Инфоурок / География / Конспекты / География 10 А сынып ЖМБ. Тақырыбы: «Таза болса табиғат-аман болар адамзат» ( сот сабағы)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

География 10 А сынып ЖМБ. Тақырыбы: «Таза болса табиғат-аман болар адамзат» ( сот сабағы)

библиотека
материалов

10 А сынып

Тақырыбы: «Таза болса табиғат-аман болар адамзат» ( сот сабағы)

Мақсаты : Оқушыларға атмосфера,гидросфера,литосфера туралы ұғымды меңгертіп,білімін тереңдетіп,адам өміріндегі алатын орынын анықтау. Экологиялық білім беру. Оқушылардың жеке топпен жұмыс істеуге дағдысына,өзара көмекке,ынтымақтастыққа үйрету. Жаратылыстану пәніне қызығыушылығын арттыру. Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ой өрісін,шығармашылық мүмкіндігін дамыту.

Сабақтың барысы: Оқушыларға алдын ала дайындалып,сот төрағасы,хатшы,куәгер,айыпталушы рөлін ойнады.

Мұғалім: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын.

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей адам қалай ғана қатыгездік жасайсың?

Ол анаңғой ал сен кенже ұлысың.

Хатшы –Сот келе жатыр,орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот төрағасы-Ауылымыздағы Исмайил.Саттаров атындағы ауылдық сот отырысын бастаймыз. Бізге осы мөлтек ауданнның тұрғындарынан арыз келіп түсті. Мына айыпталушы осы ауданның Атмосфера әулетінің Оттегі деген азаматы ұрып-соғып,зәбір көрсеткен. Өсіп тұрған ағаштарды қуратып,гүлдерді солғызып,басып-жаншып,түк қалдырмаған. Бүкіл ауданаға лаң салып,қолға түспей қашып жүрган.

Сот төрағасы-айыпталушы, сіз айыбыныңзды мойындайсыз ба?

Айыпталушы- Жоқ, мойындамаймын.

Сот төрағасы-Одан куәгерлер шақырылсын.

Хатшы- 1-куәгерге мінездеме береді.

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды,

Сақтамасың қорын,

Барша тірлік құрайды.

Бұн не?

1-куәгер «Мен заңға бағына отырып шындықты, тек қана шындықты айтуға ант етемін».

Мен –сумын. Осы ауданда дүниеге келдім. Гидросфера әулетіненмін. Бала кезімде денім сау, өте таза едім,кейінгі кезде өте аурушаң болып кеттім, себебі мына бұзақылар күнімен-түнімен маза бермейді.Өзімді ластап әбден өлер халге жеткізді.

Сот төрағасы- 2-куәгерді шақырыңдар

Хатшы- 2-куәгерге мінездеме береді

Бара ма, жоқ па,оны білмейсін.

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

Ол не?

2-куәгер- «Мен заңға бағына отырып шындықты, тек қана шындықты айтуға ант етемін».

Мен өмір бойы жоғарғы қабатта тұрып келемін.Әкем мен шешем Атмосфера әулетінен. Біз үрім-бұтағымызбен адамзат баласына қызмет етеміз. Кейінгі жылдары осы бұзақылар келіп, ауылымызды түтіндеп, кеңіртегімізден буып өлтіре жаздады. Бұлар келе жатыр дегенде тұра қашатын болдық.

Сот төрағасы- 3-куәгер әкелінсін.

Хатшы 3-куәгерге мінездеме береді.

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.

Адамзат жан-жануар арасында

Мәңгілік өсіп өніп өмір сүрген.

Бұл не?

3-куәгер «Мен заңға бағына отырып шындықты, тек қана шындықты айтуға ант етемін».

Менің балалық шағым да осы аулда өтті. Мені бәрі таниды. Мен Литосфера әулетінен боламын. Мен де осы бұзақылардын зәбір көріп келе жатырмын. Қайда барсам да, қайда жүрсемде, алдымнан шығып, лас қалдықтарымен улап,тұншықтырып,көзімді ашқызбай қойды. Бүкіл тұрғындар атынан осы бұзақыларды жөніне салуыңызды сұраймын.

Хатшы-Куәгерлердің сөзін негізге ала отырып, Исмайил Саттаров мөлтек ауылды ойран салып жүрген бұзақыны таптық. Ол – қала үстіндегі түзілетін түтін бұлытының құрамындағы улы газ. Шаң мен тозаңда және басқа қоспалармен бірге жүреді. Бұлар ауадаға су тамшылармән әрекеттескенде адамға өте зиян улы тұман түзеді. Мұндай аумен дем алған адамның тыныс алу мүшелері зақымданады.,жүрек,Өпке,қан тамырларының аурулары қозады. Өсіп тұрған ағаш-өсімдіктерді құратып, зиян келтіреді

Сот төрағасы- Сөз айыпталушыға беріледі.

Айыпталушы- Мен «Қоршаған ортаны қорғау»Заңына бағына отырып,шындықты тек шындықты айтуға ант етемін. Сот сараптаушыларның, куәгерлердің сөзін негізі алып, мынандай қорытындығы келдім: көліктерден,зауыт-фабрикалардан шыққан,адам мен жануарлар дем алғанда шығатын, лас қалдықтарды шірітуге қатысатын газ-ауаны,суды жерді ластаушы. Өзі көп ағайынды: тұздар, натрий сульфаты сияқты баурлары бар. Оттегі үнемі бір-бірі қашып жүреді. Адам оттегін жұтса, ол демімен шығып кетеді. Үнемі бір –бірін куып жүргені. Осы қөмірқышқыл газын айпты деп танып, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау»Заңының кодекісінің 100- бабы 5- тармағы бойынша соттау керек.

Сот төрағасы- Айыпкер аты-жөніңіз?

Айыпкер-Біз ірі қалаларда ауаның құрамында көмірдің,жанған газдың түтіндерінің тозаңдарында мекен етеміз.Өзіміздің мекендейтін үйіміз жоқ болғандықтан үнемі қашып-пысып өмір сүреміз.бізді ғарыштан,орбиталық станциялардан да көріп қояды.Менің атым-қөмірқышқылгазы,бала жасымнан Оттегіге қызығып өстім.

Сот төрағасы –Айыпталушы қылмысыңызды мойындайсыз ба?

Айыпталушы- Иә, мойндаймын.

Сот төрағасы- Қорғаушыны тыңдайық.

Қорғаушы- Мен «Қоршаған орта қорғау»Заңына бағына отырып, тек шындықты айтуға ант етемін. Өмір өз заңынсыз болмайды. Қөмірқышқыл газы өзіміз күнде ішіп жүрген газды сусындардың құрамында, ас содасының құрамында,қант алуда,өрт сөндіргенде,шыны ыдыстарды жасауда,дәрілер алу үшін қолданылады. Сонда жоғардағы арыз негізінде көмірқышқыл газын ақтауға лайықты.

Хатшы- Сот шешімін тыңдау үшін орындарыңыздан тұрыңыздар.

Сот төрағасы- Жаратылыстану Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау»Заңының кодекісінің 100- бабы 5- тармағы бойынша қылмыскер көмірқышқыл газы Атмосфера,Гидросфера, Литосфера әулетіне маза бермегені үшін,қорқытып буындырып жүргізбей қойғаны үшін экология өкілінің қарауында бас бостандығы шектеулі ғана болсын!

Экология

Бөтен сөз

Бір туғаның бірқ та.

Білгенге бұл көсем сөз,

Мәңгі қалар құлақта

Эео-эео-үй,отан

Ежелден ақ грекше

Сөз патшасын ұнатам

Жүрегіме гүл ексе

Бізше ғылым – логия

Тұтқасы бар әлемнің

Онысыз мекен, жоқ ұя

Жоқ киесі өлеңнің

Өз үй өлең – төсегің

Табиғат боп қалады

Оған атқан кесегің

Өз басыңды жарады.

Кеудемізді ұрғылап

Бағын, табын жер дедік

Жер мен көкті бұрғылап

Аралдыда жерледік

Табиғатты тонадық

Байлық үшін бір күндік

Жерді атомға мола ғып

Кештеу жалған күрсіндік

Айта алдық па: бұл сыйым

Ал табиғат саған! – деп

Құлқын көрмей бір тыйым

Жүрміз ылғый маған деп

Тепе-теңдік заңы бар

Табиғатта ғаламда

Кім бұзса сол жануар

Ұқсағанмен адамға

Мұғалім: Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау» туралы

Заңының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті»делінген, сол табиғатты қорғайтын азаматтар сіздерсіздер,балалар. Экология деген сөз өз үйің, қоршаған ортаң дегенді білдіреді. Өз тұрған үйімізді қандай таза ұстасақ, табиғаттыда дәл солай таза ұстауымыз керек.










Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-474947

Похожие материалы