Инфоурок Другое СтатьиБаяндама тақырыбы: "Қазақстандық мектептерде потриотизмді дамыту"

Баяндама тақырыбы: "Қазақстандық мектептерде потриотизмді дамыту"

Скачать материал

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,

М. Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Курмашева Жумагул Нурлыбаевна

Ұялы тел:87759381381

 

Баяндама

Қазақстандық мектептерде патриотизмді дамыту мақсатында жасалған

іс-шаралар

         «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады. 
        Жаңа заманға жігер керек, талаптылық керек, басқа халықтан үйрену керек, ал ең керегі – ұлттық сана қалыптастырып, ұлттық намысы, ұлттық рухы жоғары, ұлтының тарихи-мәдени құндылықтарын бағалайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу керек. Ұлттық сезім мен ұлттық намысты, ұлттық рухты көтеру – бүгінгі таңның кезек күттірмес міндеті деп білеміз. 
         Қазіргі кезеңде “қазақстандық отансүйгіштік” ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халықының отансүгіштік сезімін қалыпастыратын – азаматтық - келісім, ұлттық - бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында. Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар – жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті - ұғым. 
          Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртұтас сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді.

Патриотизм ұғымына енетіндер: 
- Адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, 
- Өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін сыйлауы.
 М.Шахановтың сөзімен айтсақ: 
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, 
Әр адамның өз анасынан басқа да, 
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада, 
Болуы керек құдіретті төрт ана: 
Туған жері-түп қазығы айбыны, 
Туған тілі-сатылмайтын байлығы, 
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі 
Қадамына, шуақ шашар үнемі дегендей Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.  Соңғы уақыттарда басылым беттерінде «патриоттық тәрбие», «азаматтық тәрбие» ұғымдары қатар қолданылып келеді. Б.Момышұлы: «Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, жеке адамнын өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын барлық жағынан біріктіреді» - деп «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама берген екен.       

         Патриотизмді дамытудың басты шарты, елдің бір жұдырық болып жұмылып, бірлік пен татулықты сақтауы. Мысалы: Құм, кесек, су, топырақты кез келген бала қалаған формасына келтіре алады. Егер де осыларды цементпен араластырсаңыз бетонға айналады. Енді оны бала түгілі ересек жігіттердің өзі қолымен бұзып, үгіте алмайды. Енді кішкентай ғана құм түйіршіктері мен топырақты, суды біріктіріп тұрған не нәрсе? Әрине, цемент. Осы тектес миллиондаған отандастарымызды бір-біріне байлап тұрған, бөлінбес бір Отан, ұлтқа біріктіріп тұрған патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік. Сол үшін ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді сақтап тұрған патриотизм біз үшін өте маңызды, басты мәселе. 

           Патриотизмге тәрбиелеу – ұлттық қауіпсіздік жүйесімен шектесетін ең өзекті мәселелердің бірі  Елбасы жыл сайынғы өзінің жолдауында жастардың патриоттық тәрбиесіне баса назар аударады. Елбасының тапсырмасымен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленді. Бұл құжаттың мемлекеттік маңыздылығы Қазақстан білім ұйымдарының басшыларын, мұғалім-практиктерді патриоттық тәрбиенің жеті қағидаты формасындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді кірісіге міндеттейді. Тәрбие іс-әрекетінде, сыныптан тыс оқытуда, аталған бағыттар бойынша жұмысты күшейтудің қажеттігі оны жандандырады.  Отанға деген құрмет пен өзара сыйластықты, патриоттық сезімдер мен жауапкершілікті насихаттауымыз және рухани тәрбие беруге бағытталған іс-шараларды көптеп ұйымдастыруымыз керек. Осыған орай Маршал Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында көптеген іс-шаралар өтілуде. Атап айтар болсам: 15.11-15.12.2016 жылы Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік-Мәңгілік ел мұраты» атты айлық шаралары өтті. Құлмырзаева А  6а сыныбында «Мәңгілік ел-Тәуелсіздік және Астана»атты тәрбие сағаты өтті. Оқушылар тәуелсіздік жылдарындағы мектеп тарихының жетістіктерін өлеңге қосып, «Еліміздің тірегі - Астана » туралы бейнеролик тамашалады. Сынып оқушылары үш тілде арнау өлендер оқыды. 5 б сыныбында «Ел рәміздері- ел рухы» атты шара өтті. Мақсаты оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. ҚР  Мемлекеттік рәміздердің қаншалықты білетінін анықтайтын сұрақтармен бастап, «Рәміздер мақтанышым» атты бейнежазба көрсетілді. ҚР мемлекеттік Гимні, Елтаңбасы, Туы туралы мәліметтер айтылды. Бекіту сұрақтарын беру арқылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасалған логативтің суретін құрастырды. Сатиманова Перизат 5в «Ерлік-ұрпаққа мұра», Шығысова Ф «Туған өлкенің тұлғалары », Дүйішова Гүлбаршын «Бірлігіміз жарасқан. 7ә сыныбына Байманова Роза «Мен Қазақстандықпын», 9а сыныбында «Елі сүйген Елбасы», Тұрганбаева Гүлшарипа «Тәуелсіз елдің төл теңгесі», атты түрлі патриоттық шаралар өткізілді..

       Н.Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай, іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де, барлық адамға жақын, әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам- бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн”- дейді. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып оқушыларды тәрбиелеу керек.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама тақырыбы: "Қазақстандық мектептерде потриотизмді дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 044 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 1195
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмашева Жумагуль Нурлыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4748
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой