Инфоурок Другое Другие методич. материалыЭССЕ «Мәңгілік елдің жаңа форматты мұғалімі»

ЭССЕ «Мәңгілік елдің жаңа форматты мұғалімі»

Скачать материал

 ЭССЕ «Мәңгілік елдің жаңа форматты мұғалімі»

 

            Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуге тиісті.  «Мәңгілік Елдің» келешегі тәуелсіз мемлекетіміздің жас қыранды ұл-қыздарының қолында. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауында: «Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру» деп атап өткен болатын. Ел келешегін бәсекелі елдердің қатарына қосатын өскелең ұрпақты кемел біліммен байытатын білім беру жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті тұлға даярлау болса, мәңгілік елдің заманауи мұғалімі өз елі мен жерін, мамандығын, отбасы мен оқушысын шынайы сүйетін маман болумен бірге өзгермелі заманның педагогикалық технологиясын игерген, қажеттілікке сай біліктілікті арттыруға даяр рухани қазыналы ізденімпаз, шығармашыл тұлға болуы тиіс. 

            Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, оқу орнын сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

            Ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

- Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

- Қызметке бейімділігі

- Кәсіптік білімі мен біліктілігі

- Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

- Ұйымдастырушылық қабілет

- Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды.

            Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтатын ел тізгінін ұстар ертеңгі тұлғалар бүгінгі жас ұрпақ екенін ескерсек, рухы биік, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болуға бет бұрған елдің болашағы оқу орнына да байланысты екенін ұмытпаған абзал.

            Мәңгілік Елдің жаңа форматты мұғалімі оқу үдерісіндегі барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз еліміздің көк байрағын әрдайым биікте желбірете беруіне өз үлесін қосып, Елбасымыздың «Мәңгілік Елге» бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі мамандық жолында білімді шәкірт дайындаудан шаршамайық. Әлемнің озық елдері арасында Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін.

 

Арнайы пәндер-1 циклдық комиссиясының

оқытушысы М.Д. Меллатова

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЭССЕ «Мәңгілік елдің жаңа форматты мұғалімі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 1517
    • DOCX 14.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Меллатова Мадина Даулетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Меллатова Мадина Даулетовна
    Меллатова Мадина Даулетовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69257
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов