Инфоурок Информатика Другие методич. материалыБаяндама тақырыбы: «Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру».

Баяндама тақырыбы: «Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру».

Скачать материал

Мамай орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

«Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Токубаев А.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жыл

 

Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Мамай орта мектебі

Токубаев Аслан Михайлович – информатика пәнінің мұғалімі

Баяндама тақырыбы: «Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру».

 

Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі  - оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу. Бұл үрдіс жаңа білім парадигмасының қалыптасуына әкеледі. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қоятынын баршамыз да түсіндік. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: "Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға  ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет". Елбасы сөзі отандық педагогтарды қамшылауда. Қазір біздер оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, білім беруді ақпараттандыру, әлемдік коммуникациялық желілерге қосылу арқылы оқыту мазмұнын жаңартудамыз.

Білім беру мазмұнындағы өзгеріс мұғалім мен оқушының іс-әрекетінен бастау алады. Бүгінде мұғалімнің негізгі функциясы өзгерді: ол ақпарат таратушыдан менеджерге айналды. Білім берудің жаңа жүйесінде мұғалім үшін басты міндет - оқыту процесін басқару.

Қазіргі заманғы жағдайларда жұмыс істеу үшін оқытушы не білуге тиіс? Санамалап айтсақ, келесі бес құрал педагогтың бесқаруы десе де болады:

1.     Менеджмент ғылымы (басқару ғылымы);

2.     Психология (білім беру - оқыту және тәрбиелеу процесін псхологияландыру жүріп жатыр); Егер біз оқушының субъектісін, жеке тұлғасын нысаналасақ, біз оны жақсы білуге тиіспіз;

3.     Экономика (экономиканың қажеттіліктерін білу; мектепке қандай адам даярлау керек екенін білу);

4.     Информатика (дербес компьютерді пайдалану);

5.     Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта кеңінен қолдану (Интернет желісін пайдалана және іздей білу, электронды оқулықтарды қолдану, флипчарттарды игеру).

Бүгінде оқыту процесінде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі - "Оқу мен жазуды сын тұрғысынан дамыту" технологиясы. Қызығушылықты ояту, жаңа білімге көпір салу, мағынаны ажырату, ой толғаныс стратегиялары оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады, белсенділіктерін оятатынын көріп жүрміз. Топтық жұмыс бала танымына оң әсер етіп қана қоймай ой-өрісін дамытады. Информатика сабағында бұл стратегияларды қолдану АКТ құралдары арқылы жүзеге асырылады. Сол себепті де сабақта заманауи технологияларды ақпараттық-коммуникациялық технологиямен кіріктіре отырып пайдалану өте тиімді.

АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру саласында көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта, мультимедиа, интернет кеңістігі, электрондық оқулықтар.

Оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

·        Бір қалыпты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, түсіну, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;

·        Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

·        Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;

·        Оқушының есте сақтау қабілеттерін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).

Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану барысы:

1.     "Түсіну" деңгейінде (теориялық материалды меңгерту):

·        Электрондық оқулықтар;

·        Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар;

·        MS Word редакторында жасалған сызба кестелер, үлестірмелер;

·        Блокнот мәтіндік кіші редакторда жазылған ережелер жиынтығы (электрондық ереже анықтамасы) немесе электрондық сөздік қолданылады.

2.     "Қолдану" деңгейінде (теориялық материалды бекіту):

·        Word Pad мәтіндік редакторында мәтінмен тікелей жұмыс (түзету, үзінді қосу, аяқтау, әріп қою, астын сызу, суреттер мен сызбалар кірістіру).

·        Мультимедиалық мүмкіндіктерді пайдалану (дыбыстарды жазу мен ойнату, лазерлік ойнатқыш бағдарламасы, фонограф бағдарламасы арқылы дауысты жазу және жазылған дыбыстық файлды құжатқа қою аудиолекцияны алдын ала жазып алып, сабақ барысында қолдануға болады).

·        Интернет жүйесі, яғни электрондық кітапхана мүмкіндігін қолдануға болады. Ол арқылы жаңа мәліметтер қорыту.

3.     "Жинақтау" деңгейінде (теориялық материалды қорыту):

·        Тест бағдарламасы арқылы білімді тексеру;

·        Power Point бағдарламасымен презентация жасату;

·        Excel бағдарламасында өз білімдерінің мониторингісін шығару.

·        Сынып ішіндегі компьютерлік желі арқылы өзара білім жарыстыру неме өзара тексеру жұмыстарын жүргізу;

·        Әмбебап ойнатқыш бағдарламасына жазылған файлдар арқылы диктант алу;

·        Интернет жүйесі арқылы жазылатын рефераттар, виртуальды интернет олимпиадалар.

Өз практикамда осы бағыт бойынша жұмыстар жүргіземін. Мысалы 6 сыныпта "Алгоритм типтері." тақырыбын өту барысында  Білу кезеңінде оқушылардан үй тапсырмасы сұралынды. Түсіну кезеңінде жаңа сабақты оқушылар өздері оқулықтан, электронды оқулықтан ашып, топта талқылады. Ой шақыру мақсатында ашық сұрақтың қойылуы баланың өз пікірін қалыптастыруда, белсенділік танытуда, өз ойын еркін жеткізуде, шығармашылыққа бағыттауда үлкен рөл атқаратынын білдім. Соның нәтижесінде барлық сабақтарымда үнемі ашық сұрақтар қойып отырдым. Балалар өз ойын ашық, еркін жеткізгенін көрдім. Барлығы белсенді түрде ойларындағыны жеткізді. Қолдану кезеңінде қосымша мағлұматтар жазылған парақшалардан мәліметтер алып, есептің алгоритмін құра білді.  Бұл кезде жеке және жұптық жұмыстар жүргізілді. Талдау кезеңінде топпен бірлесіп постер, кластер жасап, қорғады. Әр бір оқушының пікірі жазылып отырғанын байқадым. Кесте толтыру арқылы есеп шығаруға талдау жасалынып, есепті шешудің алгоритіміне талдау жұмысы жүргізілді. Әр топқа жаттығу жұмыстары беріліп, топ болып жұмыс жасалынды. Талдау кезінде оқушылар дәстүрлі сабақта жеке жұмыс жасап, кейбірінің ғана жұмысы қаралатын, ал топта жұмыс жасағанда барлық оқушы атсалысып, барлығы қатысып, бір-бірін толықтырып отырып, сыныпта сөйлемей қалған оқушы қалмады деп айта аламын. Жинақтау кезеңінде «Сәйкестендіру кестесі», «Венн» диаграммасы бойынша сабақ жинақталып, қорытындыланды. Жаңа тәсілдерді топпен жұмыс жасауда қолданғанда тиімді, әрі нәтижелі болды. Бағалау кезеңінде берілген  тапсырмалар бойынша оқушылардың қаншалықты жаңа тақырыпты игергендігі жүзеге асырылды. К.Д. Ушинский «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» - деп айтқандықтан,  баланың  білімге деген құштарлығын ояту үшін, пән мұғалімінен оқушының дамуына жағдай жасау талап етіледі.

Осы жұмыстар сабақ барысында уақыт үнемдеп практикаға көп көңіл бөлуге септігін тигізеді.

Әрбір ұстаздың  алдына келген бала  да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды оқушының флеш-карталарына салып беру өте тиімді.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің тиімділігі:

·        Бағдарлама бойынша барлық оқушыларға қолайлы;

·        Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны сынып оқушылары арасында талқылауға, қателерін дер кезінде маркер арқылы жөндеуге мүмкіндік туғызады;

·        Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғызады;

·        Мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады.

Қорыта келгенде, заманауи технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да - мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үдерісін тиісті деңгейге көтеру педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

"Шәкірт - нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ" демекші, оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі тұлға етіп дайындау - мектептің басты мақсаттарының бірі. Мақсатқа жетер жолда аянбаған ғана нәтижеге қол жеткізеді.

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.                 Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 

        жылдарға арналған  даму бағдарламасы.

2.                 Қазақстан мектебі. №6, 2006 жыл.

3.                 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

4.                 “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан   

         халқына Жолдауы, 2011 жыл

5.     "Информатика негіздері" ғылыми-әдістемелік журнал

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама тақырыбы: «Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 377 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2017 1100
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токубаев Аслан Михайлович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Токубаев Аслан Михайлович
    Токубаев Аслан Михайлович
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24449
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 300 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе