Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалыКеңістік перспективасы тақырыбына сабақ жоспар

Кеңістік перспективасы тақырыбына сабақ жоспар

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Кеңістік перспективасы

Сабақтың мақсаты: Перспектива заңдылықтары туралы түсінік бере отырып, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, шеберліктерін шыңдау.

Көрнекілігі: Интерактив тақта, слайдтар, қолдан жасалған жұмыстар.

Жүрісі: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын бағалау.

3. Қайталау сұрақтары.

4. Жаңа сабақ.

5. Қорытынды.

Үй тапсырмасын салыстырмалы түрде бағалай отырып үй тапсырмасын тексеремін. Үй тапсырмасы: «Интерьер үйлесімі». Өтілген тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, пазлдарды ашу арқылы картина ашылады. Оқушылар осы картинаның атауын және авторын табуы тиіс.

Қайталау сұрақтарында оқушылар өздеріне таныс картиналарды талдауы тиіс. Сонымен бірге бейнелеу өнеріндегі жанр түрлерін анықтайды.

Жаңа сабақ: Кеңістік перспективасы.

Заттарды жазықтық бетінде бейнелеу тәсілдері туралы ғылымды перспектива деп атайды. Перспектива сызықтық және кеңістік болып бөлінеді. Сызықтық перспективаға көлемін және өлшемін, яғни формасын сызықтар арқылы көрсете алатын көріністерді жатқызады. Мысалы: үй ішінің көрінісі. (интерьер)

Кеңістік перспективасына физикалық белгілердің перспективалық өзгерістері рең мен түс арқылы берілетін жарық фактуралар жатады.

Кеңістік перспективасы сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп, еніп бара жатқан көз жетпес қиырды, ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды. Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады.

Әдетте сурет өнерінде алыңғы план, ортаңғы және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді, олардың жарық-көлеңкесімен бояуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады. Екінші планда мұның бәрі біршама жұмсарады, ал үшіншіде ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді.

Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар:

Бірінші заңдылық: жақын тұрған барлық бұйымдар нақты қабылданады, ал алыстаған сайын жалпылама бұлдыр көрінеді; кеңістікті беру үшін жақын тұрған заттарды нақты бөлшектермен бөліп бейнелеу керек, ал алыстағы затты жалпылама ортақтасқан күйде беруге болады.

Екінші заңдылық : жақын тұрған заттар нақты қабылданады, ал заттар алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланып көрінеді.

Үшінші заңдылық: арақашықтық алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып көрінеді, ал қара түсті заттар жақын тұрған затқа қарағанда ашық болып көрінеді.

Төртінші заңдылық: жақында тұрған барлық заттар қарама-қарсы (контрасты) жарық пен көлеңкеге ие болады және көлемдірек болып көрінеді, ал алыстаған сайын әлсіз жарық пен көлеңке арқылы жазықтау етіп көрсету тиімді.

Бесінші заңдылық: алыстаған заттардың барлығы ауа түтінімен бүркемеленіп, түтін сияқты түске енеді, яғни күлгін, көкшіл, көгілдір немесе ақшыл түстер.

Алтыншы заңдылық: жақында тұрған заттар түрлі-түсті болып көрінеді, ал алыстаған сайын бір түсті болып көрінеді; жақын тұрған заттардың кеңістігін беру үшін әр түрлі реңктегі бояумен бейнелеу керек, ал алыстаған сайын заттың түсін бір бояумен беруге болады.

Қорытындылау:

  1. Перспектива дегеніміз не?

  2. Перспективаның қандай түрлерін білесің?

  3. Кеңістік перспективасы дегеніміз не?

Үйге тапсырма: кеңістік перспективасы.
















hello_html_5733133d.png


hello_html_59854bd1.png






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кеңістік перспективасы тақырыбына сабақ жоспар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 5332
    • DOCX 1.6 мбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айбосынова Зулфия Исламовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айбосынова Зулфия Исламовна
    Айбосынова Зулфия Исламовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13162
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы художественного анализа

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 11 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Изобразительное искусство и черчение")

Учитель изобразительного искусства и черчения

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 59 человек

Курс профессиональной переподготовки

Искусство: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель искусства

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 313 человек

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе