Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Рабочие программы / География 8 сынып ОМЖ, ҚМЖ

География 8 сынып ОМЖ, ҚМЖ

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

1.Сабақтың тақырыбы

2.Оқып үйренудің

негізгі мақсаттары

3.Оқытуда қолданыла-тын әдіс-тәсілдер


3. Бүкіл оқушылар үйренгенін қайдан білесіз?

4.Оқып –үйренудің нәтижесі

5.Үйрену мақсатындағы бағаны қоса, бағалау

6.Бәрін қоса есептегенде

7.Негізгі дерек көздер

1

















Экономикалық және әлеуметтік география ұғымы, мақасаттары мен міндеттері.














Білу: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы туралы білу.

Түсіну: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінің оқыту мақсатын түсіну.

Қолдану: Экономикалық және әлеуметтік география ұғымын анықтау.

Талдау: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясының мектеп географиясы пәндері жүйесіндегі ролін талдау жасау.
Жинақтау: Экономикалық ұғымдарға сипаттама жасау. Бағалау: Өз Отанына сүйіспеншілігін арттыру, Отансүйгіштік түсініктерін қалыптастыру.


Топпен, жұппен, жеке жұмыс кластер














Жеке тапсырмалар. Диолог, акт. Сыни тұрғысынан ойлау












Экономикалық география тұсінігін қалыптастыру.

Қазақстанның экономикалық географиясы пәнінің оқыту мақсатын түсінеді.

Еліміздің экономикалық және әлеуметтік өмірінің жетістіктеріне оқушылардың Отансүйгіштік сезімдері, түсінігі қалыптасады.











Өзін-өзі бағалау,

Критерилер белгілеу,

2жұлдыз;1ұсыныс,жұптық,топтық бағалау. Рефлексия










ашық,жабық сұрақтар,

ББҮ,

Рефлексия













1.Е. Ахметов,Н. Карменова, Ш. Карібаева, Б. Асубаев

«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы»,

Алматы «мектеп»

2013 жыл. 3-4 бет

2.«Георафия және табиғат» әдістемелік журнал 2012 ж.

Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»С.Мирсеитова


2


*Экономика*, *экономикалық жүйе* терминдерінің анықтамасы және ұғымы.

Білу: Экономика және экономикалық жүйе анықтамасын білу.

Түсіну:Қазақстан экономикасындағы басты мәселелерді түсіну.

Қолдану:Ел экономикасының дамуы және оны білудің маңыздылығы.

Талдау: Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық білімді дамытудағы және басқа ғылым салаларына байланысына талдау жасау. Жинақтау: Қазақстанның зерттелуі олардың ел экономикасындағы маңызын анықтау.

Бағалау: Тақырып бойынша алған білімдерін нақтылау.


Топпен, жұппен, жеке жұмыс кластер


Жеке тапсырмалар. Диолог, акт. Сыни тұрғысынан ойлау



1. *Экономика*, *Экономикалық жүйе* анықтамасын біледі.

2. Пәннің мақсат, міндеттерін түсінеді.

3.Шаруашылықтың салалық құрылымын анықтай алады.



Өзін-өзі бағалау,

Критерилер белгілеу,

2жұлдыз;1ұсыныс,жұптық,топтық бағалау. Рефлексия


ашық,жабық сұрақтар,

ББҮ,

Рефлексия



Е. Ахметов,Н. Карменова, Ш. Карібаева, Б. Асубаев

«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы»,

Алматы «мектеп»

2013 жыл.

§1. 5-7 бет

2.«Георафия және табиғат» әдістемелік журнал 2012 ж

.Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова

ОМЖ ҮЛГІСІ

ҚМЖ ҮЛГІЛЕРІ



Бекітемін:


Күні:

Сыныбы: 6

Пәні: География.

4

1.Сабақтың тақырыбы: Жердің Күн жүйесіндегі орны,Жердің пішіні мен мөлшері. 2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар жер туралы қысқаша мәліметтерді оқып-үйрену.


3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен мөлшері туралы біледі.

Түсіну: Жердің пішіні туралы,оның Күн жүйесіндегі орны туралы түсінді.

Қолдану: Жердің тәуліктік қозғалысы мен өзін өзі қозғалуы,ұзындықтары,жер бетіне Күн сәулесінің таралуы табиғат үшін маңызын қолдана біледі.

Талдау: Жер шарындағы жер мен күннің айналу белгілеріне қарап сағаттың белдеулерді ажыратып,талдай біледі.

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер.

Сабақ барысы

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

2. Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты географиялық ұғымдар бойынша топтарға бөледі

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.


10 мин

Тұсаукеср

  • Үй жұмысын сұрау.

-Табиғат құбылыстары дегеніміз?

-Эссені қорғау.

-Адам мен табиғи құбылыстар арасында қандай байланыстар бар?

-Табиғатқа қол сұғу дегенді қалай түсінесің?

Үй тапсырмасын сұрауда саусақпен бағалауды жүзеге асырамын.


2.Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

3.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды.

1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.






2.Дәптерге Жер туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады.

25

мин

Негізгі

бөлім


1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен мөлшері қозғалыстары тақырыптары бойынша постер жасап қорғайды.

2. Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды

3. Картамен жұптық жұмыс: карта бойынша экваторлық,полярлық ұзындықтарды анықтаутапсырмалары беріледі.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

2.Жеке жұмыс: оқушылар жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды.

Мысалы: Орбита,полюстік родиус,,полюс,планета.

3. Оқушылар жұптасып атлас немесе карта пайдалана отырып, жылу экватор,полюстың ұзындығымен радиустарын картадан анықтап ажыратады.

5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.

1) А деңгей:§3оқу

2) В деңгей: 8 планетаны жаттау.Қазақстан аумағы қандай жылу белдеуінде орналасқанын карта бойынша анықтау.

3) С деңгей: Шеңбер арқылы радиустарды анықтау.

1.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

2.Оқушылар кері байланыс жасайды

Не ұнады:............................................

Не қиын болды: ................................

Тілегім: ...............................................











Сыныбы:7 күні

Сабақтың тақырыбы : Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы, ауа температурасының таралуы

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға атмосфераның маңызы ,ауа температурасының таралуы, климаттық карталар жөнінде ұғындыру,топтық жұмыста жолдастық көмекке баулу.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға атмосфераның маңызы ,ауа температурасының таралуы, климаттық карталар жөнінде ұғынады,топтық жұмыста жолдастық көмектің маңызын түсінеді

Түйінді идеясы: Атмосфера жердің қорғаныс қабаты.

Сабақтың әдіс-тәсілдер,жұмыс түрі:Ыстық орындық,Мағынаны таны,электронды оқулық,Бес жолды өлең.

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,топтық бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, сиқырлы микрофон арқылы сабаққа ізгі тілек айтқызады

2. Үй тапсырмасы "Ыстық орындық"әдісі арқылы сұрақ -жауап ұйымдастырады.

3 Рефератпен жұмыс жүргізеді.

1.Оқушылар амандасады,ізгі тілек білдіреді

2. Ыстық орындық әдісімен топтар сұрақ қою арқылы үй тапсырмасына шолу жасайды.

3 Үйге орындауға берілген рефераттарың тексеріп маңыздылығын тоқталады

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын"Мағынанытаны стратегиясы" бойынша мақал-мәтел арқылы анықтайды , мен мақсатын айқындайды.

Бөрі айтып келмес ,боран айтып соқпас .
Жақсы туса ,елдің ырысы жаңбыр жауса жердің ырысы.

Қазанда соққан дауылда не пайда ,қарашада соққан жауыннан не пайда ?
Қарылғаш төмен ұшса күн жауады, аяз ұзаққа созылса аң   ауады .
желкенді жел көтереді

2.Электронды оқулықпен ,оқулықтан ,мәтінмен танысуға мүмкіндік жасайды

Қосымша мәлімет береді


1.Оқушылар мақал-мәтелдің ағынасын танып, жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын негізгі түйінді идеясын айтады.







2.Электронды оқулықтан ,жаңа сабақты танысады,мәтінмен жұмыс жасайды.

Негізгі

бөлім


  1. Атмосфера бес жолды өлең

  1. Атмосфераның маңызы:

  1. ________________________түсіреді.

  2. __________________ қорғайды.

  3. ___________________пайда болады.

  4. ______________________білдіреді.

  5. ______________________тұрады.

2.Зерттеу жұмысын тындайды,пікір білдіріп,қорытындылайды.

Оқушылар тапсырманы орындап,алғашқы болғандар оқып түсінік береді,оқушылардың қосымша сұрақтарна жауап береді

2 Мектеп оқушысының "Қазақ халқының ауа-райын болжау негіздері"ғылыми жұмысынан негізгі бөлімімен танысады.Талқылайды,пікір білдіреді,қорытындылайды,

Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Бүкіл әлем тыныс алар ауамын

Менсіз ешкім шыдай алмас, дауамын.

«Ауадай қажет» деген сөз осы емес пе?

Пайдасы көп адамзатқа ауаның.

Тропосфера, стротосфера қабаттар,

Ауасыз еш өтпейді әр бір сағаттар.

Болмаса ауа минутта шыдамай

Сондықтан да ластануда ағат бар.

Қорғаңыздар ауа атты қабатын,

Боласың сен осыдан пайда табатын.

Жануар да, өсімдік те, адам да

Тыныс алар ауа деген затымен.


Үйге тапсырма береді :

Өтілген тақырыпты оқуға және картаны сипаттаудың жоспары қосымшадағы тапсырма беріледі.


Оқушылар осы өлеі жолдарынан және осы сабақтан ұққандарын айтып бірге қорытынадылайды.



Қосымша мәлімет

Изобара «Қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изотаха «Желдің жылдамдығы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изогиета «Жауын-шашын түсуі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

Изотерма  «Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»











8 сынып

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның жазықтары

Сілтеме

Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер

Жалпы мақсаты

Қазақстанның жазықтарын білу,жазықтарының бір-бірінен ерекшеліктерін түсіну,жазықтардың абсолюттік биіктігін анықтау үшін физикалық карта мен биіктік шкаласын қолдану

Күтілетін нәтиже

Қазақстанның жазықтарын біледі,жазықтарының бір-бірінен ерекшеліктерін түсінеді,жазықтардың абсолюттік биіктігін анықтау үшін физикалық карта мен биіктік шкаласын қолданады

Негізгі идеялар

Қазақстанның жер бедерінің бір түрі жазқытар басым екенін біліп ,ол жазықтардың ойпат,үстірт,қырат бөліктеріне бөлініп,бір-бірінен пайда болу жолдары жағынан,биіктіктері жөнінен айырмашылық жасайтының және ол жазықтардың орналасуын оқып біледі.

Оқыту құралдары

Қазақстанның физикалық,тектоникалық,геологиялық карталары

Қазақстан туралы фотосуреттер,видеороликтер

Тапсырмалары

Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар «Ой қозғау»

Топтық жұмыс «Суреттеп түсіндір»,«Өз жазықтары» тапсырма

Сұрақ-жауап «Не ұқтым?»

Картамен жұмыс

Жұмыс дәптері

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

2.Топқа бөлу: Жазық түрлері арқылы топқа бөлінеді

І.Үй тапсырмасы:

1.Қазақстан жер бедері түрлерінің басты ерекшеліктері

2.Табиғат кешендерінің қалыптасуы

3.Табиғат зоналарының жазықтықта, биіктікте таралуы

Басбармақ арқылы бағалау

ІІ. Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар

1.Жазық дегенде ойымызға жер бедерінің қандай түрі елестейді?

2.Негізінен жазықтардың барлығы бірдей тегіс пе?

3.Олардың абсолюттік биіктіктерін қалай анықтаймыз?

Мадақтау арқылы бағалау

ІІ. Жаңа сабақ: Оқушыларды топтастыра отырып картамен географиялық орны мен пайда болу жолдары,биіктіктері бойынша жұмыс жасату

1.Батыс Сібір жазығы

2.Тұран ойпаты

3.Каспий маңы

4.Үстірт

5.Торғай үстірті

6.Орал алды (Жем) үстірті

7. Жалпы Сырт

8.Берпақдала үстірті

9.Балқаш маңы жазығы

Екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау

ІІІ.Сабақты бекіту:

1.Жазықтардың түрлерін атау

Ойпаттар 0-200 м:Батыс Сібір,Тұран,Каспий

Қыраттар 200-500м:: Үстірт,Торғай,Орал алды,Жалпы Сырт,Бетпақдала,Балқаш маңы жазқытары

Үстірттер 500м астам: Бетпақдала,Балқаш маңы қыраттары

2.Картадан жазықтардың түрлерін атап көрсету

3.Жұмыс дәптері

Мұғалімнің бағалауы

Кейінгі тапсырма

Кейінгі оқу

Кескін картаға жазықтарды түсіру,жазықтар кестесін құру

Аласа таулар











Сабақтың тақырыбы: Ресурстары, өндіріс факторлары.

2.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

2.1 Қазақстан аумағында кездесетін табиғат ресурстары, минералды ресурстарды пайданалануына қарай топтастыру жер,су және биологиялық байлықтар туралы білу.

2.2 Қазақстанның минералды ресурстары, жер су және биологиялық ресурстарды пайдаланылуына қарай түсіну.

2.3. Қазақстан аумағында таралған минералды ресурстардың географиялық орныны анықтай отырып, олардың орналасу факторларын анықтау.

2.4. Қазақстанның жер қойнауында кездесетін табиғат байлықтары пайдалы қазбалар түрлері мен таралуы, өзге елдермен салыстырғандағы қоры, жер қоры, жарамды жерлер оларды пайдалану, су байлығы шаруашылықтағы маңыздылығы мен еліміздегі таралған өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне талдау жасау.

2.5. Табиғат ресурстарының түрлерімен игерілуі және пайдаланылу дәрежесін және олардың болашақтағы игерілу дәрежесі мен қорына анықтама беру.

2.6 Табиғат ресурстарының антропогендік жолмен өзгеруі, қазіргі басты экологиялық проблемалардың болу себептерін анықтау.

3.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу

4.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

5. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру

6. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды 4 топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

- сабақтың өткізу жоспарын көрсету.

Оқушылар 4- топқа бөлінеді.

Тақтадан күн ретін жазып алады.

сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады

10 минут

Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.

Кім жылдам?

  1. Электронды оқулық:

Қазақстанның табиғат байлықтары.

  1. Минералды ресурстарға .................................. жатады.

  2. Қазақстан минералды ресурстарқоры жөнінен әлемде ................................................................... орын алады.

  3. Минералды ресурстар ............................. , ................................ болып топтастырылады.

  4. Сарқылатын ресурстар ....................................., ........................... болып бөлінеді.

  5. Қалпына келмейтін ресурстарға .........................., ........................., .......................................... жатады.

  6. Қалпына келетін ............................, ............................, ................ ресурстары.

  7. Сарқылмайтын ресурстарға ....................................., ........................, ......................................... .

  8. Жер ресурсында жарамды жерлер ............................... құрайды.

  9. Еліміздің су ресурстарын ............................, ......................., ................., ............................., ........................., .............. құрайды?

  10. Биологиялық ресурстарға .................................., ................... жатады.

  11. Қазақстан экономикасының негізгі салалары ........................, ................., ........................., ............................, ........................... .

Картамен жұмыс

Табиғат ресурстарының орналасуын талдау

Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

20 минут

Негізгі бөлім

Видио көрсетіп Қазақстан аумағында табиғат ресурстарының таралуын ажырату.

а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады

ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады

б)Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады

Топпен жұмыс. Постер қорғау.

I топ. Минералды ресурстар.

II топ. Жер және су ресурстары.

III топ. Биологиялық ресурстар.

а)Оқушылар тақырыпты жазып алады

ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады

б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды,о қушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.

10 минут

  1. Қорытынды бөлім

Кім жылдам?

  1. Қазақстанның минералды ресурстары неліктен көбіне ашық әдіспен өндіріледі?

  2. Неліктен елімізде жыртылған жер көлемі азаюда?

  3. Қазақстанда су қоры неліктен аз?

  4. Неліктен Қазақстанда су қоймалар көптеп салынған, қандай мақсатта?

Картамен жұмыс

Қазақстанның пайдалы қазбалар картасынан , пайдалы қазба кен орнындарын анықтап, кескін кратаға түсіріңдер.

Кестемен жұмыс:

  1. Табиғат ресурстарын пайдалану дәрежесі және болашағы.



Шикізат түрі

Табиғат ресурстарын пайдалану дәрежесі және

Болашағының қысқаша сипаттамасы.



Минералдық ресурстар



Энергетиалық ресурстар

1

Мұнай

Мұнай қоры 13 млрд т. Жылына (2012ж) шамамен 79,2 млн т өндіріледі.

2

Газ

Қоры 6 трлн м3. Шамамен жылына 7,5 млрд м3 газ өндіреді.

3

Көмір

Қоры 176,6 млрд т. Жылына(2011ж) 116,4 млн т өндіреді. Қоры 248 жылға жетеді деп болжануда.

4

Темір

Қоры 8,7 млрд т. 73,3 % *-ы ашық әдіспен өндіріледі. 70% экспортқа шығарылады.



Жер ресурсы

5

Жер ресурсы

Жалпы көлемі 270,1 млн га құрайды. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 82%. Шабындық пен жайылымға жарамды жер көлемі 36 млн га.

6

Топырақтың геоморфологиялық құрылымы

Жекелген аймақтарда ауыл шаруашылығына пайдалану мен пайдалы қазбаларды игеру барысында , шамадан тыс сортаңдану назар аударуды қажет етеді.

7

Су ресурсы.

Еліміздегі ішкі су ресурсы 115,3 млрд м3. Су қорына бай емес. Ауыл шаруашылығына, коммуналдық қажеттіліктер мен өндіріске пайдаланады.



Биологиялық ресурстар

8

Өсімдіктер дүниесі

Елімізде өсімдіктің 5700-дей түрі бар. Оның 14 %- ы Қазақстанға тән. Өсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның *Қызыл кітабына* енгізілген. Орман алқабы 13 млн га құрайды. Ел аумағының 4%-ын алып жатыр. Кейбір түрлер қорғауды қажет етеді.

9

Жануарлар дүниесі

Сүт қоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, бауырымен жорғалаушылырдың 49, балықтардың 150 түрі бар. Ақбөкен, итбалықтар және балықтардың кейбір түрлері қорғауға алынған.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.

Сабақ рефлексиясын жазады.

Топтық жұмысты бағалау критерий

Тақырыпты ашу тереңдігі

Тақырып ашылмаған -0 ұпай

Тақырып ашылған, бірақ негізделмеген-1 ұпай

Тақырып ашылған, жалпы негізделген – 2 ұпай

Тақырып ашылған, нақты негізделген- 3 ұпай


Ерте болған оқушыларға берілетін тапсырма



























Бекітемін

Сыныбы: 10.

Күні:

Пәні: География.


1.Сабақтың тақырыбы: Жердің құрылысы.


2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Жердің ішкі құрылысы туралы оқып-үйрену.


3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: рольдік ойын, жеке жұмыс, топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Жердің ішкі құрылысы туралы ғылыми деректер қалай жинақталғанын біледі.

Түсіну: Жердің ішкі қойнауына өткен сайын қысым мен температура қалай өзгеретінін және ол қабаттардың заттық құрамына қалай әсер ететінін түсінеді.

Қолдану: Тау жыныстары мен минералдарды ажырата алады.

Талдау: Пайдалы қазбалардың магмалық, шөгінді, метаморфтық жолмен пайда болған түрлерін анықтап, олардың өмірде не үшін пайдаланылатынына мысал келтіреді.

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша оқушылардың бір-бірін бағалауы.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, тау жыныстарының үлгілері,суреттер, интернет материалдары.

Сабақ барысы

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

2.Мұғалім үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай сұрайды.

3.Мұғалім бүгінгі сабақты ТВ шоу түрінде ұйымдастырады. Сыныпты 4-5 адамнан тұратын екі топқа бөледі, қалған оқушылар аудиториядағы көрермендердің ролін атқарады.

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

2.Оқушылар үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай өзара бір-бірін бағалайды.

10 мин

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге бүгінгі ТВ шоудың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2. Мұғалім екі топқа Жердің құрылысы және Тау жыныстары мен минералдар деген тақырыптармен танысып шығуға тапсырма береді. Ал аудиториядағы басқа оқушылар сұхбат кезінде сұрақ қоюға дайындалып отырады.

1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, жаңа тақырыппен танысып шығады.

25

мин

Негізгі

бөлім


1.Мұғалім тележүргізуші ретінде екі топтың бір-бір мүшелерінен сұхбат алады. Сұхбат кезінде оқушылар жауап бере алмай қалса адвокаттары көмектесуге болады.

2. Тележүргізуші сұхбат алып болған соң аудиториядағы көрермендер карта бойынша сұрақ қояды.

3. Тележүргізуші пайдалы қазбалардың магмалық, шөгінді, метаморфтық жолмен пайда болған түрлеріне мысал келтіріп, олардың өмірде не үшін пайдалануға болатынын сұрайды.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, Жердің ішкі құрылысы , тау жыныстары мен минералдар туралы мәлімет береді.

2. Көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беруге тырысады.

3. Пайдалы қазбаларды өмірде не үшін пайдалануға болатынын анықтайды.

5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма:

1)§2 оқу

2) Өздерің тұратын жерде кездесетін минералдар мен тау жыныстарының түрлерін анықтау.

1.Оқушылар бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.

2.Оқушылар смайликтер арқылы кері байланыс жасайды



Қосымша

Сұхбат кезінде берілетін сұрақтар

  1. Жердің ішкі құрылысы туралы ғылыми деректер қалай жинақталады?

  2. Мантия мен ядро қандай бөліктерден тұрады?

  3. Жер қабаттарының тереңдіктері мен шекаралары туралы не білесіз?

  4. Тау жыныстары және минерал деген не?

  5. Тау жыныстарын шығу тегі мен қалыптасу жағдайына қарай қалай топтастырады?

  6. Біздің студиямыздағы мына тау жыныстары туралы не айта аласыз? (Сипаттама беруге бірнеше тау жыныстарының үлгілері беріледі, Мысалы: құм, гранит, пемза, тұз, мәрмәр, әктас).























Бекітемін

Сыныбы: 11.

Күні:

Пәні: География.


1.Сабақтың тақырыбы: Азияның саяси картасы және аймақтары


2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Шетелдік Азия елдеріне жалпы шолу. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.


3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: рольдік ойын, жеке жұмыс, топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Оқушылар шетелдік Азия елдері аймақ құрамына кіретін елдерді анықтай алады,экономикалық- географиялық жағдайы, жайлы мәліметтермен танысып оларға сипаттама беруді үйренеді , түсініктерін кеңейтеді.

Түсіну: Азия құрамына енетін елдерді ажырата алады.

Қолдану: Азия құрамына енетін елдерді картадан көрсете алады.

Талдау: Азиядағы монархилық және республикалық басқару жүйелеріндегі елдерді ажыратып,талдай алады.

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша оқушылардың бір-бірін бағалауы.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Ресурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, презентация, интернет материалдары.

Сабақ барысы

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

2.Мұғалім үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай сұрайды.

3.Мұғалім бүгінгі сабақты ТВ шоу түрінде ұйымдастырады. Сыныпты 4-5 адамнан тұратын үш топқа бөледі, қалған оқушылар аудиториядағы көрермендердің ролін атқарады.

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

2.Оқушылар үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай өзара бір-бірін бағалайды.

10 мин

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге бүгінгі ТВ шоудың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2. Мұғалім үш топқа Батыс Азия, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия деген тақырыптармен танысып шығуға тапсырма береді. Ал аудиториядағы басқа оқушылар сұхбат кезінде сұрақ қоюға дайындалып отырады.

1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, жаңа тақырыппен танысып шығады.

25

мин

Негізгі

бөлім


1.Мұғалім тележүргізуші ретінде үш топтың бір-бір мүшелерінен сұхбат алады. Сұхбат кезінде оқушылар жауап бере алмай қалса адвокаттары көмектесуге болады.

2. Тележүргізуші сұхбат алып болған соң аудиториядағы көрермендер карта бойынша сұрақ қояды.

3. Тележүргізуші Азияның саяси какртасында болашақта қандай өзгерістер болуы мүмкін деп оқушылардан пікірлерін сұрайды.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, Батыс Азия, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия аймақтарын анықтап,дәптерлеріне түсіреді. 2. Көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беруге тырысады.

3. Оқушылар осы сұраққа байланысты өз ойларын ашық жеткізеді.

5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма:

1)§2 оқу

2) Шетелдік ірі Азия елдерін кескін картаға түсіру.

1.Оқушылар бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.

2.Оқушылар смайликтер арқылы кері байланыс жасайды




Қосымша

Сұхбат кезінде берілетін сұрақтар

  1. Азия дүние бөлігінің алып жатқан ауданы?

  2. Васко да Гаманың Үндістанға баратын жолы кай ғасырдан басталды?

3. БҰҰ-ның шешеімімен Палестина жерінде Израиль мемлекеті қай жылы құрылды?

  1. Оңтүстік Азия Гималай тауынан оңтүстікке карай неше елді қамтиды?

  2. Конституциялық және абсолютті мемлекеттер?

  3. Камбоджа мемлекеті басқарудың республикалық формасынан қандай билік жүйесіне көшті?





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Білу: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы туралы білу.

Түсіну: Қазақстанның экономикалық  және әлеуметтік географиясы пәнінің оқыту мақсатын түсіну.

Қолдану: Экономикалық және әлеуметтік география ұғымын анықтау.

Талдау: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясының мектеп географиясы пәндері жүйесіндегі ролін талдау жасау.
Жинақтау: Экономикалық ұғымдарға сипаттама жасау. Бағалау: Өз Отанына сүйіспеншілігін арттыру, Отансүйгіштік түсініктерін қалыптастыру.

1.Сабақтың тақырыбы: Жердің Күн жүйесіндегі орны,Жердің пішіні мен мөлшері. 2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар жер туралы қысқаша мәліметтерді оқып-үйрену.

 

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.

 4.Сабақтың нәтижесі:                                                                                                                          Білу: Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен  мөлшері туралы біледі.

Түсіну: Жердің пішіні туралы,оның Күн жүйесіндегі орны туралы түсінді.

 Қолдану: Жердің тәуліктік қозғалысы мен өзін өзі қозғалуы,ұзындықтары,жер бетіне Күн сәулесінің таралуы табиғат үшін маңызын қолдана біледі.

 Талдау: Жер шарындағы жер мен күннің айналу белгілеріне қарап сағаттың белдеулерді ажыратып,талдай біледі.

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

 

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық,карта, постер,суреттер. 

Автор
Дата добавления 06.04.2015
Раздел География
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2263
Номер материала 475744
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх