Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Кездесу кеші 9-11 сыныптар

Кездесу кеші 9-11 сыныптар

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:


27 жыл толуына арналған ,«Ауған соғысы -тарих қойнауының бір парағы» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеш кеші


Жүргізуші :


Досы келсе бәрін де қонақ еткен,
Жауы шапса бас игізіп тізерлеткен.
Бабасына сиынып тағзым еткен,
Жаны- таза, қаны- таза , қазақ екен.


Мен қазақпын, көк байрағын желбіреткен,
Жүрегіңді жылы сөзбен елжіреткен.
Думанды ауыл, саялы қалаларда,
Сыйласып бір- бірімен күні өткен.


- Армысыздар қадірлі қонақтар! Ұстаздар! Оқушылар! Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына 27 жыл толуына арналған ,«Ауған соғысы -тарих қойнауының бір парағы» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешіне қош келдіңіздер!

Жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйетін патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі мектептің басты міндеті. Мектеп білім ошағы. Тәрбие ордасы , жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Қай елде патриоттық тәрбие көрсеткіштері жоғары болса, сол елде саяси тұрақтылық пен экономиканың қарыштап өрістейтіні белгілі. Елімізде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бүгінгі күннің өткір мәселесі.
-15 ақпан Ауған Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні.-

.
Мен қазақпын даласында думандатқан,
Ән, күйменен жүректерден орын тапқан.
Талай ақын, талай жыршы, талай күйші,
Қазағымның мадақтап жырға қосқан ,-дегендей
Ән. « Батыр бала Болатбек» орындайтын 5- сынып оқушысы : Миров Бекұлан

«Ауған соғысының ақиқаты туралы» бейнероликке назар аударсақ.

Көркем сөз оқу 8 сынып оқушысы Маршак Салтанат"Мәңгілік ел"

Ауған соғысы 1979-1989 жылдарда яғни 10 жылға жуық созылған . ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны 22269 жауынгер болды. Солардың бір мыңға жуығы ауған жерінде қаза болып, 21 жауынгер іс- түссіз жоғалып кетті. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Жастарды ұлт тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен ұлттық ұлы тұлғаларының ерлік істері , өнегелік өмірін негізге ала отырып тәрбиелеу арқылы олардың нақты пікірі мен тоқтамды ойын жүйелеп отансүйгіштікке баулу.

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет.

 Ұлы Отан соғысы, ауған соғысындағы ерлігімен даңққа бөленген қазақтың ұл- қыздары бүгінгі жастарға үлгі.
Бүгінгі шараға қатысып отырған Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман- есен елге оралғандардың бірі ---------------------------------------
ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер.

(Өздерінің бастарынан өткерген сұрапыл соғысты әңгімелеп береді)

8сынып оқушысы Жайлымысова Гүлжазира "Қазақстан"
- Қазақ халқының қасиетті ұғымдарының бірі- Отан. Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ отбасындағы тәрбие өзегі. Өз Отанын сүйетін , ұлтына қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу- басты міндетіміз.


Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!


Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.

Рахмет отырыңыздар!


1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.


Халқымыздағы қазақы мінез- құлық пен адами іс- әрекеттердің рухани негізі ұлттық салт- дәстүр болатынын ақиық ақынымыз М. Мақатаев өз өлеңінде :
Анам маған үлкенді сыйла ,- деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра- ізеттілік,
Арымды соған қойғам күзеттіріп.- деген жолдарымен халықтық дәстүр сабақтастығын ұлттық мақтанышпен жетілдіруге үндейді.


Қорытынды сөз Мектеп директоры: Ибраева.Г.С


"Сүйемін сені Қазақстан " Миров Бекұлан


Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып, шақырғанымызға келгендеріңізге көп — көп рақмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше

Бірге : Қош сау болыңыздар!



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров123
Номер материала ДВ-471223
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх