Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Видеоуроки / "Еліміздің білім беру жүйесінің тарихы"

"Еліміздің білім беру жүйесінің тарихы"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Еліміздің білім беру жүйесінің тарихы

Сабақтың мақсаты: 1)білім беру жүйесі,ҚР білім беру жүйесінің тарихы, ҚР «Білім туралы» Заңы туралы мағлұмат беру;

2) Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы,педагогика ғылымының салалары жайлы білімдерін одан әрі жетілдіру;

3)Отан сүйгіштікке,өз елінің заңдарын берік ұстануға, топта бірлесіп жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, жанашырлыққа, төзімділікке,сыпайылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер

Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, постерлер мен маркерлер, бейнероликтер, «ҚР білім беру жүйесінің тарихы, ҚР «Білім туралы» Заңы» таныстырылымы.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық атмосфера қалыптастыру;

-Қайырлы күн, құрметті білімгерлер! Сіздерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Мен сіздерден бүгінгі сабақта барынша белсенділікті күтемін, өз ойларыңызбен еркін бөлісулеріңізді қалаймын!

Топтастыру

Геометриялық фигуралардың көмегімен қатысушыларды топқа бөлу; Топқа бөліну барысында қатысушылар таңдаған фигураларына байланысты мінездемелермен танысады. Өздері туралы жақсы пікір позитивті көңіл күй сыйлайды.

hello_html_m6cfce66b.png


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар» немесе«сіз сенесіз бе» Оқушылар мұғалім ұсынған тұжырымдар ішінен дұрыстарын таңдайды. Оны негіздейді.Тапсырманы топпен алмастырып, бірін-бірі тексереді. Қателерін тауып,берілген сұрақ жауабын дұрыстайды.Қателескен топ оның дұрыстығына көз жеткізеді

Жүргізу тәртібі:

1. Сіздердің столдарыңызда нөмірленген кесте тұр.

2. Мен сіздерге сұрақты оқимын, сіздер оны топта талқылап отырып, оған жауап бересіздер. Сұрақтар «сіз сенесіз бе? немесе сіз келісесіз бе? деп басталады.»

3. Егер сіз келіссеңіз немесе сенсеңіз «+» белгісін, келіспесеңіз «-» қоясыз.


1


2

3

4

5

6

7

8

9

10

+

+

-

-

+

-

+

-

-

+

Сұрақ :

1)сіз сенесіз бе, педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады /ия/

2) сіз келісесіз бе, тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының салалары пайда болды /ия,келісемін/

3)сіз келісесіз бе, мектеп жасына дейінгі педагогика тек балабақшадағы балалардың тәрбиесін зерттейді./жоқ, отбасы мен балалбақшадағы мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі/

4) сіз келісесіз бе, мектеп педагогикасы 5 бөлімнен тұрады екен/ жоқ, 4 бөлімнен/

5) сіз сенесіз бе, «Дидактика» оқытудың заңдылықтарын қарастыратын педагогиканың бір саласы екен /ия /

6)сіз келісесіз бе,дефектология екі салаға ғана бөлінеді/жоқ, 4 салаға бөлінеді/

7)сіз келісесіз бе, педагогика бірнеше ғылымдармен байланысы бар /ия, келісемін./

8) сіз сенесіз бе, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жас ерекшелігін,бала физиологиясын ескерудің еш маңызы жоқ/жоқ,сенбеймін/

9)сіз келісесіз бе,этнография мен археология ғылымдарының баланы оқыту мен тәрбиелеуде еш пайдасы жоқ /жоқ, келіспеймін/

10) Сіз сенесіз бе,кибернетика педагогика ғылымымен байланысты.Ол күрделі машиналардағы, тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп басқаратын,олардағы ақпараттарды беретін ғылым. /ия,дұрыс тұжырымдама/



«Палубадағы капитан» сергіту сәті (бір білімгер ортаға шығып,музыка ырғағымен қозғалыс жасайды, қалған білімгерлер қайталайды )

Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырылады. (слайд көрсетілімі)

Миға шабуыл.

-Бұл тақырып туралы не білесіздер?

-Бұл туралы не білгілеріңіз келеді?

-Жалпы білім беру жүйесі дегенді қалай түсінесіздер?

-Білім беру жүйесінің тарихы дегеніміз не?

«Білім туралы Заң» жөнінде естігендеріңіз бар ма?

«Болжағыш ағаш» тәсілі

-Қазір алдарыңызда жатқан жапырақшаларға бүгінгі тақырып бойынша не білеміз деп ойлайсыздар сол болжамдарыңызды бір-бір сөзбен жазып шығып,суреттегі ағашқа апарып іліңіздер.


«Дана үкі» топпен жұмыс

1. Оқушыларға өз беттерімен жұмыс жасауға жаңа тақырыпты 4 бөлікке бөліп мәтін беріледі, (жеке және топпен жұмыс).

2.Одан кейін оқушылар мәтіндегі ақпаратпен жұмыс жасау үшін сұрақтар жазылған жұмыс парағын алады да арнайы дайындалған нұсқау бойынша жұмыс істейді:

Мәтіндегі негізгі ұғымдарды тауып, алфавиттік ретпен жазыңыз.

Не күттіңіз? Мәтіннен өзіңізге беймәлім болған, сіздің көзқарасыңызға қарсы келетін, сіз күтпеген ақпаратты табыңыз.

Сіз енді соңғы жаңалықты білесіз? Сізге жаңалық болған ақпаратты табыңыз.

Ең басты өмірлік даналық. Мәтіндегі негізгі ойды бір сөзбен жеткізіңіз.

Белгілі және белгісіз. Мәтіннен өзіңізге бұрын белгілі және белгісіз ақпаратты көрсетіңіз.

Иллюстративті кескін.

Мәтіндегі негізгі ойды сурет, карикатура,

сызба түрінде кескіндеуге тырысыңыз.

Талқылауға тұрарлық тақырып. Мәтіннен

ерекшекөңілаударатын,сабақдеңгейіндеталқылауғатұратынойдыкөрсетіңіз.


Жаңа сабақты бекіту.

«Жалғап жібер» ойыны ойналады.Оқушылар шеңбер болып тұрады. Ішінде сұрақтар жазылған стикерлері бар қобдиша беріледі. Музыканың әуенімен қобдиша қолдан қолға өтеді,музыка тоқтаған кезде кімнің қолында қалса ,сол оқушы ішінен бір сұрақты алып жауап береді.Жауап бере алмаған жағдайда досынан көмек сұрайды.

Хронологиялық карта әдісі.

Әр топ берілген фотосуреттер көмегімен білім беру жүйесінің тарихын кезеңдер бойынша сұрыптап, талқылайды.

Суреттерді сұрыптау бойынша тарихи кестенің үлгісі:hello_html_5420513.png

hello_html_m69f3d1c6.png









1)ҮІІ-ҮІІІ ғғ. Медресе 2)1825ж.Неплюев кадет корпусы

hello_html_4de487b0.pnghello_html_m7ee26549.png







3)1848ж.Омскідегі кадет корпустары 4) 1864ж.Ыбырай мектебі



uchitelskaya-seminariyahttp://www.kaznpu.kz/docs/kaznpuold.png







1920ж Мұғалімдер семинариясы 1928 ж. Абай атындағы ҚазПИ.http://nis.edu.kz/site/nis/repository/image/%D0%A8%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%B0%20%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%B9.jpghttps://pp.vk.me/c322220/v322220569/576f/pmiqyVq2Y58.jpg







1920 жылы Шымкент қаласында

Педагогикалық техникум,қазіргі педколледж 2009 жЗияткерлік мектептер



«Білгенге маржан» қосымша деректер:

1.Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің тарихы жайлы әңімелеу

2.Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағықоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.12 тарау,68 баптан тұрады.н тұрады


«Болжағыш ағашқа оралу»/сұрақтар қойылып, жауаптар алынады

-Болжаған мәліметтеріңізді алдыңыздар ма?

-Бұл мәліметтер сізге не береді?

-Мұның қандай пайдасы бар?

-Бұл мәліметтерді өмірде қалайша қолдануға болады?

Бағалау.1.«Басбармақ» әдісі. Формативті (қалыптастырушы) бағалау.

Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы мұғалім түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеру.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.


2.Мұғалімнің бағалауы;


Қорытынды.Рефлексия.

«Бес саусақ»тәсілі.Білімгерлер бір парақ қағаз алып, бір қолын қағаз бетіне қойып,қарындашпен бес саусағын айналдыра сызады.Содан соң осы саусақ суреттеріне нұсқау бойынша өз ойларын жазады.

Бас бармақ-басты мәселе.Бүгін сабақта ең құнды нәрсе не болды?

Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта немесе жұпта қалай жұмыс істедім,кімге көмек бердім,кімді риза еттім?

Ортан терек-ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек-шынайылық.Сабақ маған ұнады ма, неліктен?

Кішкене бөбек-көңіл-күй ахуалы.Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Видеоуроки
Просмотров175
Номер материала ДВ-336201
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх