Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚыстырма сөздер. Абай Құнанбаев

Қыстырма сөздер. Абай Құнанбаев

Скачать материал

55-56 сабақ

Күні:                                     

Сабақтың тақырыбы:  Абай  Құнанбаев. Қыстырма сөздер.

Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаевтың  өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, қазақ поэзиясына, шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.

Білімдік: тақырыпты және оның өзіндік ерекшеліктерін таныту;

Тәрбиелік: туған жерінің, Отанының әсем табиғатын қорғауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Дамытушылық: тіл үйренушілерге шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері: ой қозғау, сұрақ – жауап.

Көрнекілік: интерактивті тақта, Абайдың  суреті, Абайға қатысты кітаптар, бүктемелер.

Лексикалық минимум

Ұлы ақын-

Жазушы –

Ағартушы –

Қоғам қайраткері –

Ақталды –

45 қара сөзі –

Дәреже –

Болыс билер –

Негізін қалаушы –

Терең ой –

Дүниежүзі біледі –

Аса көрнекті ақын –

Жалған –

Жаңа сабақ.

Абай Құнанбаев

        Абай  Құнанбаев 1845 жылы  10 тамызда  қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

      Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен аты шыққан шаншарлардың қызы. «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.

 

1.Слайдпен жұмыс.

Қыстырма сөздер

  Қыстырма сөз сөйлеушінің ойға қатысты көзқарасын білдіретін сөз.

Менің ойымша, сен дұрыс айттың.

Қысқасы, ертең сабаққа келмейміз.

Ертең,сірә,жаңбыр жауатын болар.

Мағыналық түрлері:

1.Қуанышты,ренішті білдіреді: бағымызға қарай, амал қанша, өкінішке орай.

2.Сенуді,мақұлдауды білдіреді: сөз жоқ, бәсе,рас,әрине.

3.Ойдың кімнен екенін көрсетеді: меніңше,сіздіңше,оның пікірінше.

4.Ой тәртібін білдіреді:біріншіден,екіншіден,бір жағынан,ақырында.

ЖАЗЫЛЫМ

2.Синонимдерді жұптастырыңыз.

1

Меніңше

А

Шамасы

2

Әрине

Ә

Мәселен

3

Шынында

Б

Әлбетте

4

Бәлкім

В

Менің ойымша

5

Сірә

Г

Мүмкін

6

Мысалы

Ғ

расында

 

3. Қажетті тыныс белгісін қойыңыз.

Қазақ тілі В1, 113-бет, 8 –тапсырма.

 

4.Сөйлемді аяқтаңыз.

1.Қысқасы, ...........................................................................................................

2.Қорытын айтқанда, ..........................................................................................

3.Ендеше, ............................................................................................................

4.Жалпы алғанда, ..............................................................................................

5.Соңында,..........................................................................................................

ТЫҢДАЛЫМ

5.Тіл құрал В1 23 бет, №4 диалог.

ОҚЫЛЫМ

6. Әдебиет әлемі, 4 бет.

7.Абайдың қандай әндерін білесіздер?

8.Өлеңдерінде не туралы айтылады? Мысал келтіріңіз.

А)табиғат

В)өнер-білім

С)қыздың,жігіттің сұлулығы

9.Желсіз түнде жарық ай өлеңін тыңдаңыздар және қосылып айтыңыздар.

Желсіз түнде жарық ай,

 Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің, топырағы,

 Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,

 Бір суынып, бір ысып,

 Дем ала алмай дамыл қып,

Елең қағып, бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,

 Дүрсіл қағып жүрегі,

Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі?

10.Психологиялық тренинг Сіз қандай адамсыз? Қазақ тілі В1 115-бет, 1-тапсырма.

Қорытынды

11.Берілген қыстырма сөздерді пайдалан отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1.менің ойымша,негізі,шамасы,бәлкім.

................................................................................................................................

2.сіздің ойыңызша,оның жасы нешеде?

...............................................................................................................................

3.Сіздіңше,ол атақты адам ба?

.............................................................................................................................

4.Сіздің ойыңызша,оның ұлты кім?

............................................................................................................................

Үйге тапсырма:

12.  Абай Құнанбаевтың өзіңізге ұнаған өлең шумағын жаттап келу және қыстырма сөздерді қайталау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қыстырма сөздер. Абай Құнанбаев"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 364 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2017 1008
    • DOCX 38.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шомаева Айсулу Кенжешевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шомаева Айсулу Кенжешевна
    Шомаева Айсулу Кенжешевна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3832
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой