Инфоурок Другое Другие методич. материалы«ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ» тәрбие сағаты

«ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ» тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы: «ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ»

Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Балаларды достарымен жағымды қарым - қатынас жасауға үйрету. Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым - қатынастарын дамыту. Татулыққа, достыққа ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.
   Балалар шеңберге тұрып, бір - бірімен күлімдеп сәлемдеседі. Барлығы қосылып «Ақ тілек» әнін айтады. Үнтаспаға қосылып айтуға болады.
Кіріспе сөз Дос – ақылшы, көмекші, сырлас, жақын,адал, шыншыл деген ұғымды береді. Достық әрбір адамның өміріндегі ең қызықты да, қимас та, қиын кезеңде қасыңда жүретін адамның саған деген адал мінезі. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген – рухани тазалық. Достық - адамдардың бір – бірін жаны қалап, жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Досың бар ма? Ол кім?

Достық шынайы сезім бе,әлде жай ұғым ба?

Достық жасқа байланысты ма?

Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

Психологиялық дайындық
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.

Балалар шеңберге тұрып, бір - бірімен күлімдеп сәлемдеседі. Барлығы қосылып «Ақ тілек» әнін айтады. Үнтаспаға қосылып айтуға болады.
Тапсырма
Оқушыларға «Менің достарым» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады. Суреттерде балалардың балабақшадағы достары; аулада ойнайтын құрбыластары; сыныптастары; бірге серуендейтін достары бейнелеген.
Балалар осы суреттерге қарап, өздерінің балабақшада бірге ойнаған достарын көз алдарына елестетіп, олардың есімдерін естеріне түсіреді; қандай ойындар ойнағандарын;
қандай ойыншықтары болғанын айтады.
Ауладағы құрбыларымен қандай ойыңды қалай ойнағандарын, ойын кезінде қандай қызықтар болғанын әңгімелеп береді.

Сыныптастарымен бірлесіп қалай сабақ оқитындарын, татулыққа, достыққа қалай үйреніп жатқандарын, сыныпта бір - біріне қандай өзара сыйластық, өзара көмек жасауды білгендерін, бірлесіп қандай істермен шұғылданғандарын сөз етеді. Сондай - ақ серуендеу кезінде достарымен қалай жүргендерін, қызықты оқиғаларды естеріне түсіріп әңгімілеп береді.
Дәйексөз
Тәрбиеші: тақырыбын ашу мақсатында тақтаға «Жүз теңгең болғанша - жүз досың болсын» дейтін мақал сөзді жазады және оның мәнін түсіндіреді:
- Балалар, достықтың қадірін білген, оның мәніне терең үңіле білген халқымыз осы мақал
сөзді әрдайым өнеге етіп айтып отырған. Достық қашанда бәрінен қымбат. Мақалдың мағынасынан егер қалтаңда жүз теңгең болса, оны керегіңе жұмсайсың, ол тез ақ таусылып қалады. Ол ақшаға алған затың, ішкен - жегенің ұмтылып та қалады. Ал соншама досың болса, ол әрдайым қуанышқа бөлейді, әр уақытта қасыңнан табылады, сенімен әрдайым бірге болады.                                                                                                                  Тапсырма:
Оқушыларға «Достық неден басталады» деген тапсырма беріледі.
Ойын. Мен қандай баламын?
Күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына «Мен» деген сөз жазылады. Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерді айтып, шуақты тақтаға кезекпен іледі.
Тапсырманы қорытындылау..
- «Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың?» деген тапсырма береді.
Достық туралы тақпақтары сұралады
Оқушылар өздерінің достық туралы білген тақпақтарын айтады.
Ребус шешу
Мақал - мәтелдер айту
Жағдаяттарды талдау
Балалар суреттерге қарап, «Суреттегі кейіпкерлер бір - бірімен қайткенде достаса алады?» деген жағдаяттардың шешімін табуы тиіс. Суретте өздеріне таныс, мультсериалдардан көріп
жүрген кійіпкерлер берілген. Олар үнемі бір - бірімен түсінісе алмай, бір - бірімен келісімге келмей, шым - шытырық оқиғаларға тап болып, қашан көрсең де бірін - бірі қуып, бір - бірімен алысып жүретін кейіпкерлер. Ендеше, балалар осы кейіпкерлерді достастырудың амалдарын
тапқандары дұрыс. Балалар өз шешімдерін жария етеді.
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберде тұрып «Достық» әнін шырқайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ» тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 348 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2017 804
    • DOCX 17.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каримова Баглан Мараткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каримова Баглан Мараткызы
    Каримова Баглан Мараткызы
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32921
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой