Инфоурок Музыка СтатьиБаяндама «Жаңартылған білім беру жағдайында музыка сабағында шығармашылық белсенділікті арттыру әдістері мен тәсілдері»

Баяндама «Жаңартылған білім беру жағдайында музыка сабағында шығармашылық белсенділікті арттыру әдістері мен тәсілдері»

Скачать материал

«Жаңартылған білім беру жағдайында музыка сабағында шығармашылық белсенділікті арттыру әдістері мен тәсілдері»

Еркиналиева Кулжан Сейлбековна

музыка пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы,Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «В.Савва атындағы  №9    ЖББМ-гимназиясы» КММ

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында жұмысты ұйымдастырудың замануи формалары мен әдіс-тәсілдерін  қолдану

Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты.  Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.

 Музыка сабақтарында балалар жан-жақты даму барысында алдына көптеген мақсаттар қоя біледі. Дəлірек айтсақ, балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мəнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну жəне музыкаға қызығушылығын арттыру.

Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. 

 Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.  Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Мен осы бағытарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін.Бүгінгі баяндамамда мен    жиналған  әдістерімді топтап, 16 –ға дейін барын жүйеледім, солардың қатарынан әсіре жиі қоданып жүрген жұмыс формаларымен танрыстуды жөн көрдім.

 

Шығармашылық тапсырмалардың топтамасы:

1. Боя, сурет сал (1-2 сыныптар)

2. Музыкалық шығарманың немесе өлеңнін мазмұнын әңгімелеп  бер (1-2 сыныптар)

3. Өткен материал бойынша сөзжұмбақты құрастырып шешу (3-6 сыныптар)

4. Тест тапсырмаларын дайындап шешу  (3-6 сыныптар)

5. Сазгер туралы қанатты сөздерді жинақтау (1-6 сыныптар)

6. Тыңдаған   шығармадан алған әсері бойынша сурет салу (1-6 сыныптар)

7. Жұмбақтар

8.  Музыкалық ертегіні  ойлап шығару (5-6 сыныптар)

9. Опера, балет немесе мюзикл шығармаларына бағдарлама жасау (5-6 сыныптар)

10. Музыкалық  сергіту сәттері(5-6 сыныптар)

11. Жоба қорғау

12. Презентацияны құрып қорғау (5-6 сыныптар)

13. Танысқан музыкалық  шығармадан алған әсері туралы шығарма жазу (5-6 сыныптар)

 14. Шағын  топтарда жұмыс (5-6 сыныптар)

15. Синквейн шығару

16. Дидактикалық ойындар

Оқушылардың ой өрісін, ішкі жан дүниесін, сезімталдығын дамытуда музыка мен бейнелеу өнері сабақтарын қосып өтудің маңызы зор. «Өнер-бақыт, ақыл-абырой» дейді дана халқымыз. Ән музыка өнері оқушыларды сыршыл сезімге, сұлулыққа, рухани байлыққа жетелесе, бейнелеу өнері оқушылардың өн бойындағы қасиет-өшпес өрнекті жан жүрегі арқылы іс-әрекетке бейімдеп, сурет салуға, мүсін жасауға әкеледі. Жанына жылылық толған жан қоршаған ортасын ерекше сезіммен сүйіп, қабылдап, ақ параққа қылқалам арқылы бейнелейді. Ән және музыка  сабағы мен бейнелеу өнері сабағын кіріктіріп, қосып өтудің маңызы ерекше

        Тақырып музыкалық шығарманың мазмұнын түсінуде басты рөл атқаратындықтан, оның басталып, аяқталуын анықтай алу дағдысын әдетке айналдырған жөн. Мұндай дағдының болмауы шығарманы түсінбегендігі десе де болады. Сондықтан шығарманы тыңдап, талдауда оқушы музыкалық тақырыпқа барынша зейін қоя мән беріп, сол арқылы көңіл-күйдің (жігерлі, сергек, сабырлы, ойлы, қайғылы) өзгерістерін бақылауға үйретіп шығарма болмысынан саналы түрде түсіну сатысына қарай ауысады.

        Сөзжұмбақтарды пайдалану арқылы оқушылардың пән бойынша алған  білім біліктерін  бекітіледі. Тапсырмаларды орындату арқылы танымдық баланың пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, өзара ынтымақтастыққа  үйретуге болады.

Музыкалық кроссворд

(флипчартта берліген ноталар кроссвордын шешу.)

(қазақ халқының киелі, ішекті музыкалық аспабы)ДОмбыра

 (күй атауы) МеРЕке

(қытай халқының музыкалық аспабы) СяМИсэн

 (көп ішекті музыкалық аспап) АрФА

 (нота сауатын үйрететін ілім) СОЛЬфеджио

 ( мазурка қай халықтың биі?) ПоЛЯк

(камералық оркестрге арналған шығарма)СИмфония

        Музыка пәнінің басты мақсаты қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт дәстүрін, өнерін қадірлейтін, оның өмірмен байланыстылығын түсінетін, эстетикалық және музыкалық танымы дамыған, рухани бай жеке тұлғаны тәрбиелеу. Өзара тақырыптарды қорытындылайтын сабақтарда оқушылардың білімін тексеру және бекіту жұмыстарын жасап отыру қажет. Жаңа технологияларды енгізу және білімді тексеру барысында тест тапсырмаларына және оның формаларына деген қызығушылық туды. Тест оқушылардың білім, білік деңгейлерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалім тест тапсырмаларын өзі құрастыра білген кезде ғана тестке деген қажеттілік артады.

        Табиғаттың сүлулығы мен жан сұлулығын музыкадан тапқан ком­позитор туралы әңгімелей келіп, сабақтың тақырыбын ашу мүғалімнің өз шеберлігіне байланысты.

        Оқулықтағы мәтінді оқытып, оқушының басқа сабақтарға жіберген барлық күш-жігерін орнына келтіру үшін жан тыныштығы мен оқуға деген ынтасын оятуда музыканың ықпалы зор екендігін түсіндіру өте маңызды.

Тыңдалған музыкалық шығармадан алған әсерлерін кім қалай қағаз бетіне түсіре алады деген тапсырма беріп, бөлмеде орнаған тыныштықты тек қана әдемі әуен толықтырып түратындай ету, оқушыны қиял әлеміне, романстар кешіне апарғандай атмосфера жасау сабақтың әдемілігін толықтыра түседі.

Балалар әртүрлі музыканы тыңдай отырып, олардың тек жанрлық ерекшелігін анықтап қана қоймай, белгілі бір шығарманың мазмұнын жеткізу үшін композитордың қандай құралдарға жүгінгендігін әңгімелей білуі тиіс. Мысалы, әуеннің желісі, ырғақ өрнегі, екпіннің ауысуы, саздың өзгеруі, динамикалық белгілер т.б.

Музыканы тыңдаудың мынадай төрт кезеңге бөлуге болады:

      Кіріспе әңгіме.

      Шығарманы тыңдау.

      Тыңдалған шығарма туралы әңгіме.

      Қайталап тыңдау.

Шәкірттердің бойларына өзінің музыкалық шығармашылық іске іштей қатысы бар екендігін, көркем образ жасауға тікелей қатынасы бар екендігін сезіне алатын ахуал туғызуы керек, ал ол үшін музыкалық ертегілерді ойдан шығару әдісінің тиімділігі өте зор.

Музыкалық  сергіту сәттер оқушылардың білім сапасын анықтауға мүмкіндігін береді, бір тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушыларды  қамтып, білімдегі ақауларын анықтауға болады.

1.Блиц-сұрақтар

2. «Шынжырды үзбе» балалар бір бірінен кейін логикалық байланыста сөздердің бірінші әріпін дауыстайды, келесі бала тақырыпқа байланысты сөзді  тауып,  басқа сөздің  бірінші әрпін келесі оқушыға қарап дауыстайды ,мысалы:

Балет – би– балерина -  пуанттар -  «Щелкунчик» - гран-па.

        Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды  жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олардың назары тақтада болады.
SMART тақтаны интерактивтік Sympodium планшетімен толықтыруға болады, тыңдаушы кіші топтарды игергендей үлкен аудиторияларды да игеруге болады. Мұғалім, кішігірім экранда жазу жазып, орнынан қозғалмай оқушыларға қарап тұрып, компьютерлік қосымшаларды, сонымен бірге оқушыладың үлкен экранда және интерактивтік тақтада берілген сол көріністі көретінін бақылай алады. Алдын-ала дайындалған мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер, музыка, карталар, тематикалық CD-ROM-дар, сондай-ақ мультимедиалық файлдарға гиперсілтемелер және интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді.

        Тыңдалған музыкалық шығармадан алған әсерлерін кім қалай қағаз бетіне түсіре алады деген тапсырманы беруге болады. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы білім алушылар ынтымақтаса жұмыс істеуге үйренеді. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға дағдыланады.   Тапсырмаларды орындау барысында шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыруды  игереді. Тиімді топтық қарым-қатынасқа түседі.

        Әр  топтағы рөлдік бөліністер және олардың атқаратын қызметі  белгіленеді:

1.Топбасшы – топ ережелерінің бұзылмауын, топтың ішіндегі ахуалды реттеп отырады.

2.Хатшы – жазба жұмыстарды жүргізіп отырады.

3.Таймкипер – уақытты қадағалап отырады.

4.Баяндамашылар – топтық талқылауға берілген тапсырманы жариялайды, топ қорытындысын шығарады. Әр топта күніне 4 баяндамашы болады.

5.Зерттеуші –қажетті материалдарды табады,жинақтап, саралайды.

Барлық топқа  осылайша  рөлдерді  бөліп алуға  нұсқаулық беремін.

         Ірі шығармалармен танысу барысында сыныпты бірнеше шағын топтарға бөлу өте тиімді жұмыс формасы. Мысалы, «Қыз Жібек» операсын  өткенде сынып 3 топқа бөлінеді:

1 - тарихшылар

3               - әдебиетшілер

3 – сазгерлер.

Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең): Ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

Мысалы:
1. Күй.
2. Әсерлі, құдіретті.
3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.
4. Күй – адам сезімінің көрінісі.
5. Өнер.

Дидактикалық ойындарды музыканы оқытуда кеңінен пайдалану тиімді. Дидактикалық ойындардың бір саласы-ұлттық ойындар. Әр түрлі ұлттардың, қазақ халқының ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын бейнелейтін «Санамақ» «Бәйге»  «Қыз қуу» «Соқыр теке» т. б ойындар жатады.

     Мысалы: сабақта бәйге жарысын өткізу керек болса, кіріспе бөлімде ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесін ешқашан естен шығармағандығы, қазақтың ұлттық ойындарының бәрі біздер үшін асыл мұра екендігі айтылып, бәйге ойынының ойналу дәстүрі мен мазұмынына тоқтала кетіп, оның ойналуын сабақтың өту барысына сәйкестендіріп алуға болады. Бұл ойын бойынша қайталау сабағында оқушылар жеке қатысып, сұрақтарға жауап беру арқылы бәсекелестік жағдайында жарысқаны тиімді. Тапсырмалар алдын-ала  дайындалады.  Ойын нәтижесі шығарылып, ынталандыру щараларын жасау сабақтың нәтижелі өтуіне септігін тигізеді.

Қорыта келгенде:

     Осылайша, музыка пәні мұғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама «Жаңартылған білім беру жағдайында музыка сабағында шығармашылық белсенділікті арттыру әдістері мен тәсілдері»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 711 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.11.2020 977
    • DOCX 28.1 кбайт
    • 27 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахимова Шолпан Амангельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3731
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Преподавание музыки в дополнительном образовании: методы и приемы обучения и воспитания детей

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания по классу фортепиано: начальный уровень подготовки (практический курс)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Курс повышения квалификации

Основы художественного анализа

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 11 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек