Инфоурок Другое Другие методич. материалыЕлі сүйген, елін сүйген Елбасы

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Скачать материал

Диханбаева Айгүл .

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы.

№17 И.И.Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

 

 «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағаты

 Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу;

ә) Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту , Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу.

Жүргізілу барысы

«Көк Тудың желбірегені» - әні.(Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)
Мемлекеттік
әнұранын айту.
1-
жүргізуші:

2-жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
1-
жүргізуші:

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
2-жүргізуші:

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасыныңеңбегіменнұрлана
Қазағымныңмерейітұраспандап.
1-жүргізуші:

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
2-жүргізуші:

Бүгінгі мереке 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналып отыр

1-жүргізуші:

Ең алдымен бізге қонаққа Есік қорғанынан табылған қазақ тарихының «алтын » куәгері Алтын адам келе жатқанын айтамыз.Қазіргі айтылатын мәліметтерге мән беріп отырыңыздар. Алтын адамның сұрақтары да сол туралы болады.

Елбасының  жүрген жолына саяхат жасау –ол әрине, балалық шағынан бастау алады.

2-жүргізуші:

Ендеше, бала Сұлтанның қандай болғанына назар аударайық. Елбасының балалық шағы.
1-оқушы.1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.(1-слайд)

2-оқушы.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». (2-слайд)

3-оқушы.Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады. (3-слайд)
1-оқушы.Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. (4-слайд)
2-оқушы.Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. (5,6-слайд)
1-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
2-жүргізуші:

Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе сыныбымыздың оқушылары арқылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқушы, студенттік, қызметтегі кезеңдері туралы бірге білейік.

Мұғалім: Бүгін біз Елбасымыздың өмір жолы мен қызметтері туралы сөз қозғаймыз. Өздеріңе қосымша дайындалуды тапсырғанмын. Кім қандай мәлімет жинастырды?

1-оқушы.Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Мына табельдерінен метептегі оқу үлгерімін қарауға да болады.

2-оқушы. Ал қандай істермен айналысқанды ұнатты екен?

1-оқушы.Ол кісі күрес үйірмесінде болды. Домбырамен ән айтқанды жақсы көреді. Атқа жақсы шабады.

2-оқушы.1960 жылы Украинада техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын бітірген.

3-оқушы.Еңбек жолын қайдан басталы?

2-оқушы.Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1-оқушы. Сонда біздің елбасы темір балқытушы болған ба?

4-оқушы.Ия, дұрыс айтасың 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды,партком хатшысы болды.

1-оқушы. Партком деген не?

4-оқушы.Партия мемлекет пен адамдарды бірлестіретін ұйым. Партком сол партиядағы жұмыс. Сол кезде жақсы жұмысшылар партия хатшылары болған. Ал анау, партия билеті. Түсінікті ме?

3-оқушы.Елбасымыз Әр түрлі қызметті жақсы атқарып, соңғы жылдары

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. Осы жылы  — Қазақ КСР президенті болды.

Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар, 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. Бүгінгі сабақ жемісті болды, рахмет.

1-жүргізуші:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды.

1-жүргізуші:Ия, Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырды. Елбасымыздың төл туындыларының бірі- елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана.

Астана туралы тақпақтар.

Малика

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Рамиля

Жаңарып ай,жылдарым, жаңарып күн, 
Жаңғырып есімдері сан алыптың.
Күн шуақты Астана бой көтерді, 
Белгісіндей бейне бір даналықтың. 

Айым

Астанам - бағы биік асқарымсың, 
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам,ел арманы, 
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым. 

Қ.Наргиз

Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам, 
Осы күнді аңсаған, армандаған.
Сарыарқаның төсінде бой көтерді. 
Қазақтың Астанасы – арман қалам!

1-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

2-жүргізуші:

Біздің Отанымыз қазір қалыптасу кезеңінде. Ал, біз жарқын болашақтың ұрпақтарымыз. Олай болса, біз - «Мен Қазақпын» -, деп  мақтанатын ұрпақтармыз. Алтын Адам да бізге келіп жетті. Ендеше ортаға шақырайық.

 Өлең оқу

Қадыр Мырза-әли  «Мен Қазақпын» 

 «Жаса Қазақстан!» әні

1-жүргізуші:

Бүгінгі күн- береке!

2-жүргізуші:

Бүгін үлкен -мереке!

«Достық» биі.

1, 2-жүргізуші:

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын!

Елімнің ел ағасын халқы қолдап,

Қазақстан жеріміз аман болсын!

Ән «Атамекен».                       

1, 2-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 183 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2017 446
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимсеитова Гульнур Айткуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 549
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой