Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад "Білім берудегі инновациялық технологиялар - білім сапасының арттырудың негізі"

Доклад "Білім берудегі инновациялық технологиялар - білім сапасының арттырудың негізі"

Скачать материал

«Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ

 

Баяндама

Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі

 

 

 

 

 

 

                                             Орындаған: А.К.Шомаева

 

 

 

 

2017 жыл

Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі

«Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің,

интернеттің тіліне айналды.

Қазақ тілінде білім алатындардың

саны жыл сайын көбейіп келеді»

Н.Ә.Назарбаев

«Тіл- өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» деп халқымыз тегін  көкірегіндегі  көрікті ойын сөзбен сомдайды. Тіл байлығы мол адамның ойлау қисыны да жақсы дамитынын, өмірдің қысылтаяң   келеді. Бүгінгі ғылым мен техника қарыштап дамыған  заманда да тіл үйренуге деген талпыныс артпаса, бәсеңдеген жоқ. Жаңа технологияларды пайдалана отырып тілді үйрету,  мемлекеттік тілді насихаттау мәселелері күн санап   өзектілігін арттырып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің  2011 жылғы 29 маусымдағы  № 110 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасында  тілдерді дамыту мен  қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасының  басты міндеттерінің бірі ретінде  мемлекеттік тілді оқытудың  әдіснамасын  жетілдіру және стандарттау   мәселесі  алынған  болатын.

Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту, оның әлеуетін арттырып, қоғам өмірінің қай саласында болмасын кеңінен  қолданыс табуына жағдай жасау – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық  сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту, білім беру сапасында әлемнің басқа да алдыңғы қатарлы  беделді де, белді елдерімен қатар жұмыс жасау, қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу, бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу алдағы тұрған міндеттер.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің  басты міндеті  ұлттық  және жалпы  адамзаттық  құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға  және кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын  енгізу, білім беруді акпараттандыру, халықаралық ғаламдық  коммуникациялық  желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту  міндеттері көзделеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен  білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттірінің ғылыми-педагогикалық негіздерін  меңгеру- маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтың, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайыровтың, С.Көшімбетованің, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа  технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз  онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика  жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп  көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы  алға апаратын құдіретті күш – білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап  қойып , олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі таңда педагогика ғылымының бір ерекшелілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа  оқыту технологияларын  шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен  біріктірілген пәндер мен  әдістемелердің; оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың  өзара ортақ  тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.»

           І кезең: оқып-үйрену;
                    ІІ кезең: меңгеру;
                    ІІІ кезең: өмірге енгізу;
                    IV кезең: дамыту.

 

Овал: Шығармашылық
деңгейін анықтау.
Баланың қай салаға
ыңғайы бар ,соған
қарап топтау, бақылау,қалыптастыру

 

 

 


Овал: Жаңа технология элементтерін қолдануОвал: Мұғалім өз ісіне 
ізденімпаздықпен
қарап, сабақты        
шығармашылықпен 
өткізу 

Овал: Қызығушылығын, 
шығармашылығы мен таным белсенділігін арттыру

 


Овал: Оқу мүмкіндігіне 
сай тапсырмалар
беру 

Овал: Ақпараттық 
телекоммуникациялық 
технологияларды қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Білім беру технологияларының озық әдістерінің бірі болып табылатын, кәсіптік білім беруге жақсы әсерін тигізетіні – ойын әдісі.

Ойын әдісі  оқушының материалды ұғынудың барлық амалдарын, қабылдаудың барлық түрлерін қолдана отырып, қанағаттандырады.

Ойын – балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің» қалыптастыруға  және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін өзі дамытуға мүмкіндік береді.(«Мен оқушымын», «Мен және менің отбасым», «Мен жолаушымын»,  «Біз жолаушымыз», «Адамдардың кәсібі», «Мен кәсіпкермін», «Біз қонақтамыз») Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі – жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты  дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез - құлықтары  мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін,  өзін – өзі дамытуын қамтамасыз етеді. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан  көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтады жеңуге жағдай жасайды.Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде   қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін біріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мұғалімнің міндеті. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім қойған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушы болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерінің мынадай элементтерін қолдану тиімді:

 

 

 

Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологиялары, интерактивті әдістері жиі қолданылады. Басқа ұлт өкілдерін оқытуда даралай және деңгейлеп оқыту әдістерін қолдану керек. Инновациялық әдіс тәсілдерді ретімен ендіру арқылы оқытушы оқушының қызығуын, белсенділігін арттыру арқылы сабақтың сапасы көрсетіледі.

1-11 сыныптарда оқушыларды қазақша сөйлеуге үйретуде ойын элементтерінің үлкен әсері бар. Сабақ үстінде оқушы ойынды ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді (аудармаларымен) жаттайды. Сюжетті суреттер арқылы  сөйлемдер құрастыру, сергіту  ойындары, жаңылтпаш, жұмбақ, алфавиттік жұмбақтар метаграмма, анаграмма, кроссворд ойындары ұйымдастырылады.

“Сұрақ – жауап”
Ойынның мақсаты: Оқушыларды мақал – мәтелдерді тез есте сақтап,
Ойынның шарты: Оқушыға белгілі бір мақалдың негізіне құрылған сұрақтар
Мысалы:
– Елдің атын кім шығарады?
– Елдің атын ер шығарады.
– Әдепті бала қандай бала?
– Әдепті бала – арлы бала.
– Әдепсіз бала қандай бала?
– Әдепсіз бала – сорлы бала.

«Жәрмеңке» ойыны

Ойынның мақсаты: «Күз» тақырыбын пысықтау, ойыншыларды өз бетімен еңбектенуге дағдыландыру.

Ойынның шарты: Қазақ даласында жәрмеңкенің атақты сал, сері, әнші, күйші, палуандар өнері, ақындар айтысымен  өтетін «Қоянды»  жәрмеңкесі туралы әңгімелегенді айтамыз. Жәрмеңке  той, мереке сияқты болды. Біз де, балалар, бүгін жәрмеңкеде өз өнерімізді көрсетейік. Жәрмеңкеде әртүрлі  жеміс – жидектер, көкөністер сатылады. Бұларды сатып алу үшін тақтадағы тапсырманы орындауыңыз керек.

1.    Айжан жәрмеңкеге келді.

2.    Жәрмеңкеде --------------------,---------------сатылады.

3.    Айжанға----------------------,---------------және-------------керек.

4.    Айжан екі килограм--------------- және------------бір килограмм  сатып алды.

5.    Ол жәрмеңкеде Айнашты кездестірді.

6.    Айнаш екі килограмм--------------- сатып алды, т.б.

 

 

«Орамал  тастамақ»

Ойын ұжыммен ойналады. Мұғалім өзі бастап, кез келген өрнекті  дауыстап айтып (2+3),орамалды бір оқушының алдына қояды. Сол оқушы бөгелместен 2 мен 3-тің қосындысы 5-ке тең деп айту керек. Әрі қарай балалар ойынды өздері жалғастырады.

Ойын/Игра

Ойын ережесі: Бұл ойынды ойнауға екі адам қатыса алады. Әр ойыншыға кубик, фишка немесе түрлі түсті  түймелер қажет.

1)   Фишканы бірінші шаршыға қойып, кубикті лақтырыңыз.

2)   Әр ойыншы қандай санға түссе, сонша қадам  фишкамен жүреді.

Егер фишкаңыз командасы жоқ санға түссе, қарсыласыңыздың сұрағына жауап беріп (сұрақтар реті төмендегідей), келесі қадам жасайсыз, ал жауап бере алмасаңыз, орныңызда қаласыз.

3)   Егер де жауап дұрыс болмаса, фишка орнынан қозғалмайды. Ал ойын кезегі келесі ойыншыға беріледі. 24 санын бейнелейтін финишке кім жылдам жетсе, сол ойынның жеңімпазы атанады.

Қарсыласқа қойылатын  сұрақтар:

1 нұсқа. Затты атаңыз?  What is it?

2 нұсқа. Заттың түсін айтыңыз?  What color is it?

3 нұсқа. Затты көпше түрде айтыңыз? Say  the plural  form  of  this?

4 нұсқа. Мынаны киген ұнайды ма? Do you like  eating this?

5 нұсқа. Мына зат сізде бар ма? Do  you have this thing?

 

 

 

 

 

 

 

Саналатын және саналмайтын зат есімдерді жаз

(Напиши исчисляемые и неисчисляемые имена существительных)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сенің отбасыңда қандай  тағамды жақсы көреді?/

Какое блюдо любят в твоей семье?»

 

Бұл тілді үйрену процесіндегі ең белсенді әдістемелік  тәсілдерінің бірі. Оны тиімді қолдана білген ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы шәкірттерінің бойында ойын өзгеге  өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын  дамытуға, диалогтық қарым-қатынас негізіндегі сөйлеу тілін бағыттауға ықпал етеді.

Рөлдік ойын оқыту мақсатында қолданылатын, сөзге араласу жағдайын ұйымдастыратын құрал болады. Оның негізінде өзара рөлдегі және ойындық көріністерді бөліп алып, соған сәйкес оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы ұйымдастырылған әңгімесі жатады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад "Білім берудегі инновациялық технологиялар - білім сапасының арттырудың негізі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 580 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 1053
    • DOCX 2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шомаева Айсулу Кенжешевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шомаева Айсулу Кенжешевна
    Шомаева Айсулу Кенжешевна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3831
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой