Инфоурок География Другие методич. материалыФормирование экологической грамотности учащихся на уроках географии

Формирование экологической грамотности учащихся на уроках географии

Скачать материал

Сабақ үрдісінде оқу-ізденіс  әрекет арқылы оқушылардың экологиялық                    құзыреттілігін  қалыптастыру.

Адамзат тарихы табиғат тарихымен үздіксіз байланыста. Заманауй кезеңде табиғаттың адаммен дәстүрлі өзара әрекеттестігі сұрағы жаhандық экологиялық мәселеге айналды. "Экология" терминін алғаш рет  1966 жылы Э. Геккел енгізген еді (грек тілінде oikos – үй, тұрақ, logos -  ғылым), ол экологияның зерттеу объектісі жанды тіршіліктің қоршаған ортамен байлынысы болып табылады деп санады. Заманауй ғылымда «экология» түсінігі биологиялық аямен шектелмейді. Адамды және оның өмірін қоршаған орта элементтеріне әлеуметтік-экономикалық, техникалық-технологиялық, табиғи, мәдени, ақпараттық жағдайлар кіреді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жүйесінде мектеп оқушыларына экологиялық білім беру айырықша орынға ие. Экологиялық білім беру мен тәрбилеу проблемасының өзектілігі күннен күнге артуда. Бұл адамның экологиялық мәдениетін арттыру, Жер бетіндегі адамдардың өмірін сақтау мен жақсарту қажеттігінен, қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру, табиғи байлықты тиімді пайдалану мен көбейту   қажеттігінен, адамның экологиялық проблемаларды жеке адам үшін маңызға ие проблема ретінде сезіну төмендігіне қарсы шығу мақсатында  туындауда. Мектепті бітірген соң түлектер өндірістік әрекеттерге араласады және оларға экология мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты күрделі өміршең проблемаларды шешуге тура келеді. Маманның болашақ экологиялық сауаттығы, білімі мен мәдениетінің негізі бүгінде, мектеп қабарғасында қалыптасады Экологиялық білім негізін қалыптастыру болашақ маманның құзыреттілігісіз мүмкін емес. Құзыреттілік  бүгінде қоғам мен әлемді жаhандандыру талап етіп отырған жаңа ағым. Заманауй кеңауқымды экологиялық дағдарыс және қоғамдық дамудағы табанды даму идеясына біртіндеп көшу жағдайында бұл тәсілдеме мектеп оқушыларының заманауй қоғамдық құрылымды қабылдауында үлкен рөл атқаруы мүмкін.

            Құзыреттілік   дегеніміз не?

            Білім берудегі құзыреттілік   тәсілдемесі  «білімді меңгеру» тұжырымдамасына қарама-қайшы түсінік ретінде оқушылардың жаңа, белгісіз, өзекті, алдын ала тиісті құралдарды ойластырып қою мүмкін емес  жағдаятта  қолданылатын білімді меңгеруін қарастырады. Ол білімді осындай жағдайды шешу барысында табу және тиісті нәтижеге қол жеткізу  қажет.

            Құзыреттілік  дегеніміз не? Құзыреттілік – адамның білімін, дағдыларын және сыртқы ресурстарын нақты өмірлік жағдаятта тиімді пайдалана білуге дайындығы.  Құзыреттілік – белгісіздік жағдайында әрекет етуге әзір болу. Заманауй қоғам оқушының алдына үнемі белгісіздік жағдайын туындатады. Заманауй әлемнің жиі өзгеріп отыратын жағдайына байланысты мектеп оқушысының құндылығы мен артықшылыққа ие кәсіби бағдары ұдайы өзгеріп отырады. Бұл сұрақтарды құзыреттілік  арқылы шешу үшін келесі кешенді  міндеттерді шешу қажет. Бірінші міндет – оқуды үйрету. Яғни, оқушының оқулық және танымдық міндеттерді өздігінен шеше алатындай жағдай туғызу. Оқушысы үшін бұл міндеттің басты қорытынды нәтижесі – оқуға қабілеттілігі. Екінші міндет – нақты құбылысты түсіндіре білуге үйрету. Тек ғылым бойынша ненің қалай аталатынын ғана емес: техногенді ланшафт дегеніміз не? немесе қандай өсімдіктер болады және т.б.,  сонымен қатар, түсіндіре білуге үйрету. Мысалы, неліктен жапырақтың түсетінін немесе техногендік ландшафтың шығу тегі мен олардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіре білу қажет. Көп жағдайда оқулықта бұндай түсініктеме берілмеген. Үшінші міндет – рухани құндылық әлемінде бағдарлай білу. Әр халықта, әр мәдениетте рухани құндылықтың әр түрлі болатынын түсіну, демек, сөз құндылықтар қатынасының өзектілігі туралы болып отыр.

            Осы кешенді міндеттерді шешу оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыруға жол ашады. Ал экологиялық құзыреттілік оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстары арқылы қалыптастыруға болады. Ғылыми-ізденіс әрекеті өз бетінше ойлауды, ақпарат таба білуді, болжауды, қалыптан тыс шешім қабылдауды дамытуды көздейді. Оқу-ізденіс міндеттері әдісі әр сала білімін үйлесімді шоғырландыруға және жаңа идеяларды туындата отырып, оны практикада қолдануға жол ашады. Оқу ізденісі ғылыми зерттеу логикасын сақтайды, бірақ одан адамзат үшін объективті жаңа білім ашпайтынымен ерекшеленеді. Психология, социология, экология сияқты салалардағы бір бағытты қолданбалы, экспериментальді сипаттағы оқушылар зерттеуінің нәтижесі белгілі бір объективті жаңалыққа жеткізуі мүмкін (мысалы, шағын су қоймасындағы, мөлтек аудандағы экологиялық жағдайды зерттеуге арналған жұмыс).  Оқу-ізденіс бірпәндік, пәнаралық және пәнүстілік болуы мүмкін.

1. Бірпәндік ізденіс – бұл дәл осы пән бойынша қандай да бір проблеманы шешуге арналған білімді жұмылдыруды көздейтін нақты пән бойынша орындалатын зерттеу. Бірпәндік ізденіс жасау нәтижесі жеке бір оқу пәнінің аясынан шықпайды және оны зерттеу процесінде алынуы мүмкін. Бұл зерттеулер оқушының нақты бір пән бойынша білімін тереңдетуге бағытталады. Бірпәндік ізденіс үлгісі ретінде географиялық факт мысал бола алады: «Ауа массаларының климаттың қалыптасуындағы ролі». Бұл жағдайда оқушы зерттеу жұмысын жүргізгенде жеке оқу пәнінің аясынан шықпайды, математикаға (алгебра, геометрия), биологияға, химияға және т.б. пәндерге тимей  тек бір географиялық бағытта «қазады».

2. Пәнаралақ ізденіс – бұл бір немесе бірнеше білім беру саласының әр түрлі оқу пәндерінің білімін жұмылдыруды талап ететін проблемаларды шешуге бағытталған зерттеу болып табылады. Бұл зерттеу оқушының бір немесе бірнеше пән бойынша, немесе білім беру саласы бойынша білімін тереңдетуге бағытталады.

Пәнаралық оқу зерттеуін кейде шоғырландырылған зерттеу деп те атайды. Мысалы,      «ҚР энергетикасының экологиялық проблемалары»  атты ізденіс жұмысы. Бұнда төрт  пәнінің тоғысуы байқалады: тарихтың, географияның, химияның және экологияның. Оқу- ізденіс жұмыстарын орындау барысында оқушылар келтірілетін зиянды зерттеу жобасын әзірлейді және осы проблема бойынша іс-шараларды анықтайды.

3. Пәнүстілк ізденіс – бұл жоғары сынып оқушылары үшін жеке маңызға ие нақты проблеманы зерттеуге бағыттылған  оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекетін қарастыратын зерттеу. Ізденіс оқушының әр түрлі білім беру саласының мұғалімдерімен өзара әрекетті көздейді. Мысалы: «Урбанизация және адам денсаулығы».

Экологиялық құзыреттіліктің қалыптасуына сабақта өткізілетін шағын ғылыми-ізденіс жұмыстарының жүйесі де айтарлықтай рөл атқарады. Шағын зерттеу тақырыптары әр түрлі: су ресурстарын зерттеуден ластану көзін анықтауға дейін, жергілікті ландшафты зерттеу, техногендік ландшафтың пайды болу себептерін және олардың пайда болуына жол бермейтін шараларды анықтау. Мысалы, 6-шы сыныптың «Адамның табиғат кешеніне әсері» тақырыбын оқығанда адамның табиғатқа теріс және оң ықпалдарының мысалдары келтіріле отырып, адамның қоршаған ортамен өзара байланысы проблемасын қарау ұсынылады. Оқушыларға мынандай сұрақ қойылады: Үлкен алаңда орманды кесіп тастағанды көз алдарыңа келтіріңдерші. Не болады?

- Үлкен аумақты орманның шабылуы мен өзендердің грунтан қоректенуінің азаюы мен таяздауының өзара байланысын анықтаңдар? 

Үлкен аумақтағы орманды кесу

Ормансыз жазықтықтан су тез ағады

Cу аз сіңіді

 


Грунт  суының деңгейі төмендейді

 

 

 

Грунттық қоректену азаяды

Өзендер таяздайды

 

Ал енді басқа мысалды қараймыз, жоғары жағында су қоймасы жиналатын өзенге плотина жасаса не болады?

 

Тақтаға сызба жасалады:

Өзенге плотина жасайды

 


Суқоймасы жасалады

 


Өзендегі су деңгейі көтеріледі

 


Маңайды су басады

 

Жер батпаққа айналады

 

Мұғалім «Табиғатқа көмек» ережесін жасауды ұсынады:

1. Су қоймаларын қоқыспен ластама.
2. Ағаш отырғызуға және оларды қорғауға қатыс.
3. Орманда от жақпа. Өзіңнен кейін қоқыс қалдырма.
4. Гүлдерді жұлма, ағаш бұтақтарын сындырма.
5. Жануарлар мен өсімідктерге көмек көрсет. Ешқашан табиғатқа зиян келтірме!

 

 

 

Жоғары сыныптарда оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары күрделенеді.

Сабақ тақырыбы: Энергетиканың экологиялық  проблемалары.

Мақсаты: Энергетиканың экологиялық проблемаларының қоршаған ортаға әсерін және қоршаған ортаны ластауды азайту тәсілдерін зерделеу.

Міндеттері:

  1. Оқушылардың энергетика құрлымы туралы және өлке аймағындағы электр станциялардың типтері туралы білімін кеңейту;
  2. Электр станциялардың жұмысы қоршаған ортаға және адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін көрсету;
  3. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін негізгі іс-шаралармен таныстыру;
  4. Салыстыру, талдау, қосымша әдебиетпен жұмыс істеу, жоба жасау және оны қорғау дағыдыларын дамыту.

           Күтілетін нәтижелер:  

  1. Оқушылардың еліміздегі энергетиканың экологиялық проблемалары және оны шешу жолдары  туралы білім алуы.
  2. Танымдық белсенділікті, жоба жасай білуді, қосымша әдебиетпен жұмыс істей білуді дамыту, салыстыру, талдау және қорытынды жасау.

       Есептілік формалары:

  1. Зиянды зерттеу және бұл проблеманы шешу бойынша іс-шараларды анықтау туралы жоба әзірлеу
  2. Рефераттар жазу және қорғау.

 

Жоғары көрсетілген жұмысты орындау үшін құзыреттілік тәсілдемесін қолдану қажет .

    «Құзыреттілік тәсілдемесі» - оқушылар әр түрлі білім алу (тек оқу-пәндік емес) және өмірлік жағдайяттарда қолдануы мүмкін қорытындыланған білімге негізделген біліктілікті  қалыптастыруға бағдарлау (талдау, зерттеу, коммуникативті және т.б.). Бұл  біліктілікті  іс -әрекет арқылы қалыптастыруға болады (бұл тиімді жол, себебі оқушы не істегенін  өзі түсініп, қаншалықты сәтті жасағанын түсініп үйренеді),  Осыдан келе, мұғалімнің  педагогикалық әрекетінің келесі логикасы  туындайды : ( мұғалімнің педагогикалық әрекетіндегі біліктілік тәсілдемесін жүзеге асыру логикасы)

 

Құзыреттілік тәсілдемесі ( Білім беру әрекетіндегі құзыреттілік

тәсілдемесі оқушылардың құзыреттілігін

қалыптастыруға бағытталған)

Құзыреттілік қалыптастыру (құзыреттілік қалыптастыру

оқушылар әрекетін ұйымдастыру

арқылы жүзеге асады(әрекеттік тәсілдеме)

Оқушының әрекеті (Егер балаларда мүдделілік

(мотивация) болса оқушылар

әрекеті барынша тиімді болады)

Оқушының әрекетке деген мүддесі 

(Проблемалы жағдаят арқылы

оқушыларда мүдде туындатуға болады)

Проблемалы жағдаят (Проблемалы жағдайды шешу)

Зерттеу әрекеті (Зерттеу әрекетінің дағдыларын

дамытуға жол ашады)

Экологиялық құзыреттіліктің қалыптасуын  көрнекі және қол жетімді формада, экологиялық ақпаратты кеңейту (мектеп оқулығының бірқатар  тақырыптары мен тарауларын оқығанда қосымша мәліметтер енгізу), мұғалімнің басшылығымен сабақта өткізілген  практикалық жұмыстары , жобалық әрекет арқылы проблеманы зерттеу , сырттай экскурсия, әңгіме-тұсаукесерлері, экологиялық сөздік құрастыру, ауа-райын қадағалау ұйымдастыру, табиғаттағы мінез-құлықты қалаптастыру, табиғатты қорғаудың құқықтық негіздерімен танысу жолымен жүргізуге болады

 Осындай жоғарыда көрсетілген оқыту тәсілдерін пайдалану , тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау барысында мазмұнның экологиялық құрамдас бөлшегін бөле отырып , яғни  географиялық білімді экологияландыру, сонымен қатар оқушыларға адам мен табиғаттың өзара әрекеті өзектілігіне  сенімді  бағдар беру  арқылы, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір экологиялық таным мен  құзыреттілігін  қалыптастыруга  мүмкіндік туады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Проблемалы жағдаят

 

 

 
 

 

 

 



 

 

Зерттеу әрекеті

әрекет

 

 
 

 

 

 


\

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Формирование экологической грамотности учащихся на уроках географии"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Окончив школу, выпускники включаются в производственную деятельность  и им придется решать сложные жизненные проблемы, связанные с экологией и охраной окружающей среды. Будущая экологическая грамотность специалиста формируются сегодня уже в школе. Именно здесь закладываются основы экологических знаний и культуры. Закладка основ экологических знаний не возможна без знаний и компетентности будущего специалиста. Компетентностный подход в образовании новое веяние, которое диктует сейчас общество и глобализация мира. В условиях современного широкомасштабного экологического кризиса и постепенного перехода на идеи устойчивого развития в общественном развитии этот подход может сыграть большую роль в подготовке школьников к восприятию современного общественного устройства 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 284 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2015 1067
    • DOCX 26.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сеитова Бибигуль Бекмухамбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2974
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 47 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 762 человека

Курс повышения квалификации

Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 327 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 986 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 380 человек

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе