Инфоурок Другое Научные работы"Дарынды оқушыларға ұлттық би ерекшеліктерін меңгерту"

"Дарынды оқушыларға ұлттық би ерекшеліктерін меңгерту"

Скачать материал

                                                                         Нұрорда» мектеп-лицей мекемесі

     

                                                                                  Би  мұғалімі: Сейдағаламова Г.М

 

Дарынды оқушыларға  ұлттық би ерекшеліктерін меңгерту

            «Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» - деп Кеңес педагогы В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, оқушыларды тәрбиелеу үдерісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігі маңызды мәселелердің бірі. Сол өнердің бірі де бірегейі – би өнері.

            Би бір сәттік қана, билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші өнер болғандықтан, би шығармашылығының тарихи қалыптасуын зерттеу өте күрделі. Өйткені ол өзінен кейін материалдық – заттай ескерткіш қалдырмайды. Биге қатысты сурет, жазба және ілеспелі музыка оның бір қырын ғана қамтып, біржақты түсінік берумен шектелсе, осы заманғы кино түсірілім ғана би өнері жайында толық түсінік бере алады. 

            Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдармен, амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Сонымен қатар, әр өнер шартты болып келеді. Сол өнерлердің ішінде би өнері ерекше. Өйткені би ол – сөзсіз өнер. Оның негізі – би. Би өнері – ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі – халық билерінде. Жалпы би – психиканың эмоциялық аясының жемісі.

            Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл-күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. Адамның сөйлеуі ілкіде ым, ишара қимылдарынан басталып, кейін жекелеген дыбыстардың айтылуы нәтижесінде дамып, қалыптасқандығы белгілі.

            Адамдардың күнделікті еңбек үдерісіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-жерлері би арқылы көрсетілетін қимыл-қозғалыстар мен ишараларға негіз болған. Табиғат құбылыстарын, тұрмыстық, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яки бимен бейнелеу көне дәуірде наным- сенімге байланысты болған өмір талабынан туды. Келе-келе тәжірибенің молаюына орай қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты.

            Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік-уақыттық ауқымы көне заманғы наным-сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл-күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі. Ілкі билер ғұрыптық-мифологиялық мәні мен магиялық қызметі бар салттық әрекеттердің құрамдас бөлігі еді. Қоғам дамуының алғашқы сатыларына адам мен кейбір жан-жануарлардың туыстығы болады деген нанымға сай туған тотемдік билер тән еді. Тотемдік билердің негізгі сипаты - тотемге еліктеу. Осыдан келіп жануарлардың қимыл-әрекеттерін бақылаудан туған образдарды бейнелеу мен мифологиялық түсінік түйісе келіп, билеу кезінде аң, құстардың қылықтары көрініс табады.

            Халықтың ұлттық ерекшелігіне орай би өнерінің көркемдік бейнелеу құралдары мен мазмұны да әртүрлі болады. Ғалымдардың пайымдауынша, адамның бет-жүзінің әрекет-ишаралары мағынасы жағынан барлық халықтарда бірдей болып келсе де, климаттық және басқадай тұрмыстық жағдайларға, көңіл-күйге, әселеуге байланысты дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстары әр халықта әркелкі пішінде болып келеді.

         Әр ұлт халқының өзіне тән би өнері болады. Олардың барлығы өз халқының ішкі жан дүниесін, тұрмыс тәсілін, салт-дәстүрін, идеясын белгілі ритымды қимыл арқылы бейнелейді. Әсіресе би жасампаздығындағы парықтар негізінен би өнерінің ұлттық бояуы мен би слобында ерекшеленеді. Сондай-ақ әр өңірдің өзіндік ерекшеліктері болатыны да белгілі.

            Осы орайда бірнеше  ұлттың би түрлеріне тоқталып өтпекпін.

           

            Полька  биінің отаны Польша емес. Бұл – шешен биі, оның атауы осы тілдегі «жарты», яғни, «половина» деген сөзден шыққан.

            Египетте іш биімен айналысатындар әр жыл сайын мемлекетке 264 миллион доллар салық төлейді. Осылайша, бишілер мемлекет қазынасын ең көп толтыратындар тізімінің бесінші орнында тұр.

            Үнді классикалық биінде белгілі бір сезімді жеткізу үшін көз ғана емес, қас та, ерін де, мұрын да, бет те, иек те, құлақ та қимылдайды. Бұл бет бұлшық еті үшін таптырмас жаттығу бола алады.

            Грекияны нышандайтын сиртаки биі бұл елдің ұлттық биіне жатпайды. Оны 1964 жылы Энтони Куинн «Зорба грек» атты фильмінің  түсірілімі кезінде ойлап тапқан. Актерға секірулер мен энергиялық қозғалыстары бар би қою керек болатын, алайда, ол түсірілімге бір күн қалғанда аяғын шығарып алады да, осындай жай қимылды биді билеуге мәжбүр болады.

Ең алғашқы би мұғалімдері XV ғасырда пайда болды.

            Бұдан өзге де көптеген ұлттардың ұлттық билері бар. Ұлттық бидерде әр ұлттың әдет-ғұрпы мен тәлім тәрбиесі анық көрініп тұрады. Би арқылы әр халықтың болмысын ұғынуға болады.

            Соның ішінде, патриоттық рухымызды дамытатын өзіміздің ұлттық қазақ билеріміз де өзіндік қимылдарымен ерекшеленеді. Әр бидің өзінің шығу төркінін, тарихын бағзы кезеңнен жеткен аңыз-әпсаналардан байқап білуге болады. Солардың біразына тоқталып кетейік. Қара жорға биінің шығуы жөніндегі аңыз алғашқы саз аспабы (қобыздың) пайда болған, жылқы түлігін үй жануары ретінде қолға үйреткен заманға жетелейді. Түз жылқысын шалмалап ұстап алған жігіт оны қолма-қол үйретіп, ауылына мініп келеді. Жылқы қара, әрі жорға екен. Өз табысына қуанып шаттанған әлгі жігіт алдымен атын ойнақтатып, ат үстінде, онан соң жерге түсіп билейді. Осыдан бастап би Қара жорға аталыпты-мыс. Көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ үшін aт - ер қанаты. Бейбіт күнде де, соғыс, жаугершілікте де ат- серік, күш, көлік. Жылқы иесі Қамбар ата деп жылқыны киелі, қасиетті жануар санады, қазақ тайпаларының ішінде жылқы атымен аталатын рулар да жоқ емес (Керейде - Шұбарайғыр, Қыпшақта - Торыайғыр, Арғында - Жылқышы, Тұлпар, Күлік, Тайкелтір т.б). Шыңжаңның Тасқорғанындағы тәжік, Атұш өлкесін мекендейтін қырғыздар арасында қазаққа кең тараған Қаражорға биінің бір нұсқасы деуге боларлықтай «Жылқы биі» таралған. Ертеде Қаражорға, Бозайғыр, Тепеңкөк, Өрмек т.б. күй аты болатын. Ырғағы буын биіне лайық келгендіктен, кейін би үлгісі шығып, әуен атына сәйкес Қаражорға, Тепеңкөк, Өрмек т.б. аталып кеткен. Осы тәрізді әуені ойнақы келетін, билеуге лайық ән-күйлерге билеу негізінде «Қамажай», «Айжан қыз» билері туып, халық арасына кең тарады.

            Би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Би өнерінің сабақтары сапалы болуы үшін дидактиканың негізгі принциптеріне бағыну керек, бұлар саналы-эмоциялы тұжырымдамалық және сарамандық, бірізділік, көрнекілік, оқылатын материалдарға шығармашылық ықпал жасай білу.

            Эмоциялық және логикалық ықпал ету – сабақ жүргізудің дайындық қойылым жұмыстарының негізгі алғы шарттары болып табылады.

Қимылды жаттап алу – ырықсыз рефлекстен сезіну мен түсінісу кезеңін өткен кезде осындайдан бұлшық еттің сезінуі арқылы меңгеріледі. Осындай жолмен жатталған қимыл әрекет естерінде ұзақ сақталады. 

            Көрнекілік – бұл негізгі оқыту және би өнерінің қозғалыстарын жетілдіру, биге үйрету сабақтары негізінде белсенді ықпал жасайтын көрермендер. Бұлшық ет-есту анализаторлары түсіндіру қайталап көрсетулерді- би өнері сабақтарының педагогикалық үдерісін негізгі әдісі деп есептеуге болады.

            Оқыту жүйелігі – балалармен жұыс жасаудағы әдістердің түрлі формадағы қолданылуы – педагогикалық үдерістегі маңызды компоненті.

            Оқытудағы сабақтар: классикалық, халықтық-сахналық, тарихи-тұрмыстық, сонымен қатар өзіміздің ұлттық биіміз – қазақ билері оқытылады және қосымша модерн, латын-американдық,аэробикалық, қазіргі заман билері оқытылады. Осылайша балаларды жан-жақты болып тәрбиелеуіне үлес қосамыз. Сабақтың логикасы, оның мақсаттылығы мен жүйелігі, машықтық сабақтардың жүргізілуі, қойылым жұмыстарымен дайындық, би өнері туралы қысқаша түсінік – тұтастай алғанда, тек шығармашылық ықпал ету, мүмкіндігі мен қызығушылығын ескерту.

            Адам өз халқына, еліне мүмкіндігінше пайдасын тигізу үшін – дені сау, күшті, епті, төзімді болуы тиіс. Ондай адам қандай жұмыста да шаршамай шалдықпай істей алады, шаршаса да оңай әл жинап, тез тыныға біледі. Ондай адамды өз денесін тәрбиелеген, шыныққан төзімді, қайратты адам дейміз. Бұған би пәні негіз бола алады. Бұл пән салауатты өмір салтын қалыптастыруға бастар бірден-бір жол. Биде тәрбиеленген балалардың  жүріс-тұрысы, дауыс ырғағына дейін, ішкі-сезімінің дамуы ерекше келеді. Би – бұл өнер, әрі спорт, ал бимен әрдайым шұғылданатын болса, ол денсаулыққа, әрі өзін жақсы сезінуге пайдалы.

Бидің денсаулыққа пайдасы: 

1. Түрлі жаттығулар жасаған кезде денеден көп мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді, бұл жүректегі қан айналымын жақсартады.

2. Қан айналымын қалыпты ұстауға әсер етеді.

3. Қан қысымының көтерілуін тежейді.

            Би тек қана сырт келбетті емес, сонымен қатар ішкі дүниенің әсем болуына ықпал етеді. Ол  оқушылардың сана сезіміңнің артуына көмектеседі және түрлі зиянды заттардан аулақ болуға баулиды. Би өнері ішкі рухани әлемді ашады, балаларды сұлулыққа тәрбиелейді, игі қасиеттерді оятады, адамгершілік идеяларды насихаттайды.

            Қорыта келгенде би өнері әр оқушының эстетикалық мәдениетін дамыту арқылы оқушының бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыру, өз халқының төл рухани мәдениетінің қыр-сырын, салт-дәстүрін білген тұлға елінің патриоты ғана емес, өзге ұлттың да болмысын құрметтей білетін, яғни ұлттық санасы биік, өркениеттің көшіне ілесер жан-жақты болары сөзсіз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Дарынды оқушыларға ұлттық би ерекшеліктерін меңгерту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 131 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.12.2016 699
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейдагаламова Гульшат Мухтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15122
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 110 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек