Инфоурок Другое Другие методич. материалыЭссе. Курстан кейінгі ойлар

Эссе. Курстан кейінгі ойлар

Скачать материал

Курстан кейінгі ойлар 

 

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын.Ұстаздарға жүктеліп отырған осындай жауапкершілікті сезіне отырып 2014ж 3.03-8.06 аралығында   үш айлық деңгейлік курстың бірінші /ілгері / деңгейі бойынша оқуға барған едім. Курстан алған әсерлерім және негізгі мәселе жеті модуль туралы алғашқы бетпе-бетте әріптестеріммен ой бөлісіп, дамыту жұмыстарын жүргізген едім.Іс-әрекеттегі зерттеудің бірі -сабақтарға қатысу болатын. Мен   зерттеу әрекетімнің  мақсатын түсіндіріп, бірнеше мұғалімнің  сабағына қатыстым,сабақтар туралы өз пікірімді айттым. Әрине сабақтардың бірсарынды жүретіні, оқушылардың сабақта  белсенділік танытпайтыны, өте керемет деген  сабақтың өзінде барлық тапсырмаларды мұғалімнің  өзі дайындап келетіні жасырын емес еді. Оқушылар тек дайын білімді алды. Мектептің алдында оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен ынтасын арттыру проблемасы тұрды. Мұғалімдермен келісе келе мектептің даму жоспарында"Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттыру" проблемасын алдық. Сабақта оқушылардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін  әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдану керектігін және  сабақта қолдануға тиімді модульдерді пайдалану жолдары туралы кеңес бердім. Бізді қуантқан бір жай ол мектеп басшысының да деңгейлік бағдарлама бойынша мектеп басшыларына арналған курстан өтіп жатқандығы болды.Жаз айлары түрлі тақырыптарда мектеп басшысы өткізген коучингтерге қатысып жаңа бағдарлама жөнінде білімімізді толықтыра түстік. Мектеп ішінде мұғалімдер қоғамдастығын құрып, қоғамдастық жұмысы жайында отырыстар өткіздік. Бүгінгі күнде 8-сынып оқушылары мен мұғалімдер "Болашақ бізден", ал мұғалімдер "Жамбыл ұстаздары" атты желілік байланыста, оған күннен-күнге басқа мектеп мұғалімдері де қосылып желі аясы кеңейе түсуде. Бірнеше әріптестеріммен тамыз конференциясында пәндік сексия жұмыстарында коучингтер жүргіздік, қазіргі таңда әріптестерім басқа мектептерге барып өз іс-тәжірибелерімен бөлісуде, облыстық, халықаралық деңгейдегі конференцияларға қатысуда. Ал мектепте ашық сабақтар, коучингтер жүргізіп, деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өтпеген әріптестерімізбен тәжірибе алмасудамыз.Нәтижеміз де жоқ емес.Топтық жұмыста балалар белсенді , сабақтарға бар ынтасымен қатысуда, "келесі жолы топқа мен бөлейінші" деп түрліше әдіс-тәсілмен топқа бөлу амалдарын да ойластырып келеді.Оқушылардың топтық жұмыстағы белсенділіктері артып келеді , біреуі    сурет салса , екіншісі оны бояп, үшіншісі өз ойын дәлелдеп түсіндіріп жатады.Жасыратыны жоқ, кейде топқа бөлмей-ақ сабақты бастағалы жатсаң "Топқа бөлінбейміз бе?"деген наразылықтарын да байқап қаласың. Әр сыныпта болатын үлгерімі төмен немесе шеттетілген оқушыларымыз да біртіндеп сабаққа тартылуда.

   Мен тәжірибеммен алмасу мақсатында 8-сыныпта "Баяндауыш", "Толықтауыш" тақырыптарында ашық сабақтар өткіздім. Сабақтарымда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топқа бөлу, оқушының білімді  өз бетінше меңгеруін, жинақтау бөлімінде жаңа білімге өзіндік көзқарас білдіре алуын, бірін-бірі формативті бағалау,өзін-өзі бағалау және бағалаушы оқушының бағалауы негізінде қорытынды баға қою, сабаққа кері байланыс алу сәттерін барынша тиімді жолмен көрсетуге тырыстым.Соңында оқушылар мен мұғалімдердің кері байланысы ұнады.Кері байланыс алу кезінде оқушылардың өзіндік пікірлері қалыптасып қалғандығы байқалды. Алғашқы кездерде "топқа бөліну ұнады", "сабақ қызықты өтті" деген пікірлер айтылса,енді ұсыныстар нақтырақ, мысалы "сергіту сәті жүргізілсе," "қасымыздағы топтар топ ережесін сақтап,басқа топ жауаптарын көңіл бөліп тыңдаса,"бір-бірімізге доп лақтыру арқылы сабақта қорытындылау ұнады"т.т. Сабаққа қатысушы орыс тілі пәнінің мұғалімі Балабекова С.Н. қысқа мерзімді жоспарды қалай құрғанымды түсіндіруімді сұрады, ал тарих пәнінің мұғалімі Шитенова Қ.С. түрткі сұрақтар арқылы диалогтік тәсілдің сәтті жүргізілгенін атап өтті.Математика пәнінің мұғалімі Сағатова Ә.Т. бұл сабақта 7 модульдің тиімді қолданылғандығына тоқталды.

  Міне, жылдан аса жұмыс жасадым. Осы кезең маған не үйретті, мен не үйрендім?  Бұл кезең менің бойымда нендей өзгерістер қалыптастырып, педагогикалық қызметіме қандай өзгерістер енгізді?

  Мен  бұл бағдарлама аясындағы  модульдерді ықпалдастыра отырып, сабақ құрылымын жасауды, қысқа мерзімді, орта мерзімді сабақ жоспарларын жасауды үйрендім.  Оқушыларда топпен жұмыс жасау арқылы білімді  меңгеруде белсенділік, өздеріне деген сенімділік, шығармашылық, өзара сыйластық қарым-қатынастардың пайда бола бастағанын көрдім.Оқушылармен, ұстаздармен   кері байланыс жасай отырып,олардың пікірі құнды болатынын ұқтым. Оқушылармен бірлесе жұмыс жасау арқылы олармен үндесе білуді үйрендім. Бағалаудың мәнінің зор екенін білдім. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы арқылы олардың оқуға қызығушылығы мен өз білімдеріне сенімі артатынын байқадым.Қазіргі таңда желілік қоғамдастық арқылы көптеген ұстаздармен байланыстамын.Кейбірін көрмесем де жариялаған материалдары, жіберген пікір -көзқарастарынан -ақ жақын танитындай қарым-қатынастамын. Олардан үйренерім де өте көп, қажетті материалды да еш қиындықсыз табуға болады.

 «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деп  Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, әріптестеріме жас ұрпаққа жаңаша білім беруде уақыт көшінен қалыспайық дегім келеді.

 

                                                                    Жарлығапова Бибігүл Алтайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе. Курстан кейінгі ойлар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 2310
    • DOCX 18.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жарлыгапова Бибигуль Алтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жарлыгапова Бибигуль Алтаевна
    Жарлыгапова Бибигуль Алтаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11065
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе