Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИнформатика пәнінен ашық сабақ

Информатика пәнінен ашық сабақ

Скачать материал

 

 

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі

 

 

 

 

 

 

     Сабақтың тақырыбы:
                   
 "Paint" графикалық редакторы. 
Суретті сақтау. Суретті ашу.                                          

         (ашық сабақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                   Өткізген: Л.А.Бахытжанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   2014-2015 оқу жылы

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «PAINT» графикалық редакторы. Суретті сақтау, суретті ашу.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:
«PAINT» редакторында суретті ашуды, құруды, сақтау қызметін меңгерту.
ә) Тәрбиелік:
Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға жіне уақытты үнемдеуге дағдыландыру.
б) Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: Білім, білікті практикада қолдана білу сабағы.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, геометрия, сызу, қазақ тілі

Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе - түсіндіру, жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Сарамандық жұмыс

V. Үйге тапсырма

VІ. Қорытындылау

 

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Бекіту сұрақтары:

·        Компьютер жанындағы өсімдік - кактус

·        Қағазға басып шығару құрылғысы – баспа құрылғысы

·        Дыбыс шығару құрылғысы - колонка

·        Компьютер жұмысын басқаруға арналған манипулятор - тышқан

·        Жүзден артық түймемен, компьютерді билеген – пернетақта

·        Ақпаратты сақтап, таратқан, баршаны өзіне қаратқан - монитор

·        Петроглифтер дегеніміз не?  - Тасқа салынған суреттер

·        Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген? -таңбалар

·        Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған? – қағазға, папирусқа

·        Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? - компьютерге

·        Бір бетшені аштым да,

     Мәтін жаза бастадым

     Бірақ тілін шет елдің

  

 

 Аудара алмай тастадым   

 

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым!   Shift+ alt

 

 

Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің?       пробел

 

Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын?   Shift+t

 

 

Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ  бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін?    enter

 

ІІІ. Жаңа сабақ. Саламатсыздар ма, балалар. Отырыңыздар. Егер де сабаққа дайын болсақ, барлығымыз бері қараймыз. Бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден ерекше болғалы отыр. Себебі бүгін біз саяхат жасаймыз. Алыстағы “Paint” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек. Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз! Егер де саяхатқа шығуға дайын болсаңдар, мені мұқият тыңдаңдар!

Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды.

Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға

арналған.

Редактор:

1. Құрал - саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;

2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;

4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;

5. Схемаларды сызуға және т. б. мүмкіндік береді.

PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. «Paint» графикалық редакторын

 

 

ашу үшін Іске қосу- барлық бағдарламалар- стандартты- Paint. Кез келген суретті саламыз. Бас меню командасынан Файл жолын таңдап, Сохранить как командасын таңдаймыз. Новая папка сөзінің орнына жаңа атау енгізіп, enter пернесін басамыз. Жаңа атау енгізілген бума белгіленген, енді тағы да enter немесе Открыть батырмасын шертеміз. «Имя файла» жолына салған суретіңнің атын жазып, Сохранить батырысын шертеміз.
Paint графикалық редакторының терезесі

1.     Тақырып жолы

2.     Меню қатары немесе мәзір жолағы

3.     Құралдар тақтасы

4.     Сурет салу алаңы

5.     Түстер палитрасы

 

 Сен не білдің?

   

 

Дұрыс!!! Paint графикалық редакторының терезесі ашылды.

 

    

 

Paint графикалық редакторының терезе элементтерін жаз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       mainwin

 

 

Демалыс сәті

 

Сергітудің енді сәтін бастайық

Бір-екі-үш,алға қадам басайық

Орнымыздан тұрып қолды созайық

Шаршамайық,тағы бір іс жасайық.

Бір-екі оңға,үш-төрт солға

Сау болудың қамын біздер 

                            жасайық!!!

 

Ой қорыту.

1.     «Paint» графикалық редакторын қалай ашамыз?

2.     «Paint» графикалық редакторының терезе элементтерін ата!

3.     «Paint» графикалық редакторында суретті қалай сақтаймыз?

4.     «Paint» графикалық редакторында сақтаған суретті қалай ашамыз?

 

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Paint» графикалық редакторында сурет салып, сақтап және оны шығарып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика пәнінен ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Информатикалық бестік» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық іскерлігін, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, қойған мақс
атына жете білуге дағдыландыру, білімдерін шыңдау.
Жоспары: 
І тур. Топты таныстыру
ІІ тур. Сергіту сәті.
ІІІ тур. «Жылдам, тағы жылдамырақ»
ІҮ тур. Сандар арифметикасы
Ү тур. Информатиканы жырлаймын.
ҮІ тур. Бетпе - бет
ҮІІ тур. Шығармашылық жұмыс «Қазақстан - 2050 стратегиясы»
Барысы:

Техника дамып ғарыштаған,
Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам.
Компьютерлік ғажайып виртуальдық,
Өзіндік өрнегіммен өріс табам,

- дей отырып, барлықтарыңызды «Информатикалық бестік» сайысын көріп тамашалауға шақырамыз!

Әділдікпен баға берер сіздерге,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.


І тур. Топты таныстыру: 
Компьютерде келешек,
Ұғып, білгіш елгезек.
Әр кластың білгірлері,
«Принтерге» бер кезек,- деп ортаға «Принтер тобын» шақырамыз.
Информатика пәнінен,
Көрсетер бізге алғырлық.
Ой толғайтын жүйелі
«Сканер» тобын шақыралық,- ортада «Сканер» тобы.
Тобының жоғын мұңдайтын,
Ертеңі жайлы ойлайтын.
Болашақтың арманын,
Бүгіннен бастап сайлайтын,- «Модем» тобын ортаға шақырайық.
Ендігі сөз кезегі топтардың таныстыруларында.
1. Топтың аты: «Принтер» (Қ. Нұртас «Телефон» әнімен)
Топтың ұраны:
Сәттілік тілейміз біз жарыста.
Қане, достым сенде сайыстан қалыспа!
«Принтерміз» Чарлз Беббидж құраған,
Тайсалмаймыз компьютерлік тартыста.
Топтың әні:
1. Армысыңдар ақ көңілді көрермен,
Келіп қалдық сайыстарға өлеңмен.
Әділ - қазы алқасына мың сәлем,
Хабары бар есеппенен өнерден!
2. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,
Өлеңменен осы әнімді арнадым.
Информатика – ғылымдардың патшасы
Ой - сананың түсінетін астарын.

Қайырмасы:
Ех, «Принтер» атқарасың жұмысты.
Сенсіз бастамаймыз бір істі.
Драйверлік бағдарлама боламыз,
Орнатылған компьютерге келісті.

3. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,
Өлеңменен осы әнімді арнадым.
Информатика - ғылымдардың патшасы
Ой – сананың түсінетін астарын.
4. Болашаққа бірге қадам басамыз,
Білімменен асулардан асамыз,
Жарыстарға үмітпенен қарап - ап,
Сәттілікті жолдас қылып аламыз!

2. Топтың аты: Сканер
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске.

Тотың әні: (Қ. Нұртас «Сағыныш моншақтары» әнімен)
1. Жүректің жалынымен,
Қал сұрап амандасып,
Сіздермен қауыштырған,
Информатика апталығы.
Принтер мен Модем топтары
Қарсылас емес бізге.
Достармыз біз әрқашан
Жазылмас жұбы мүлде.
Қайырмасы.
Сен барда ұмытпаймыз біз.
Мектептің қызық шақтарын.
Сканер тобы ұмтыл алға,
Шыға бер биік шыңға.

2. ХХІ ғасыр
Технология заманы.
Ақпараттар Бүгінде
Информатика саласы.
Ұмтылыңдар сендер де
Информатиканы білуге.
Кибернетикасы атасы
Норберт Винер ізімен.
3. Біздің топ: Модем
Біздің ұран:
Егеменді елімнің ұланымыз,
Тәртіпті болп, жақсы оқу ұранымыз.

Біздің ән: (Қ. Нұртас «Сүйіп едім» әнімен)
Амандасып алайық
Жалпыңызбен халайық
Модем тобы келгенде,
Қол соғып қарсы алайық.
Модемдерді көргенде
Интернетке кіргенде,
Білесіңдер пайдасын
Сол кездерде сендер де.

Қайырмасы:
Модем деген керегі,
Интернеттің тірегі.
Кез келгені біледі,
Модемдерді үнемі.

Ғылымдардың патшасы,
Жаңа өмір қақпасы,
Компьютерді өмірде
Қолданады баршасы.
Қорытынды кеш бүгінгі,
Топтар өзіне сенімді.
Тілейміз біз сәттілік
Қарсыласқа бүгінгі.
Қайырмасы.

ІІ тур. Сергіту сәті. 

Информатика бұл кейде басты талап,
Ол дегенің ізденгенге қару - жарақ.
Енгізу - шығару құрылғысын,
Көрейік қайсы топ жазар тез - ақ,

- деп «Сергіту сәтін» бастайық.
1 минуттың ішінде компьютердің енгізу және шығару құрылғыларын жазу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
(Тапсырманы орындау парағы таратылады.)
ІІІ тур. «Жылдам, тағы жылдамырақ» 

Ақпараттану күнбе-күн,
Тез - ақ дамып келеді.
Таппай іздеп жүргенің,
Компьютерге енеді.
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де,
Ақпараттық заманың,-

деп ІІІ - турымызды бастаймыз. «Жылдам, тағы жылдамырақ» деп аталатын бұл турда 1минуттың ішінде таңдап алынған әріптен басталатын информатикалық терминдер жазу керек. (Әділқазы алқасынан әріптерді таңдап алады. Тапсырманы орындау парағы таратылады.)

ІҮ тур. Сандар арифметикасы.

Информатика пәнінен,
Алғырлық біздер көрсетіп.
Әр түрлі санау жүйесінен,
Тастайық есеп шығарып,-

деп «Сандар арифметикасы» турын бастайық. Оқушылар санау жүйелерінен тапсырмалар орындайды. (Тапсырмалар әділқазылар алқасында).
1. «Принтер» тобына: 8-дік санау жүйесіндегі ең үлкен үш разрядты санды жаз және оны ондық санау жүйесіне көшіріңіз.
2. «Сканер» тобына: 8-дік санау жүйесіндегі ең кіші төрт разрядты санды жаз және ондық санау жүйесіне көшіріңіз.
3. «Модем» тобына: 16-лық санау жүйесіндегі ең үлкен екі разрядты санды жаз және ондық санау жүйесіне көшіріңіз.

Ү тур. Информатиканы жырлаймын.

О, информатика, сен қандай ғажап едің,
Сенсіз өткен күндерім азап менің,
Жоғымды интернеттен іздеп тапсам,
Мен сені қалайша жырламаймын,-

деп толғана отырып, кезекті жанкүйерлерге береміз.
(Жанкүйерлер сайысы. Өздерінің шығарған өлең жолдарын оқиды. Әділқазылар алқасына жұмыстарын өткізеді).
Компьютерге арнау («Принтер» тобы)
Армысыңдар замандастар!
Апталықтың додасына қадам басқан.
Бүгінгі бұл сайыста біз жеңбесек
Ұстаздан алған білім бекер болмақ.
Лунара апай емес қой сондай бөтен,
Танымаған адамдар оңбайды екен.
Жалғыз ғана мұғалім компьютерден
Компьютерден басқа ұстаз болмайды екен.
Біз міне армандарға жеттік бүгін
Алып жүрген жоқпыз ғой бекер білім
Осы жұрт біле ме екен, айтып көрсін
Бар байлықтың компьютерде екендігін.
Айғайлап айтып жатыр оқушы әнін
Жырға қоссақ білімнің атырабын
Бар адамды шетелдік кино емес
Компьютерді білуге шақырамын!
Компьютер....
Менімен егіз бе едің?
Мен сені сезесің бе, неге іздедім?
Мультимедия, физикадан сені іздедім.
Мен ақымақ компьютерге ғашықпын,
Үйден шықсам, мектептегі компьютерге асықпын,
Күні - түні көз алдымнан кетпес бейне,
Сезімнің толқындарын тасыттым.
Компьютерсіз күн қараң
Ақпарат жоқ сол жаман.
Егер білсең пайдасын
Ешқашанда қиналман.
Интернетке кіресің
Әлемнің бәрін білесің
Көп қиналмай барлығын
Бір минутта көресің.
Оқу жайын байқалық
Біз жүрейік жайқалып
Апталықта мың алғыс
Ұстаздарға Айталық!
Біз бақытты баламыз,
Биік біздің санамыз,
Компьютер біздің ақылшы,
Ол да біздің панамыз.
Керемет бұл бала шақ
Оқушы кез тамаша,
Білімді бол достарым,
Біз кейінгі болашақ!
Информатиканы жырлаймын («Сканер» тобы)
Апталықтың ең соңғы күні бүгін,
Информатикадан жетілдірдік ілім - білім.
Ада Лавлейс программистің ізімен,
Үйренеміз информатика ілімін.

Информатика пәнінің жетекшісі
Лунара апай ұстазымыз есепші.
Білмегенді сұра деп аянбайтын,
Бағындырған небір қиын белесті.

Мынау заман ақпараттың ғасыры,
Интернетсіз бағынбастай бар шыңы.
Бэббидж, Лейбниц, Гейтстер ойлап тапқан,
Информатика ғылымдардың асылы.

Брайен менен Деннис Ритчи құрған тіл,
Программалау емес пе оны да біл.
Томастың атындағы арифмометр,
Бізге мәлім бүгінгі калькулятор.

Информатика ғылымының бір саласы,
Есептерін шығаруға ешкімнің жоқ таласы.
Паскаль тілінің ерекшілігін қарастырып,
Орындайды компьютерді әр адамзат баласы.

Информатика жадымызда біздердің,
Ұмытпаймыз ешқашанда сіздерді.
Осы менен аяқтайық жырымызды,
Жүректен шыққан ән – сырымызды.

Информатикаға арнау («Модем» тобы)
Болашақ білім – ғылым тұтқасында
Мұны әр кез, әр кез ұстасында
Заманның компьютердей кезеңінде
Информатика тағы тұр көш басында

2. Компьютермен басқарылар бәрі де
Меңгереді оны жаста, кәрі де
ХХІ ғасыр дамыған мынау заманда
Көш басында компьютер тұр әлі де.

3. Заманның бүгін талабы
Озық ұлттар ойынның
Үлгісін соған салады
Жұмбақ сырын ғылымның,
Компьютермен табады
Қиын деген есепті
Шемішке шағады
Жетістігі ғылымның
Бұл ғасырдағы ең бағалы
Жанындай жақсы көретін
Жасампаз жарқын жаңаны
Шетінен сондай болсам деп
Қазақтың барлық адамы.

ҮІ тур. Бетпе-бет.

Ақпараттандыру ғылымы,
Информатика жайында.
Сұрақтар қойсақ нақтылы,
Жауабыңды дайында,-

дей келе, «Бетпе-бет» турына кезек берейік.
(Әр команда қарсыластарына сұрақтар дайындап әкеледі.)
ҮІІ тур. Шығармашылық жұмыс «Қазақстан - 2050 стратегиясы»
Аспан ашық, жер мамық жастанарға,
Біздің қазақ ұқсамас басқаларға.
Ақылшысы атойлап алда тұрса,
Арыстандай ерлері жасқанар ма?,- деп жас ақынымыз жырлағандай, еліміздің ертеңі, болашағы болар мына жастарымыздың Елбасы жолдауын қалай насихаттайтынын тыңдалық.
(PowerPoint - та жасаған презентацияларын қорғайды.)

Білімдіден шығады білгір маман,
Оқы - тоқы білгенің болмас жаман.
Ақпараттық ғасырың – болашағың,
Ақыл - ойды жинақта міне, соған,-

дегендей сайысымыз осымен мәресіне жетті.
Сайыс қорытындысын жасауға сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Арнайы осы кеш үшін жасалған

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2015 4154
    • DOCX 456 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бахытжанова Лунара Алимжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16490
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 298 человек

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе