Инфоурок Другое СтатьиЭссе Бала тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылықты дамытудың рөлі

Эссе Бала тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылықты дамытудың рөлі

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың

функционалдық сауаттылығын дамыту»

 

Бала тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылықты дамытудың рөлі

Рахимжанова Балжан Аманжоловна

 

Мұғаліммін, мұғалімді түсінем,

Алғыс алған, үлкеннен де кішіден.

Әділдікті ту ғып ұстап қашан да,

Ізгілікті байқатамын ісімнен.

 

Мұғаліммін, мұғалімді ұғамын,

Шықсам шыңға мұғалім боп шығамын.

Жақсылықты жанға қуат етем де,

Жамандықты мұғалім боп жығамын.

 

    Иә, мен өзімді бақытты сезінемін. Себебі мен-ұстазбын. «Ұстаз-ұлық емес, ұлы қызмет»,-дегендей жүрегімнің қалауымен ұстаз болдым. Өкінбеймін. Оған мына сөздерім дәлел болатындай: Ұстаздықтан асқан қиын да қызықты мамандық жоқ, оның жауапкершілік өлшемі адам тәрбиелеу. Мұғалім – әділ де турашыл, жоғары мәдениетті салмақты, сипатты да әдепті, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.

   Менің негізгі мамандығым биология пәнінің мұғалімі. Бірақ жүрегім өзін-өзі тану пәніне бұрылды. Мені көбі сынға алып, неге бұлай істеді деп ойлар. Себеп біреу ғана. Бұл - бала тәрбиесі. Отбасының да, балабақша, мектептің де мақсат-мүддесі біреу – ол болашақ бала тәрбиесі. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отырған. Бүгінгі таңда бала тәрбиелеуде бізді толғандыратын мәселе – жасөспірімдерді жаман қылықтан сақтандырып, өмірден өз орнын, өз жолын жаңылмай табатын, көздеген мақсаты үшін күресе білетін талапты да табанды ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Осы орайда бала тәрбиесін қалай жүзеге асыруға болады? Осындай бала тәрбиесіне қатысты көкейдегі көптеген сұрақтың шешуін – «Өзін-өзі тану» пәнінен табуға болады. «Өзін-өзі тану» баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

     Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы-рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдайды. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз, ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрінен сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырған жан. С Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі, өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды. Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қайырымдылық пен махаббат жүректен-жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың орнымыз ерекше.

  Иә. Ендігі сұрақ біз оқушы жүрегіне қалай жол табамыз? Жылылық нұрын қалай ұялатамыз? «Өзін-өзі тану» пәнінде қандай әдіс-тәсілдер қолдана-мыз? Бала тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылықтың  рөлі қандай?- деген сауалдар  туындайды.

   Бала тәрбиесінде функционалдық сауаттылықтың рөлі өте зор деп есептеймін. Менің пайымдауымша функционалдық сауаттылық  дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азамат қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.  Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: белсенділік, шығармашылық  тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алу, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.   Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.  Ал өзін-өзі тану пәнінде мен «Шаттық шеңбері», «Өзіммен-өзім»,  «Жүректен-жүрекке» т.б. әдіс-тәсілдерді қолданып,  әр бүлдіршін жүрегіне жол іздеп, болашағына бағыт-бағдар беруге тырысамын. Мысалға: «Шаттық шеңбері» арқылы балалардың күнделікті сабаққа деген көңіл-күйлерін көтеріп, ойларын жинақтатсам, «Жүректен -жүрекке» оқу іс-әрекетін өткізген сәтте сүйіспеншілік, адалдық, жақсылық жасау тәрізді ғажайып сөздерді балалар қуанышпен қайталайды.  Осы орайда «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген аталы сөзді алға ұстаған еліміздің Президенті  Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деп, мұғалімдер алдына үлкен жауапкершілік жүктеді. Осындай мақсат – міндетті түсінгендіктен менде сабағымды  жүйелі әрі қызықты етіп жасалған, түрлі әдіс-тәсілдерді қамтыған сабақ жоспарын құрып, өткізуге бел буам. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты».

    Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Жұмыстың жемісті, сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек. Ол үшін мұғалім бойында Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (бас, қол, жүрек) деп атаған қасиеттер міндетті түрде болу керек. Шульман көздеген кәсіби түсінік пен оқытудың тәжірибелік дағдылары мұғалімнің басты құралы болып келгені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал жүрек жылуын басшылыққа алатын Шульманның үшінші көмекшісі – кәсіби деңгейлік тұтастық. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанып, балаға мейірім және құрмет көрсете білетін әділ жан бола білгенде ғана, шәкірт сеніміне ие болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алады. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынайы қарым-қатынас орын алғандықтан біз сабағымызда жоғары нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл күйінің куәсі болып жүрміз.

Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы шарт. Себебі, елімізге заман талабына сай  құзырлы, қалыптан тыс ойлай алатын, нақты шешімдер қабылдай білетін, белсенді, креативті тұлғалар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қана  қоймай, балаларға тәрбие беру, жеке қасиеттерін, қабілеттерін дамыту әр ұстаздың басты мақсаты болғай.

Өз ойымды қорытындылай келе «Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», – деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.

«Бала ойынмен, дана ойымен өседі»,- дейді дана халқымыз. Бала өмірінің жақсы болуы үшін, үш қасиетті басшылыққа алуымыз керек. Адал еңбек, таза ар, шынайы жүрек, бала бойында ішкі жан дүнисінде болып жатқан өзгерісті қалт жібермей байқап, ізгілікке, жетелеуде, өзін-өзі тану пәнінің ықпалы зор екендігіне өз басым сенімдімін.

Балаға қуаныш пен бақыт сыйлап, терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін ұялата білсек, ертеңгі азаматтың тұлға болып қалыптасуына ықпал етері сөзсіз.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе Бала тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылықты дамытудың рөлі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 348 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 954
    • DOCX 47.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимжанова Балжан Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20051
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе