Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Әдебиет. Тақырыбы: "Біржан- Сара" айтысындағы ақындар сипаты 9 сынып. Сабақ жоспары

Әдебиет. Тақырыбы: "Біржан- Сара" айтысындағы ақындар сипаты 9 сынып. Сабақ жоспары

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Біржан – Сара» айтысындағы ақындар сипаты.

Мақсаты:1 «Біржан – Сара» айтысымен танысуды жалғастыру, түрлі баға беру арқылы ақындардың сипатын айқындау

2.дамытушылық:өз пікірін ортаға салу,іздену арқылы логикалық ойлау қабілетін,танымдық белсенділігін арттыру,шешен сөйлеуін шыңдау.

3.тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,шыдамдылыққа ,өз елінің мәдениетін құрметтеуге, әрі қарай дамытуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:1.Біржан мен Сараның суреттері.2.Сөз : «Шабыты келген ақпа ақын бабындағы қыранға меңзес, томағасын тартқанда алғыр қыран бар өңірді сәтте көріп,шалып өтіп,болмашы қимылды лезде шалып қалғандай.Айтыс ағымындағы ақпа ақын да сондай көмескіні көргіш, бұлдырды білгіш болмақ шарт» М.Әуезов

3.Ойынның алтын ережелері:

а)ойын барысында сөз мәдениетін сақтау;

ә)қарама-қарсы топ бір-бірін мұқият тыңдау;

б)пікір қайталаушылық болмау керек;

) уақытты үнемді пайдалану керек;

г)дәлелдеме мысалмен негізделуі шарт;

ғ)қарама-қарсы сұрақ қойылу керек.

Сабақтың пиграфы: «Айтыс дегеніміз екі адамның сөз қағыстыруы,сөз жүзінде тартысуы ,дауласуы ,жарысуы,сынасуы,өлең салыстыруы»С.Мұқано сөзі.

Сабақтың түрі :Дебат –пікірсайыс сабағы.

Сабақта қолданылатын әдіс –тәсілдер:проблемалық іздендіру ,пікірталас.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті:Айтыстан үзінді тамашалау.Ортаға қазақша киінген осы сыныптың оқушылары Жұбатқано Айбол (Біржан рөлінде) және Шахманоа Сандуғаш (Сара ролінде) шығып, «Біржан –Сара»айтысынан үзінді орындап береді:

Сара:

Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын,

Матайдың Қаракерей сеңгірінен

Даусыма аспандағы құс айналар,

Құбылып тоты құстай төңкерілген,

Сайраған таман Найман бұлбұлымын

Біржан:

Жарайды, жаным Сара ,осы сөзің,

Жас түлек тұрымтайдай екі көзің

Сөз айтар қандай кісі деген кезде,

Алдымнан құдай айдап келді сені

Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын,

Арғынның Алтай –Қарпық ақтан кері

Пара-пар сөзі теңдес кісі болса,

Көңілімнің таңырқаушы еді қайғы –шерім

Шіркін –ай, мұндай жүрік туармысың ,

Сөйлейсін алтындай ғып сөздің жезін

Қанатын күн шалмаған ақ тұйғынның

Жапалақ иемденер басқан ізін,

Тез алдырт күйеуінді ,Сара ,осында

Көрейін еркегіңді тиген таңдап

Сара:

Қожеке-ау ,мынау қалай ақырады,

Жиенқұл тез келсін деп шақырады

Көрсетсең асылыңды, ап келіндер,

Ауылыңа ол келгенше отырады

Біржан:

Көрейін ,кісі жібер күйеуіңе ,

Көнбейді жаман болса сүйеуіңе

Шіркіннің қандай екен-көзім көрсін ,

Адамның таласатын біреуіне

Сара:

Қожеке кісі жібер балаңызға,

Әзәзіл болды Біржан арамызға

Сыртыңнан мақтасам да ,керек болды ,

Көрсетпей жігітті ұрлап қаламыз ба?

Біржан:

Шырағым ,Сара, сендей тумас бала,

Шежіре ,туармысың мұндай дана

Обалың Есімбек пен Тұрысбекке ,

Жігітің жөндеу екен,әй ,бейшара!

Ел-жұртың қорықса екен көз жасыңнан (Айтыстан үзінді оқушыларды сабаққа дайындау үшін әрі айтыс өнерін насихаттау үшін қолданылады )

2.Айтыстан талас тақырыбын шығару («Біржан –Сара айтысынан алынғаның,айтыстағы негізгі мәселе айтыстың немен аяқталғаны сарапталып келіп сабақтың мақсаты ашылады )

Демек, біздің сабағымыздың мақсаты :айтысқа сүйене отырып екі ақын –Біржан мен Сараға сипаттама беріп , оларға жан-жақты баға беру .

(Талас тақырыбын анықтау үшін)

Мұғалім жетекші сұрақтар қоя отырып, оқушылардың өздеріне талқылайтын тақырып анықтады.

-Жаңа тамашалаған көрініс қай шығармадан алынған ?

-Айтысқа қатысқан ақындар кім?(тақтадағы суреттер пайдаланады)

-Айтыс немен аяқталады?(Неге?)

-Осыған келісесіндер ме?

Ендеше қазір біз мына тақырыпты талқыға түсіріп көрейік.

1.Айтыстың жеңімпазы Біржан дегенге келісеміз

2.Айтыс жеңімпазы Біржан дегенге келіспейміз

3.Негізгі ойын.

а) Сынып топтарға бөлініп отырғызылған .Жеребе тарту бойынша жақтау,даттау топтары белгіленеді.Үшінші топ сарапшылар болады.(дебат ережесіне сәйкес жақтау,даттау тобы болуы керек. )

ә)Ойынның алтын ережелері еске түсіріледі.(оқушылар оқып шығуы керек )Сабақтың мазмұнды өтуіне әрі оқушыларды мәдениеттілікке баулуға көмектеседі

б)2 топқа 2-3минут уақыт берілді,осы уақыт ішінде олар өздерінің тақырыбын қорғау үшін дәлелдеме тауып, оны нақты мысалдармен бекітеді,оқушылардың бірлесіп жұмыс істей алуы,ойды жүйелей білуге,мәліметті сұрыптай алу сияқты дағдыларын қалыптастырады.

д)дебат пікірталасы басталады.Әр топ оқушылары өз көзқарастарын дәлелдеуге кіріседі.

Жақтау тобының сөзі:

Айтыс жеңімпазы Біржан дегенге келісеміз.

Неге?

1-дәлелдеме: Сара дүйім жұрттың алдында өзінің жеңілгенін мойындады.(ақындар айтысының ережесіне сай ақын сөзден ұтылса,жеңілгенін мойындау керек )

...Көрмейсіз неге менің көз жасымды,

Басымнан енді Біржан сөз асырды...

Қайнар көзі :Қаз.хрест.9-сынып 129 –бет,7-8жол

2-дәлелдеме:Біржан –XIX ғасырда барша қазаққа танымал,атақты ақын,белгілі әнші

Мысал:1) Қазақ әдебиет хрестоматиясында былай жазылған:134-бет,18-20 жол

2)Біржан өзі туралы былай дейді:

Сайраған орта жүздің бұлбұлымын,

Арғынның Алтай –Қарпық ақтан кері

Аққумен аспандағы ән қосамын,

Қозғасам ащы күйді түктен тартып

Даттау тобы:

Айтыс жеңімпазы Біржан дегенге келіспейміз

1-дәлелдеме:Сара-ақын шеберлігі жағынан Біржаннан еш кем түспейтін,танымал ақын қыз

Мысал:1) Сара да б3ржан сияқты үздік өнер иесі (қаз.әд.90-бет,10 жол )

2)Сара өзін былай айтады:

Қызы едім Тастанбектің ,атым-Сара,

Ішінен ер қаптағай шықтым дара

Он үште домбыра алып сөз сөйлеп ем,

Келемін бір сүрінбей жеке-дара

2-дәлелдеме:Сара жұрттың алдында жеңілгенін өзі мойындаған жоқ,оған Біржан сал кінәлі.

Мысал:1)Біржан Сараның өзімен тең екенін біліп, әдейі айтысты Жиенқұлға сөзді айналдыра берді.

,,,Тез алдырт күйеуіңді,Сара,осында

Көрейін еркегіңді тиген таңдап,,,

,,,Мырзаңды Жиенқұлдай шапшаң шақырт

Ұялып бөгемейін неге,Сара? т.с.с

3-дәлелдеме:Біржан Сараның мықты ақын екенін өзі мойындады

Мысал:

,,,Шіркін –ай,мұндай жүйрік туармысың,

Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жөнін

,,,Майысқан сегіз қырлы жүйрік-ақсың,

,,,Шырағым,Сара,сендей тумас бала,

Шежіре, туармысың мұндай дана!,,,

(Ойын барысында әр топ оқушылары өздерінің қорғайтын сөздерін өздері құрастырады,дәлелдемелерді өздері келтіреді.)

Мақсаты- оқушыларды ізденімпаздыққа ,сараптау машығын жетілдіруге ,өздігінен жұмыс жасауына үйрету.Соңынан бір-бірінің айтқан пікіріне байланысты сұрақтар қояды, ол сыни көзқарасының қалыптасуына жағдай жасайды. Әр топ мүшелері бір-бірін мұқият тыңдайды,сөйлей алу машығымен қатар тыңдай алу әдебі қалыптасады.

IV.Сараптама жасау.

Үшінші топ оқушылары пікірталастырған балалардың ойынына сараптама жасайды.Мұнда ескеретін жай :сараптамашылар мықты оқушылардың болғаны дұрыс,сонда ойынға тиісті баға беріледі. Саралап оқыту әдісі қолданылады.

Мақсаты:мықты оқушылардың қабілеті әрі қарай дамыту.Тақтадағы М.Әуезов пен С.Мұқановтың сөздерін оқып ,сараптама жасауға пайдалану.

Әр ақынға байланысты

Кім---қандай----неге---өз ойың

Түрінде жұмыс түрі жүргізіледі .

Мақсаты:алған білімді жүйелеу, жауап үлгісі.

1.Біржан- ақын, әнші.

2.Қандай?-Аса танымал,белгілі, сал(сал ,сері деген тіркес адамға не үшін беріледі)

3.Неге?-М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абай ауылында болғаны туралы айтуға болады.Т.с.с

4.Өз ойың ?-Бұл жұмыс түрінде әр сұрақты жеке оқушыға қоюға болады немесе бір оқушы барлық сұраққа бірден жауап беруі мүмкін.

V.Үйге тапсырма:Соңғы «өз ойың»деген бөлімді үйде жазбаша ойтолғау ретінде жазу (ақынға жазған хат түрінде болуы мүмкін)

VI.Оқушылардың білімін бағалау(бағаны мұғалім өзі қойып шығады)

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров241
Номер материала ДВ-370209
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх