Инфоурок Другое Другие методич. материалыЭССЕ "ҰСТАЗ – КИЕЛІ, ӘРІ ӨТЕ КӨНЕ МАМАНДЫҚ"

ЭССЕ "ҰСТАЗ – КИЕЛІ, ӘРІ ӨТЕ КӨНЕ МАМАНДЫҚ"

Скачать материал

               ҰСТАЗ – КИЕЛІ,  ӘРІ ӨТЕ КӨНЕ МАМАНДЫҚ !

 

 

 

 

        Мен -заманауи мұғаліммін.  Тарихқа үңілсек, халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған . Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ұстаз – сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Оз басым, ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі деп ұғынамын. 

      Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім.  Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, Алаш арысының осы сөзі ескірген емес. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Ал, баланың білімге, оқуға деген қызығушылықтарын оята білу ол біздердің, яғни ұстаздар қауымының басты міндеті деп білемін.

        Ұстаз – киелі әрі өте көне мамандық.  Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық– ұстаздық.  Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.  Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.

      «Мен  - мұғаліммін» дегенді  кейбіреулер өкінішпен, екіншілер ұяла дауысын бәсеңдете, ал тағы басқасы жасқана  айтады, ал мен болсам өз мамандығын мақтан тұтатын , алғанынан  берері мол жүздеген педагогтар сияқты,  ұстаз болғанымды мақтан етем! Өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым . Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет-  балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана  болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясаты мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Біріншіден,ол- өз кәсібінің майталманы болу керектігі айтпаса да түсінікті. Осы мақсатта,  Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттік қызыққа толы өмірде  білім нәрін сусындатып , дипломды маман атандым . Әрине, ұстаз болу жоғарғы  педагогикалық оқу орнын бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың- бұл менің  ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі.   ХХІ ғасыр- бұл ақпараттық қоғам дәуірі,  технологиялық мәдениет дәуірі. Сондықтан, екіншіден,  күнбе күнгі көп қырлы  ұстаздық еңбегімде өмірдің көшінен қалмай, яғни білім мен біліктілікті әрдайым жетелдіріп,  жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыру керектігін түсіндім.  

       Мен сабақтарымда  бірсарындылықты ұнатпаймын, сондықтан әрдайым оқушылар үздіксіз ізденіс үстінде . «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»  ,-деген Альберт Эйнштейннің сөзі мақсатым.  Ойлап шығару, жүзеге асыру, топтық жұмыс, жеке жұмыс, даралап оқыту, сан алуан дамыту ойындары – қалыпты  сабақ үлгісі.  Ұстаз ретінде тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын:тәжірибе алаңы, ғылыми конференциялар, ғылыми жобалар сайысы, зияткерлік ойындар қолданамын. Ұлы  ағартушысы Уильям Уорд:  – Жай мұғалім хабарлайды,  Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, – деген сөздерін ой елегінен өткізіп отырамын.  Жылма жыл курстарға қатысып, тәжірибе жинақтау, алмасуды жөн санаймын.

    Әрдайым есімнен ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл – Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек.

       Алдымен рухани қуат беру керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау арқасында   қанша тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіріп, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткіздік десенші! Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, бұл нағыз мақтаныш емес пе?

     Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. 

 



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЭССЕ "ҰСТАЗ – КИЕЛІ, ӘРІ ӨТЕ КӨНЕ МАМАНДЫҚ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мен -заманауи мұғаліммін. Тарихқа үңілсек, халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған . Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ұстаз – сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Оз басым, ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі деп ұғынамын.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, Алаш арысының осы сөзі ескірген емес. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Ал, баланың білімге, оқуға деген қызығушылықтарын оята білу ол біздердің, яғни ұстаздар қауымының басты міндеті деп білемін.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 536 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2018 874
    • DOCX 24.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байгазина Гаухар Танаткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байгазина Гаухар Танаткановна
    Байгазина Гаухар Танаткановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8864
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 76 человек