Инфоурок Другое Статьи"Ер есім ел есінде"

"Ер есім ел есінде"

Скачать материал

 «Ер есімі-ел есінде»

 

Жаңаөзен  мектеп – гимназиясының 

9 «Ә»  сынып  оқушысы

Оғланбеков  Жақсылық

 

Жоспар

I-бөлім. Хақназар хан кім?

II-бөлім.Екі жақсы қосылса-өлгенінше дос болар.

III-бөлім.Сөздің ең ұлысы-тарих.

 

Мақсаты:Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау мен өркендету жолында тер төккен ер есімдерін жұртқа қайта дәріптеу.

І-бөлім.Хақназар хан кім?

 

Біз қазақ!

Ежелден-ақ қазақ болып аталған,

Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң

Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,

Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.-демекші қазақ хандығы бұдан 550 жыл бұрын құрылып, содан бастап барлық қиындықтарға мойымай, өзінің тәуелсіздігін сақтап қалғандығы аңғарылады. Және сол жолда талай батырлар, талай хандар, талай саңлақтар бар ғұмырын арнады. Соның ішінде:Керей мен Жәнібек, Қасым мен Тәуекел, Есім мен Тәуке, Абылай мен Кенесары хандар қажырлы қайрат көрсетті. Ал ұлы Отан соғысының отты жылдарында Бауыржан,Баубек,Рақымжан,Әлия,Мәншүк,Талғат, оның алдында Жоңғарларға қарсы күресте Қабанбай,Наурызбай,Бөгенбай батырларымыз ел тәуелсіздігін сақтау жолында  қан мен терін аямады. Аталмыш тарихи тұлғалардың ішінде алмағайып заманда өзінің ақылдылығы мен шебер дипломатиялық саясаткерлігінің арқасында елді 42 жыл бойы басқарып, және бүткіл қазақты біріктіре білген Хақназар хан туралы айтпасқа болмайды.

     Хақназар хан кім?Бұл сұраққа жауап берместен бұрын өзімнің өлең шумақтарыммен Хақназар ханның тегі туралы , яғн атасы Жәнібек пен әкесі Қасым ханға тоқтала кетуді жөн көрдім:

Қозыбасыға туын тігіп Жәнібек пен Керей хан,

Бүткіл қазақ жұртшылығын көк жалауға сыйдырған.

Тәуелсіздік сақтау үшін талмай еңбек сіңірген,

“Тарих” атты сахнасына қазақ елін қалдырған.

 

Бұдан кейін Қасым келді қазақтың алтын тағына,

Өсірді кеп халық санын бір миллионнан асыра.

Үш жүз мыңдай әскер жиып көзді ашып жұмғанша,

Дүрліктірді көршілерін өз жерінен тықсыра.-бұл жолдардан Хақназардың атасы Жәнібектің Керей ханмен бірігіп қазақ хандығын құрғанын, ал әкесі Қасым хан қазақтың ұлы ханы болғандығын аңғарамыз. Қасым хан дүние салғанда елде аласапыран кезең басталып, кішкентай Хақназардың басына үлкен қауіп төнеді. Сондықтан да ол Мұса бидің ұлы, Ноғай Ордасының солтүстік қанатын басқарып отырған Шейх-Мамайға тұрмысқа шыққан әпкесі Бұлдыр ханымды паналады. Ноғай дегеніміз болмаса, ол кезде бұл ордада Алшын тайпасының, Байұлы руларының, Қос таңбалы Таманың, Телеудің, Қара Қыпшақтардың, яғни кейініректе қазақ құрамына біржола енген қазақ руларының тұлғалары үстемдік етіп отырды. Осындай ортада өскен Хақназар қазаққа да, ноғайға да жақын хан тұқымына айналды.Ноғайлар оны “Хақназар сұлтан” десе, қазақтар оны “Хақназар хан”  дейтін. Сондықтан да ол, туыстас халықтардың арасындағы той-томалақтардың және дау-жанжалдардың арасында есейді.  Ноғай Ордасының толық билеушісіне айналуды көксеген Шейх-Мамай,өзінің ордасында хан тұқымдарын ұстап, оларды Ноғай Ордасының аймақтарын билейтін, өзіне бағынышты тұлғалар ретінде қалыптастыруды жөн көрді. Осы мақсатпен Шейх-Мамай өзінің қарамағында  Хақназарды ғана емес, сібірлік билеуші Ибақтың немрелері:Көшім мен Ахмед Гирейді де ұстады. Шейх-Мамай ақыры көздегеніне жетіп Ноғай Ордасының билеушісі болған тұста , 1537 жылы өзі басып алған қазақ жеріне  Хақназарды ақ киізге отырғызып, хан көтерді. Осылайша әкесі тәрізді  қазақ-ноғай ханы атанған Хақназар  қасиетті әке жолын жалғастырудың алғашқы мүмкіндігіне қол жеткізді.Алайда бүткіл қазақ даласының ханы болу үшін Хақназарға әлі орталық және шығыс аймақтардағы сұлтандарды мойындату керек еді. Мұндай билікке 1560 жылдары  немере ағасы Бұйдаш хан шайбанилықтарға қарсы күресте қаза тапқаннан соң ғана жетті. Сонымен  қоса ол қазақтардың және қырғыздардың басшысы болды. Енді үлкен күшке ие болған Хақназар 1555 жылы Моғол хандығының тақ мұрагері Абд әл-Латифтің көзін жойса, 1569 жылы ауыр соққы беріп, біржолата Ноғай Ордасын күйретті. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет Заки Уәлиди:”1569 жылы Хақназар, Шығай,Жалым сұлтандар бірлесіп, Ысмағұлдың баласы Ұрыс сұлтанға шабуыл жасады, осыдан соң, ұзақ тұриай ноғай мырзалары ақырындап елдерін Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон  сахараларына көшіруге, башқұрт елдерін тастауға мәжбүр болды.”-дейді. Сөйтіп  хақназардың хандығы шығыста Ертіс бойынан батыстағы Ембіге дейін, ал солтүстікте башқұрттар аймағынан оңтүстікте Сыр бойын алып жатты. Қазақтың ұлы ханы болып табылатын Тәукенің өзі орыстарға бірнеше рет елші жіберген, одан кейінгі Абылай орыстардың бодандығынан шыға алмаса, Хақназарға  орыстардың өздері сауда-саттық жасауды  ұсынды. Бұл Хақназардың  басқа қазақ хандарынан ерекше биік тұратындығын көрсетеді. Сол кездері орыс патшасы Иван Грозный патша Хақназарды құдіретті хан ретінде танып, оған  Третьяк Чебуков пен Семен Мальцев мырзаларды елшілікке жіберген. Алайда орта жолда Көшім хан елшілерді ұстап алып, өлім жазасына кеседі, себебі Көшім қазақ  пен орыстың бірігуінен қатты қорықты. Дей тұрғанмен, бұл қазақ пен орыстың арасындағы сауда-саттыққа еш бөгет бола алмады.Қазақ хандығының күшеюінен қорыққан Көшім хан  Бұхара ханы Абдолланы, ноғай билері Ұрыс пен Дінмұхаммед оған қарсы бірігіп күресу үшін одақ құрды. Алайда  шайбандық сұлтандар арасындағы өзара тартыстарды пайдаланған Хақназар шебер дипломатиялық жолдармен Абдолланы уақытша болса да өзінің жағына тарта білді. Ол Бұхара ханы Абдолланы ташкенттік Баба сұлтанға қарсы күресте қолдап, соңғыны өлтіруге әрекеттер жасады. Осыны сезген және бұрынғыдан да өшіккен Баба сұлтан Хақназарға қарсы зұлымдық әрекеттерге көшті. Түркістанға жақын Шарапхана өзені маңында Баба сұлтан өзімен кездесуге келген, Хақназар хан жіберген Жалым сұлтанды екі ұлымен және Хақназар ханның екі ұлын қапысын тауып өлтірді. Осыдан соң Баба сұлтан жедел қимылдап Хақназар ханның жасағына да тұтқиылдан бас салып, ханның өзін де өолтірді. Бұл 1580 жылдың көктемі еді. Осылайша орталықтанған мықты Қазақ хандығын қалпына келтіру бағытына батыл қадамдар жасаған және қазақтардың мақтан тұтар айтулы азаматына айналған Хақназар хан да тарих сахнасынан кетті.

 

ІІ-бөлім.Екі жақсы қосылса-өлгенінше дос болар.

Досы көпті жау алмайды дегенді жақсы білген Хақназар үнемі көршілерімен тату және би, батырларды жанында ұстады. Бірақ Қосай батырдың жөні бөлек. Кезінде Хақназар Ноғай Ордасына көшкенде Адай атамыз қасына өзінің немересі Қосайды да қосып жіберген екен. Сөйтіп Хақназар мен Қосай ноғайлыда бірге өседі. Хақназар хан қазақ даласында  XVI  ғасырдың ортасынан аяғына дейін хан болғаны белгілі. Нақтырақ айтсақ, 1538-1580 жылдар аралығында 42 жыл хан болған. Қосай сол ханның оң тізесін баса отыратын серігі, жауға шапса қол бастайтын сардары, дауға салса сөз бастайтын шешені, қиын түйін болғанда ақыл берер кеңесшісі болыпты.Осыған дәлел ретінде көп білетін шежірешілердің  бірі Қаржаубайдан Қосай туралы мынадай сөз қалған:

    Хақназар хан кеңесшісі белгілім,

    Билікпен сақтай білген елдігін.

    Түркістанды Баба сұлтан шапқанда

    Елге үлгі, аңыз болған ерлігің...

Қазақ даласына төнген сол тұстағы барлық шайқастарда да  ол көзге түскен. Құба қалмақ шапқыншылықтарында да Хақназар ханның оң көзі болып, жаудың бетін қайтарған.Құба қалмақ заманындағы бір шайқаста ол жаудың бас батыры  Доржы палуанды жеңсе, тағы бірде ойраттың Хорыл батырын ат артына бүктеріп, еліне олжа салады. Қысқаша айтқанда , халықи батыры болған орта ғасырлардағы Маңғыстау көсемі.Қосайдың осындай батырлығын дәріптейтін және Қосайдың қасиеттері туралы жазған адам көп. Соның ішінде Жаңаөзендік Өмірзақ Қалбайұлы  “Ер Қосай” атты дастан шығарған.

 

ІІІ-бөлім. Сөздің ең ұлысы-тарих.

Елім деп өткен  ерлерді біреу білсе, біреу біле бермейді. Әрине, бұл ерлерді ұмыттырмау үшін үкімет қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Мысалы, Қосай батырдың 500 жылдығына орай 2007 жылы Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылында Қосай бабамызға арналған мешіт ашылды., ал Хақназар ханның атына Шымкент қаласынан көше атауы берілді. Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Оған дәлел Қазақстан-Шымкент телеарнасының жаңалықтарынан үзінді мына видео дәлел бола алады. Яғни халық өздері Хақназар ханның көшесінде тұрып, оның кім екенін білмейді. Бірақ бұл мәселенің шешімі бар. Біздің болашағымыз-жастар. Ал қазіргі жастар тарихи кітаптар оқымайды немесе мұражайларға бармайды. Сондықтан да менің ұсынысым: Қазақстанның барлық  мектептерінде тарихи тұлғаларына  арналған  бұрыштар ашу. Сол кезде оқушылар бос кездерінде мектептен шықпай-ақ  қазақтың  батырларымен, хандарымен және  өзге де елімізге аянбай еңбек сіңірген адамдардың саналы ғұмыры туралы егжей-тегжейлі танысар еді.  Не дегенмен, келешек жас ұрпақ өзінің тарихын ұмытса, онда өзін де ұмытатыны хақ. Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы да өз сөзінде былай деген:”Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық.” Бұдан қазақтардың сонау қилы замандардан тек бірліктің арқасында ғана өткенін ұғынамыз.

Қорытынды ойымды мн өз өлең шумақтарыммен жеткізгім келеді:

”Тәуелсіздік түске жоқ қой аспаннан,

Тарихы бар тым әріден басталған.

Хақназар мен әз Тәукедей хандар бар,

Ақылы мен білек күшін сарпыған.”-яғни осындай бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруіміздің және қазақтың “қазақ” боп қалу процесінде елеулі еңбек сіңірген ұлы тұлғаларын әрекз есте ұстауымыз қажет. Себебі кешегісін білмеген халық, ертеңіне аяқ баса алмайды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ер есім ел есінде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 643 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Особенности применения диэлектрических материалов
  • Учебник: «Материаловедение. Отделочные работы. Учебник для студ. учреждений сред. проф. образования», В.А. Смирнов, Б.А.Ефимов, О.В.Кульков и др.
  • Тема: Глава 5. Материалы на основе неорганических вяжущих веществ
  • 09.06.2019
  • 355
  • 0
«Материаловедение. Отделочные работы. Учебник для студ. учреждений сред. проф. образования», В.А. Смирнов, Б.А.Ефимов, О.В.Кульков и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.06.2019 518
    • DOCX 21 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жайладова Гульзира Мунгеровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жайладова Гульзира Мунгеровна
    Жайладова Гульзира Мунгеровна
    • На сайте: 4 года и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 557
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов