Инфоурок Другое Другие методич. материалыИнтеллектуалды ойын «Алтын қақпа»

Интеллектуалды ойын «Алтын қақпа»

Скачать материал

«Алтын қақпа» Интеллектуалды  ойыны

Тақырыбы: «Тәрбие көзі – салт - дәстүр»

Мақсаты: Ұлттық салт- дәстүр туралы алған білімдерін, білгендерін тереңдету арқылы халық даналығын ұрпақ санасына сіңіру.Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, өз ойын тез тұжырымдай білуге, жылдам, дұрыс шешім қабылдай білуге баулу. Ұжым намысын қорғауға, ізденушілікке, тапқырлыққа салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: Нақыл сөздер:  «Ата мұраңасыл қазынаң», «Салт-дәстүрін ел бұзбас, Уәде сертін ер бұзбас», «Халқын сүйгенсалтын да сүйеді», пернетақта
Ойынның барысы:
Тәрбиеші:

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымызда, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге!
          Армысыздар! құрметті ұстаздар,  қатысушылар, көрермендер. Бүгінгі «Алтын қақпа»  интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! Ойынымыз «Тәрбие көзісалт- дәстүр» тақырыбында өтеді. Қазақ халқы – салт – дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Нағашыбай Шайкенов «Ұлт дәстүрі заңнан биік» деген. Демек, салт – дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт – дәстүрмен, өнегелі әдет – ғұрыппен, үлгілі жөн – жосықпен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Бүгін қазақ халқының тарихын, салт – дәстүрді қадірлей отырып, қаншалықты дәстүрімізді бағалайтынымыз, әсіресе қаншалықты білетіндігімізді көретіндей топтың арасында «Алтын қақпа» ойынын ұйымдастырып отырмыз.  Ойынымызға қош келдіңіздер!«Ойынымызды бастамас бұрын дәстүр бойынша әділқазылар алқасын сайлап, таныстырсақ дейміз.
    Қазылар орнықтырар әділдікті,
    Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
    Білім мен тапқырлықтың жарысында,
    Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып   оқушылардың білімін бағалайтын, әділдікпен саралайтын   әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар.

Касымова Гүлмира Бағынтайқызы

Есказинова Бейбітгүл Ағанасқызы

Рахимжанова Айгүл Халелқызы 
Тәрбиеші: Ойынның  негізгі  шарты: жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек. Ойын төрт бөлімнен тұрады:
Тас қақпа
Күміс қақпа
Алтын қақпа
Алтын сандық  
       Балалар, сендерге әр қақпаға жету үшін тапсырма беріледі. Өздеріңіз білетіндей теледидардан «Алтын қақпа» ойынында алтын сандықты ашпас бұрын, алдыңғы кезеңдерден яғни тас қақпадан, күміс қақпадан, алтын қақпадан өтіп, алтын сандықты ашуға тырысады. Егер де алтын сандықтың ішіндегі сұраққа жауап бере алмаса, алтын сандық ашылмай жабулы күйінде қала береді. Қазір сендердің алдарыңда экраннан тапсырмалар өз орнымен, ретретімен көрсетіліп отырады. Сұрақтарға жылдам, ұтымды және толық жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа әділ қазылар  мынадай фишкалар береді. Кім де кім берілген сұрақтың жауабын біліп тұрса, қолындағы белгіні жылдам көтеріп, сұраққа толық жауап қайтару керек. Сол кезде ғана жауап саналып, ұпай саны жазылған фишка беріледі.
Тәрбиеші: Енд
і ойыншылар, сіздерге сөз кезегін берсек дейміз, өздеріңізді қатысып отырған қонақтарға, әділқазылар алқасына таныстырып өтсеңіздер.
Топтың аты
   «Тұмар»
Тұмар  молдаларға оқытып ,ұшбұрыштап матаға немесе теріге  тігіп  кішкентай баланың мойнына тағып қоятын нәрсе. Бұл пәле-жаладан, тіл, көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғымнан туған. Сол заттың атауын ырым  етіп  біз өзіміздің топтың атына қойдық.
Топтың аты
   «Тұлым»
Тұлым – баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көз тимес үшін балаларға қойылады және ол сәбиге лайықты әдет - ғұрып.  Біз де өз тобымызды сол әдет-ғұрып атауымен атауды жөн көрдік
Тәрбиеші: Рахмет.
Қатысушылар өздерің таныстырды  Өздеріңізге  сәттілік тілейміз.Ұлы Абай атамыздың «Адам ата - анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескере жақсы - жаманды таниды. Сондайдан білгені, көргені, тоқығаны көп болған адам білімді болады»- деген нақыл сөзін ескере отырып, ойынымызды бастайық.
Тәрбиеші: «Алтын қақпа» ойынының алғашқы сатысын  «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр» -деп “Тас қақпа” сұрақтарына жауап берулеріңнен бастаймыз.  Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмыт па» деген мақал бар. Алғашқы қақпамыздың сұрағы ата-баба дәстүрі мен салты, жөн-жоралғысы туралы. Олай болса, экранға назар аударайық.
Тас қақпа сұрақтары:

1.     «Тоқымқағар» деген не?

2.     «Бастаңғы» қай кезде жасалады?

3.     «Иткөйлекті» кімге кигізеді?

4. «Ерулік» сөзін  қалай түсінесің?

5. «Сүйінші» дегеніміз не?
6. «Енші» деген сөздің     мағынасы не?

7. «Құсбегі» деп кімді айтамыз?

8. «Қалау» сөзін қалай түсінесің ?
9. «Аманат» деген не?

Жауаптары.

1.     Жас бала алғаш рет үйден жолаушылап шыққанда, аман – есен үйге қайта оралсын деген ырыммен туған – туыстарын, көршілерін   қонаққа шақырады.

2.      Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «Жолаушылардың жолдары жеңіл болсын» деген ниетпен бас қосып ойын-сауық құрады.

3.     Баланың туғанына 40 күн толғанда оны қырқынан шығарады, сәбидің көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы иткөйлекті шешіп алып тәттісін бөліп жейді.

4.      Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады.

5.      Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл – қуанудың ризалықтың белгісі.

6.      Үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.

7.      Қыранды түрге, топқа жеке айыра білетін     адам.

8.      Біреудің жақсы затына, малына, мүлкіне   көңілі  кеткен адам сол үйге барып қалау    қалайды. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы    адамға қонақасы беріп, қалағанын орындап   қайтаруға тиісті.

9.      Бір адамның екінші бір адамға сақтауға    берген заттары. Аманатты сақтау, оны     мезгілінде қайтару зор адамгершілікке   жатады. Аманатқа қиянат жасауға   болмайды. Ол өте ауыр күнә деп  есептелінеді.

Тәрбиеші: Міне, тас қақпада ашылды. Сендер қазақтың асыл мұраларын жақсы біледі екенсіңдер.
Туылған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
        Ата - бабам ардақты,
        Жамандыққа бармапты.
        Ардақ тұтып үлкенді,
        Ата жолын жалғапты - дей отырып, ойынымызды жалғастырайық. Тіліміз дүниежүзіндегі ең сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі, көркем де кестелі тілдерінің бірі екені бәрімізге аян. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойлау ерекшелігі – дүниені көркем образбен қабылдауында. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Келесі «күміс қақпа»  кезеңінде тұрақты сөз тіркестерінің баламасын табамыз. Барлығымыз экранға назар аударайық.
 
Мысалы:  ит арқасы қияндаалыста, қызыл кеңірдек болудауласу т.с.с.
Тапсырма түсінікті болса, «Күміс қақпа» сұрақтарына назар аударайық.
1. Асығы алшысынан түстіжолы болды
2. Төбесі көкке жеттіқатты қуанды
3. Екі көзі төрт болды - ұзақ күтті
4. Жүрегі зу еттіқорықты
5. Тонның ішкі буындайжақын, тату
6. Қолтығына су бүркуқолпаштау мақтап-мадақтап, айдап салу
7. Жерден жеті қоян тапқандай болуқатты қуану
8. Жанын шүберекке түюқорқу
9. Тайға таңба басқандайанық
10. Аузына құм құйылусөзден жеңілу
11. Қой аузынан шөп алмаумомын
12. Таяқ тастам жер – жақын жер
13. Бет - аузына бес ит тойғандай – нас, лас, кір
14. Екі езуі құлағында – қатты қуану
15. Иығынан су кетті – жолы болмау
16. Қас пен көздің арасында – тез арада, жылдам
17. Ат шаптырым жер – алыс жер
18. Қабағынан қар жауғандай - ашулы.
Тәрбиеші: Сонымен «Тас қақпа», «Күміс қақпада» ашылды.  Құттықтаймыз! Өте білімді, өнерлі, алғыр балалар екенсіңдер! Енді ойынымызды жалғастырамыз. «Алтын қақпа » сұрақтары 2 бөлімнен тұрады:
І бөлім  «Ескірмейтін есті сөз»

ІІ бөлім «Тәрбиенің тамыры салтымызда» Берілген ұяшықтарды ашамыз.

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл халықтық этнопедагогиканың үлкен бір бөлігі. Бұл ырым-тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т.с.с.
Осындай с
өздер  «Алтын қақпаның» І бөлімінде жасырынған. Экранда берілген ақыл сөздерді сайыскерлер түсіндіріп берулері керек.

«Алтын қақпада» мынадай сұрақтар жасырынған екен.
1. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)
2. Балаға құйымшақ жегізбейді (бала ұшқалақ, жеңілтек, сабырсыз болады дейді)

3. Әлдеқайда біреу қайтыс болды деп жаңсақ айтса неге жориды? (ұзақ өмір сүреді деп жориды)
4. Жолаушыға қайда барасың деп сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады дейді, сондықтан, «жол болсын» деп сұрайды.)

5. Жақын адамға мысық, ит, пышақ немесе басқа да қару сыйламайды (араздасып қалады дейді)
6. Аң-құс балалағанда, төлдегенде, балапан өргенде аңға шықпайды (табиғатты аялау, жан-жануар басының көбеюін қадағалау, обалына қалмау)
7. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп-шалам, шіркей түсіп кетеді және жын-шайтан жалап кетеді дейді)
8. Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген.
9. Ымырт түсе үй тазалама, қоқыс шығарма (үйдің ырысы кетеді)


10.Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. (Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады)
11. Бас киіміңді лақтырма, теппе.  (басың ауырады)

12. Отқа су құйма, түкірме.( Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған)
Тәрбиеші: Міне, екінші бөлімге де келіп жеттік.
Бұл бөлім  «Тәрбиенің тамыры салтымызда» деп аталады.  Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсысымыздың борышымыз!  Қазақтың  салт- дәстүрінде көп мән – мағына бар. « Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де, тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Бүгінгі ойынымыздың барысында ойыншыларымыз әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты білімдерін, білгендерін көрсетіп жатыр. Енді сендердің алдарыңда көрініп тұрғандай, ұяшықтар берілген. Осы ұяшықтарды таңдап, берілген сұрағына жауап берулерің керек.
 Ұяшық сұрақтарына жауап беру. Тор көздерді таңдауы бойынша ашып, ондағы сұрақтарға жауап бересіңдер , сонша ұпай аласыңдар.
10.  Мал сүйегін пайдаланып ойналатын ұлттық ойын түрін ата.
10.  Сыңсу қай кезде айтылады?
10. Ұлттық ойын түрлерін ата.

20.  Қазақ халқының үйлену тойында қандай ән айтылады?
20.  Жеті қазынаны , жеті атаны ата.
20.  Әшекей бұйымдар жасайтын адамды кім деп атайды?

30.  Атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп атайды?  Ата-ана, әке- шешенің

       үйін қазақ халқында қалай атайды?
30.
 Байғазы деген не?  (Бұл дәстүр балалардың ,жастардың жаңа киімі үшін берілетін

      ақшалай, заттай сый )

30. Тәбәрік сөзін қалай түсінеміз? (Бұл дәстүр,ғұрып біреу ойын, тойда бәйге, жүлде

     алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса,одан жанындағыларға үлес беруі

     керек. )
Тәрбиеші:

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын!
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

Ал,  енді көмбедегі «Алтын сандықты» ашуға дайынбыз ба? Олай болса,

Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.

Ғасырлар бойы сұлуланып, салмақтанған асыл сөз, сөз мәйегі - мақал келесі қақпамыздың мазмұны. Дана халқымыздың көне де, көркем мәдени мұрасы-мақалдар мен мәтел сөздер.Мына көне кебежеде сары майдай, көздің қарашығындай сақталған асыл дүние – мақалдар жазылған.  Берілген сөздерді қатыстырып  осы көне кебежедегі мақалды  құрауларың керек.

Олай болса, назарларыңыз экранда болсын.

1. уәде
2. ер
3. салт- дәстүр
4. ер

5. серт

6. бұзбас

Жауабы: «Салт-дәстүрін ел бұзбас,

                  Уәде сертін ер бұзбас»

Тәрбиеші:

Ата дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ау халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

Бүгінгі ойынымыз қызықты өту үшін келесі танымдық сұрақтарды көрермендерге берейік. Әділқазылар ұпай санын, әр ойын бойынша жалпы нәтижесін щығарғанша, көрермендерді сынға алайық. Мына сандыққа асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Сандықтан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан  санға байланысты отбасына, тәрбиеге байланысты мақал-мәтел айтасыңдар.

 Тәрбиеші:  Білімнің мініп алып тұлпарына,
                     Қиналмай шықты білім шыңдарына.
                     « Алтын қақпа » сайысы аяқталды,
                     Сөз кезегі әділқазы алқасында.

Қорытынды

Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, ұнамды ғой, ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық!
        Құрметті ұстаздар! Сіздер бүгін «Алтын қақпа » атты ойынымызды  тамашаладыңыздар. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, салт- дәстүрі, мақал - мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет – ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру, әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпак болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Интеллектуалды ойын «Алтын қақпа»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 717 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2017 1330
    • DOCX 98.5 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Динасилова Жайдары Куанышбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 128207
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой