Инфоурок Другое Другие методич. материалыЭссе " Менің тәрбиеге көзқарасым"

Эссе " Менің тәрбиеге көзқарасым"

Скачать материал

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл» деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен мен толығымен келісемін. Себебі, тәрбие ақылмен тығыз байланысты. Адамды адам қылатын - ақылы. Ақылсыз адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды. Халқымызда  “Ақылдыға ерсең адаспайсың” деген нақыл сөз бар. Тәртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ бетіне қарамайтын бала қалай білімді бола алады? Бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болса ғана білім алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ қалыптасады дейді, сондықтан білімді болған жөн деседі. Білім алғанның бәрі  жақсы тәрбиелі бола алмайды, білім алу үшін де тәрбие қажет. Сондықтан баланы дұрыс тәрбиелеу  бәріміздің  борышымыз. Бала-біздің болашағымыз. Баланы дұрыс тәрбиелеу - тек ата-ананың  ғана міндеті емес. Бұл баршаның ісі. Жас ұрпақты тәрбиелеуші ретінде ойға түйгенім - адамды тәрбиелеу үшін тәрбиеленушіні барлық жағынан білу, жан дүниесін зерттеу шарт екен. Кезінде ұлы педагог С.Ушинский: «Оқушыларға жан - жақты тәрбие беру үшін оны жан - жақты зерттеп білу керек» - деген. Мен, ата-аналардың көздерінің нұрындай балаларын  маған сеніммен тапсырып алдыма әкелген жас ұрпақтың  ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамымызды өркендетуге қабілеті мен қарымы жететін азамат,  жеке тұлға тәрбиелеу үшін, оларды өз бетімен білімді алуға, терең ойлап, ойын дұрыс жеткізе білуге үйретуім керек. «Тәлім - тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс» /С. Ушинский/,  яғни, әр баланың бойына ұлттық сезім, ұлттық үрдіс дарыту – біздің міндетіміз.
Мен - ұстазбын, мен - мұғаліммін, мен - зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын - тәрбиешімін. Өзім бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, сынып жетекшісі ретінде бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін.
«Тәрбие басы – тал бесік» деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты. Қазіргі заман  талабына  сай  оқу-тәрбие жұмысының түрлері, өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып отыр. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын мектеп болғандықтан, бұрынғыдан да зор жауапкершілік артуда. Әр шәкірт мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан. Осы тұрғыдан алғанда мектеп – бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әртүрлі факторлардың үйлестіріліп, біріктірілудің орталығы. Мектептің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Сынып жетекшілер – оқушылардың екінші ата-анасы ретінде бірге жүріп, халыққа ғасырлар бойы өз ұрпағын тәрбиелеп келген тәжірибесінен үлгі көрсетуді мақсат-мұраты санайды. Сынып жетекші оқушыға материалдық жағдай жасамағанымен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер – адамгершілік құндылықтарымен қамтамасыз етеді. Мектеп пен ата-аналар  ынтымақтаса  жұмыс  жүргізсе, балаларға  тиісті  көңіл  бөле  білсе,  олармен  санаса  білсе, келе-шектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз. Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев  «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.  Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның  іс-тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына байланысты. Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ  жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға – мұғалім. Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттерге анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі  шарт. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн. Бүгінгі күні сынып жетекшісі-кәсіпкер, педагог, ол өсіп кележатқан бала үшін:

1.     Жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

2.     Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын  ұйымдастырушысы;

3.     Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен олардың дамуын бақылаушы;

4.     Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелі ықпалдар жасаушы;

5.     Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестірушісі.

«Менің тәрбиеге көзқарасым» тақырыбындағы шығармашылық шағын эссемді Төле бидің сөздерімен қорытындылап, аяқтағым келеді: «Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар, бәрінен ардақтысы - өмір, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық!», яғни оқушыларым әлі талай шыңдарды бағындырар, олардың жеткен жетістіктері менің де жетістіктерім деп есептеймін. Олай болса, білім мен тәрбиені бір арнаға құю үшін мектеп мұғалімдері , ата-аналар, мектептен тыс мекеме педагогтары баланың бос уақытын тиімді өткізуге қолдау көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді. Ел ертеңі бүгінгі және келешек ұрпақ үшін нақты да нәтижелі, сапалы да саналы жұмыстар атқару  –  біздің міндетіміз.

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы  Үржар ауданы

Келдімұрат ауылы

«Благодарное орта мектебі» КММ

 

 

Менің тәрбиеге
 көзқарасым

(эссе)

 

Дайындаған:   2 «Б»     сынып   жетекшісі

Садвакасова Толкын Солтанмуратовна

 

 

 

2016 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе " Менің тәрбиеге көзқарасым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 3452
    • DOCX 21.1 кбайт
    • 31 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садвакасова Толкын Солтанмуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47197
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой