Инфоурок Другое Научные работыДамыта оқыту технологиясы арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Дамыта оқыту технологиясы арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Скачать материал

ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Дамыта оқыту технологиясы арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары»

Кабимолдина Айгуль Кайрбековна

«Педагогика-психология» ПӘК оқытушысы

 «Бала дамуының ең шарықтау  шегі –

бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»

Л.С. Выготский

Білім мен ғылымның еліміздің дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті сияқты бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қоюда. Бұл ХХІ ғасырдың зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі екендігін және ол мемлекетіміздің басты назарында екенін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын қазіргі оқытылып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

           Оқытушы мұғалім адамды бала жастан тәрбиелейді, ақыл-ойын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін оятуға күш салады, рухани дүниесі бай, білімді, іскер, өнертапқыш, жаңалыққа құмар болашақтың иесін сомдап шығарады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың осындай жеке тұлғалық қасиетін білім арқылы дамыту қозғалысын қойып отыр. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау, студенттің өзін-өзі тануы, шығармашылық дамуы - оқытушылар қауымына үлкен жүк артып отырғаны белгілі.

            Оқытушы оқытудың қазіргі жаңа технологияларымен жете танысып, өзінің педагогикалық, әдістемелік білімдерін жетілдіріп отыруы қажет. Оқыту технологияларын  саралап, өзіне ыңғайлы, тиімді деген оқыту жүйесін таңдап, оның әдіс-тәсілдерін күнделікті сабақ барысында асқан шеберлікпен қолдана білсе, сөз жоқ, оқыту технологияларының қай-қайсысы да жақсы нәтижелерін көрсете алады. Сондай-ақ оқытушы әр технологияны бір шалып, кез-келген әдісті талғамсыз пайдаланудан аулақ болғаны жөн, және өзі таңдаған технологияның  әдіс-тәсілдерін әр сыныптың өзіндік атмосферасына қарай қолдануы қажет.

Қазіргі кезеңде бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқыту үрдісін ізгілендіру, дамытушылық функциясын арттыру мақсатында инновациялық технологиялар кеңінен қолданылуда. Барлық жаңа технологияның мақсаты – студенттің жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру. Осы орайдағы оқытушының шеберлігі оқыту әдістемесін жақсы меңгерумен қатар, педагогика ғылымындағы жаңа әдіс - тәсілдер мен шығармашылық жұмыстарды ұтымды пайдалануынан көрінеді.

Осыған орай педагогика пәні оқытушылары алдында бүгінгі күн талабына сай шығармашылықпен жақсы жұмыс істейтін, қарым - қатынас жасай алатын біліктілігі дамыған тұлға даярлау міндеті тұр. Уақыт талабына сай мен өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастыруға талпынып отырамын. Технологиялардың ішінде дамыта оқыту технологиясын дамыта оқыту жүйесі ретінде жүйелі қолдануға тырысамын.

Оқыту мен дамыту арасындағы байланысты Л. В. Выготский, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Л. В. Занков т. б. ғалымдар түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Баланы оқыта отырып дамыту, бала бойындағы еркіндік, мақсаткерлік, ар - намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік және т. б. қасиеттерді дамыту.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды ұстанымының бірі – теориялық білімнің жетекші рөлі, ұстанымы теорияны жаттау, терминдерді есте сақтау емес, оқыту барысында түрлі ой операциялары арқылы теориялық ойлауын дамыту болатын болса, оқушылардың келтірілген мысалдардан анықтама, ережелерді өздері шығарып, мысалдармен дәлелдеп, қорытынды, талдау жасауы олардың жаңа білімді меңгергенін байқатады.

Колледж білім алушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісін жолға қою керектігі саналады. Білім алушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен тәжірибелік әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқыту жүйесінде білім алушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

1). Дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған білім алушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

2). Дамыта оқытуда білім алушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр білім алушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқитын студент”, «Жаман оқитын студент” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

3). Білім алушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері білім алушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

4). Дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы білім алушы мен оқытушының арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, білім алушы – «орындаушы”, «оқытушының тасасындағы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренеді.

Дамыта оқыту белгілері:

1.  Педагогикадағы түсіндірмелі - көрнекі әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.

2.  Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.

3.  Балаға іс – әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

4.  Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

6.  Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Дамыта оқыту білім алушылардың ізденгіштік - зерттеушілік іс - әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:

- білім алушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек;

- іс - әрекеттің бастапқы кезеңі – білім алушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою;

- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену  іс - әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан оқытушы білім алушыларды іздену іс - әрекетіне таратуы қажет ол үшін мынандай шартты орындау керек.

1) Оқытушы өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.

2)  Ол білім алушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.

3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін оқытушы табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттерді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.

 

Студент санасына сәуле себер түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және жеке студенттің шығармашылық қабілеттерін дамытуда мен дамыта оқыту технологиясының маңыздылығын түсініп, оның әдіс-тәсілдерін өзімнің сабақ беру жүйемде қолдануды үрдіске айналдырып келемін.

            «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге жетіп тұрады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, баланың даму процесіне үш түрлі фактордың, атап айтсақ, биологиялық, әлеуметтік және баланың өз белсенділігі ықпал ететінін дәлелдейді. Аты аталған үш фактордың ішінде баланың өз белсенділігі басты рол атқаратынын мойындауымыз қажет. Өйткені мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, барлық еңбек зая кетеді.

Студент дамуының негізі - оқу әрекеті. Оқу әрекеті - әрбір сабақтың өзегі.  Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Дамыта оқытудың В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс – тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Дамыта оқыту технологиясы негізінде сабақ үш құрамдас бөліктен тұрады:

1.      Оқу мақсаттарының қойылуы

2.      Оны шешудің жолдарын бірлесе қарастыру

3.      Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу

Бұл үшеуі – дамыта оқытудың В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Мақсатты шешу іштей талқылау, сонан соң жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы ролінде. Шешім табылған кезде әрбір оқушы оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретеді.

Дамыта оқыту жүйесінде білімалушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған білімалушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады.

Екіншіден - дамыта оқытуда білімалушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады.

Үшіншіден - білімалушылардың жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері білімалушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы білімалушы мен оқытушының арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді.

Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2. білімалушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

4. білімалушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5. білімалушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

6. білімалушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

«...білімді ұсынуға болады, бірақ оны әркім өз бетімен меңгеруі және қолдануы қажет».

А.Дистерверг

 

Білім берудің негізгі міндеті - білім алушы маманды тек қана біліммен қаруландырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениетінің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік жасау болып табылады.

Кәсіби білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс жауапкершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Білім беру жүйесінде мамандар даярлауда әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес әр түрлі технологияларды ағымнан қалмай меңгере алатын маман даярлау. Заман талабы «білу аз, сол білгеніңді өмірде қолдана білу» керек.

Бүгінгі күні бүкіл дүниежүзілік білім беру тәжірибесіне сүйенсек, жылдам қарқынмен оқыту үрдісін жетілдіруде студенттердің өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға баса назар аударылуда. Оқытушылар білім алушылардың өзіндік жұмыстарын орындау барысында білімді жеке тұлғаға бағыттап оның қабілетін, дарынын дамытуға, білім алушылардың өздігінен білім алуына ықпал етуі тиіс.   Пәнді оқытуда қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастырып, тиімді әдіс-тәсілдер мен озық технологияларды пайдалану, студенттердің өздік жұмысының сапалы болуына, өзіндік жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді.

          Өзіндік оқу жұмыстары үлкен тәрбиелік мәнге ие, ол болашақ ұстаз тұлғасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 

       Оқытушылар болашақ мамандар даярлауда студенттердің  өзіндік жеке тұлға болып қалыптасуын басты назарда ұстау керек.

           Педагогикада өзіндік жұмыс деп берілген тапсырманы оқытушының басшылығымен, оның тікелей қатысуынсыз, студенттердің өздері атқаратын жұмыс түрлерін айтады.  Студенттер өздік жұмыстарды орындай отырып, сыни және шығармашылықты ойлауы дамып, түрлі ақпарат көздерінен белгілі тақырыпта жаңа ақпарат таба білуге, өз ойын, пікірін қосуға үйренеді. Сондықтан да берілген өздік жұмысы тапсырмасының мазмұны мәселелік жағдаят туғыза отырып, студенттердің ойлау қабілетін дамытуы тиіс. Өзіндік жұмыстың тиімділігі оны дұрыс ұйымдастыруға байланысты.  Ол  үшін мынадай жағдайларды  ескерген жөн:

- Студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау, тақырыбын белгілеу;

- Өздік жұмыс мазмұнын түрлендіру;

- Пайдаланылатын әдіс-тәсілдерін анықтау;

- Студенттердің жұмыстарына бағыт беріп, басшылық жасау;

- Жұмысты тексерудің тиімді тәсілдерін белгілеу;

- Өздік жұмыстың қорытындыларын шығару.

      Студенттердің қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланатынын анықтап, жұмыстарына бағыт беріп отыру керек. Соңында барлық студенттермен бірге жұмыстарына қорытынды шығарып, кеткен қателері болса түзеп, әруақытта оқытушы басшылық жасап отыруы тиіс.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өз бетінше жұмысы 2 қызметті атқарады: кеңесшілік және бақылаушылық. Студенттің өзіндік жұмысының кеңесшілік қызметі:

- Үйге берген тапсырманы орындауда студентке көмек көрсетеді;

- СӨЖ тапсырмасына қажетті әдіс-тәсілдерін таңдауға көмектеседі;

- Студентті ізденушілік, шығармашылық жұмыстарға бағыттайды.

  Студенттің өзіндік жұмысының бақылаушылық қызметі:

Студенттің жұмысын бақылауға мүмкіндік беріледі;

Студенттің жеке, дербес, дара ерекшеліктерін тануға жол ашылады;

Студенттің білім, білік, дағдыларын бақылауға кеңінен мүмкіндік ашылады.

         Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруда әр түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Бұл тапсырмалар белгілі бір шығармашылық жұмысқа бағытталады немесе ғылыми жұмыстың бір бөлігі ретінде орындалады. Оқытылатын пәннің тақырыптары әрбір жекелеген модульге байланысты болып келеді. Оқыту үрдісінде студенттердің өздік жұмысын ұйымдастырудың басты негізінде оқытудың модульдік технологиясы үлкен мәнге ие. Әр модульдің тақырыптары мен материалдары алдыңғы модульге негізделеді, оны жүйелей отырып, бекітеді. Сонымен қатар СӨЖ ұйымдастыруда әр студенттің игеріп жатқан мамандығына сәйкес әр түрлі тақырыптар мен тапсырмаларды ұсынуға болады.

Студенттің өзіндік ізденуіне викториналық сұрақтар ойынын ұйымдастыру да өз әсерін тигізеді. Сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін студенттің көп оқуы, ізденуі қажет. Себебі бұл – жарыс.

Викториналарды әр түрлі өткізуге болады.

1. Сұрақтарды ертерек беріп қойып, соған студенттердің жазбаша түрде жауап беруі.

2. Сұрақтар ауызша қойылады да, студенттер сол арада жауап береді.

3. Сұрақтар жазбаша беріледі де, сол арада жазбаша жауап береді.

Мазмұнына қарай викториналық сұрақтар екі түрлі болуы мүмкін.

1. Пән бағдарламасы бойынша, өтілген материалдар бойынша сұрақтар.

2. Оқу бағдарламасынан тыс танымдық сұрақтар.

Мұнда студенттің логикалық ойлау қабілеті шыңдалады әрі өз ойын шапшаң жеткізу үшін сөздерді, сөз тіркестерін тиімді пайдалану дағдысы дамиды.

Студенттерге берілетін өзіндік жұмыстарда мыналарды ескерген жөн: тапсырма әрбір студенттің біліміне, қабілетіне сәйкес келуі, студентті шығармашылыққа жетелеуі тиіс. Сонымен қатар студенттерді әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету керек (оқу орнындағы электрондық залда бар әдебиеттердің ақпараттық қорын толық пайдалану: интернет көзі, электрондық оқулық, электрондық оқыту бағдарламалары және т.б.).

Мәселен, студенттер интернет көздерін пайдалану арқылы қажетті жаңа деректерді, тың жаңалықтар мен ақпараттарды алып, жеке веб-сайт ашып, алған материалдарын  жүйелеп, талдайды.

Соңында мониторингтік диагностика жүргізген жөн:

 - студент өзін-өзі анықтайды: қандай жаңалық аштым?

- өзін-өзі бағалайды: алған нәтижем қандай?

- өзін-өзі дамытады: бұл менің қолымнан келеді ме? т.б.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары

І. Әдістемелік іс - әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

· Сабақтың мазмұны

· Оқу жағдайын ескеру

· Әдістемелік тәсілдерді қолдану

ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

· Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)

· Сабақтың әр кезеңіндегі білімалушының негізгі әрекет түрлерін анықтау

· білімалушы әрекетін ұйымдастыру әдіс - тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

· Әр сабақтағы баланың іс - әрекетін ұйымдастыру

· Білімалушымен жанама қарым - қатынас

· Жұмыс барысын бақылау жұмысы

IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)

· Қойылған мақсатқа жету

· Тақырып бойынша өзгерістер енгізу

· Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)

Дамыта оқыту білімалушылардың ізденгіштік - зерттеушілік іс - әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:

- білімалушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек;

- іс - әрекеттің бастапқы кезеңі - білімалушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою.

Дамыта оқыту технологиясы білімалушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.

Дамыта оқыту технологиясы - жеке тұлғаны өз бетімен дамыту құралы. Ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқыту. Онда мұғалім жай ғана мұғалім емес, танымдық іс әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы, бала интеллектісінің көзін ашуға, шығармашылығын дамытуға, баланы ойлауға үйрететін ерекше күш болып табылады. Мұндай сабақтарды, яғни, баланы ойлауға үйрететін сабақтарды біз дамыта оқыту сабақтары дейміз.

Дамыта оқытуда біз нені дамытамыз? Осы сұраққа жауап іздесек, дамыта оқыту сабақтары арқылы біз студенттің

-          Сезімін, түйсігін;

-          Ынтасын, қабылдауын;

-          Зейінін, есте сақтау қабілетін;

-          Ой, логика, қиял, болжамын;

-          Ерік-жігерін;

-          Оқу іс-әрекетін, дағдысын

-          Өз бетінше ізденісін, т.б. жеке сапалық қабілеттерін дамыта аламыз. Қысқасы, дамыта

оқыту жүйесі  жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тұтас дамытуға негізделген.

Дамыта оқыту арқылы алға қойған мақсатым: Дамыта оқыту жүйесінің теориялық білімінің жетекші ролі принципіне сүйене отырып, оның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану, студенттің өз бетімен ізденуіне, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерінің оянуына, дамуына мүмкіндік беру, рухани дүниесі бай, ойлау дәрежесі биік, елімізге, мәдениетімізге, тілімізге сыйластық сезімі, адамгершілігі мол, сөйлеу мәдениетін жақсы меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеу.

           Осы мақсатты шешуге орай алға қойған міндеттерім:

-       Өз бетімен дами алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу

-       Шығармашылықпен айналысатын жас ғалымдарды, өнертапқыштарды табу, шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Дамыта оқытудың маңыздылығы: Жеке тұлғаның шығармашылықпен еркін айналысуына, ізденуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Дамыта оқытудың тиімділігі: Студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы ғана жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, сабақ беретін пәндерімде түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. Атап айтсам, «Суреттердің қатесін тап» «Адасқан сөздер» дидактикалық ойнында білімалушыларорны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды. Сондай - ақ, креативті ойлау арқылы білімалушыларды шығармашылыққа үйретуде, тілдері мен ойларын дамытуда мына жұмыстарды алдым:

1) бес жолды өлең, эссе;

2) РАФТ, INSERT;

3 ) қосжазба күнделігі;

4) еркін жазу;

5) миға шабуыл, 

6) SWOT талдау

7) «Блум таксономиясы»

8) «Венн диаграммасы»

9) «DEAL»

10) «ДЖИГСО»

11) «Ақылдың алты ойлау қалпағы» сияқты стратегиялардың берері көп болды.

Осы аталған стратегиялардың бірнешеуіне тоқталып өтсем:

1. INSERT. Ол бойынша білімалушыға оқу, тақырыппен танысу барысында:

«V» - «білемін»;

«-» - «білмеймін»;

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»;

«?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс.

2. «DEAL»

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

3. Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Студенттерге қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Білім алушылар топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді, бағыттайды.

4. SWOT талда.  Strengths ағылшын сөздерінен қысқарған - күшті жақтары, Weaknesses - әлсіз жақтары, Opportunities - мүмкіндіктері, Threats - қауіптер). Баламаларды салыстырудың жиі қолданылатын әдістерінің бірі.

    «Жеке тұлға» деп кімді айтамыз? «Тұлға-қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның психикасында болатын жаңа сапа»-деп жазады   А. Н. Леонтьев. Ал Э.В. Ильенковтың айтуынша, «Тұлғалар қоршаған ортаға да, өздеріне де өзгеріс енгізе алатын адамдар».  Сондай – ақ жаңашыл педагог И.Р. Волков «... Егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап, дамытуға жағдай жасаса, талант қалыптастыру кез-келген мамандық дайындау сияқты қатардағы шара...»-дейді. Барлық ғалымдар дерлік адамның мұндай күйге бірден келмейтінін, тұлғалыққа біртіндеп жететінін жазады. Демек, оқушының жеке тұлғалығын қалыптастыру үшін ең алдымен олардың қабілеттерін дамыту керек. Ал қабілет психологтардың  айтуынша, екі түрлі деңгейде болады:

-       Репродуктивті іс-әрекетті, яғни білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі

-       Шығармашылық-жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

-       Осындағы шығармашылық деңгей – жеке тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Сондықтан баланың шығармашылық қабілеттерін оятып, оларды шығармашылыққа баулу үшін мұғалімнің өзі де шығармашылықпен тұрақты түрде айналысатын, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы керек, сонда ғана оқушы мен ұстаз бірлесе отырып, табысқа жетері сөзсіз.

Қорытынды

Баяндаманы қорыта отырып: Дамыта оқыту технологиясы мақсаты мен мағынасы: оқыта отырып, жеке тұлғаны оның қабілеттілігін дамыту. Барлық студенттің даму жолындағы жұмыстарды қамту.

Дамыта оқыту технологиясы жайында ойымызды тұжырымдайтын болсақ. ХХІ ғасырда оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Ең бастысы, дамыта оқытуды әрі мұғалім түсінуі, жүрегімен қабылдауы, сондай-ақ мұғалім білімалушыға дайын білімді берумен шектелмей, білім алушының өз бетімен ізденуге, үйретуге, іскерлікке, мүмкіншілікке бағыттауы керек. Сонда ғана жаңа ғасырда жаңаша ойлайтын, шығармашыл тұлғаны қалыптастырамыз.

Дамыта оқытудың нәтижесі оқушының өзін - өзі бақылауы, өзін - өзі бағалауы, рефлекция. Бұл кезеңде дәстүрлі бекітумен бірге оқушылардың өзіне - өзі қорытынды бағалауы жүргізіледі.

Оқытушы мен студент арасындағы ынтымақтық, өзара сыйластық оқушының өз ойын еркін, сеніммен айтуына жағдай жасайды. Ол үшін оның әрбір жауабын мұқият таңдалынады. Студенттің пікірімен санасу оның дамуына да көп әсері болады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың нәтижелігінің басты көрсеткіштері ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, қорытындылай, дәлелдей білу болып табылса, педагоика сабақтарында студенттердің ойланып ізденуіне, өз бетімен жұмыс істеп, қорытынды жасай алатындай, адамгершілікке тәрбиелеуге жетелейтіндей тәрбиелік, танымдық маңызы бар, пайымдауды, ойлануды, жүйелеу және дәлелдеу сияқты операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей тапсырмалар әдебиет пен баспасөз материалдарынан, не белгілі бір ақын не жазушылардың шығармаларынан сұрыпталып алынады.

Бүгінгі студент - ертеңгі маман иесі. Сондықтан олардың болашағына салғырт қарамауымыз тиіс. Оның жеке тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту, қалыптастыру - басты назарда.  Педагогика сабағында ғылым мен тәжірибені ұштастыра оқыту арқылы жеке тұлғаны өз бетімен дамытудың кілтін табуға болады. Ол үшін оқу сабақтарын түрлендіріп, оларға дамытушылық сипат бетерін жұмыстар енгізіп отырсақ, біз таным дүниесі бай, кемел ойлы, терең білімді, зерек, ізденімпаз, шығармашыл, іскер, өнертапқыш тұлғаны қалыптастыра аламыз.

            ХХІ ғасыр - адамзат шығармашылығының дәуірлеу ғасыры. Сондықтан біздің  алдымызда жеке тұлға шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оның тұлғалық қасиеттерінің дамуына жағдай жасау міндеті тұр. Осы міндетті педагогикалық тұрғыдан өте жоғары деңгейде атқаруда әрқайсысымыз өзіндік үлесімізді қосуға тиіспіз.

Қорыта келгенде, өз пікірін, өз ойын қорғай алатын, шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетінше шешім қабылдай алатын дара тұлға тәрбиелеуде дамыта оқытудың өзіндік үлесі болары сөзсіз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 340 б.

2. Алшынбаева А., Құнантаева Қ. Бәсекеге қабілетті қоғамның негізгі – сапалы білім» // Бастауыш мектеп журналы, - №1, 2017 жыл. 3-5 беттер.

3. Қозыбай А., Жексенбиева Н. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі қазіргі оқыту технологиялары.Астана, 2015

4. Әлімов Асхат. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы 2009. - 263 бет.

5. Аринова Г.К.Жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялардың алатын орны//12 жылдық білім беру, 2009, №4, 76 б.  

6. Аяғанова Л. Жаңа технологиялар сабақта «Бастауыш мектеп»-2003.№4. 21-24 б.

7. Көшімбетова С. «Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы,2008.

8. Эльконин-Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» /Педагогикалық шығармалар, 1998 ж/.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дамыта оқыту технологиясы арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2020 2851
    • DOCX 41.8 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабимолдина Айгуль Кайрбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 156439
    • Всего материалов: 52

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Программы лояльности и организационные аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе