Инфоурок Другое СтатьиЕліміздің қарқынды дамуының болашағы жас ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Бәсекеге қабілетті, алдыңғы шептегі елу елдің қатарына көтерілу білім жүйесін жаңаша құруды қажетсінеді. Бұл мәселе тек оқыту технологияларын қолданумен шектелмейді, ең бастысы ө

Еліміздің қарқынды дамуының болашағы жас ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Бәсекеге қабілетті, алдыңғы шептегі елу елдің қатарына көтерілу білім жүйесін жаңаша құруды қажетсінеді. Бұл мәселе тек оқыту технологияларын қолданумен шектелмейді, ең бастысы ө

Скачать материал

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

Дюсенгалиева Арайлым Махмудовна

БҚО, Орал қаласы, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі,

жалпы техникалық пәндер оқытушысы, магистр

 

Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпыадамзаттың қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан-жақты, мәдениетті азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз.

Н.Ә.Назарбаев

 

Еліміздің қарқынды дамуының болашағы жас ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Бәсекеге қабілетті, алдыңғы шептегі елу елдің қатарына көтерілу білім жүйесін жаңаша құруды қажетсінеді. Бұл мәселе тек оқыту технологияларын қолданумен шектелмейді, ең бастысы өз Отанының азаматын тәрбиелеу болып табылады. Болашақтың қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Мектептегі білім мен тәрбие егіз ұғымдар. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз – оның жүрегі.

Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өз елінің патриоты болуын талап етеді, ал мұның өзі белгілі дәрежеде ұлттық дәстүрлерді, ұлттық ережелерді мақтанышты, ар-ожданды жақсы білу деген сөз.

Демек, жас ұрпақтың рухани-адамгершiлiгiн жетiлдiру мәселелерiне тың көзқарастардың қажеттiгi туындауда. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесiндегi көкейкестi мәселелердiң бiрi — жетiлген тұлға тәрбиелеу.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жастардың бойында құндылықтардың дұрыс жүйесін қалыптастыру керек, оның негізінде еңбек сүйгіштік, ар-намыс, парасаттылық, өзін-өзі тұрақты жетілдіруге ұмтылыс және оқу, тәртіп сияқты қасиеттер жатқаны жөн» деп, қазіргі оқушылардың бойына аса қажетті құндылықтарды тәрбиелеуді одан әрі жетілдіру керектігін және оны білім мен тәрбие беруде дұрыс ұйымдастыру арқылы қалпына келтіру керектігін ерекше атап өтті. Болашақ қоғам мүшелерінің білім алуы мен тәрбиесі, оның дамуы- аса маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің тілден басталатындығы, ұлттық сана- сезім мен дүниетанымдық көзқарасты қамтамасыз ететін тіл екендігі халық тәрбиесінде ғылымда дәлелдеп келеді. Осы бағытта бала бойына қазақтың халықтық педагогикасының ерекшеліктерін сіңірту арқылы халықтық тағылымды құрметтеуге үйрету осы жөнінде профессор, филология ғылымының докторы М.М.Тілеужанов «Халықтық тағылым» атты еңбегінде қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты - ата-бабалардың үлгі - өнегесі, ақыл-кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік- дербестікке ұмтылысы. Бұл – алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты.Тәрбие–ұрпақ үшін күрес құралы. Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.

Қазіргі кезде тәрбие жұмыстарының бағыттары толығымен өзгерді. Қазақтың халықтық педагогикасының ерекшеліктері, мүмкіндіктері жан-жақты зерттеліп, көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар, оқу- әдістемелік құралдары жарық көріп сандаған мақалалар жариялануда. Бұл тұрғыда заман ағымымен бірлесе этнопедагогика және этнопсихология саласында көптеген ғалымдардың еңбектерін жұртшылық қызығушылықпен пайдалануда.

Бәрімізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан - жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, әдептілік пен адамгершіліктің бастауына үңілу керек шығар. Әдептілік – адамгершілік әліппесі, яғни адам әдептілік сақтай отырып, өзінің имандылығын, тәрбиелілігін, адамгершілігін көрсетеді. Өйткені қазіргі таңда бұл мәселе де, күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Досыңа достық-қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам-ардақты адам. Арымыз таза болса,тарихымыз да таза.Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен».

-Өзгелердiң мүддесiн, өз мүддесiнен жоғары қойып, кеңпейiл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.

-Ата-анаға балалық құрмет көрсете бiлу, оларды құрметтеу, оларға адал болу, оларды сүю.

-Достарының, отбасының, Отанының сенiмiн ақтау.

-Өз iсiн iзгiлiк мақсатқа арнау, басқалардың мүддесiне қызмет ету және маңызды iстiң шешiмiне жету үшiн өзiнiң iс-әрекетiн, күш-қайратын жұмсау.

-Барлық адамдардың пiкiрiн, құқын, жеке меншiгiн құрметтеу.

-Өзгелердiң пiкiрiн сабырлықпен қабылдау, бiрақ та жағымсыз iстерден бойын аулақ ұстау.

-Жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғы-қасiретiне, мұң-мұқтаждығына ортақтаса бiлу, оларға көмек көрсету.

-Кешiрiмдi болу, ренiшке, өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу.

-Рақымды, мейiрiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе бiлу.

-Көмектесу, көмек күткен адамға көмек беруге әзiр тұру.

Сонымен қатар рухани жетiлген тұлғаның бойында адамгершiлiк ұстанымдар да болуы тиiс.

-Өзiнiң қадiр-қасиетiн сақтау, яғни өзiнiң кiсiлiгiн сақтап, өзiне-өзi сенiмдi болу.

-Жауапкершiлiк таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу.

-Ержүрек болу, қорқынышты жеңе бiлу.

-Өзiн-өзi бiрқалыпта ұстай бiлу, өз ойын, сезiмiн, тiлiгiн, iс-қылықтарын үйлесiмдiлiкте ұстай бiлу.

Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Адамгершiлiк қасиеттері отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр-бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: ―Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң‖ деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан жайында оқушылардың рухани азаматтық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке, бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығай тудың маңызы зор. Осыған байланысты оқу- тәрбие үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу қажет. Қазіргі жағдайда рухани-азаматтық тәрбиенің өлшемдік көрсеткіштері:

1. Өзін-өзі мемлекеттің азаматы ретінде сезінуі;

2. Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы;

3. Мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрлерін білу;

4. Халықтың өткен тарихын білудің қажеттілігі;

Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын сақтау, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі болып табылады.

Тұлғаны рухани –азаматтыққа тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады.Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Оқушы бойындағы мейірімділік ,шыншылдық, адалдық, тұрақтылық сияқты рухани қасиеттерді қалыптастыра отырып жұмыстану, өзін-өзі басқаруына,жеке тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлу, өз ортасында еркін сөйлеп, өз ойын еркін айта алатын дарынды, қабілетті ұл-қыз тәрбиелеу мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында мейірбандық күніне орай «Қарттарым-қазынам» тақырыбында іс-шара өткізіліп, «Барлық құрмет үлкендерге» атты мерекелік концерт қойылды.

Ал қала көлемінде қала тәрбие ісінің меңгерушілері семинарында 5-сынып оқушылары арасында «Жан қазынасы - адамгершілік негізі» атты «Айтуға оңай» бағдарламасының желісі бойынша өткізілген сыныптан тыс шара жоғары деңгейде бағаланды. Орта буында өткізілген «Жақсылық –жан азығы», «Кішіпейілділік- көңіл кеңдігі» атты тәрбие сағаттарындағы рухани-адамгершілік білім баланың, жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатты. Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке баулыса, «Үш тілді білу-заман талабы» атты тіл апталығы өз ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білумен қатар ашылу салтанатында «Қазақ» биінің орындалуы, ұлттық салт-дәстүрдің орынды көрсетілуі мен мұғалімнің ұлттық нақышта киінуі оқушылардың іс-шараға деген қызығушылығын арттыра түсті.

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан,адамдардың мінез-құлқы,іс-әрекеті,қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,-дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы—өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу—біздің қоғам алдындағы борышымыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әбiлова З. Этнопедагогика оқулығы / З. Әбiлова: А. 1999

2. Асылов Ү Даналардан шыққан сөз/ Ү.Асылов – А. Мектеп, 1987

3. Көбесов А. Әл-Фараби/ А. Көбесов– А. Қазақстан, 1971

4. М.М.Тілеужанов «Халықтық тағылым» - Орал,1994ж

5. Ғаббасов С. Ізгілік әліппесі / С. Ғаббасов – А.Ғылым, 1991

6. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы/Қазақстан мұғалімі. 5 ақпан,1993.

7. М.М.Тілеужанов. Қазақ халықтық педагогикасының кейбір мәселелері. — Орал, 1992.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Еліміздің қарқынды дамуының болашағы жас ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Бәсекеге қабілетті, алдыңғы шептегі елу елдің қатарына көтерілу білім жүйесін жаңаша құруды қажетсінеді. Бұл мәселе тек оқыту технологияларын қолданумен шектелмейді, ең бастысы ө"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 473 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2019 856
    • DOCX 27.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дюсенгалиева Арайлым Махмудовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9064
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 205 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 136 человек

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе