларға сабақ үйрететін жағдайға жетті.

Аттестация аралығы 5 жылдың нәтижесінде:

Оқушылар

Мұғалім ретінде МЕН

Өз тәжірибесі туралы ойлана және талдай алады;

Оқушылардың қалай оқуды, дамуына ықпал ететін факторларды біледі;

Өзін, құрбыларын бағалайды;

Өзін-өзі реттейді, білімді өз бетімен меңгереді;

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қажетті дағдылар (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) қалыптасқан;

Менде оқуға, оқытуға жаңаша көзқарас пайда болды;

Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытудың айырмашылықтарын жақсы түсіндім;

Теориялық біліммен тәжірибенің арасына ажырамас көпір салдым, тығыз байланыстыра алдым;

Мұғалім тұлғасының (келбетін) жаңа қырларын, көп мүмкіндіктерін аштым;

Бірлескен топтық жұмыста білімді өздіктерінен игеруіне бағдар бере аламын;

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ете білдім;

Уақытты тиімді қолдануды түсіндім!?

Келешекте сәтті сабақтар өткізу үшін төмендегідей өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмын:

-берілген теориялық материалдарды тиімді меңгертудің әдіс-тәсілдерін қарастырамын.

-формативті бағалау стратегияларының әдістерін тәжірибеме енгіземін;

-талантты және дарынды оқушыларды оқытуда оқу модельдерін тиімді қолданамын;

-сыни тұрғыдан ойлауға үйрету стратегияларын тереңірек меңгеруім керек;

-Әріптестерім маған берген ұсыныстарын келесі тәжірибемде ескерем.

“Сұңқар болып алу үшін биікті, ұстаз бола білу керек білікті” демекші, Шульман ілімі бойынша құзырлы мұғалімге тән белгілерді бойыма сіңіремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынылған әдебиеттер.

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.-306 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама " Шығармашылық есеп""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 642 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2017 1465
    • DOCX 43.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асанова Гульшат Куанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асанова Гульшат Куанышевна
    Асанова Гульшат Куанышевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 49343
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов