Алтын
күз
Музыка
ырғағымен балалар екі-екіден қол ұстасып көңілді күймен залға кіреді.
Тәрбиеші:
Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап
Сайға барып бекінді
Анасынан ажырап
Қалған бала секілді
Құрметті
ата-аналар,тәрбиешілер №6-шы «Гүлдер» тобының Алтын күз ертеңгілігіне қош
келдіңіздер!
Тәрбиеші:
Алтын күз тойын тойлайық
Ән мен биге бастайық
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық.
Ән «Күзгі жапырақ»
Кезекті
балалардың тақпақтарына береміз:
Оразмағанбет:
Алтын сары, қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Гульфайруз:
Күзім-ау, күзім-ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.
Аяулым:
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап қазып алдық біз.
Нұрлан
: Қайың терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ
Жерге түсіп шашылған
Жер үрлесе қалтырап.
Ғалым:
Жаңбыр жаңбыр жауасың
Жанымызға дауасың
Біз ойнайтын аулаға
Тазартасың ауласын.
Ойын
«Алтын сары шарлары»
Тәрбиеші:
Кезекті балалардың тақпақтарына береміз:
Абдул
: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Аянат:
Қайырымды күз келді
Тартуы көп тиісті
Шабдалы бар ал қызыл
Алмасы хош иісті.
Ерасыл:
Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей.
Нұрайсын:
Қайтқан құсты көрдіңбе
Қаптай
ұшқан әуелеп
Кеткен күзім келдіңбе
Сыңсып бағып мәуелеп.
Тәрбиеші:
Қайың терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ
Жерге түсіп шашылған
Жер үрлесе қалтырап
Кейі жерге ілесіп
Ұшып кетіп барады
Балаларым айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар
хормен «Күз» деп айтады. Күз ханшайымы келеді.
Би: «Жапырақтар»
Тәрбиеші:
кезекті балалардың тақпақтарына береміз.
Мейрамбек
: Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің елжіреп.
Ақниет:
Ой балалар,балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егенін орыпты
Ой балалар,балалар
Ойналықта күлейік
Енді оқуға кірелік.
Әбілқайыр:
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап.
Сабира:
Қыстың қамын ойлаймыз
Күздің тойын тойлаймыз
Жасады той халқымыз
Жаса ,жаса Алтын күз!
Рамазан:
Жиып, теріп болатын
Қамбар астыққа толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Ән «Жомарт күз»
Тәрбиеші:
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Ой алақай тамаша
Би билейік жарқырап.
Алтын
күз мерекесіне «Буратино» биін білейді.
Би «Буратино»
Ойын «Жапырақтар»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.