Инфоурок Другое Другие методич. материалыБ.Соқпақбаев "Түбінде адам болатын бала" 6-сынып

Б.Соқпақбаев "Түбінде адам болатын бала" 6-сынып

Скачать материал

Мұғалімнің аты-жөні:

Пәні:  қазақ тілі

Өткізілу орны

 

 6 -сынып  

Сабақ:

Мерзімі:

Тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Түбі адам болатын бала»

Бекіту

Сабақтың мақсаты:

 Оқушыларға жазушы өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру, толықтыру; сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу;

 

Күтілетін  нәтиже:

Оқушылар жазушы өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы біледі; сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамиды; сөйлеу мәдениеттері қалыптасады;

 

Сабақтың міндеттері:

Оқушыларға мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғыну;
Ойларын, пікірлерін еркін айту, өз көзқарастарын дәлелдей білу.

 

Сабақтың көрнекілігі

кеспе қағаздар, стикерлер, оқулық, суреттер топтамасы, ноутбук

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Сұрақ – жауап,сын тұрғысынан ойлау технологияларының стратегиялары,топтық жұмыс.

Сабақтың  кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

 Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару.Сыныпты  Қожа,Сұлтан,Жантас,Жанар кейіпкерлерімен 4 топқа бөлу .Алтын ерже құру қажеттігі туралы айту.Әр топқа бағалау парағын бөліп беру.

Оқушылар топқа бөлініп,өз топбасшыларын сайлайды.Топ ішінде тәртіп ережелері  талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Психологиялық дайындық

«Шаттық» шеңбері

Оқушылар шеңберге тұрып бір – біріне жақсы тілектер айтады.Сәттілік тілейді

  

Білім

Қызғушы

лықтарын ояту

Сұрақ қоя отырып үйге берілген тапсырманы оқиды.«Бақытты балалық шақ»ойтолғау жазу немесе  «Менің басымнан өткен қызықты оқиғам»шығарма

 

Оқушылар өздерінің жазып келген шығарма, ойтолғауларын оқиды.

 

 

Түсіну

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен  тақырыпты еске  түсіруге байланысты бірненше сұрақтар дайындау

Мұғалімнің кіріспе сөзі («Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.)
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бүгінгі өтілетін тараудан үзінділер айта отырып ой тастайын.
«Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім».
- Қожа бұл сәтті қашан бастан кешіріп еді?
- Қожаның тәртіпсіздік қылықтарын, әсіресе соңғы жасаған ағаттығын , яғни Майқанованың сөмкесіне бақа әкеп салған әрекетін талқылау мақсатында болып жатқан педкеңесте.
- Дұрыс, айтасыңдар. Қожа қанша тәртіпсіздік істесе де, мұғалімдер оны кешіріп келген еді, иә. Осы жолғы кеңес ұзаққа созылды. Осы кезде Қожа өз мәселесінің шешілу қорытындысы, талқылану процесі жайлы өзінше ой қорытып отырды. Кеңес те аяқталды. «Мен туралы не деп жатыр?» екен деп дегбірі қашқан Қожа бұл кезде қайда отыр еді?
- Мектеп терезесінің тұсында тұрған теректің үстінде отыр еді.
...Педкеңес аяқталды, жұрт тарай бастады. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, Қожа тұрған теректің түбінен өтіп бара жатып не дейді?
- «Түбінде адам болатын бала»
- Өте дұрыс. Біз жаңа сабақтың мазмұнын бірлесе айта отырып, тақырыпты да анықтап алдық.
- Өздерің көрген кино соңында осы сөзден Қожа қорытынды шығара ма?
- Иә, қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өз жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады.
Сонымен, балалар, біз Бердібек Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесімен танысып шықтық. Енді сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін өтілген барлық тараулар бойынша бірнеше тапсырмалар орындап көрейік.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

 «Қолдану»

 

 

«Тапқыр болсаң,тауып көр» ойыны

Мынау кім?
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова)
5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)
6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)

8. «Шыбыным,әйтеуір ешкімге тимей,ұрынбай жайыңа жүр.Сенің тентегіңді менен басқа ешкім де көтермейді.Біреудің ала жібін аттаушы болма» (Анасы Миллат)

9.Аузымды түтінге толтырып алып,жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдепала кеп түсті.Жер дүние айналып бара жатты. (Қожа)

10. «Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды.....» (С.Майқанова).

 

Оқушылар берілген сұрақтарға  топпен ақылдаса отырып жауап береді.

 «Түсіну»

 

 

Бұл қай сәт?

1. Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!

Жауабы: Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А. Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағандағы сәт.

2. Есікті аша бергенде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.

Жауабы: Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт.

3. Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып,желпініп,ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?

Жауабы: Педкеңес  болып жатқан сәт.

4.Қоңырау әлі бола қоймаған.Сол кезде басыма сап етіп,бір қызық ой келе қалды.Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де  жібердім.

Жауабы:(Сөмкедегі бақаның шыға келу сәті.)

 

«Сұрақтар қорабы» топтық жұмыс.  «Сұрақтар қорабы» бойынша сұрақтар қойылады.

1. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен,...деген аттарды алып қараңдаршы,айтуға да ықшам,естір құлаққа да жағымды.Ол қандай есімдер?

Жауабы:Мұрат,Болат,Ербол,Бақыт

             2. Тағы да мамам тұрып,басын изеп,мақұлдап,бірдеңе айтты. Анасының сөзі.

Жауабы: Шығарсаңдар,шығарыңдар мектептен!Кетсін қаңғып.Менің де жүйкемді жүн етіп құртып бітті бұл оңбаған!

               3. Лаула!Лаула жігер оты!-деп шығарма қалай аяқталған еді?

Жауабы:Самға қиял құсы! Асығатыным да,аңсайтыным да ертеңгі болашағым.

                4. Мамам жайлауға жүріп кетті. Мен мектепке келе жатырмын.Көңілім көтеріңкі,бойым сергек.

Анасының қандай сөзі құлағынан кетер емес?

Жауабы: Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ.

5. Қадыров түбінде адам болатын бала,-дейді Майқанова. Ахметов не деп қостады?

Жауабы: -Оты бар,-деп қостады.

           6. Шешесі таңертең жайлауға қайтпақшы болды. Қожа анасын құшақтап не деп жылыды?

Жауабы: Жоқ,маматай, кетпеші,жаным мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем,оңбай,көгермей кетейін.

             7.Көк көз келіншек сатушыға не деп дауыстап жатыр?

Жауабы:        Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті.

              8. Қожаның айтуы бойынша Жантас қандай бала?

Жауабы: Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап сыпсыңдағыш,өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш бала.

 

Әр топқа бір – бір сұрақтан беріледі.Топтың ішінен бір оқушы жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топтың оқушылары келіп қораптағы сұрақтарды таңдап алып сол сұраққа тобымен ақылдаса отырып жауап  береді.

Қай топ көп сұраққа жауап береді.

 «Талдау»

 Пікірталас «Қожа қандай бала?»

І,ІІ топ -жақтаушы топ.Қожаның ісі дұрыс деп бағалайды. «Жақсы бала жеткізеді мұратқа»

ІІІ,ІV топ – даттаушы топ.Қожаның ісі дұрыс емес деп теріске шығарады да дәлелдейді. «Тентек бүлдіреді,ата –анасын күйдіреді»

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, топпен тапсырмаларды талқылау, әр топтан оқушыортаға шығып өз ойын және пікірін бүгінгі  тақырып бойынша жеткізу, талдау және бағалау, тапсырмаларды орынату

Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.

 

Сергіту сәті

2 мин

 «Қаражорға  биі» атты жаттығу жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды

 

 «Жинақтау»

 

«Ой тастау» әдісі
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасың  аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын  топпен ақылдаса отырып жауап береді

«Бағалау»

 

Бірін- бірі  бағалау. Оқушылар алдына бірін-бірі балағау үшін бағалау өлшемдерін беремін.

 

 

Оқушылар өз топтарындағы оқушыларды бағалау парақшасы бойынша бағалайды.

 

 

 

Рефлексия

2 мин

       Стикер арқылы сабаққа тілектерін білдіреді                                                             

 

Тілек ағашына өткен сабаққа байланысты тілектерін жазып іледі

Үйге тапсырма

Менің қиялымдағы Қожа эссе жазып келу

Оқушылар уйден өз қиялындағы Қожа туралы эссе жазып келеді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Б.Соқпақбаев "Түбінде адам болатын бала" 6-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 183 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2017 3085
    • DOCX 31.5 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мурзахметова Кымбат Айтахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 8481
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 496 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 331 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов