Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Доклад на тему "Ыбырай тағылымы"

Доклад на тему "Ыбырай тағылымы"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ыбырай тағылымы.


Нұрмағамбетова А. Қ.

Қарасу ауданы, Қараман орта мектебі.

Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқының рухани ,мәдени өмірінде өшпес мұра қалдырып, сарқылмайтын білім бұлағын ашқан аяулы азаматы.

1884 жылы сәуірдің 4- жұлдызында «Орнбургский листок» газеті былай деп жазыпты: «Біз Ыбырай Алтынсаринді Шекспир, Байрон, Гёте ,Пушкин ,Лермонтов, Крылов, Некрасов және басқа орыс, Европа әдебиеттері классиктерінен тәлім-тәрбие алған халық ақыны деп білеміз».

Ыбырай 1861-жылдан 1889-жылға дейін, яғни 28 жыл халық ағарту саласында еңбек етті. Өзі тікелей араласып 15 оқу орнын ашты. Жалпы басшылық, жетекшілік, ұйымдастыру педагогтік ісі өз алдына.

Ыбырай Алтынсариннің саяси- қоғамдық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына Россияның ұлы революцияшыл демократтары Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектері, сонымен қатар қазақ, Шығыс халықтарының озық мәдениеті зор әсерін тигізді.

Ыбырайдың ағартушылық, демократиялық көзқарасында халық тағдырына қатысты ірі мақсат жатыр. Елін надандықтан, қараңғылықтан құтқарып, жарық дүниеге-білім төріне алып шығу үшін қандай болмасын әділетсіздікке, зорлыққа,отаршылыққа,орыстандыруға барлық жан-тәнімен қарсы шығып,тынбай күрес жүргізді. Мәселен,патша өкіметінің қазақтардың егіндік,шабындық жерлерін тартып алып, қоныс аударған келімсек орыс шаруаларына беру туралы заң жобасына қарсылығын ашық білдіріп былай деді: «Осы мақаламда қазақ еліне орыс переселендерін әкеліп орнатпақ болған пікірлерге қарсы екенімді білдірдім.Бұл пікір, меніңше, ешбір ақылға сыймайтын нәрсе сияқты. Егер істі дұрыс жүргізе білмесе, онда айттым да қойдым, қазақтар-келешегі жақсы деп үміт етіп отырған осы халық –тез құрып кетеді, содан кейін бұл істі ешқандай түзете алмайсың».

Елінің тұтастығын,бүтіндігін ойлаған бұл сөздердің бір ғасырдан соң шындыққа айнала жаздағанына біздер бүгін куә болып отырмыз.

Ы. Алтынсариннің арман-мақсаты, өмірлік мүддесі халық ағартуға бағышталғандықтан істеген ісінің бәрі де осы бір қызықты да қиын жұмыстардың сан алуан мәселелерімен үндесіп жатады. Оның артына қалдырған жазба мұрасының бәрінің басын біріктіре қарасақ педагогиканың ,соның ішінде халықтық педагогиканың бөлінбейтін бөліктері – оқыту және тәрбиелеу теориялары, мектептану –үшеуінде де өзіндік идеяларын ұсынып, өзіндік жүйе жасағанын көреміз.

Ұлы ағартушының адал ниетін өз уақытында туған халқының өзі терең түсіне бермеді. Қазақ балаларын орысша оқытуды кәпір тілін үйретіп,мұсылмандықтан бездіріп, орыс дініне ауыстырып шоқындырды деп түсіндіргендері де аз болмады. Оның үстіне ел арасындағы толассыз дау-дамайлар, тартыс-керістер Ыбырайдың бірыңғай ағартушылық, жазушылық қызметінен бұра тартып,көп уақытын алып отырды.Осындай қайшылықтарды жеңе отырып,халық мүддесін қорғаудан аянбай, нағыз азаматтыққа тән ерлік көрсеткен Ы. Алтынсарин: «Заман осылай болған соң ,амалын тауып, мүмкіндігі болған жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру» қажеттігін баса айтты.

Ұстаздық жұмысқа Ыбырай жан-тәнімен беріле қызу кірісті. Алғаш мектепті елден қаражат жинап, көп еңбектеніп жүріп, нағашыларына арқа сүйеп Торғайда ашты. Атақты Бірімжан би жиенінің жаңа ісін қолдап, болашағына үміт артып, өз балаларын да орысша оқуға берді. Бүкіл Батыс жне Орталық Қазақстанда жайылатын жаңа үлгідегі мектептердің ірге тасынан бастап оқулақтары, құрал жабдықтары, әсіресе, ұстаздарын таңдау Ы. Алтынсариннің тікелей араласуымен жүргізіліп отырды.

Ы. Алтынсарин мектебі өз заманындағы ең озық, ең демократияшыл мектептердің қатарына жатады. Олар жаңа үлгідегі, әр халық педагогикасын жан-жақты ескере бастаған, мұғалімдер мен шәкірттер арасында нағыз «ынтымақтық» идеяны жақтаған, сол кездегІ озық оқыту тәсілдерін қолданған мектептер болатын.

Енді қалыптаса бастаған жазба әдебиетімізге араб, парсы сөздерінің көптеп енуі, халық тілінің шұбарланып бара жатқаны тек Ыбырайды ғана емес, сол кездін көзі ашық, көкірегі ояу зиялыларының қайсысын да қатты толғандырды. Бұл жайында Шоқан Уәлиханов былай деп жазды: «Орыс халқының византиялық дәуірді өткені тәрізді, татар дәуірін бастан кешіру сияқты қатерлі белес тұр». Міне, сондықтан да Ыбырай Алтынсарин «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегін жазудағы негізгі мақсаты жөнінде былай дейді: «...біріншіден, қазақ жастарының да дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден, қазақтын жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін мына соңғы кезде Мұхамет шариғатын үйрене бастап... осы оқу құралын құрастыруға кірістім».

Адамдардың өзара ұғысуы да, ғылым - білімнің бойға қонып, түсініктің өріс алуы да тілге байланысты.Қазақ тілін орынсыз татарландыруға қарсы пікірде болған ағартушы басқа тілдерден, ешбір кемдігі жоқ ана тіліне жанашырлықпен қарауға үйретті, бұл салада өзі өнеге көрсетті қазақ тілі жөнінде мынадай түсінікте болды:

-Ана тілі - табиғат сыйы. Өмірдің нәрі, халықтың ары. Шалқыта айтар сыры, шырқап салар әні, көңіл қошын көтерер мейрамы,бойын өсіріп, ойын дамытар дәуірі.Білімнің бастауы, ой деңгейінің көрсеткіші екенін терең сезінді. Сол себепті Ыбырай ана тілін білу парыз, ұрпақ алдындағы қарыз екендігін дәл айтіп, тіл ұрпақ пен ұрпақты жалғастырар нәзік қыл, тіл-тіршіліктің тірегі, әрі жүрегі, адамды ұғыстыратын да, ұрыстыратын да құдіреттті күш деп таныды. Орыс тілін оқытуда ана тілін пайдалану-қазақ тілін оқыту болып табылмайды деген үзілді - кесілді қорытындыға келді.

Осы орайдан ана тіліне деген сәл селкеулік – ақылды мұқалтады. Ой, түсінік, таным, біліктік ұғым тіл арқылы өрістейтіндігін терең де жан-жақты сезінгендіктен, келер ұрпаққа өнеге болар, өрелі пайымдаулар жасады. Ыбырай атамыз ұсынған ой тізбегіне тағы да үңілейікші:

  1. Орыс тілін оқытуда ана тілін пайдалану – ана тілін оқыту болып табылмайды.

  2. Ана тіліне сәл селкеулік – ақылды мұқалтады.

  3. Аударма әдісі. Ой білсенділігін жетілдіреді.

  4. Білім мен тәрбиені бірлікте қарауы.

  5. Халық педагогикасының игі дәстүрлері фольклор, этнография.

  6. Дін тәрбиесі.

  7. Долбармен жасалған оқулық емес, методикалық талдау, нұсқау, қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту жөніндегі оқу құралы (1879)

Қазақ мектептеріне арналған Ыбырай оқулықтары мен методикалық талдауларында желі болып тартылған бір нәзік қыл бар. Оған психологиялық тұрғыдан зейін аударсақ қана байқай аламыз. Атап айтсақ, батыста заңға бас июді, заңға бағынуды құрмет тұтып, соған құлшылық етсе, шығыста адамгершілік, салт пен санаға бас июді құрмет тұтады. Ыбырай осынау ерекшелектерді педагогикалық еңбектерінде ерекше ескерген. Оқулыққа кіргізген ертегі, әңгіме, өлең-жырды іріктеуде және сол текстер бойынша шәкірттермен сабақ жүзгізіп, жаттығулар мен дербес жұмыстарды орындауда осыған айрықша мән берген.

Мектеп ғылымының жүрегі – дидактика екенін мейлінше айқын түсінген және оны өмірде жүзеге асырып нақты тәжірибеде қолдана білген Ыбырай Алтынсарин боды. Ол өз құзыры жүретін оқу орындарында, қазақ мектептерінде оқу процесін өміршең мәнде, ғылыми негізде қоя білді.

Сол бір дәстүр, даналық ойға суарылған тапқыр әрекеттері күні бүгін де өмірімізге жалғаса дамып, мектеп тіршілігімен бірге өрілуде. Өмірмен жалғаса дамыған дидактикалық ой түсінігі, сол кездің өзінде-ақ дүние жүзі дидактикалык табыстарының деңгейінен көріне білді.

Алтынсарин қазақ шәкіртттерінің таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдарын жазу мәселесімен де шұғылданды. Орыс педагогтарының үлгісімен екі оқу құралын («Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы») бастырып шығарды. «Хрестоматияға» Ыбырай, біріншіден, қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға арнап жазған дидактикалық нақыл әнгімелер мен өлеңдерді, Крылов, Толстой, Паульсон сияқты орыс жазушыларының әңгімелері мен мысал өлеңдерн аударып енгізді. Жастарды оқытып-тәрбиелеу арқылы халқының ілгері басып дамуын көздеген Ы. Алтынсарин өзі құрастырған хрестоматияның бірінші бетінен бастап оларды білім алуға, өнер үйренуге шақырады. Ы. Алтынсарин әңгімелерінде кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін бір - біріне қарсы қойып көрсете білген. Мысалы, «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде Үсенді тапқырлыққа, табандылыққа үйреткен еңбек екендігін, сондықтан оның болашағы жарқын адал болатынын, жастайынан еңбексіз өскен Асанның ешбір іске икемі жоқ екенін көрсеткен. Шәкірттердің психологиясының дұрыс қалыптасуына еңбектің әсері ерекше екенін ескере отырып, оқу құралдарында олардың ақылын дамытатын, еркін шыңдайтын әңгімелерді көп енгізген. Алтынсарин түсінігінде білім дегеніміз айналадағы ақиқатты тану. «Табиғи ақыл;-деп жазды Ы. Алтынсарин,-ол бізді қоршаған айналаны ғана қамтуға қабілетті, ал оны дамытып, біздің көрмегенімізді де білуге мүмкіндік беретін дүниелік білім ғана». Сондай-ақ Алтынсарин «Лұқпан әкім» деген әңгімесінде де адамның дүние танымы жөнінде кейбір қызықты жәйттерді келтіреді. «Қашанда бір істі істегіңіз келсе, сол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмылдырыңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып, мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз». Оның ойынша дүниені тануда адамның ақыл-ой парасытымен қатар түйсіктері де, әсіресе, көру түйсігі қатысуы тиіс.

Ы. Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу мәселесін ең басты мәселе деп санады. Халқы үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан да жастарды оқытып тәрбиелеуден, тәрбие ісінің құдіретінен артық еш нәрсе жоқ,-деп түйеді Ыбырай. Адамның жан-жақты қалыптасуының негізгі көзі-тәрбие екендігін ол «Бақша ағаштары» деген әңгімесінде өте жақсы көрсеткен: «бағып-қағуда көп мағына барында шек жоқ,-дейді бір әке өз баласына,-шырағым, мұнан сен де өзіңе тәлім алсаң болады; сен жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің, бағусыз, бетімен кетсең, сен де мынау қисық ағаштай қисық өсерсің». Қазақ хрестоматиясында дидактиканың алтын арқауы болған Ыбырай-оқытып, білім беру мен тәрбие мәселесін бірлікте қарап, бір - бірінен бөлмей тең ұстады. Оқыта отырып тәрбиелеуді зандылық деп таныды және оны өз құзыры жүретін жерде жүзеге асырып, орындалуын талап етті. Сондықтан да хрестоматияға енгізілген өлендер жалқаулықты, надандықты, қызғанышты, қиянатты, сотқарлықты сынай отырып, жастардың мұндай әдеттерден аулақ болуына жол сілтейді. Мәселен: «Жоғары қарап оқ атпа, өзіңнің түсер қасыңа...!», «...өзі болған ерлердің, аяғынан алмаңыздар»-деген өлең жолдарында біреуге зияндық жасама, бәле ойлама, өзіңнің басыңа келер, қолыңнан келгенше көмектес, адал достығыңды аяма дегенді нұсқайды. Қазақ мектептерінің оқу жоспарын , бағдарламасын, оқулықтарын және әдістемелік нұсқау-кеңестерін жасағанда, халық педагогикасындағы игі дәстүрлер мен елдік ғұрыптарға терең мән беріп, оған айрықша назар аударды. Этнография саласында тірнектеп жинаған бай материалын және ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткен тарихи деректер мен туған елінің фольклорын оқу құралдарына кеңінен енгізді.

Ы. Алтынсариннің қазақ балаларына орыс тілін үйрету жөнінде айтқан пікірлерінің қазіргі күн талабына ұштасып жатқан жерлерін ерекше атап өткен абзал. Мәселен, ол шәкірттердің алдымен орысша ауызекі сөйлеуін дамытуды ойластырып,бұл үшін арнаулы дайындық сабақтарын өткізу қажет деген болатын. Оның осы пікірлерінде де қазақ балаларының психологиялық ерекшеліктерімен санаспайынша, яғни екінші тілді үйрету үшін оларға арнаулы жағдай жасамайынша орыс тілін салыстармалы әдіс арқылы үйрету, ауызекі сөйлеуге жаттықтыру т. б. оқыту ісі қиынға соғады деген тамаша идея жатыр. Ұлы ұстаздың осы пікірін қазіргі кезеңде орыс мектептерінде қазақ тілін меңгертуде ескретін ұсыныс

Ыбырай да орыс елінің педагог – ғұламалары сияқты мұғалімнің оқу- тәрбие процесіндегі роліне айрықша маңыз берді.,сөйтіп мектеп ісінің сан- саласындағы жетістіктерді мұғалімнің білімі мен іскерлігіне, беделі мен өз жұмысын сүйе білушілігіне байланысты деп дұрыс түсінді. «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы,тамаша жақсы педагогика құралдары да,ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды...Қазақ мектептерінің бар келешегі, көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты, сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін» - деп жазды ол. Алтынсарин мұғалімдердің алдына мына төмендегідей міндеттер қойды: нағыз мұғалім болу үшін балалардың өзіндік ерекшеліктерімен мықты санасу қажет, ол үшін педагогикалық әдебиеттерді үнемі оқып, қадағалап отырмаса болмайды. «Оқытушыларды бағалағанда,- деп жазды Ы. Алтынсарин,- олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау қажет».

Тәлім- тәрбие, оқыту ісінің нәтижесі шәкірттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді. Мұғалімнің есінде мына жәйт әр кез болуы тиіс: «ол кіммен істес болып отырғанын еш уақытта да ұмытпауы керек...егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес. Оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай,жұмсақ сөйлесу, шыдамдылық етуі керек,екі ұшты, астарлы сөз, орынсыз терминдерді қолданбау керек». Сөйтіп, Алтынсариннің тәрбиеші-ұстаздардың жеке басы туралы айтқан пікірлерінің негізгі арқауы – педагогикалық іс - өте нәзік, қасиетті іс. Ол өте сезімталдықты, балаға деген өлшеусіз сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты қажет етеді. Шәкірттерді сүйе білген оқытушы ғана қатаң талапты, әрі өнегелі, беделді тәрбиеші бола алады.Білім беруде, тәрбие мәселесінде Ы. Алтынсарин ұстаған қағида – баланың жас ерекшелігін ескере отырып, ұстаз тарапынан ашуланбай,күйгелектенбей, сабырлықпен ойын нақты ұғындыра білу болды. Ол осыны үнемі қайталап отырған.

Ыбырай ата айтқан осы бір асыл қағиданы әрбір ұстаз жүрегімен ұғынса ғой, шіркін.Қазіргі мектептерде жұмыс істеп жүрген кейбір әріптестеріміздің естерінен шығарып алған алтын қағида деп білемін.

«Қазақ табиғатынан ақын жанды, дарынды халық. Осы халыққа тек бір жағы ғана жетіспей тұр. Ол әзірше олардың білімнен кенжелігі». Осылайша халқымыздың жарқын болашағын көрегендікпен болжай білген Ыбырай «қазақ халқы азбаған халық,оның ой-пікірі еркін:оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан, жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр»,- деп тебіренеді. Білім мен танымды жетілдіре отырып тәрбиелеудеЫбырайдың тұтынған түсінігі – қабілетінеқарай «басқа адамның жан жүрегін ұға біл!» деген қағидаға саяды. Бұл жағынан келгенде Л. Толстойдың «способнотью жить своими мыслями и чужими» деген ойымен үндеседі.

Мектеп – қазақ халқы арасында жаңаша өмір сүрудің – жаңа әдет- ғұрып, тәртіп, тазалық, өмір сүрудің өнегесі болуға тиіс. Ағартушының бұл қағидасы – халық педагогикасынан, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесінен қол үзбей, оны пайдалана білуге деген ойынан өрбіген түсінік екенін ұмытпауымыз керек.

Ыбырай дамытқан дидактикалық алтын арқау:

  • шәкіртті ізденуге үйрету, әрекеттендіру;

  • іздету, таптыру, дәлелдету;

  • бағыт, бағдар, талдау;

Ыбырай ұраны:

  • оқығанды көңілге ықыласпен тоқу.

Осыдан шығатын нәтиже:

  • оқушының өз түсінігі;

  • шығармашылық белсенділігін дамыту;

Ұлы ұстаздың артына қалдырып кеткен асыл мұрасы қазіргі кезеңнің білім беру саласының қағидасымен енді ұштасып жатыр. Қазіргі білім беруде мұғалім тек қана оқушыға бағыт, бағдар беріп, оқытушы емес, кеңесші ретінде жұмыс істеуі керек. Өз бетімен ізденіп игерген білімді оқушы тез ұғынады,есінде сақталады.

Ы.Алтынсарин білім алуда негізгі мәселені терең де, жан- жақты түсінбей тұрып ілгері жылжи беру нәтижесіздікке әкелерін ерекше ескертті. Соған орай баланың зейінін дағдыландыру, жаттықтыру арқылы олардың өздігінен ізденуіне, еңбектенуіне жол ашатындығын дәлелдеп, нақты жол- жосық нұсқады. Оқыту баланың қабілетіне, табысқа жете алуына, түсінігіне үйлесімді болуымен мәнді екенін ескертеді. Бұл ескертулер ешбір кезде ескірмейтін даналық деп білеміз.

Алтынсарин ағартушылық – педагогикалық қызметімен кең байтақ даламызға ғылым- білімнің шырағын жақты. Осы білімнің «қазақ даласына қандай кезеңде қандай жағдайда келіп, жалпы қазақ мәдениеті үшін қаншалықты еңбек сіңіргенін ескерсек,- деп жазады филология ғылымдарының докторы Ә. Дербісәлин,- өз заманының маңызды бұл мәдени ошақтарының дала өмірі жағдайындағы университет дәрежесінде қызмет еткенін көреміз»

Ы. Алтынсарин халықтың шығармашылық күшіне, жарқын болашағына мол сенім артты. Ол, әсіресе, жастарды оқытып- тәрбиелеу мәселесіне көңіл бөлді, оларды біздің нағыз келешегіміз, бар үмітіміз деп, жастарды «Желкілдеп шыққан көк шөпке» теңестіріп, «біз болмасақ сіз барсыз, үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды», - деп жас өспірім қазақ жастарының келешегінен зор үміт күтті. Педагогика саласында осындай құнды, баға жетпес дидактикалық қағидалар, әдістер мен тәсілдер, әдістемелік асыл мұраларын ғылым тұрғысынан қарастырып бүгінгі оқыту мен тәрбиелеу ісіне пайдаланған жөн.

Тағы бір кез ұстаздың өз сөзіне көңіл бөлсек:»Баланың адамгершілік, алғырлық қасиеттерін дамыту ұстазға байланысты», «Ұстаз адамды білімді, білгір ететін – кітап». Бұл дана сөздер қазақ елінің әрбір ұстазының бойтұмары болуы керек деп ойлаймын.



















«Қараман орта мектебі»ММ





Тақырыбы: «Ыбырай тағылымы»



«Халықтардың салты,дәстүрлері, өнері» бағыты: белгілі әдебиетшілердің шығармашылығы



Орындаушы: 8- сынып оқушысы Жакишева Айкүміс

Жұмыстың жетекшісі: Нұрмағамбетова А.Қ.

Жұмыстың жазылған жылы: 2015









Автор
Дата добавления 18.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров135
Номер материала ДБ-040290
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх