Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад"ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ "

Доклад"ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ "

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Баяндама.pptx

Скачать материал "Доклад"ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ ""

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • КММ  «Константиновка орта мектебі»ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – 
ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА
 ҚАЛЫПТАСТ...

    1 слайд

    КММ «Константиновка орта мектебі»
    ҚҰЗЫРЕТТІЛІК –
    ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА
    ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
    БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ
    Жаркинбаева
    Жадыра
    Кенжеболатовна

  • “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры  ұста...

    2 слайд

    “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”

    Н.Ә. Назарбаев

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты...

    3 слайд

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
    жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани
    және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту,
    адамгершілік пен салауатты өмір салтының
    берік негіздерін қалыптастыру, даралықты
    дамыту үшін жағдай жасау арқылы
    ой-өрісін байыту»

  • 21  ғасырдың   жан-жақты   зерделі,   дарынды, талантты ,шығармашылды...

    4 слайд

    21 ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты ,шығармашылды тұлғасын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
    Қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап – тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр.
    Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек
    Шығармашыл тұлға қалыптастыру жолдарының негізгі шарттарына сүйене отырып, оқушылардың психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық сана сапаларына көңіл бөлу керек.

  • 5 слайд

  • 6 слайд

  • Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмі...

    7 слайд

    Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.

  • Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыст...

    8 слайд

    Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.

  • Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік  тәсілді жүзеге асырудың  төрт аспектіс...

    9 слайд

    Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:
    * түйінді құзыреттер;
    * жалпыланған пәндік
    біліктіліктер;
    * қолданбалы пәндік
    біліктіліктер;
    * өмірлік дағдылар;

  • Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді         қарастыруы тиі...

    10 слайд

    Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс:
    бағдарламалық-мотивациялық;
    ізденушілік-зерттеушілік;
    тәжірибелік;
    рефлексиялық- бағалаушылық;

  • Қазіргі мұғалім:   · Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;   ·...

    11 слайд

    Қазіргі мұғалім:
       · Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
       · Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
       · Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
       · Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
       · Білімді, іскер, шебер болу керек;
    Қазіргі оқушы:
    -Дүниетаным қабілеті жоғары;
    -Дарынды, өнертапқыш;
    -Ізденімпаз, талапты;
    -Өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек.

  • Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің мұғалімінің міндеті – жас буынды сөз өнерін...

    12 слайд

    Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің мұғалімінің міндеті – жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.

  • Шығармашылыққа баулуға арналған                                     жұмыста...

    13 слайд

    Шығармашылыққа баулуға арналған жұмыстар түрлері:
    сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу;
    жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;
    нақыл сөздердің мәнін ашу;
    мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жазу;
    жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;
    өз сыныптастарының (т.б.) портретін суреттеу, мінездеме беру;
    өлең құрастыру;
    жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;
    еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;
    ұжым болып ертегі құрастыру;

  • ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту;
ақын-жазушылар шығ...

    14 слайд

    ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту;
    ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;
    баспасөз материалдары бойынша пікір айту;
    өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;
    ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;
    тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;
    оқиғаға қатысты өз ойларын айту;
    автордың көзқарасы туралы айта білу;
    көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.

  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда мынадай әдіс-тәсілдерді қолдануға...

    15 слайд

    Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда мынадай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
    Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;
    Арнаулы бір тақырыпта пікірталас туғызу;
    Логикалық ойлауын дамытатын ойындар;
    Берілген тапсырманы түрлендіру;
    Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, ат қою;
    Қиялдау арқылы сурет салу;
    Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамыту.

  • Оқушылардың танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері...

    16 слайд

    Оқушылардың танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай ойындар, сөзжұмбақтар шешу, ребус, крассворд құрастыру, логикалық сұрақтар арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту керек. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, құзіреттілігін, өмірге деген көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Кім көп біледі?», «Мен Қазақстанның азаматымын », «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тапқыр достар», «XXI ғасыр көшбасшысы», т.б. ойындар.

  • Тиімді қолданылатын 
технологияларИнтерактивті 
технологияБлум
таксономиясы С...

    17 слайд

    Тиімді қолданылатын
    технологиялар
    Интерактивті
    технология
    Блум
    таксономиясы
    Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
    Құзыретке-бейімделген тапсырмаларды құрастыру технологиясы

    Ақпараттық
    компьютерлік
    технология

  • Ақыл –ойын дамытадыЕркін ойлауға мүмкіндік бередіШығармашылық белсенділігін...

    18 слайд


    Ақыл –ойын дамытады
    Еркін ойлауға мүмкіндік береді
    Шығармашылық белсенділігін арттырады
    Интерактивті
    технология әдісімен оқығанда
    Ұжымдық
    іс-әрекетке тәрбиелейді
    Тіл байлығын жетілдіреді
    Жан-жақты ізденушілігін арттырады

  • Сонымен интерактивті технология бойынша ақпаратты оқушылар мына жолдармен қаб...

    19 слайд

    Сонымен интерактивті технология бойынша ақпаратты оқушылар мына жолдармен қабылдайды.
    1. Компьютерлік техника арқылы
    2. Интерактивті тақта арқылы
    3. Дистанциялық оқыту
    4. Тесттік бақылау
    5. www.мәліметтер базасы
    6. спутникті антена
    7. электрондық оқулық
    8. бейнезал
    9. электронды почта
    10. бүкіл әлемдік байланыс
    11. интернет

  • ИНТЕРАКТИВТІ    ӘДІСТЕРІ « Қытайша десерт»
«Қатені жіберме»
«Үйрете отырып үй...

    20 слайд

    ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ
    « Қытайша десерт»
    «Қатені жіберме»
    «Үйрете отырып үйренемін»
    «Ашық сұрақтар»
    «Домино» ойыны
    «Өз ұстанымыңды таңда»
    «Карусель»
    «Кейс әдісі»
    «Микрофон» т.б

  • 21 слайд

  • 22 слайд

  • Өз жұмысымда мен жаңа технологияларының  элементтерін пайдаланып жүрмін:Мысал...

    23 слайд

    Өз жұмысымда мен жаңа технологияларының элементтерін пайдаланып жүрмін:Мысалы:
    Құзыретке-бейімделген тапсырмаларды құрастыру технологиясы арқылы оқушыларды алған білімдерін алған білімдері мен өмірлік тәжірибелерін кез - келген оқу және өмірлік жағдайларда шығармашылықпен қолдана білуге, өзіндік даму мен басқаруға дайын болуды үйретеді.
    5сыныпта Б. Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» шығармасын оқып, фильмнің үзіндісін көріп оқушыларға мынадай сұрақтар берілді:
    1. 15 минут ішінде киініп, жуынып, мектепке жету мүмкін бе?
    2. Сен мектепке дайындалуға неше уақыт жұмсайсың?
    3. Сабақта отырғанда сенің арманың қандай еді?

  • СТО технологиясы: сто элементтерін тиімді пайдаланып отырамын.Бес жолды өлең...

    24 слайд

    СТО технологиясы: сто элементтерін тиімді пайдаланып отырамын.
    Бес жолды өлең құру.
    Кластер құру.
    Әдеби кеш.
    Аквариум.
    Ти кестесі
    ЭССЕ немесе ой толғаныс
    İNSERT
    Венн диаграммасы
    Куббизм т . б.

  • Оқушылардың ойлау деңгейіне сай әр сабақта сұрақ қою үшін Б.Блумның сұрақ қою...

    25 слайд

    Оқушылардың ойлау деңгейіне сай әр сабақта сұрақ қою үшін Б.Блумның сұрақ қою өлшемін пайдаланамын. Сұрақтар қарапайымнан терең ойлауға дейін жалғасады. Мұндағы мақсат – оқушы ойын ең төменгі деңгейден терең ойлауға дейін жеткізу.Мысалы:
    1. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
    2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының заңдары қай жылдан бастап шыға бастады?
    3. Қазақстан Республикасының заңдары неге 1991 жылдан бастап шыға бастады?
    4. Тәуелсіз мемлекет деген қандай мемлекет?
    5. Құқық деген не ?
    6. Азамат деген кім?
    7. Қазақстан Республикасының азаматы деген кім?
    8. Азаматтықты растайтын қандай құжат бар?

  • Есіңізде болсын!Өз сабағыңыз дәмді және тәтті болу үшін 
  1 қасық жақсы көңі...

    26 слайд

    Есіңізде болсын!
    Өз сабағыңыз дәмді және тәтті болу үшін
    1 қасық жақсы көңіл-күй, бір шымшым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне жақсы мейірімді әзілді себіңіз. Өз тағамыңызды жайдарлы күлкіңізбен, қуаныштың белгісімен әрлеңіз. Осы рецепті үнемі пайдаланыңыз, жаңалықтарды үнемі қолданыңыз.
    Астарыңыз дәмді болсын!
    Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын!

  • Назарларыңызға
 рахмет

    27 слайд

    Назарларыңызға
    рахмет

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ баяндама.docx

Солтүстік  Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

«Константиновка орта мектебі»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН  БІЛІМ  БЕРУ  НЕГІЗДЕРІНІҢ  БІРІ

(Баяндама)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Оқыған: Жаркинбаева Жадыра Кенжеболатовна

 

 

Константиновка

2015 ж

 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН  БІЛІМ  БЕРУ  НЕГІЗДЕРІНІҢ  БІРІ

 

             Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері  негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

       21  ғасырдың   жан-жақты   зерделі,   дарынды, талантты ,шығармашылды  тұлғасын қалыптастыру  бағытындағы    білім беру мәселесі    мемлекетіміздің   басты назарында.

     Қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап – тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр.

       Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек

     Шығармашыл тұлға қалыптастыру жолдарының негізгі шарттарына сүйене отырып, оқушылардың  психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық  сана сапаларына көңіл бөлу керек.

 Шығармашыл тұлға қалыптастыру сапалары

Педагогикалық сапа

Интеллект – негізінде әртүрлі сападағы ақпараттарды өңдеуде және оған сапалы баға беруді  қамтамасыз ететін  саналы да сапалы еместе үдерістер  негізіндегі қабілеттің  біршама берік құрылымы.

Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы  көрінісі.

Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында  жүргізілетін жүйелі процесс.

Әлеуметтік сапа

Көзқарас – метафизикалық ойлау мен зерттеулер  нәтижелерінің жиынтығы;

Дербестік – жеке адамның қайталанбайтын өзіндік болмысы, өзінің субъектісі  оның мақсаты  мән-мағынасы болатын іс-қимылы.

Таным – нәтижесі әлем туралы жаңа білім болып табылатын, субъект ойлауындағы шындықтың елесі мен жаңғыруы.

Психологиялық сапа

Қабілет – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін  жеке қасиеті.

Қажеттілік – өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында  адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері.

Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән.

Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады.

      Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік тәсілді  алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015  жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.

         Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге  қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді.

        Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға;  өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.

     Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:

* түйінді құзыреттер;

* жалпыланған пәндік біліктіліктер;

* қолданбалы пәндік біліктіліктер;

* өмірлік дағдылар;

    Бұл төрт бағыттың бәрі біздің мектептер үшін өте қажет. Бұлардың әрқайсысын орындау мектеп түлектерінің құзыреттіліктерін, олардың мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа дайындығын арттыруға себептесетін болады.

      Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

     Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе. 

        Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. Сондықтан интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзыреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу - танымдық үрдіс тиімділігін арттырады.

 Балалар өз бетінше жасаған өнімдерін жариялау  арқылы білім, білік, дағдының  жоғары деңгейіне шығу. Ол үшін  мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.

Қазіргі мұғалім:
   · Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
   · Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
   · Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
   · Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
   · Білімді, іскер, шебер болу керек;
   Игерілген нәтижелерді бақылау  барысында оқушының түрлі дара қабілеттері артады. Бұл өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.

     Бұрынғы оқушы тек қана тындаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

-Дүниетаным қабілеті жоғары;

-Дарынды, өнертапқыш;

-Ізденімпаз, талапты;

-Өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек.

          Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс:

бағдарламалық-мотивациялық;

ізденушілік-зерттеушілік;

тәжірибелік;

рефлексиялық- бағалаушылық;

        Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің мұғалімінің міндеті – жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың  жеке қабілеті мен  әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.

Оқушыларды  келесі жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулыймын:

v сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу;

v жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;

v нақыл сөздердің мәнін ашу;

v мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жазу;

v жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;

v өз сыныптастарының (т.б.) портретін суреттеу, мінездеме беру;

v өлең құрастыру;

v жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;

v еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;

v ұжым болып ертегі құрастыру;

v ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту;

v ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;

v баспасөз материалдары бойынша пікір айту;

v өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;

v ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;

v іс қағаздары үлгілерін жаздыру;

v тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;

v оқиғаға қатысты өз ойларын айту;

v автордың көзқарасы туралы айта білу;

v көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда мынадай әдіс-тәсілдерді қолданамын:

v Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

v Арнаулы бір тақырыпта пікірталас туғызу;

v Логикалық ойлауын дамытатын ойындар;

v Берілген тапсырманы түрлендіру;

v Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, ат қою;

v Қиялдау арқылы сурет салу;

v Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамыту.

         Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Оқушы белгілі мәліметті қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге терең ой иесі. Ол дербес ойланып, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер арқылы қолайлы жағдай жасауға тырысамын. Айталық, «Атаулар көмегімен болжау жасау», « Елеспен жетелеу», стратегиялары оқушының шығармашылық қабілетін ұштауға өте тиімді. « Ой қозғау», «Болжау» әдістерін оқушының ой ұшқырлығын бақылауда, стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдалану жөн. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазіргі оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті қазақ тілінде оқытуға баулу оңай іс емес. Бұл жолдағы қиындықты шешуге « ЖИГСО» әдісі көп көмегін тигізеді. Оқушы өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін сурет те салады, сахналық көрініс те қояды, сабақтың осы кезеңі оқушыларды бей-жай қалдырмайды.

Оқушылардың ойлау деңгейіне сай әр сабақта сұрақ қою үшін Б.Блумның сұрақ қою өлшемін пайдаланамын. Сұрақтар қарапайымнан терең ойлауға дейін жалғасады. Мұндағы мақсат – оқушы ойын ең төменгі деңгейден терең ойлауға дейін жеткізу.Топтық тапсырмалар сыныпта ынтымақтастықты қарым-қатынас орнатуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, тақырыпты өмірмен байланыстыруға мүмкіндік туғызады.

Оқушыны іздендіру үшін сұрақ қоя білуге үйрету арқылы оның саналы ойлауы, жан-жақтылығы, білімі мен біліктілігі қалыптасады. Сонымен қатар, жоспарлы түрде жұмыс істеуге машықтану үшін мәтін бойынша жоспар құру әдетін қолдануға болады. Нәтижесінде оқушы мәтін бөлімдеріне қысқаша тұжырымдама жасап, әрбір оқиғаға ат қойып, өзіндік іздену мен білім дағдысын берік қалыптастырады.Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасау, поэзиялық шығармаларды прозаға айналдыру тәсілдері де оқушының жан-жақты дамуына үлкен ықпал етеді.

Есте сақтау қабілеттірін шыңдауға білімге қызығушылықтарын арттыруда,  құзіреттіліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс шаралар өткізудің маңызы зор. Оқушылардың танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай ойындар, сөзжұмбақтар шешу, ребус, крассворд  құрастыру, логикалық сұрақтар арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту керек. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, құзіреттілігін, өмірге деген көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Кім көп біледі?», «Мен Қазақстанның азаматымын », «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тапқыр достар», «XXI ғасыр көшбасшысы»,  т.б. ойындар.

Шәкірттеріммен оқу - процесін жаңаша ұйымдастыру барысында оқушыларымның шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке дара ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік алып, жеке тұлғаны қалыптастыру жолында білім берудің инновациялық - педагогикалық технологияларымен жүйелі жұмыс жасау арқылы жүргізген іс - тәжірибеммен бөлісудемін.

      Өз жұмысымда мен жаңа технологияларының элементтерін пайдаланып жүрмін. Соның ішінде АКТ пайдалану, СТО технологиясы, ҚБТ технологиясы, , жобалау, деңгейлеп оқыту, денсаулықты сақтау технологиясы.
АКТ пайдалануда көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультемедиялық презентациялар, видео, электронды оқулықтар, Интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер т. б. Олар сабақты түрлендіреді және қызықты етеді, балаларды да әр түрлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді. Презентация жасау материалдарды тандап алуда, презентацияның құрамын ойластыруда, оларды түрлендіруде мұғалімнен үлкен дайындық қажет етеді.
Ақпараттық компьютерлік технологиялар қолдану арқылы сабақтарда біз оқушылардың оқу дағдыларын дамытамыз. Интернетте алған материалдарды пайдаланамыз, жазбаша біліктіліктерін арттырамыз, сөз қорларын кеңейтеміз және шәкірттерміздің шығармашылығын арттырамыз.
ҚБТ технологиясы:
Құзыретке-бейімделген тапсырмаларды құрастыру технологиясы
Бұл технология арқылы оқушыларды алған білімдерін алған білімдері мен өмірлік тәжірибелерін кез - келген оқу және өмірлік жағдайларда шығармашылықпен қолдана білуге, өзіндік даму мен басқаруға дайын болуды үйретеді.
5сыныпта Б. Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» шығармасын оқып, фильмнің үзіндісін көріп оқушыларға мынадай сұрақтар берілді:
1. 15 минут ішінде киініп, жуынып, мектепке жету мүмкін бе?
2. Сен мектепке дайындалуға неше уақыт жұмсайсың?
3. Сабақта отырғанда сенің арманың қандай еді?
4. Сен Қожаның орнында болсаң, анаңа қандай көмек берер едің?
Немесе қазақ тілінен 8сыныпта «Қазақстанның ірі қалалары» тарауы бойынша мынадай сұрақтар берілді.
Астана қаласына көшу үшін кімді көндіру керексің? Неге?
Сен Астана қаласына көшіп бардың. Астанада қандай бизнес бастар едің?
8 сыныпта «Отбасы» тақырыбы бойынша қойылатын сұрақтар:
Сен өз отбасың болғанда қандай дәстүрлерді ұстайсың? Өзің қандай дәстүр енгізер едің? «Қыз бала қонақ» дейді қазақ. Неге? Қызыңды қалай тәрбиелер едің?
Деңгейлеп оқыту технологиясы: көбінесе Бенжамин Блум технологиясы негізінде беріледі.
Мысалы, 8 сыныпта берілген мәтін бойынша бірнеше деңгейлік тапсырмалар беріледі:
Мәтінді түсініп оқы. Түсінгеніңді айтып бер. Мәтінге ат қой. Мәтінді қалай аяқтар едің? Жасаған үйшіктің пайдасы қандай? Баланың ісіне баға бер. Өзің ұсынатын үйшіктің суретін сал.
5 сыныпта берілген суреттер бойынша бірнеше тапсырма беріледі.
СТО технологиясы: сто элементтерін тиімді пайдаланып отырамын.
Төрт жолды өлең құру.
Кластер құру.
Әдеби кеш.
Аквариум.
Ти кестесі және т. б.
Келесі, «Табиғат. Табиғатты қорғау» тақырыбына суреттерді таңдап алып, осы суреттерді және өздері білетін мәліметтер мен интернет материалдарын қатыстырып, әңгіме құрыңдар.

     Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

                 Қорытындылай келе, өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары, жан-жақты тұлға қалыптастыра отырып, білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт бере отырып, оқушы құзырлығын дамытамын.

«Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымды аяқтағым келеді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад"ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ ""

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 220 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2015 4266
    • RAR 2.6 мбайт
    • 17 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаркинбаева Жадыра Кенжеболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10022
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов