Инфоурок Другое СтатьиБаяндама тақырыбы:“Инновациялық технологиялар арқылы жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту”

Баяндама тақырыбы:“Инновациялық технологиялар арқылы жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту”

Скачать материал

          Баяндама тақырыбы:“Инновациялық технологиялар арқылы жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту”           

                                                          «Заманауи әлемде елдің қуаты ең   алдымен            

                                                      азаматтарының  білімімен  өлшенеді». 

                                                                                             Н.Ә. Назарбаев

XXI  ғасыр табалдырығын  білім мен  ғылымды  инновациялық    технологиялық  бағытты дамыту  мақсатымен  аттауымыз үлкен  үміттің басты нышаны  болып табылады. «Ұрпағы  білімді халықтың  болашағы бұлыңғыр болмайды»,  деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек.

Қазіргі таңда  еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты-ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу.

 

 

 

 

 Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы.  Сонымен қатар ұстаздың міндеті – жас ұрпаққа сапалы білім және саналы тәрбие беру.

Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді қатынас құралы ретінде пайдалануды үйрету. ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Сондықтан мен өз сабақтарымды жоспарлауда жаңаша көзқараспен өзгерістер енгізуді көздедім.

Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.

           Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану

  Ойын түрлерін қолдану

 

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс — тәсілдермен ерекшеленеді. Ал, әдіс — тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз. «Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл — ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінетінін ескерсек, ол— адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар орындалу тиіс:

-шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
-оқушының шығармашылық іс—әрекетіне жағдай туғызу;
-жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

«Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған» дегендей  білім негізі бастауыш сыныпта қаланады. Өзге тілді балалар да мемлекеттік тілді игеруді бастауыш сыныптан бастап  меңгереді. Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды.

 

 Кезінде А.С. Макаренко: «Балада ойынға деген құмарлық бар, оны қанағаттандыру керек» деп жазған. Тілді үйрету сабағындағы ойын тәсілінің мәні зор, тәжірибеде де  оқушылармен жұмыс барысында ойын кеңінен пайдаланылады. Ойын түрлерін қолдану оқушының ойын кеңейтеді, сабаққа қызықтырады, ұлттық тәрбие қалыптастарады.Осы жоғарыда айтылған технологиямен мұғалімдердің көбісі  жұмыстанады деп ойлаймын.Өзімнің басты сағаттарым бастауыш сыныптарында болғандықтан, тілді меңгеруде  өзім қолданып жүрген 4- сыныпқа  арналған модульдер бойынша тапсырмалар жинағымен,сендердің алдарыңда тәжірбиеммен бөліскім келіп отыр.Осы жинақта модульдер бойынша оқушылардың алған білімдерін бекітіп,логикалық қабілеттерін дамытуға арналған  10 тапсырмадан  енгізілді. Осы тапсырмаларды оқулыққа қосымша ретінде  сабақтарымда пайдаландым.

Негізгі мақсаты - оқушылардың оқулық көлемінде алған білімдерін тереңдетіп,игерілген материалдарды бекіту,соның нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінде өз ойын еркін баяндап,қазақша сауатты жазуларына жағдай жасау.

 

 Міндеті - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, өз бетімен жұмыстану  дағдыларын қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтижелер:

- пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділігі артады;

- шығармашылық жұмыстар арқылы ойын дамытады;

- өздігінен іздене алады;

- өзіне деген сенімділігі қалыптасады;

- жалпы алғанда оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейі артады.

Сабақта бұл тапсырмаларды  орындату оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Сабақта орынды қолданылатын тапсырмалар оқушының ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шындауға өз септігін тигізеді. Сабақ барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, мұғалімнің пайдаланған технологиясы   нәтижелі болады. Қазақ тілі сабақтарында көздейтін мақсат оқушыларға жалаң сөз жаттау емес, әрбір сабақ үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйретеді.

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздікпен жұмыс жүргізу. Сөздікпен жұмыс жүргізудің  2 жолы бар.

 1. Сөз мағынасын түсіндіру.

 2. Сол сөзді белсенді сөздік қорға айландыру.

Сөз үйрену арқылы сөйлеуге төселеді. Әр жаңа сөзді ең бірінші мұғалім оқып, айтылуына ерекше көңіл бөледі. Одан кейін бір бала қазақшасын, екінші бала орысшасын оқиды. Одан кейін керісінше жүргізіледі. Жазылуына назар аударып сөздік дәптеріне жазады. Есте сақтау үшін сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрғызамын. Әр түрлі жағдайда жүргізгенде ғана есте сақталады. Омоним, антоним, синоним сөздерді анықтау, сурет көрсету, сөздік диктант жазу оқушы жаңа сөзді сабақта үйреніп білуі қажет.

 

 Сіздердің назарыңызға 1 модульге берілген тапсырмалар

VІІ  Спорт.Менің сүйікті спортшым.

Грамматика.Сөз  тіркестері.Сөйлем түрлері.

 1-тапсырма.  Кластер құрастырып жаз

 

 

 

 

 

 

 


2-тапсырма. Спорттың пайдаларын атап жаз.

                                                      ...........................................

                                                      ...........................................

Спорттың пайдасы                     ...........................................

                                                     ...........................................

 

3 -тапсырма. Досыңа тапсырма бер,орындат.

-Даша,сен тұр,жүр.

-Олег,сен тұр,секір.

-Марат,сен жаттығу жаса.

-Гүлназ,сен жүгір.

-Дильназ,сен есікті аш.

-Ілияс,сен есікті жап.

4-тапсырма. Дұрыс сөйлемдер құрастырып жаз.

1.негізі, Спорт, денсаулық.

2.зор, байлық, Денсаулық.

3.күнде, жуынуы, керек. Адам

4.шұғылданған, адам, ешқашан, Спортпен, ауырмайды.

5-тапсырма.Өлеңді жаттап ал.

            Футбол.

Футбол деген ойынға

Барлық бала құмар-ақ.

Бірақ жолдың бойында,

Доп теппеңдер қуалап.   (Ә.Асылбеков)

6-тапсырма. «Менің сүйікті спортшым»  тақырыбына сөйлем түрлерін  пайдалана отырып, шағын әңгіме құрастырыңдар.

7-тапсырма.«Спортшы» сөзін

1) Жікте

2) Тәуелде

3) Септе

 

8- тапсырма. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңдар:
Мұзда сырғанау, қақпаға шайба салу ______________________________
Мимен ойлану, қарсыласына мат қою ______________________________
Суда жүзу, мәреге жүзіп жету ______________________________
Доп тебу, қақпаға гол соғу ______________________________
Допты қолмен ойнау, торға доп салу _______________________________
Жүгіру, мәреге жүгіріп жету _______________________________
Былғары қолғаппен ұру, қарсыласын нокаут ету _______________________
Допты қолмен секіріп ұру, допты тордан асыру _______________________
Шаңғы тебу, мәреге сырғанап жету _______________________
Керекті сөздер: футбол, баскетбол, волейбол, хоккей, бокс, шахмат, суда жүзу, марафон, шаңғы спорты

9- тапсырма Тарихи басқатырма:Әріптерді дұрыс қойып ұлттық ойындар атауын  тап

ҚАЙҮСКЕ –

ПКӨАРК –

ДАРУПСЫАҚА –

ЫҚҚЗУУ–

ТЛАБЫАНАҚ –

ҚАОҒҰМЗТЫЛҚА  -

10- тапсырма   Ребус шешу

ANd9GcTiOuMOprZWeCH4gPUg8AK2H1-h4PBdkrblo82eYM1uq83iT0LFqg50849396ANd9GcRgMDQiiroyikoMn44I8UDDxFsQlTK20FIP3oQmAhtxDCsqOKoRUA

Осындай түрлі тапсырмаларды кейде жеке,кейде топтастыра,жұптастыра орындатып,  оқушылардың  қызығушылығын арттырып отырамын.

Міндетті түрде   ай сайын оқушылардың  лексикалық минимуымын тексеремін. Ол үшін парақ қағаз беріп,естерінде қалған сөздерді жаздырып, келесі сабақта кім қанша сөз жазғанын хабарлап,ең көп сөз жазған оқушыны мадақтап отырамын.Оқушылар келесі жолы озып шығу үшін бар жігерлерін салады. Тек бұнымен шектелмей сол сөздермен сөз тіркесін,сөйлемдер, сұхбат құрғызамын. Сонда оқушылар сөздерді жалаң ғана жаттамай оны қолдана  білуге жаттығады.

 Сонымен қатар, оқушылармен қазақша әндер жаттап,ертегілерді сыныпта рөлге бөліп оқып,кейіпкерлерін сомдаймыз. Оның бәрі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі

Бастауыш сыныпта негізгі міндет – оқушылардың шығармашылық  қабілетін дамыту. Осы орайда әріптестерге ұсынысым шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру барысында  сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:

- Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

- арнаулы бір тақырыпта пікір – талас тудыру;

- сөз жұмбақ құру, шешу;

-  шағын әңгіме мәтінін құру;

- өлеңдер құрау, өтірік өлеңдер құрау;

- әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою;

- елестетіп, қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;

- адасқан сөзді орнына қой. т.б.

Ал, сыныптан тыс жұмыс кезіндегі шығармашылыққа баулу түрі:

- суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату;

- ауыз әдебиетінің түрлерін сабақтарда кеңінен пайдалану т.б.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізуіп отырсақ, еңбегіміз оң нәтиже береді деп ойлаймын.

    Араб ақыны және ғалым Абуль-Фарадж әл-Исфахани “Түсінгендіктің шын белгісі “Иә”деген жауап емес , шәкірттің  жүзіндегі қуаныш” деген . Осы айтылған сөзге сүйене отырып, мен де әрбір сабақта оқушыларымның жүзінен осындай қуаныш,елге , тілге деген құрмет , Отанға деген сүйіспеншіліктерін ,пәнге деген қызығушылықтарын көргім келеді. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, жан дүниесі сұлу, рухани бай, сезімтал, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін қажырлы еңбек қажет.

Сөзімді қорыта келе  құрметті әріптестер ! Оқушыларымызды елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай:
Бақылаудың орнына -ынталандырайық, 
Мәжбүрлеудің орнына -кеңес берейік, 
Үгіттеудің орнына -түсіндірейік, 
Айқайлаудың орнына -әзілдейік, 
Кінәлаудың орнына-қорғайық, 
Ауыстырудың орнына -сенім білдірейік, 
Бұйрық беріп тексерудің орнына -кәсіби көмек көрсетіп,қолдау жасауға ұмтылайық, сонда біз оқушыларымызды жаңа заманға сай біліммен қаруландыра аламыз. 

 

 

                                        Баяндамашы:   ЖББ №6 орта мектептің қазақ тілі мен

                                                                                 әдебиет пәнінің І санатты мұғалімі

                                                                                Есеналиева Гүльжан Бидалиевна

                           

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама тақырыбы:“Инновациялық технологиялар арқылы жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту”"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 259 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2017 1056
    • DOCX 10 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есеналиева Гульжан Бидалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есеналиева Гульжан Бидалиевна
    Есеналиева Гульжан Бидалиевна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14054
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой