Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама Тіл саясаты және жаңа ұрпақты қалыптастыру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Баяндама Тіл саясаты және жаңа ұрпақты қалыптастыру

библиотека
материалов

Тіл саясаты және жаңа ұрпақты қалыптастыру



Тіл қай елде, қай ұлтта болмасын қадірлі де, құдіретті. Ұлттың болмысын, ұлылығын, кісілік келбетін, биік парасатын танытуда тілден артық күш жоқ.
ҚР «Тілдер туралы» Заңында «Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдлің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген. 
Тіл – ойдың тікелей шындығы, тіл – барша білімдердің қазынасы. Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткен тарихымызды саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танып қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. Әлемді танимыз. Сондықтан да адам баласының байлығының бірі – сөз өнері. «Өнер алды – қызыл тіл» деген аталы сөздің астарында қаншама сыр бар?!
Әрбір елдің қуатты күші, байлық – бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі – тілге тәуелді екені белгілі. Атадан балаға жеткен ұлы құбылыс ретінде тіліміз талай сыннан сүрінбей өтті, дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, өткір, таза, терең, күшті, кең тіл – ана тілімізден артық халқымыз үшін қасиетті ештеңе болмаған. Себебі, тіл – тарихымыз, тіл – мәдениетіміз, тіл – әдебиетіміз. Тауып айтылған бір ауыз сөзге бір қауым ел тоқтаған. Бұл – халықтың тіл өнеріне деген ыстық сүйіспеншілігінің белгісі. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. 
Тіліміздің қадір-қасиетіне үлкен мән берегн ғұлама адамдар пікіріне тоқталсақ: «Тілімізді жаман сөзден сақта, жақсы сөзге үйрет», - деп ежелгі дәуірде өмір сүрген М.Қашғари айтса, ал Ж.Баласағұни:
«Ақыл, білім тілмашы – тіл, бұл кепіл,
Жарық төгіп елжіретер тіл деп біл,
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар,» - дейді. («Құтты білік».
Ауд.А.Егеубай. Қаз.әдебиеті оқулығы, 8-сынып. С.Мақпырұлы. Г.Құрманбай. А.Қыраубайқызы. 32-бет).
Сол өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси: «Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең бай тілдердің бірі» деп тамсанса, орыстың әйгілі ғалымы В.В.Радлов: «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Еуропада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса, сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір, әрі майда, шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті. Ал, А.Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» дейді. 
«Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деген Ж.Баласағұнидың сөзін қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін - ұлы» деген сөздерімен толықтыруға болады. Бұл мысалдан біз тіл мәселесінің қай кезеңде де келелі мәселе болғандығын, әлі де бола беретінін түсінгендейміз. Себебі ана тілінің, мемлекеттік тілдің жағдайы бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселеге айналаны қашан?! Тіл туралы қабылданған заңдарды да өмірдің өзі, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру қажеттігі және қоғамның рухани жаңаруы туғызған еді.
Тіл саясаты бүгінгі таңдағы ҚР-ғы ең өзекті, ең өткір мәселе болып отырғаны баршамызға аян. Әрине, тәуелсіз еліміздің болашағы өз тілімен ған алға қарыштары белгілі.
ҚР Білім Туралы заңында: «Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады» (9-бап 1).
«Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және ше тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс» - делінген. (Білім туралы Заң 9-бап.2т.2007.27.07. Астана, Ақорда).
Тәуелсіз еліміздің керегесі кең, шаңырағы биік болып, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылу үшін білімді, ғылымды дамытуымыз қажет. Болашақ ұрпақтарымыз әлемдік білім деңгейінде де өзге елдермен терезесі тең, бәсекелестік дәрежеге жетуі керек. Бұл тұрғыдан зерделер болсақ, көреген А.Байтұрсынов «Білімсіз халық қанша бай болса да, байлығы басқа халықтың қолына көшеді» деп біліктілікпен айтып кеткен.
Білім арқылы адам өзінің дүниетанымдық ауқымын кеңейтіп толықтырады. Оның үстіне білімді күнделікті қолдана білмесе, ол ештеңеге жарамсыз бос дүние болып шығады. Нағыз шынайы білім әр адамның еңбегін жеңілдетеді, өміріне пайда келтіреді.
Ал білімнің пайдасы күнделікті өмірде қолданылып, тәжірибеде сыналып, өмірде іске асқанда ғана оның пайдалы екендігіне баланың да, мұғалімнің де көзі жетіп, көңілі тояды. Сондықтан әрбір баланың бүгінгі мектеп қабырғасында алған білім оның ертеңгі өмірінің азығы, рухани және материалдық байлығының негізгі көзі екендігіне сендіре білу – мұғалімнің басты міндеті.
«Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы»,-делінген. (ҚР Тіл туралы Заңы 4-бап).
Міндет сол тілді тек меңгеріп қана қою емес, оны бүгінгісінен де әрі қарай жетілдіріп, ұрпақ санасына сіңіре беру, әр адамның өз ана тіліне деген жауапкершілік сезімін оятып, ана тілі үшін күресе білуіне қол жеткізу деп түсіне керек.
Білім беру ұйымдарындағы, әсіресе мектепте Тіл саясатын жүзеге асыру ұстаздар қауымының, соның ішінде тіл мамандарының ең басты парызы, міндеті.
ҚР 2030 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай отырып: «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені, олар – біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» деген болатын.
Олай болса, бүгінгі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау.
Бүгінгі таңдағы білім беру саласындағы негізгі ұстанатын қағида – Нәтижеге бағытталған білім десек, дамыған 50 елдің қатарына қосылу барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімінің алдындағы мақсат та айқын.
Ол мақсат – тәуелсіз елдің жеткіншек ұланын өз ана тіліне үйрету, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын, ұлтжанды, нағыз патриот – қазақ тәрбиелеу.
Онере де Бальзак: «Сөз – өнер атаулының ең қиыны мен күрделісі» деген екен. Ендеше ұрпақ тәрбиелеуде тілдің орнының ерекше екенін түсінетін ұстаздар қауымына жүктелер міндет те маңызды болмақ.
Тәрбие – жан-жақты ұғым десек, сол тәрбиенің бастауы тілдің шұрайлысынбаланың бойына халқымыздың сөз асылы – ауыз әдебиетінің бай үлгілерін: ертегі, мақал-мәтел, шешендік сөздерді дарыту арқылы сіңіре аламыз. Бұл тәрбие бала бесікте жатқанда айтылатын «Бесік жырынан» бастау алып, одан тәрбиеші, ұстаздар берген тәрбиемен, білімімен ұштасып жатаса, әрине құба-құп.
Бала тәрбиесінде оңай еш нәрсе де болмайды, соның ішінде ұлттық салт-сана, адами болмысы мен жеке басын қалыптастыруда тілдің орны ерекше. Адам ойы сөзбен берілетін болса, сөз тіл арқылы ғана жарыққа шығады.
«Ақынның көзі – аталы сөз» деп ұққан халқымыз сөйлей білуді үлкен өнер деп санаған. Оның айғағын «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Сөз сүйектен өтеді» т.с.с. даналық сөздерден байқауға болады. 
Әйгілі өнер майталманы С. Қожамқұлов: «Жастарымыздың үлкен бір кемшілігі бар, ол мынау: сөйлесе кетсең, көпшілігі-ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтын, сөйлемдерінің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбар ала келетіні бірден байқалады. Бұның өзі, әрине тілін ұстартуға зер салмағандықтың салдары» деген екен. Өкінішке орай, жоғарыдағы кемшілікті бүгінгі таңда да көптеп кездестіруге болады. Ана тілін құрметтеуге, тіл тазалығы үшін күресуге, ұтымды да ұтқыр сөйлеп білуге, сөз мәдениетіне тәрбиелеуге тек тіл мамандары ғана жауапты деп санамай, не сыныпта өткізілетін тіл мерекесіндегі бірлі-жарымды шаралармен шектелмей, әр ұстаз мұғалім ретінде ғана емес, тәрбиеші ретінде оқушының дұрыс сөйлей білуіне, сөз әдебіне зер салып, назар аударып, бұрысын түзеп, тіл шұбарлауына жол бермей, иісі қазақ, ұлт жанашыры ретінде күресе білсе, нұр үстіне нұр емес пе? Біз тек сөзімізбен емес, ісімізбен де үлгі бола білуіміз керек. Әр сөзіміз мірдің оғындай өткір, тіліміз бай, шешен сөйлей білсек, оқушымен пікірлесіп, сырласып отырсақ, танымды деген мәселелер төңірегінде пікір алысу, пікірсайыстарды жиі өткізсек, бала да соған орай бейімделіп, тілдің мәнін, маңызын, еріксіз мойындар еді.
Ж.Баласағұни: «Ақылдың көркі – тіл, тілдің көркі - сөз» деп тауып айтқан. Тіл -сөйлеу, ойлау құралы, оның ежелден бері жеке адамның да, бүкіл қоғамның, қоғамдық ой-сананың дамып жетілуінде рөлі ұшан –теңіз. Қарым-қатынас құралы ретінде көрінуі де оның негізгі қызметі екендігі баланың санасында мектеп қабырғасында қалыптасып дамиды.
Тіл, әдебиеті маманы ретінде біраз жылғы тәжірибемде оқушылардың ана тіліне деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында көркем шығарманы, халықтың асыл сөздерін оқып, зерделеріне тоқи білуін үнемі басты назарда ұстаймын. 5-сыныпқа келген оқушыны зерттей келе, әуелі ертегі, жырлар, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді оқуға ұсынып, оқығандарын ауызекі сөйлеу кезінде пайдалана білулеріне, жазба жұмыстары кезінде орнымен қолдана білулеріне ерекше мән беремін. Әрине, бүгінгідей ақпараттанған заманда мұғалім тарапынан көп жұмыстануға тура келеді. Бұл бағытты белгілі бір көркем шығарманың ең қызықты эпизодтарынан, шиеленісті оқиғаларынан мысал келтіруді тиімді әдіс санаймын, аяқталмай қалған әңгіменің немен бітетіні әрине оқушыны қызықтырады. Ондай жағдайда оқушының өз қиялымен оқиғаны әрі қарай өзінше аяқтап келуге тапсырма берілуі де баланың шығармашылық қабілетін, тілін дамытуға игі ықпалын тигізеді. Мысалы, С.Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесіндегі екі жастың хикаясын аяқтау, Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесінен соң, «Сен қайсар болсаң...» оқиғаны әрі қарай өзінше өрбіту т.б.
Сабақтағы шығармашылық тапсырмалар, ауызша, жазбаша тіл ұстарту, ой толғау, сыр толғау жазу, әр тақырыптан соң шағын шығармалар жазуды ұсыну, 1-2 шумақ өлеңдер құрастыру, мінездеме, портреттер жасату – өзім сбақ беретін сынып оқушыларының дағдылы іс-әрекетіне айналған.
Баланың қиялын дамытып, ойын ұштауда теледидар да бүгінгі таңдағы тәрбие құралы. «Азамат», «Тіл», «Көкпар» бағдарламаларын тыңдаған оқушы сөз мәдениетіне, тіл мәдениетіне үйренері сөзсіз. Бұл бағытта әсіресе, ашық әңгіме, пікір алысу, пікірсайыстардың оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыруда көмегі зор. Нақты мысал келтірер ьолсам, 6-сыныптағы А.Байтұрсыновты «Қара бұлт» шығармасын өткеннен кейінгі «Қайырымдылық деген не?» тақырыбындағы пікір алысу сағаты, С.Мұратбековтің «Қылау» әңгімесінен кейін «Алғашқы балаң сезім дегенді қалай түсінесің?» атты сыр-сұхбат, ата-ана, психолог-маман, баспасөз қызметкерлерінің қатысуымен11-сынып оқушыларымен өткізілген «Ал, махаббат таусылмайтын әңгіме...» атты ойталқы, 8-сынып оқушыларымен өткізілген ардагер ұстаз Ғ.Ғабдуллинамен болған «Тіл - думан», «Жұбан аға – тіл жанашыры» атты ғылыми-тәжірибелік конференция, «Ана тілім – абырой, ар-намысым» тақырыбындағы сынып сағаты, «Көкпар» танымдық-тағылымдық шаралары оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, сөйлеу дағдыларын дамытып, бір-бірінің пікірлерімен санаса білуге баулып, өзара сыйластыққа тәрбиелеуді дамытуға оң әсері болғаны кәміл.
Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамды қажет етеді. Тәуелсіз елдің ертеңгі ұрпағы өз тілінің жанашыры ғана емес, кез-келген ортада, ғылымның қай саласын меңгерсе де ең алдымен өз ана тілінде ойлап, өз ана тілінде сөйлей алатын, пікір сайыстыра алатын өзіндік «мені» бар тұлға болуы керек.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізілген. (3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері. Астана, Ақорда, 2007.27.07.)
Бабалардан қалған асыл қазыналардың бірі – тіліміздің жоғын жоқтап, талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешірген аталарымыздың жолын қуар, тіл болашағына жарқын жол іздер бүгінгі жалындаған жастар екеніне сенімдіміз.
Ана тіліміз қазағымыздың жаны, ары мен бары. Қазақ тілі – арман мен мұңның, қайғы мен қуаныштың, сүю мен күюдің, іңкәрлік пен құштарлықтың, сағыныштың бар қуатын өзіне дарытқан нұрлы тіл де мақтанамыз.
Әр халық , әр адам өзінің тіршілігі үшін , қажет болса , ана тілінен өзге тілді өзі ізденіп, оқып үйренеді. 
Олай болса, біздің алдымызда егемен елдің жан-жақты біліммен, тәрбиемен қаруланған, саналы, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының бай ауыз әдебиетіненсусындаған, сайып келгенде намысын қорғай алатын, ана тілін құрметтейтін ұрпағын тәрбиелеу міндеті тұр.
«Өткірдің жүзі,
Кестенің ізі 
Өрнегін сендей сала алмас», - деп дана Абай айтқандай, кестелеп өріп, өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырғансұлу да бай, қонымды да толымды тілімізді тәрбие құралы ретінде де, сөйлеу құралы ретінде де орнымен қолданып, оны дамытуға, шәкірт бойына сіңіруге баршамыз өз үлесімізді қосайық!

Әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы заңы. 27.07.2007
2. ҚР Тіл туралы заңы. 4-бап. 1997
3. «Қазақстан мектебі» журналы. 2007 жыл. №11,12
4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2007 ж. №7,12
5. «Ұлағат» №1. 2006

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров265
Номер материала ДВ-360804
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх