Инфоурок Другое СтатьиЭстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы

Эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы

Скачать материал

Эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы.

 

Есказинова Бейбітгүл Ағанасовна

№68 МИББ кешені

Тәрбиеші

 

Қоғамның даму жағдайында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады. 
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. 
Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, олар ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз. 
Сондықтан тұлғаның жан-жақты үйлесісімді дамуында әрбір адамның өз өмірін «әдемілік заңы» бойынша құруға тырысуы қажет.  Қазіргі кезде мектеп оқушыларының эстетикалық көзқарастарын дамытуда, оларды жан-жақты етіп тәрбиелеуді мектеп мұғалімдерінен күн санап талап ететін мәселесі. «Эстетика сөзі»  грек тілінен алынған. Сезім, түйсік деген мағананы білдіреді. Олай болса эстетика-өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы
 биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады  В.Г.Белинский: Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы.Онсыз, бұл сезімсіз, данышпан да, талант та, ойда да жоқ. Эстетикалық сезім-ізгілік негізі адамгершілік негізі- деп түсіндіреді. Эстетикалық тәрбие болмыстығы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулықпен әсемдікті, эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің ең басты салаларының бірі.

Жалпы эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру, жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту болып табылады.

Оның негізгі компоненттері:
•  Эстетикалық қабылдау.
•  Эстетикалық сезім.
•  Эстетикалық талғам.
Эстетикалық  қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдау объектісі бола алады. Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті. Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат дегеніміз – адамдардың көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі, адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нәрсесі. Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар – құрбыларына, ересектерге еліктейді. Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері де бар. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

-  Әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге көзқарасына, түсінік- құлықтарына игі әсер ету;

-  Қоғамды, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсіне, байқай білу қабілеттерін дамыту;

-  Эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу;

-  Баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына көмектесу.
         Эстетикалық тәрбиені өмірден, шығармашылық белсенді іс-әрекеттен бөлуге болмайды. Қайта осы өмірмен тығыз байланыстыра отырып, біз ақыл-ой адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесі проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік туғызады. В.Н.Шацкая. «Эстетикалық тәрбиенің негізгі мақсаты мен мәні» атты мақаласында эстетикалық тәрбие дегеніміз – айналаға қатысты болмысты, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркемөнер құбылыстарындағы  әсемдікті сезіну, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу. 
В.Н.Шацкаяның «Балалардың жанұядағы эстетикалық тәрбиесі» атты кітабы оқушыларға берілетін эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырады. Кітапта баланың эстетикалық мүмкіндігі мен қабілетін тәрбиелеуде мына мәселелерге назар аударылған: 
- көркем өнерге, табиғатта, қоғамдық өмірде, адамдардың тұрмыстық қатынастарында әсемдікті дұрыс тануды тәрбиелеу; 
- құбылыстарды, түрлі сезім, сенімдерді: талғамдар балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдауын, оның бірте-бірте қалыптасуын дамыту; 
- баланың көркемдік қабілетін дамыту, білімнің іскерлігін қалыптастыру. 
          Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі жинаған мол тәжірбиесін меңгеру қажет. Халық әрдайым әсемдікті іздеуін қолдан жасады, оны өмірге, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінуге тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.  Эстетикалық  тәрбие  адамды  дүниедегі  әдемілік  атаулыны  бағалай  білуге  үйретеді,  өнер  шығармаларын  тануға,  қастерлеуге  баулиды. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу олардың рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады.

         Тәрбие отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі - ақылдық көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра түту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары. Сонымен қатар эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздық бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.

Оқушыла рдың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады. Сонымен қатар мектепте музыка, әдебиет кештері өткізілсе, онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстар айтады. Балалар  әдебиетті  оқуға, кинофильмді, теледидарды,спектакьді  көруге,  музыканы  тыңдауға  өте  ынталы  болады.  Әр  түрлі  әдеби, музыкалық  шығармалардағы  іс- әрекеттің  оқиға  желісін  дұрыс түсіну  үшін, балаларды  көп  ізденуге  үйрету,  бағыт  беру  ұстаздардың  басты  міндеті.

Адамдардың  эстетикалық  сезімдері  олардың  өмірінде  зор  роль  атқарады.  Әсемдікті  көре,  түсіне,  жасай  білу  адамның  рухани  өмірін  байытады,  қызғылықты  етеді,  оған  ең  жоғары  рухани  ләззаттануға  мүмкіндік  береді. Біз  әр  адамның  адамгершілікті  тұлғалық  мәнін  жан – жақты   дамытуға  ұмтыламыз,  сондықтан  әр  баланың  сезім  нәзіктігін,  көркемдікті, әсем  нәрсені  сүйетіндей  дамытуымыз  керек. Адам  белсенді  түрде  өмірдегі  әдемілікке, көркемдікке өз   үлесін  қосып,  оны  көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан  қорғауы  қажет. Біз балаларды  эстетикалық  белсенділікке  тәрбиелей  отырып, оларды  өздігінен   ілтипатты  оқырман, қайырымды  көрермен,  сезімтал  тыңдаушы  болуға  үйретуіміз  қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995

Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1990.

С.Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие. - Алматы, 1995.

Қонақбаева Р. Д. Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу.
                                                          Бастауыш мектеп №5 2008 ж.
WWW. Google. kz

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 375 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2017 6856
    • DOCX 44 кбайт
    • 57 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есказинова Бейбитгул Аганасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77456
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой