Инфоурок Другое Другие методич. материалыҒылыми жұмыс "Мұхиттан өткен қайық"

Ғылыми жұмыс "Мұхиттан өткен қайық"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

Тақырып: Мұхиттан өткен қайық

 

Секция: Қазақстан тарихы

 

Ғылыми жетекші: --------------------------------

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

I. Кіріспе.....................................................................................3 бет

II. Негізгі бөлім

2.1 Шіменбай Алшориннің өмірбаяны.................................. ..4 бет

2.2 Халыққа жасаған адал қызметі...........................................6 бет

2.3 Абақтыға өмір өткелі.................................. ........................8 бет

2.4  Шығармалары....................................................................12бет

III. Қорытынды...........................................................................14бет

IV. Пайдаланылған әдебиеттер мен  деректер тізімі ..................15 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Андатпа

                     Осы зерттелген тақырып бойынша Әлшорин Шіменбай Бақбергенұлы өмірбаяның, Сталин жаппай репрессияға ұшырағаның   және оның қөзқарасын, негізгі көрсету. Осы проблемаларды шешу барысында шешімін табуға болатын жолдарды, іс-шаралар ұйымдастыруды, болжамдарды ұсынғымыз келеді. . Аталған жағдай жан-жақты зерттеліп келеді, сол зерттеулерге де үңіле отырып өз ұсыныстарымызды ұсынбақпыз. Зерттелген тақырыпта осындай әдіс-тәсілдерді пайдаландық: кітап, журнал және газет материалдар, видео-фото материалдар, архив материалдар

           Зерттелген материалды салыстырмалы – талдау жұмысты жасадық және оның ғылыми – практикалық құндылығы өте жоғары болып тұр. Осы зерттелген тақырыпта қандай болып тұрған жеке және әлеуметтік- саяси  проблемаларды. және қалай проблемаларды шешіп жатыр көрсеттік

                        Мен бұл ғылыми жұмысты жасаған мақсатым. Әлшорин Шіменбай Бақбергенұлы өмірбаяның және оның қөзқарасын зерттелді. Миллиондаған кінәсіз адамдардың өліміне себебі болған Сталин қоғамдық өмір мен саяси санада орын белгілеп, оны «сүйікті көсем, әке және ұстаз», «…данышпан жетекші» ретінде дәріптеуге қол жеткізді. Бірі бұндай дәрежеге бейбіт, демократиялық жолмен қол жеткізсе, бірі басқыншылық, өзінің жеке саясаты арқасында қол жеткізуде. Сталиннің аузымен айтылған әр сөз, ол жазған әр сөйлем мемлекеттік идеологияға айналдырылды.

              Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның дамуына да үшінші кезең репрессиясы зардаптары әлі де сезілуде. Бұл тақырыпты толықтай тұтас қамти алмасақта, бірақ, белгілі архивтік, зерттеушілік және мерзімді баспасөз беттеріндегі мәліметтер аясында, өз пікірімізше қазақ руханиятының қуғын-сүргінге ұшыратқан үшінші кезеңдегі негізгі себеп-салдарын пайымдап көрейік.

 

 

 

 

 

 

                                             

                                          Кіріспе

    Зерттелген тақырыптың мақсаттары мен өзектілігі:

      Осы зерттелген тақырып бойынша Әлшорин Шіменбай Бақбергенұлы өмірбаяның, Сталин жаппай репрессияға ұшырағаның   және оның қөзқарасын   негізгі проблемаларды көрсету. Осы проблемаларды шешу барысында шешімін табуға болатын жолдарды, іс-шаралар ұйымдастыруды, болжамдарды ұсынғымыз келеді.

Зерттелген тақырыптың өзектілігі:  Аталған жағдай жан-жақты зерттеліп келеді, сол зерттеулерге де үңіле отырып өз ұсыныстарымызды ұсынбақпыз.

 Зерттелген әдіс–тәсілдер:  Зерттелген тақырыпта осындай әдіс-тәсілдерді пайдаландық: кітап, журнал және газет материалдар, видео-фото материалдар, архив материалдар.

           Ғылыми-практикалық құндылығы:

      Зерттелген материалды салыстырмалы – талдау жұмысты жасадық және оның ғылыми – практикалық құндылығы өте жоғары болып тұр. Осы зерттелген тақырыпта қандай болып тұрған әлеуметтік -саяси  проблемаларды және қалай проблемаларды шешіп жатыр көрсеттік.

        Мен бұл ғылыми жұмысты жасаған мақсатым.   Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның дамуына да үшінші кезең репрессиясы зардаптары әлі де сезілуде. Бұл тақырыпты толықтай тұтас қамти алмасақта, бірақ, белгілі архивтік, зерттеушілік және мерзімді баспасөз беттеріндегі мәліметтер аясында, өз пікірімізше қазақ руханиятының қуғын-сүргінге ұшыратқан үшінші кезеңдегі негізгі себеп-салдарын пайымдап көрейік.

 

  

 

 

 

 

 

       

 

3

           Шіменбай Әлшориннің өмірбаяны

            

Әлшорин Шіменбай Бақбергенұлы 1914 жылы туған,1923-1924 және 1928-1931 жылдары бастауыш мектепте оқып,кейін сырттай 10 жылдық білім алған.Осы оқумен қоса діни сауатын ашқан,төте арабша оқуды үйренген.

Шіменбай Бақбергенұлы Әлшорин дүниеге келгенде қазақ халқы патшалық Россияның езгесінде ұзақ жылдар болы,әбден титықтаған кездер болатын.Одан көп ұзамай ұлтыық азаматтық көтеріліс бұрқ ете қалды.Амангелді,Кейкі батырлар қол жинап,азаттық үшін күреске шықты.Оған қалың қол жинағанда,Шіменбай атамның әкесі Бақберген де көптің бірі болып барып,соларға қосылады.

Алғашында 10 жылға,екіншісінде 25 жылға бас бостандығынан айырылып,түрмеге жабылды.Екеуінде де уақытынан бұрын ақталды.Партия қатарынан екі рет шығарылып,екі рет қайта кірді.

Тағдыр атамның пешенесінде ауыр қиындық жазған екен.Төрт жасында анасынан жетім қалған азамат арғын тайпасының ішіндегі ожан руына жататын нағашыларының тәрбиесінде өседі.Алғашқыда молда алдында дәріс алып,бастауыш мектепті де сол ортада аяқтайды. «Жас кезімде Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббатындағы» кейіпкерлер Бәтес (Бәтима) пен Сұлтанбекті Қызбелде тұрғанда көрдім», - деп айтатынын.

Он жылдықты қызмет атқара жүріп сырттай бітірген азамат мүмкіндігк болып жоғары оқу орнын бітіргенде,мемлекет деңгейіндегі үлкен қызметкер болатыны сөзсіз еді.Ол сөйлегенде әсерлі әңгімесімен айызығды қандыратын.Не айтса да туып айтатын,тереңнен суырып айтатын,жарықтық

Оқығаны аз,тоқығаны көп асыл азамат көптеген өлеңдерді,шығарма кітаптарды желісімен жатқа білетін.Бірде атпен бөлімше аралап келе жатқанда «Төрт дәруіш» атты кітапты жатқа айтқаны есімде.Міржақып Дулатовтың,Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін құдды кітаптағыдай жатқа заулататын.

Әрине,ол уақытта Шіменбай атаның сұңғыла,терең ойлы ақын,шын мәніндегі шайыр екенін білмейтін едім. Өлең – толғауларын оқи отырып,тақырыптарының тағылымдық мәні салмақты екеніне көзім жете түсті.Атамның имандылыққа,ізгілікке,шыдамдылыққа дәріптейтін өлең-толғаулары – өресе биік,танымы жоғары оқушыны бейжай қалдырмайды деп ойлаймын.

Шіменбай ата әңгімені қалай жүйелі айтса,айтушыны да соншалықты зор ықыласпен тыңдайтын.Қолы қалт еткенде келіп:

4

«Ал,қарағым,қандай кітап оқыдың?» - деп сұрап алып,сөзіме зерделі зейінімен құлақ түретін.

Айтқан әңгімем ұнаса батасын беріп,марапаттап мейірімді өсіретін.Өте кітапқұмар – тұғын.Адамның сөз саптасы мен жүріс – тұрысына қарап,қандай адам екеніне баға бере алатын психолог адам еді.

Шіменбай қарияның фотосуретін көрген сайын Әлихан Бөкейхановтың түрмеде түскен бейнесі көз алдыма елестейді.Күрескерлігі,табандылығы,жанкештілігі жағынан бір – біріне өте ұқсас тұлғалар,ұқсас тағдырлар.

Тағдыр Шіменбай атамды аса еркелете қойған жоқ.Маңдайы талай тасқа тиіп,мойнына қиындықтығң құрығы сан рет оратылады.Бірақ Шікең жігерін жасытпады.Басқа түскен ауыр қайғының бірі – Шікеңнің сонынан ерген жалғыз інісі Балғатай 1974 жылы 17тамызда орда бұзар отыз жасында көлік апатынан көз жұмды.Артында аяулы жары – Розасы,өрімдей төрт баласы – Дүйсен,Рамазан,Салтанат,Жанаттары,алды алты жаста,арты үш айлығында әкеден қалған еді.Балғатай өңірдей жас,ақжарқын адамгершілігі мол,бауырмал азамат еді.Балғатай қайтқанда қаралы митингте  атамның сөйлеген сөзі әлі құлағымнан кетпейдіғ. «Тарығып жүргенде,зарығып жүргенде,қапаста жүргенде соңымнан ерген бауырым еді,қанатым еді», - деп егіліп сөйлегенде сол жерде солқылдап,еңіреп жыламаған адам болмады.

Бұл қиындықты да атамды көтерді.Інісінің балаларын өз балаларынан кем көрмей,асырап қатарға қосты.Олар да Шіменбайды әке санап,бауырында болыпғ,үлкен тәрбиесін,ұлағатты өнегесін үйренді

Шіменбай ата тоқсанна асқан жасында өмірден озды.Шәрипасы жалындап тұрған шағында көлік апатынан көз жұмды.Дегенмен,жұбайы Қуаныш апай балаларының,немере-шөберелерінің нұр-шапағатына бөленуде.Ғалымы – әкімшідік қызметкеріғ,Сәлімі – кәсіпкер,Естайы – Астанада суретші,Жұмазиясы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінде,Шынары – ұлттық компанияда жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Халыққа жасаған адал қызметі

 

Атам - Шіменбай Алшорин 1928 жылы 14 жасында ауылдағы комсомол комитетіне хатшы,1931-1934 жылдары Амангелді ауданы прокуратурасының    тергеу ісін жүргізуші,1933-1937 жылдары Амангелді аудандық халық сотының хатшысы,сот төрағасы болып қызмет атқарған.Бар жоғы 23 жастағы алғыр азамат осындай жауапты қызметке қол жеткізіп,тапсырылған істі зор жауапкершілікпен жүзеге асыра білген.

Сол кездегі асыра сілтеу салдарынан аудан халқы аштыққаы ұшырайды.Белсенділер жасаған қиянат 1932 жылы “Социалистік Қазақстан” газетіне шығып,құрамында Б.Майлин,Ғ.Мүсірепов бар арнаулы комиссия келіп тексерді.Осы аштықтың зардабынан аудандағы 24 ауылдық кеңестің 14- і ғана қалып қалғандарының  халқы қырылып қалды.

Елдегі осындай аса қайғылы жай туралы Ғ.Мүсірепов “Батпаққараның бетпаққаралары” деп мақала жазған.Тексеруге келген кісілермен Шікең бірге болып, танысып, ортақ мүдде үшін күш біріктірген. Ол кісілер Шіменбайдың іскерлігін, алғырлығын бағалаған.

Берген сұхбаттарында осы кездегі жағдайды былайша еске алатын:

–  Мен бұл іске жаппай аштық кезінде келдім.Дәл осы кезде халықтың жаппай аштықтан қырылуын көзбен көрдім.Аштықты зерттеуге,көмектесуге Алматыдан Ғабит Мүсірепов бастаған арнаулы бригада келді.Соттың хатшысы едім, Ғабит Мүсірепов кіріп келді де,менен кім екенімді,қандай қызмет атқаратынымды сұрады.Мен хатшы болып істейтінімді айттым.Осы тұста бір кісі аштықта біреу түйесін жеп қойғанын даулап,сотқа шығымдануға келген болатын.Ал сот іссапармен ауылдарға кеткен.

– Сен бала, – деді маған, – Сотына айт,мына кісінің түйесін алып берсін.Аштан өлуші аз емес,енді мұны өлтірмекшісіңдер ме?! Айт, соны!  – деді де шығып кетті.Өте қатаң сөйлейтін кісі екен.Ғабитті сонда көрдім.

Сөйтіп,күте – күте екі көзі төрт болған туысқандарына қосылып,қайта бейбіт еңбекке араласқан.Алғашқыда аудандық поштада есепші болып қызметке орналасқан Шікең іскерлігін таныта білген.Шамалы уақыт өткен соң «Киров» ұжымшарына басқарма төрағасы болып жоғарылайды.Кейіннен аудандық жер бөлімінің испекторы, «Ленин», «Ақсуат» ұжымшарларында есепші.«Куйбышев» ұжымшарында қой – жылқы фермасының бригадирі қызметтерін атқарған.

 1946 – 1947 жылдардың қортындысы бойынша                                                                                                                                                                               Амангелді ауданының 14 адам Социалистік Еңбек Ері атағын

6

 

алса,Шіменбай ақсақал Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.Мұның өзіндік себебі бар.Әуелде Социалистік Еңбек Ері атағына ұсынылғандардың ішінде Шікең болған («Тың шұғыла» газеті,5 қазан 1989 жыл.2 – 3 бет).Бірақ, «жанашыр» жерлестері кешегі «халық жауы» болған адам қалай Еңбек Ері атағын алады деп арыз жазып,атақ алмақ түгілі,1949 жылы «Киров» ұжымшарының басқарма бастығы болып тұрғанда ұжымшар жарғысын бұзушылар атты қаулы жазасына ілігіп,25 жылға екінші рет сотталады.Онда жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын шыққан Шікең беріде «Иманов», «Родник» кеңшарларында бөлімше меңгерушісі болып,кейіннен Рахмет ауылдық кеңес төрағасы қызметін атқарып,сол жұмысынан зейнеткерлікке шықты.Қызмет атқарған кездерінде үздік жұмысшы үшін 2 рет КСРО жоғары наградаларына ұсынылған,бірақ,2 рет сотталғаны сылтау болып награда берілмей қалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

Абақтыдағы өмір өткелі 

                                                                                                                          Шіменбай ата қария алғашқы сотталар алдындағы көрген зәбірі жайлы былайша күрсіне еске алатын: «Әй қарағым әлі есімде

1938 жылдың 24 наурызы күні таңертеңгі сағат тура 10-да қызметте отырғанымда қолында одері бар екі милиция үйге кіріп келді.Келген бетте НКВД-ға жүресің деді.Милиция бастығы Тәстембеков түрмеге қаматты.Жеті күн жәбірлі тергеуде болдым.Тәстембековтың бергізген қысым-қиянатына шыдай алмай,”көрмегенімді көрдім білмейтінімді білдім істемегенімді істедім халық жауымын деп жазып бердім.Алғашында көнбеп едім,қысым жасады.Екі күн бойы жалаңаяқ мұзға отырғызды.Одан әрі шыдай алмадым.Түрмеде жатқандармен сойлессем,бәрі қысымға төзе  алмай,не жаз десе соны жаза беріпті.

Бір күні біз ақылдасып,шылым қағазына арыз жазып,аудан,облыс, республика, және КСРО басшыларына жібердік.

Бұған аудандық атқару комитетінің хатшысы Түрікпенбаевтың қатысуымен облыстық НКВД-дан Ғұмаров деген жауап алды.

Бұл да жәбір үстіне жәбір болды.Шыдай алмай тағы да айтқанына көндік.Мұны сол кезде НКВД-да милиционер болған Жамансарин Белғожа,Алтынбаев Нартай біледі.Біз бірге ұсталған 33 адам едік.11-і комсомол мүшесі болатынбыз.Бір іспен 11 адам айыпталдық.

Сол он бірдің ішінде Сәлімгерей Тоқтамысов(кейін ақталып,республиканың белгілі партия,совет,қоғам қайраткері болды) ол кезде райсполкомда секретарь                                                                                                                                                                                     болып істейтін.Қалғандары - Жанпейіс Аяпов райсполком қызметкері,Ғабдолла Рүстембаев – ұжымшар төрағасы,Шайғы Баймағанбетов – НКВД қызметкері,Әбдіғали Қыстаубаев – нархозучет бастығы,Ержан Балғымбаев – райзо испекторы,Досан Оразалин – ұжымшар төрағасы,Әмір Найзаболатов,Жұмабай Ысқақов және мен болатынмын».

Бұл қысқа әңгімесі сол кезеңнің тек бір сәттік оқиғасы болатын.Осындай жарқын,іскер жасты жаламен қамауға алған сол кездегі облыстық «үштік» билігі еді.Жылға жуық отырған Шіменбай ата 24 жасында 10 жылға сотталып,Колымда,Магаданда,Камчаткада колонияда болған.

Сол кезде қуғын-сүргін құрбандарын халыққа жарияламай-ақ үш адам қол қойып соттай беретін жүйе болған.Яғни «тройка» шешімі.Бұл «тройкасы» сот,прокуратура,НКВД болуы керек.Сол кездегі НКВД(Народный коммисириат внутренних дел) мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер басқармасын біріктірген орган болған.

8

 

Бұл аты шулы орган залым,Ежов,Берия заманында зұлымдылың шырқау биігіне көтеріліп,жазалаудың адам құлағы естімеген сұмдықтарын жүзеге асырған.Жоғарыдан нұсқау келгенде,шаш ал десе бас алатын жергілікті жаналғыштардың қолына Әлшорин Шіменбай да түскен.

Арада көп жылдар өткенде сол зұлмат заманға жоғары жақты,әсіресе,Сталинді кінәлайтын болды.Әрине,зұлым басшыны қорғаудан аулақпын.Бірақ,жергілікті жердегі зұлымдық,жазықсыз ұстау,қамау,қинау,еркінен тыс мойындату жүргізген өзіміздің адамдарымыз,аралас-құралас болып жүрген ағайындар еді ғой.Қалай айтқанда да 1937-1938 жылдарда болған жазықсыз жаппай қудалауға белсене араласқан,жазықсыз адамдарға «сен тыңшысын» деп жала жауып,Сібірге айдатқан сырттан келген ешкім емес,өз қандастарымыз,ауылдастарымыз екені айдан анық.Көршілес өзбек,қырғыз,түркімен,тәжік халықтары жазықсыз жапа шеккен арыстарын қорғап,тығып,басқа жаққа өткізіп жіберіп,аман алып қалу үшін күш салса,біздің қара көздер бірін-бірі жіпке тізіп бергені өтірік емес.Арада 70 жыл өтсе де солардың аты тарих сахнасында толық шықпай ,көлеңкеде қалып келеді.

Бүгінде зәбір көрушілер тізімі де әлі толық шыққан жоқ,қорлық көрсеткендерге де өз кезінде нақты шара қолданылмады.

Жазықсыз сотталғандардың көбісі ақталмай көз жұмды.Артында қалған ағайын-туысы,отбасы «халық жауының» туысы деген суық сөзден арылмай өмір кешті.

Солақай саясат әлі оң-солын танып үлгермеген 23 жастағы Шіменбайды жазықсыз жаламен түрмеге тоғытады.Тар жерге қамап,далаға шығармай ұрып-соғып зәбірлейді.Жасамаған ісін жасады деп мойындатуға әрекет жасап,неше күн қатарынан ұйықтатпай орындыққа байлап,төбесінен су тамшылатып,жанып тұрған электр лампасы астында ұстайды.Осындай жан төзгісіз азаптарға шыдай алмаған,қайрат-жігері әлсіздер қандай жала жапса да амалсыз мойындап,берген қағазына қол қойып берген.Солардың аттарын атап отырушы еді,жарықтық Шікең.

Қатерлі қыспаққа шыдағанша,тезірек сотталып,түрмеге кеткенін жұмақ көрген талай қандастар тергеу кезінде көз жұмған.Ақылынан адасып,түрмеге құр өлексе болып жеткендер қаншама?!

Жоғарыдағы жан түршігерлік зорлыққа төтеп берген Шікең тергеу ісінің азапты күндеріне төзіп,сот шешімі шыққан соң Сібірдегі Колымға     1 0  жіберілген.Сол кездегі түрме жүйесі бойынша саяси

9

 

сотталғандарды бір жерде тұрақтатпай,әр бес-алты ай сайын басқа

жерге  ауыстырып отырған.Алғашқыда Колымда,кейін Воркутада,Магаданда,Камчаткада колонияда болған Шікең,түрмеде жоғары сотқа талай рет шағымданған.Бірақ,тұрақтатпай бір жерден екінші жерге көшіру әрекетінен сот шешімі Шікеңе жетпеген.

Екінші рет түрмеге қамалғанда соты қазіргі Құмкешу ауылында болған.Шіменбай ағаның сотталуы жайлы жергілікті халық жырғып айтады.Бүгінгі ел ағалары,жасы жетпіске келген азаматтар сот процесін көзімен көрген.Сотты облыстық сот коллегиясы жүргізген.

Жұмыс барысындағы қатаң талапқа шыдамай,бас араздықтан басталып,ұйымдасып жабыла қаралаумен аяқталған сот кезінде қаралаушы топ алдын ала әр түрлі дайындық жасағаны анықталған.Қаралаушы жақтан ұзын саны 48 адам болған.Шікеңнің адамның жетесіне жеткізе,өте терең әрі мағыналы сөйлейтінін,сонымен бірге тілінің өте уытты екенін білетіңдер сотқа арыз айтқан.Олардың көпшілігі: «Шіменбаймен тікелей беттестірме,ол бізді шалғыша орады», - деп қашқақтаған.Өтірік куәлікке тартылған кейбір малшы-шопандар малын өріске айдап шығып,аттан түсіп,қамшысын жерге қадап,оған өз құлақшынын

кигізіп: «Ал,Шіменбай,сөйле!» - деп,оған өзі жауап беріп,өзіне өзі жаттығу жасап дайындалған.Көбі бетпе – бет кездесуден тайсалып,олардың сырттай түсініктемелерін тіркеумен шектелген.

11 күнге созылған сот процесіне қатынасып отырған Қостанай облыстық партия комитетінің хатшысы,облыстық сот коллегиясы мүшесі Ниязбеков адвокатсыз өзін – өзі қорғаған  азаматқа қарап (кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды): «Өзіңді – өзің ақтап,қасарыса бермей,қойсаңшы», - деген екен.

Шікең қорғану үстінде айып тағушы куәгерлердің жалаларын дал – дал қылып,іске жарағысыз қылғаннан кейін соттауға толық дәлел таба алмаған тергеушілер сырттан қосымша жаңа куәгерлер шақыртып,тың айыптар таққан.Сонда Шіменбай ағамыз жала жабушыларға шарт қояды. «Егер жалған айыптарыңды қайтып алмасаңдар,орталарыңнан ойып,беткеұсталарыңды өзіммен бірг ала кетемін», - дейді.Оған көпшілік мән бермейді.Әрі алдын ала келісіп алған сотқа арқа сүйейді.

Шарасы таусылған Шікең: «Сендер мені соттатпай қоятын түлерің жоқ екен,олай болса,осы өзімді қаралаушылар ішінен басты – басты мына азаматтарды өзімен қоса ала кетемін», - деп табандап тұрып алған.Ақыры олардың үкімет алдындағы кінәларын дәлелдеп,өзімен қоса соттатқан.Олардың алды 12,арты 10 жылға өзі 20 жылға бас бостандығынан айырылған.

10

Осы 11 күнге созылған сот процесінде Шікең жасымай,жалтақтамай,қолын артына ұстап,қасқайып қарсы қарап жауап беріп тұрды.

Сот шешімі оқылғанда сот процесінде бастан – аяқ қатынасып отырған бір кейуана; «Әттен – ай, обал жасадыңдар – ау Жазықсыз азаматты соттадыңдар – ау!» - деп дауыс шығара еңіреп жылаған екен.Ағайын – туыстығы жоқ ананың әділетсіздігі көріп шыдамай жылауы сол кездегі әділетсіз қоғамның бір көрінісі демеске шараң жоқ.Талайлар солай сотталып кете барды емес пе?

Шікең сол кеткеннен тек 1955 жылы ғана,Сталин өлгеннен кейін түрмеден бостандыққа шығады.Түрмеде «Томск» лагерінде болған.

Алғаш рет 24 жасында 10 жылға сотталып,кейіннен өзін – өзі ақтап,үш жылдан соң елге оралған азамат бейбіт еңбекке араласады.Осы аудан маңындағы сиыр фермасында бригадир болып жұмыс атқарады.Міндеті – ертелі – кеш сауыншылар жұмысын қадағалау,бұзаулайтын сиырларды күзеттіру,оларды күндіз саудыру.Бұл – Ұлы Отан соғысының орта кезеңі екен.Бірде түнгі

күзетте әйел ұйықтап қалып,бір сиырдың бұзауын қатырып алады.Оны шікең көреді.Уақыттың алақұйынданып тұрған кезі.Әйел: «Ағатай,айта көрме,мені соттатады ғой», - деп жалынады.Шікең әйелді аяп: «Бұзауды көрсетпей құрт!» - дейді.

Осы оқиғадан біршама уақыт өткеннен кейін Шікеңді милиция тұтқынға алады.Сөйтсе,манағы өзі жақсылық жасаған әйел,оның сыртында тағы екі бұзауды қатырып алып,оны белете астына тығып,қатып жатқан үш бұзауды ферма бастығына көрсетеді.Кешегі «халық жауы» бәрібір дұшпандығын жасап,туған бұзауларды өлтіріп,ұжымшарға зиян келтіріп жатыр деп үстінен арыз берген.

Алдын да,соңын да қоңырауы бар ШІкеңді ешбір әңгімеге келтірместен 1943 жылы екінші рет қамауға алып,түрмеге тығады.

 

 

 

 

 

 

 

11

Шығармалары.

 

Шығармаларына қысқаша тоқталсақ. Мұхиттан өткен қайық атты кітабында оның абақтыда жазған өлендері,ұлағат сөздері яғни мақал – мәтел,нақыл сөздер,естелік хаттар,құттықтау сөздері түсірілген.Түсінгеніздей оның көбісі еңбектері абақтыда отырған кездерінде жазылған.

Әсіресе негізгі тақырыпты өз өмірінде немесе қоғамда болып жатқан жағдайларға арнайтын.

«Толғау үстінде», «Ойда жоқта», «Тағы отырдым», «Сот» атты өлендері жалпы сот процесіндегі әділетсіздікке арналған.

Ойда жоқта

Әңгіме көтерілген ойда жоқта,

Кезінде тыныш тұрмыс қалын тоқта.

Атқарып адал жұмыс жұртың үшін,

Жүргенде абыройлы көңіл қошта.

Табысып өркендету артел – құрылыс,

Партия міндет беріп қойған поста.

План ап шаруашылық орындадын,

Қатардан ілгері өскен қалмай басқа.

Жарыста үздік атың шығып еді,

Кеңесу,мәжіліс қонақ болған тұста.

Үлгіңіз колхозына кең жайылып,

Алғысын айтушы еді кәрі – жас та.

Лебізің еңбекшіге табыс болып,

Өнімін алушы еді әрбір қоста.

Несібін адал ниет шердің көріп,

Қалмаушы еді ризықсыз елің босқа.

Табысы атақ беріп атақ қордын,

Үздіктер шығушы еді болмай қоста.

Қайыры,берекесі бірдей келіп,

Тиіспеуші еді ырысы орта қазаны астын.

Осындай шаттық тұрыс үстерінде,

Көре алмай жүреді екен іштеріңде.

Жаламен ұйымдасып,бәле салып,

Әй сені, – деп жүргендер тістерінде.

Кінәні ойдан – қырдан құрастырып,

Қызуды ұрды момент күштеріңде.

Өтірік қиыстырып, шындай етіп,

 

12

Көтерді материал істеріңде.

Ағыңыз бағыңызбен босқа қалып,

Кінә қып жауып жатыр түстеріңде.

Бәледен бұл сияқты құтқара алмай,

Ашатын жерлер болмай не істеріңде.

Салмақтап екі жақты солқылдақтар,

Лап беріп айғақ болды кештеріңде.

Жақындар бір кездегі сағымдай боп,

Қарамай жөнін тапты піштеріңде.

Ұшынып қаулаған өрт жана берді,

Тұтанып шала жұмыс бара берді.

Бейнетке кездестірген дазмыш шығар,

Бақ пен ақ аршып алмай қала берді.

Батпаққара поселкісі.

5 мамыр,1955 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

 

Қорытынды

 

Менің атам Шіменбай Алшорин туралы өз жеке ойымды айта кетсем деймін.Атам айта кеткендей сталин жаппай репрессиясының құрбаны болды.Жазасыз түрмеге сөгітілсе де,өз бойындағы қайраткерлігін мойындап келді.Кейіннен ақталды.Менің ойымша оның тарихта алатын орны биік шыңда.Бұған дәлел оның еліне деген адал қызмет еткені.Атамды тағдыр мәпелемеді.Қаншама жақсы істер істесе да,жақсылығы оған тән қайтып келген жоқ.                                                                                                                                                           Жазғы демалыс кезінде осы атамның шаңырағында Амангелді ауданында  болғанмын.Үйге кісілер келгенде,атамды көргендер болса,қозғайтын әңгімелері атам жайлы болады.Тыңдау барысында оның бауырмал,мейірімді,мақтанбайтын және адамгершілігі мол кісі болғанына екінші рет көзім жетті.Амангелді ауданында өлкетану мұражайында атамның өміріне арналған бұрыш бар.Мұражайда оған қоса киелі Торғай  жерінің ақын жазушылары мен батырлары туралы мағлұматтар бар.

Жаппай репрессияның құрбандары болған көбісі Торғай даласының зиялы азаматтары еді.Олардың есімдері тарихта қалмаған.Кейіннен ол кісілердің бәрі заңды түрде ақталып шықты.Олардың ішінде менің атамда бар.

Атамның тарихта алатын орны биік шыңда деп айтқаным артық емес.Халық жауы атанып,абақтыға түспегенде оның елімізге деген пайдасы зор болар еді.Тек қана үкіметте емес,шығармашылық жағынан да өзін жақсы көрсеткен. «Мұхиттан өткен қайық» атты кітабында оның абақтыда жазған өлендері,ұлағат сөздері яғни мақал – мәтел,нақыл сөздер,естелік хаттар,құттықтау сөздері түсірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

14

 

Пайдаланатын әдебиет материалы

1. «Мұхиттан өткен қайық». – Астана: Фолиант, 2011 ж.бет. – 320 бет.

2. «Тың шұғыласы». 5 қазан 1989 ж.2 бет.

3.  «Аманкелді арайы» 2005 жыл.3 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жұмыс "Мұхиттан өткен қайық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 401 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2019 1183
    • DOCX 29.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сқақ Ақсымбат Ғанибекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сқақ Ақсымбат Ғанибекқызы
    Сқақ Ақсымбат Ғанибекқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67697
    • Всего материалов: 36

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов