222267
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5 480 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1 400 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до 28 февраля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

Инфоурок / Русский язык / Рабочие программы / Доклад на тему: "Киіну мәдениеті".

Доклад на тему: "Киіну мәдениеті".


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Киіну мәдениеті немесе  ХИЖАБтың ар-ұятпен байланысы

Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты мәселе емес екені ертеден мәлім. Адамның киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар беріп тұратыны анық. Есі түзу адамның тойға киетінін қойға, қойға киетінін тойға кимейтіні де бесенеден белгілі. «Адам көркі шүберек», «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген мақалдар да біраз жайдан хабар бергендей. Дүниеде әр халық пен қауымды басқа халықтардан ерекшелеп тұратын нәрселері тілі мен дінін айтпағанда: салт-дәстүрі, ішер асы мен киер киімдері сияқты нәрселер. Осыған байланысты пайғабарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «Кім бір қауымға ұқсаса (еліктесе) ол – солардан» дейді. Яғни, осы дүниеде кім бір қауымға еліктесе, Қияметте ол солармен бірге тіріліп, солармен бірге болады. Бірақ жастарымыз, жастар ғана емес кейбір жасамыстарымыз да жаһанданудың «жемін» жеп, қағынан жерініп, ұлтсыздануға ұрынып, америкалануға аңсары ауып, батыстануға бүйректері бұрылып жүр. Жаһанданудың жеткізген тағы бір «жетістігі» - жастарды жалаңаштануға жетелеп желіктіріп жүр. Сондықтан америкаланған, жаһанданған жастар мейлінше ойын да, бойын да ашық көрсетуді ерлік санайтын сияқты. Осының кесірінен жылдан жылға жалаңаштанудың жаңа үлгілері «жетіле» түсуде. Қыздарымыз кіндігін ашып қана қоймай, кіндігіне жылтыратып сырға тағып қоятын болды, жеңіл жүрісті жезөкшелер ғана киетін киімдер әр үйдегі қыз-келіншектердің күнделікті көшеге киетін киіміне айналып, үйреншікті болып бара жатқаны үркітеді. Киімнің негізгі міндеті аты айтып тұрғандай адамды киіндіруі тиіс болса керек. Ал қыздарымызды киіндіруден гөрі шешіндіруге көбірек қызмет ететін «киімдер» бұл күндері қала қыздарын қамтып қана қоймай, ауылдарды аралап кеткелі қашан?!.

 Жалпы адам баласында туа бітті ұят деген қасиеттің болатынын білеміз. Оның ақиқаттығына есі кірмеген баланың ұялғанын көргенде толық көзіміз жетеді. Есі кірген сайын ұят ұғымы санада сақталып, жүрекке жинақталып, адамның арлы болуына апаруы тиіс. Осы ұят деген қасиет адамды көптеген жаман қылықтарға жібермей ұстап тұратын тізгін сияқты. Бойында ұялу қасиеті жоқ адамды халқымыз «арсыз» деп қатты жазғырады. Ал пайғабарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бір хадисінде: «Ұят пен иман егіз нәрсе, бірі кетсе екіншісі де жоқ болады» десе, басқа бір хадисте «Ұялмасаң қалағаныңды істе» дейді.

Осы ұялудың бір көрінісі – адамның ұятты жерлерін жауып, дұрыс киініп жүруінен көрінеді. Ал шариғаттың шарты бойынша ұятты жер (ғаурат) еркектерде кіндік пен тізенің арасы болса, әйелдерде беті, қолының басы мен аяғының тобықтан төменгі бөлігінен басқа барлық денесі. Бұл ұятты жерді есі кіріп, балиғат жасына (12-13 жас) толғаннан бастап ешкімге көрсетуге болмайды. Тек үйленген соң некелі жарына ғана толық ашуға құқысы бар. Қыз бала, әйел адам үйде болғанда орамалын шешіп, жеңіл-желпі үй киімімен жүруге рұхсат етіледі. Ал көшеге шыққанда Алла Тағаланың бұйрығына сәйкес жабық болып шығуы керек.

«Мүмин әйелдерге де айт: (Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Сондай-ақ әдеміліктерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және орамалдарын омырауларына түсірсін. Әдеміліктерін көрсетпесін. Бірақ, ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңілдерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі әдеміліктерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүминдер! Түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар». Нұр сүресі, 31-аят.

«Әй пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмин әйелдерге айт: «Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді». Ахзаб сүресі, 59-аят.

Халқымызда «Ес біліп етегін жапты», «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген сияқты мақалдар бар. Бұл екі мақалдың өзінен халқымыздың ұлт болашағы болып табылатын келешек аналар – қыз баланың тәрбиесіне қатты көңіл бөлгенін байқауға болады. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қызға қырық үйден тыю» деген мақалдардың өзі есті адамға талай нәрсені аңғартқандай. Ал қазіргі жастардың түсінігінде ұялу деген керегі жоқ, адамды артта қалуға, көп нәрседен құр қалуға душар ететін құбылыс. Ұяңдықты бейшаралық деп қабылдайтын жастардан болашақта ұлтжанды, иманды азамат күту қиындау сияқты.

Дегенмен жастардың бәрі батыстың бастауынан сусындап жүр десек ақиқатқа қиянат жасаған болармыз. Өйткені, осы күні Құраннан қуат алып, Сүннетке сүйеніп, ата дініміздің ақиқатын ақылына азық еткен, мешіттерге бет бұрған иманды да ибалы жастарымыз да баршылық. Бес уақыт намазын қаза жібермей, діннің талаптарына сай өмір сүруге үлкендерге қарағанда жастар көбірек көңіл қойып, белсенділік танытып жүргенін көзі ашық жұрт көріп жүр. Өкініштісі сол, жақсылыққа жаршы болған жастарды қолдағанның орнына кеңестік тәрбиенің тәлімдері таңдайынан кетпей жүрген кейбір кісілер оларды кемсітіп, соңдарына шам алып түсуін қояр емес. Орамал таққан қыздарды отты тілдерімен тілдеп, имандылыққа бет бұрғандарды «бейшаралар» деп санайтындар Құдайдан қорықса етті! Олар   отпен ойнауға болмайтынын ойламайтын сыңайлы. Отпен ойнау дейтініміз Алла Тағала өзінің әмірлеріне қарсы шығушыларды тозақта отпен азаптайтынын айтады. Ал орамал тағу Алла тағаланың бұйрығы. Оған қарсы шығу Алла Тағалаға қарсы шығу деген сөз. Көктер мен жерді, ол екеуінің арасындағы жанды, жансыз барлық нәрсені жаратқан, бізді де жаратып жан берген, жұтқан ауамыз бен ішкен-жеген ас-суымызды беріп тұрған, денсаулық берген, ауырсақ шипа беретін, қиналғанда құтқаратын, ажалымыз келгенде кеудеміздегі шыбын жанды алатын, әміріне қарсы келсек тозаққа салатын Жаратушымызға қарсы шығуға қаншалықты құқығымыз бар?!.

Атазаңымыз азаматтардың діни сенім бостандығына кепілдік береді. Ал зайырлы боламыз деп зар қақсаған зиялылар орамал тағуға қарсылық білдіруде. Имандылыққа бет бұрып, арын сақтауға тырысқан қыздарды қудалау аяқталар емес. Сонда иманжүзділермен күрескендегі мақсатымыз оқу орнында жүріп жүкті болып қалатын, арақты суша сіміретін, аузынан шығатын үш сөздің екеуі боғауыз, Құдайдан қорықпайтын, болашақ жемқорларды дайындау ма?!. Керісінше, ондай опасыздардан құтылудың жолын таба алмай дал болып отырған жоқпыз ба?!. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп әлемге танымал Әл-Фараби бабамыз айтқан еді. Бір түсініксізі қыздардың қысқа киінуіне, боянуына демократиялық құқығы бар да, ал орамал тағуға келгенде сол демократия демалысқа кеткендей жоқ болатыны қалай? Заңгерлер орамал тағуға тыйым салатын заңның жоқтығын айтып дабыл қағуда.

Кезінде Кеңес өкіметінің сойылын соққан сабаздар сол кезде ол өкіметтің келмеске кететінін білмегені аян. «Құдай жоқ» деп қақсаған қызыл өкіметтің өкілдері кеңес өкіметі келмеске кеткен соң бұл күндері тәубесіне келіп, Жаратушыға жалбарынып жүрген жағдайы бар.

Алла өзгермес адамзат күнде өзгерер – деп Абай атамыз айтпап па еді?!.

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалар,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек – деген де сол дана бабамыз.

Келесі жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етсек, одан кейінгі жылы Ислам конференциясы халықаралық ұйымына төрағалық етпекпіз. Дүние жүзі бізді демократиялық ел деп европалық ұйымды басқаруды сеніп тапсырса, мұсылман әлемі бізді мұсылман мемлекеті деп Ислами ұйымды басқаруды сеніп тапсырып отыр. Бұл екеуі де оңайлықпен келмегені түсінікті. Осындай мәртебелі істі абыроймен атқаруға кейбір кеңестік тәрбиені көзсіз сүйетін кісілердің кесірі тиіп жүрмесін.

  «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген екен аталарымыз. Даналығымен, ерлігімен Алладан басқа ешкімге құл болмай еркіндікті аңсап өткен бабалардың бүгінгі ұрпағы аталарының әруағын сыйламай ма? Зайырлымыз деп жүрген сол аға-апаларымыз әкесі мен шешесі немесе ата-әжесі өмірден өтсе жаназасын шығартпай ма, артынан Құран оқытпай ма? Өзінің де өмірден өтетінін, Жаратушы алдында әр ісі мен сөзіне жауап беретінін білмей ме?!. Байлық пен билікті қолдың кірі деп білген бабаларымыз мәңгілік құндылықтарды дүниеге айырбастамаған болатын.  Олай болса зайырлымыз деп өрекпіп аталарымыздың аңсап кеткен тәуелсіздігімен бірге дініміз бен тіліміз ортамызға оралғанда опасыздықтан опық жеп жүрмейік.

Общая информация

Номер материала: ДВ-337769



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Русский язык и литература: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс «Русский для иностранцев»
Курс «Логистика»
Курс повышения квалификации «Основы туризма и гостеприимства»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Деловой русский язык»
Курс профессиональной переподготовки «Русский язык как иностранный: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания русского языка как иностранного»
Курс повышения квалификации «Источники финансов»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.