Инфоурок Другое Другие методич. материалы1 қыркүйек мерекесіне арналған іс-шара әзірлемесі

1 қыркүйек мерекесіне арналған іс-шара әзірлемесі

Скачать материал

«Мен елімнің патриотымын»

1 - қыркүйек Білім күніне арналған  «Мен елімнің патриотымын»

атты салтанатты жиынның бағдарламасы

Жүргізуші:

Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән,
Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз,
Сағынып жыл құсындай қайта оралған.

Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, бірлік, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын Білім күнің – мерекең!

Құрметті қонақтар! Ұстаздар! Ата - аналар және оқушылар!
Қазақстан Республикасының Конституциясының 25
жылдық мерекесімен құттықтай отырып, 2016 - 2017 жаңа оқу жылының  «Мен елімнің патриотымын»  атты салтанатты жиынына қош келдіңіздер.

 

Айналайын, дарын бол,

Жақсы оқып, ер жетіп.

Оқу оқып, ғалым бол,

Жанған оттай жалын бол!

Әділ шешер әр істі

Ақылың асқан дана бол.

Шыбықтай өсіп шынар бол,

Білім жолын қуар бол!-деп тарыдай болып енгелі отырған 1-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Исингулова Балжан Кадылбековнаны ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Білім күнгі мерекелік жиында

Мектептен басталады білім нәрі.

Елімнің көк байрағы енгізіліп,

Шырқалсын қазағымның Әнұраны!

 

 

Сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын еңгізуге дайындалсын!

Назар аударыңыздар! ҚР мемлекеттік Туы бүгінгі 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынға енгізілсін!

 

Жүргізуші:

Дәстүрлі 1 қыркүйек – Білім күніне арналған  «Мен елімнің патриотымын»  атты салтанатты жиынымызды ашу үшін сөзді мектеп директоры Ахметова Гульнар Балтабаевнаға береміз.

 

Жүргізуші:

«Мектеп – кеме, білім - теңіз» сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын - мектеп. Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөзі ауыл округының әкімі Докторхан Амантайұлына беріледі.

Ән шашу 8-сынып оқушысы Шұғыланың орындауында «Мереке» әні.

 

III. Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.
Нұр шашып көкте күн,
Өміріңнің көктемін.
Гүлдендірем деп келдім,
Сәлем алтын мектебім!- деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған
1сынып бүлдіршіндеріне сөз кезегін береміз.

 

Жүргізуші:

Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.

Нұр шашып көкте күн,
Өміріңнің көктемін.
Гүлдендірем деп келдім,
Сәлем алтын мектебім!- деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге арнаған құттықтау сөзін және Елбасының сыйлықтарын табыс етуге 11 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

(11 сынып Құттықтау сөзі,ән)

Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат аталады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы – деп келесі құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

Жүргізуші:

Сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығаруға дайындалсын!

Назар аударыңыздар! ҚР мемлекеттік Туы бүгінгі 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиыннан шығарылсын!

 

Жүргізуші:

Оқу қайта басталды,
Мектебіміз қарсы алды.
Қоңыраудың дауысы
Күмбірлетті аспанды.
Қағылмақ міне әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау.
Нұр толып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.

Жүргізуші:

Алғашқы қоңырауды соғуға 1,11 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз

Алғашқы қоңырау соғылсын!

Жүргізуші: (қоңырау соғылып жатқанда).

Бар мектептің басталар бүгін жыры.
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі білім күні
Күмбірле қоңырау, күмбірле,
Шаттанып күлейік, біз бірге.

Жүргізуші:

Мерекелік шашу.

Оқушылардың бақыт гүлі ашылсын,

Ақылына әлем халқы бас ұрсын.

Деген асыл ниетпенен, ағайын,

Ақ жолына той шашуы шашылсын – 1-сыныптың әжелері шашу шашады.

Жүргізуші:

Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені!

Бүгінгі 1-қыркүйек Білім күнінен «Мен елімнің патриотымын»

атты салтанатты жиынымызда жабық деп жариялаймыз!

Жаңа 2015-2016 оқу жылы баршаңызға құтты болсын!

Жаңа оқу жылы толағай табыс пен жетістіктер әкелсін!

Барлығыңызды Білім күніне арналған сынып сағаттарына шақырамыз! Қатысыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1 қыркүйек мерекесіне арналған іс-шара әзірлемесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 782 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2016 1260
    • DOCX 35.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейткулова Нагима Хамитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейткулова Нагима Хамитовна
    Сейткулова Нагима Хамитовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21013
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой