Инфоурок Другое КонспектыДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС

ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС

Скачать материал

ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС

Саттарбек Әсел

№ 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты,

Қызылорда, Қазақстан

 

 

Резюме

Статья посвящена описанию актуальных проблем, с которыми сталкиваются педагоги при работе с одаренными детьми в школе. Автором дана характеристика одаренности как психолого-педагогической категории, также описаны личностные и социально-психологические аспекты проблем одаренного ребенка, обозначена актуальность рассматриваемых вопросов. В статье даются общие рекомендации, направленные на повышение эффективности работы с одаренными детьми в условиях школы.

 

Abstract

The article describes the actual problems faced by teachers working with gifted children at school. The author gives a characteristic of giftedness as psycho-pedagogical categories, also described personal and socio-psychological aspects of the problems of the gifted child, it emphasizes the relevance of the issues for domestic pedagogical practices. This article provides general recommendations aimed at improving the efficiency of working with gifted children at school.

 

 

Мен, № 4 Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында қызмет атқарып жатырсам да алдымда отырған балаларды тек қабілетті балалар деп есептейтінмін, ал «дарын» деген ұғым мен үшін тым күрделі тұғын. Мен үшін “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан және де маған оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайтын. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушыларды түсіне алмай әлек болатынмын. Сонымен дарынды балалар деген кімдер? Дарынды балалар - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін балалар.

Дарынды балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін. (МАН,73-бет).

Дарынды және талантты балаларды Мен бақылау нәтижесінде анықтаймын. Мұғалімнің міндеті дарынды оқушыны тек тауып қана қоймай, оның қабілетін әрі қарай дамыту, шыңдау болып табылады. Және де курсқа келмес бұрын осы мәселе үшін мен сабақтан тыс арнайы факультативтік сабақтар жүргізетінмін. Ал курсты оқу барысында дарынды балаларға арналған арнайы бір модульдің бар екендігін білдім және таныстым. Бұл модуль дарынды оқушылардың қабілетін сабақ барысында да дамытуға мүмкіндік береді екен. Мектептегі іс-тәжірибе барысында мен 9 «А» сыныбының үш оқушысына зерттеу жүргіздім. Олардың есімдері: Сәбит Дина, Тәжім Райхан және Нұршат. Бұл оқушы қыздар менің тобымда оқып жатырғанына 3 жыл болды. Оның үшеуі де осы уақыт аралығында ойының ұшқырлылығымен, ізденімпаздығымен, сабақты еш қиындықсыз оқитындығымен, тәжірибеде мәселенің шешімін оңай табатындығымен көзге түсті. Көп жағдайда дарындылық тек бір салада емес бірнеше салада көрінеді екен. Олардың үшеуі де конкурстық негізде мектепке қабылданған, алайда олар физика-математика бағытын тереңдетіп оқитын сыныпқа қабылданғандықтан мен олардың қайсысының өз пәніме ерекше қабілеті бар екеніне осы уақытқа дейін еш зерттеу жүргізген жоқпын, себебі физика-математика бағытындағы сыныптан мен олимпиада, ғылыми жұмысқа оқушы алып дайындай алмайтынмын. Ал жалпы Дина осы уақытқа дейін биология пәнінен, Нұршат физика пәнінен, Райхан математика пәнінен  түрлі жарыстарға барып жүлделі орындармен қайтып жүрген оқушылар. Өзімнің пәнімнен үшеуінің де білім деңгейлері бір болып көрінетін

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады. Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіруі тиіс. (МАН,73-бет).

Сонымен мектептегі іс-тәжірибе барысында осы аталған үш оқушының білімін жан-жақты зерттеп, ағылшын тілінің жоғарғы деңгейін қайсысы қабылдай, түсіне алар екенін білгім келді. Менің алдыма қойған мақсатым -  түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалау және білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу деп қойдым.

Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасын өзгерту арқылы мектептегі барлық оқушылар үшін күрделендіру және акселерация модельдерін қолдана алатындығын айтады. Ол үш тармақты пайдалану арқылы Меркер мен Нильсонның оқу жоспарын өзгертудің моделін бейімдеп жасады:

·       мазмұнына өзгерістер енгізу (үдеріс пен нәтижені қоса есептегенде);

·       әдісті өзгерту;

·       білім берудегі өзгерістер;

Эйр мұғалімдердің балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен өз жоспарларын өзгерту болатындығына бастауыш буында жүргізілген шағын зерттеулерден дәлелдер келтіреді. Осы әдісті тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек беру арқылы балалар тобының аясын кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасайды. Бұл стратегияның сыныптағы талантты да дарынды оқушыларды анықтауда туындайтын кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор екендігін айтады (МАН, 76-бет).

Осы мақсатта мен де осы уақытқа дейін өтілген барлық грамматикалық құрылымдар мен сөздік қорларды кірістіре отыра 50 сұрақтан тұратын 3 тест нұсқасын дайындап оқушылардың білім деңгейлерін тексеріп шықтым. Осыдан кейін жалпы жазу сауаттылығы мен сөйлеу шеберлігіне байланысты бақылау жұмысын алдым.  Жұмыс барысында Сәбит Динаның басқаларға қарағанда ағылшын тілін терең түсінетіні және сөйлеу шеберлігі де мықтырақ екені белгілі болды.  Мінезі тұйық Дина көп сөйлемесе де сұрақ қоюдан ешқашан ұялмайтын және өз бетінше мәселерді талқылап шешімін тауып жататын. Тәжім Райхан сырт көзге алаңғасарлау болып көрінгенімен, ағылшын тілін аптасына 2 рет қана өтетін сынып үшін үйретілгеннен артық білімі бар екенін көрсетті.  Нұршат қанша тырысса да ағылшын тілі ол үшін қиындау екен. Қаншама рет өз сөзімен түсінік айтуға, қиын тапсырмаларды орындауға тырысса да, «5» деген бағаға келіңкіремеді. Бірақ әрқайсысы өз бетінше талантты еді. Райхан – сыныптың ең белсенді, үздік оқушысы. Жан-жақты, мектептегі барлық іс-шараларға белсене ат салысады, ән айтады. Нұршат – сыныптың орта деңгейлі оқушысы,  домбыра тартады, ақындық қасиеті бар.

«Өзгертілген оқу жоспары» әдістемесінің көмегімен сыныпта ерекше қасиеттерімен ерекшеленетін шағын топтарда орындалатын тапсырмалар дайындауға болады, бірақ топ құру кезінде барлық оқушылар үшін тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру икемділікті талап етеді (МАН,76-бет).

    Дарынды балалармен жұмыс жасауда әрқайсысының қабілеті, қызығушылығы, эмоционалдық-психикалық күйлері есепке алынып дифференциалды тапсырмалар, кеңейтілген тапсырмалар мен құзырлылық тапсырмаларды мен де дайындадым. Өзімнің күнделікті жұмысымда әрбір сабақта мен бұл оқушыларға арнайы осы тапсырмаларды берумен қатар, тақырыпқа қатысты сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытатын ашық сұрақтар қойып отырдым. Бастапқы уақытта Райхан сол бұрынғы әдетіне көшіп көп сөйлеп көп жыбырлап сабақ процесіне онша мән бермегенімен, тапсырма орындауда ынта мен жауапкершілікті көрсетті. Ол өзіне тапсырманың өзгеше, күрделірек болып келетінін білетін сондықтан да тапсырма орындау барысында қажет болады деген оймен әр жаңа сөзді, грамматикалық құрылымды түсіндіргенде ықыласпен тындап отырды. Жалпы қазіргі кезде оның артық қозғалысы біршама азайды.  Нұршат ағылшын тілінен білімі орташа, өзіне де маған да қыңыр мінез көрсету арқылы біршама қиындықтарды туғызды. Берілген тапсырманы орындамас үшін түрлі сылтаулар айтатын. Кейін оның астрономия саласына қызығатынын білгеннен кейін, грамматикалық құрылымға, сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған тапсырмалардың барлығын астрономия саласына қатысты етіп дайындап келуіме тура келді. Тапсырманы шешкенде, аударғанда не туралы екенін білу үшін ол оны орындайтын. Нәтижесінде Нұршаттың сөздік қоры 1 % болса да көбейді. Жақсы көрсеткішті көрсеткен Дина болды. Табиғаттан бұл оқушыға өткір көз, ұшқыр ой, қиял дарыған. Мен оған ең қиын деген тапсырмаларды беріп отырдым, ал ол еш жалқауланбастан оны орындайтын. Бұл оқушының мұндай қасиеттерін осы уақытқа дейін байқамағаныма өзім өкіндім.  Маған ұнағаны, топтық жұмыстарда үш оқушым үш топта болса сол топқа көшбасшылық жасап отырды. Бір топта жиналса бір-бірімен жарыса оқыды, алайда озған оқушыны көреалмаушылық деген болмады. Бір-біріне барынша көмектесуге тырысты. Сабақ арасында сергіту сәтін ұйымдастырып, оқушылардың бойын жазып, сергітіп отырдым. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін башылыққа ала отырып, оқушылардың алған білімдерін бағалау мақсатында тапсырмаларды орындаған сайын оқушылар ө-өздерін бағалар отырды. Сұрақ қойып, жауап беріп сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды стикерлермен бағалап жиынтық баға қойдым. Барлық сабағымда оқушыларды бақылап, қадағалап, бағалау барысында көшбасшылық қасиеттерін көруге тырыстым.   Әрбір сабағымды қорытындылайтын кезімде оқушылардан нені үйренгендігін, не қиын болғанын және маған қоятын сұрақтарын кері байланыс парағына жазып, тапсыруларын үйреттім.

  Қорыта келгенде оқыту мен оқудағы 7 модульді басшылыққа ала отырып сабақ өтудің тиімділігі: оқушылар өзара бағалауды, дарындылықты анықтауды, сыни тұрғыдан ойлауды да, шығармашылықпен айналысуды да тереңінен түсінуге бағыт алды. Топтасып жұмыс жасауда ойларын еркін айта алуын, дәлелдемелер арқылы постер қорғап, білімдерін кеңейтетінін ұқты. Бағалауда мұғалімге тәуелді болмайтынын, өз білімдерін өздері бағалауға болатынын көрді. Жеті модульді сабаққа кіріктіріп, бағдарламамен жұмыс жасағанда тапсырманы бірлесіп жасаудың тиімділігін түсіндім. Өз бетімен жұмыс жасауына сенім артып, тапсырманы қызықты етіп берсе, оқушылар қажеттілігін алуға тиімді бағдарлама екенін ұқтым. Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып, оқыту үдерісінде және тәжірибеде жеті модульді ықпалдастырып сабақ өткізудің нәтижелі болатынына көз жеткіздім.

Келесі жылы бұл оқушылар мектепті аяқтағалы тұр, өздерінің болашақ оқуларын Райхан мен Нұршат  физика саласында, ал Дина биология саласында жалғастырғысы келеді, ал мен өзім олардың өмірде өз орындарын тапқанын тілеп отырмын.  Келесі оқу жылы пәніме ерекше қабілеті бар дарынды баланы табу үшін және жалпы дарынды және басқа да  балалардың тұлғасын қалыптастыру үшін әрқайсысының қабілетін ескере отырып кеңейтілген тапсырмалар, дифференциалды тапсырмалар, топтық жұмыс арқылы сабақ өтемін деген шешім қабылдаудамын және олардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын алдыма жоспар етіп қойып отырмын:

1.      Сабақтар

2.     Пәндік үйірмелер;

3.     Тіл мерекесі;

4.     Олимпиадалар;

5.     Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;

6.     Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);

7.     Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);

8.     Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);

Жалпы «Дарынды және талантты баламен жұмыс» және «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен оқу» модульдерін сабағыма кірістірудің арқасында мен  

Қиналдым: дарынды оқушыны оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, тұрақты жұмыс жүргізе алудан;

Үйрендім: дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға және өзін-өзі оқытуына көмек көрсетуді;

Дамытамын: оқушының өз-өзін бағалауын

Ұнағаны:

·     барлық оқушыны сабақ процесіне тартуға

·     оқушыларды қызығушылықтарына, хоббилеріне, тандаган пәндеріне байланысты бөле отыра оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін арттыруды

·      зерттеушілік, жоба қорғау сияқты проблемалық оқытудың әр түрлерін қолдануды

 

Пайдаланған әдебиет:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, үшінші (негізгі) деңгей

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Резюме

Статья посвящена описанию актуальных проблем, с которыми сталкиваются педагоги при работе с одаренными детьми в школе. Автором дана характеристика одаренности как психолого-педагогической категории, также описаны личностные и социально-психологические аспекты проблем одаренного ребенка, обозначена актуальность рассматриваемых вопросов. В статье даются общие рекомендации, направленные на повышение эффективности работы с одаренными детьми в условиях школы.

 Abstract

The article describes the actual problems faced by teachers working with gifted children at school. The author gives a characteristic of giftedness as psycho-pedagogical categories, also described personal and socio-psychological aspects of the problems of the gifted child, it emphasizes the relevance of the issues for domestic pedagogical practices. This article provides general recommendations aimed at improving the efficiency of working with gifted children at school.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2015 2194
    • DOCX 61 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саттарбек Асел Саттарбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Саттарбек Асел Саттарбеккызы
    Саттарбек Асел Саттарбеккызы
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 33480
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе