Инфоурок Другое КонспектыКіріктірілген сабақтарда (CLIL) оқытудың белсенді әдістемелерін қолдану.

Кіріктірілген сабақтарда (CLIL) оқытудың белсенді әдістемелерін қолдану.

Скачать материал

 

            Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің  «№3 орта мектебі» КММ

 

 

 

 

         

            

 

 

 

 

 

 

Кіріктірілген сабақтарда (CLIL) оқытудың белсенді әдістемелерін қолдану.

Использование методик активного обучения в интегрированных уроках (CLIL) .

Use of aсtive methods in Content and Language Integrated  Learning (CLIL).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Орындаған: Бирмуканова Айгул  Мухтаровна               

                                              қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     

 

Тақырыбы:     Кіріктірілген сабақтарда (CLIL)

оқытудың белсенді әдістемелерін қолдану

Мақсаты: Кіріктірілген сабақтарда (CLIL) оқытудың белсенді әдістемелерін қолдану туралы зерттеу, саралау.

 

Міндеттері:

1.  CLIL - тіл мен пәнді кіріктіру  әдісінің бағыттары және күтілетін нәтиже туралы түсінік  беру.

2. Кіріктірілген сабақтарда қолданатын оқытудың белсенді әдістерімен таныстыру.

3. CLIL әдісінің маңыздылығын айқындау.

 

Жүзеге асыру жоспары:

1.Тақырып туралы түсінік

 - CLIL әдісі дегеніміз не?

-  4 бағыты мен күтілетін нәтиже

2.  CLIL әдісін белсенді әдіс- тәсілдер арқылы жүзеге асыру

 -  “Ментальды карта” әдісі

 -   “Шын” және “Жалған” тапсырмасы

 -  “Перифраз” тапсырмасы

 -  “Бейнефильм”

 -  “SMS” әдісі

3. Қорытынды

 

 

         CLIL - тіл мен пәнді кіріктіру әдісі. Оқытудың бұл түрі екінші немесе үшінші тіл арқылы белгілі бір ғылымды үйрену, пән арқылы тілді меңгеру, яғни бұл әдіс арқылы пәндік және тілдік мақсаттарға қол жеткізу.

          CLIL әдісі 4 бағытта жүзеге асады. Олар: Content (мазмұн) пәннің мазмұны түсіндіріледі, Commuication (қарым-қатынас) тілдік қарым-қатынас жүзеге асырылады, Cognition (ойлау қабілеттері) пәнді игеруде тілді қолдану, Culture (мәдениеттанымдық) сөйлеу, өз іс-әрекетіне баға беру, игеріліп отырған тіл тарихы және оны қолданатын ұлттың мәдениетімен танысу. CLIL әдісі арқылы білім сапасын көтерумен қатар екінші немесе үшінші тілді уақытты үнемдеу арқылы үйреніп, білім сапасын көтеруге мүмкін болады.

         CLIL әдісі арқылы оқытуда күтілетін нәтижелер:

- полимәдени тұлға тәрбиеленеді;

- тілдік құзыреттілік дамиды;

- білім сапасын арттыруға ықпал жасалады;

- функционалдық сауаттылық дамиды;

- пәнаралық қоғамдастық қалыптасады.

CLIL белсенді әдістері:

Ø Қарапайым және күрделі сұрақтар  /HOTS – LOTS/

Ø Сурет арқылы сөйлеу;

Ø Шығыс базары;

Ø Сөйлем құрастыру;

Ø Мини тақталарды қолдану;

Ø Ақпараттық кеш;

Ø Таразы.

Ø Бетпе-бет әдісі

Ø Бес қадам

Ø Өкіл

Ø 15 сурет

Ø Карусель

Ø 4 сөйлем «пікір, дәлел, мысал, қорытынды

Ø Ойлан- жұптас- бөліс

Ø Жаялық әдісі

 

     Екінші тілді оқыту төрт дағдыға негізделеді, олар: тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым. Тыңдалымға негізделген тапсырмалардың өте көп түрлері бар. Мысалы, тыңдалым бойына мәтінді бірінші тілде тыңдап, оны екінші тілде айтып беру. Бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты бір тілде тыңдап, оны екінші тілде айтуға дағдыландырады. Сонымен қатар тез ойлап, ақпаратты жүйелі, мазмұнды жеткізуге жетелейді. Тыңдалған мәтіннің негізгі ақпаратын қосымша ақпараттан бөліп алып, оны өзінше айтуға дағдыланады. Осы тыңдалым тапсырмасы негізінде оқушыларға кесте, диаграмма,  комикс немесе ментальді картаны жасауға болады. Ол тыңдалған ақпараттан кілтті сөздерін іріктеп алып, оларды дұрыс топтастыруға үйретеді.

Мысалы, ...   әдісінде ......

Оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіру қарапайым тапсырмалардан басталып, мәселелік оқыту тапсырмаларына дейін қамтуға болады. Функционалды сауаттылық деңгейін анықтау үшін әлемде PISA халықаралық емтиханы өткізіледі. Оқу сауаттылығы оқушыға берген мәтіндерді түсініп, оларға рефлексия жасап, берілген мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстыра алу дегенді білдіреді.  Оқылым дағдысының ерекшелігі, ең бастысы, түсініп оқу, зерттеп оқу, сын тұрғысынан ойлау, аргументтерді келтіріп, оны дәлелдей алу және шолып оқу.

Оқылым дағдысына негізделген тапсырмалардың бірі - ол "Перифраз". Яғни, оқушыға берілген бір сөйлемдерді өз сөзімен қайта жазу. Бұл тапсырма оқушылардың сөйлемді қаншалықты түсінгендігін айқындайды, сонымен қатар екінші тілде сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға үйретеді.

Сурет, кесте, диаграмма арқылы ақпаратты бірінші тілде оқып, оны екінші тілде айтып беру тапсырмасы да оқушылар үшін өте қызықты. Мысалы, күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген ауа райы болжамы туралы ақпаратты сурет арқылы беріп, оны екінші тілде айтып бере алады. (Үлгі: 2017 жылдың 6 қазан күніне ауа райының болжамы. Қостанай қаласында жұма күні түнде күн ашық, ауа температурасы -2 градусқа төмендейді, атмосфералық қысым 761мм, желдің жылдамдығы солтүстік-батыстан 3 м.с., ауаның ылғалдылығы 69% т.с.с.).

Жазылым дағдысы негізінде анализ жасау, пікір, хат, эссе және т.б. тапсырмаларды қолдануға болады. Сонымен қатар сюжетті суреттерді пайдалану арқылы оқушылар тарапынан креативті жұмыстар орындалады. Мысалы: "Берілген суретті пайдаланып, достарыңа хат жаз немесе блогқа ақпарат жаз" - деген тапсырмаларды беруге болады. Кез-келген жазба жұмысын орындау кезінде оқушы жазба жұмысының стилін сақтауды ұмытпау керек. Егер ол хат болса, хат жазу үлгісін, егер мінездеме болатын болса, ресми іс-қағаздар стилін және т.б. 

Мысалы, "SMS" әдісінде .....

Жазба жұмыстарының ішінде ерекше орын алатын тапсырмалардың бірі ол эссе жазу. Эссе жазудың өзіндік жүйесі бар. Ол тезис, тезиске сай аргументтерді келтіру, қажет болған жағдайда қарама-қарсы аргументтерді келтіру, себеп, ұсыныс және қорытынды.  Көп адамдар эссе мен шығарманың аражігін түсіне бермейді. Дегенмен бұл екеуі бір-біріне ұқсамайтын дүниелер. Эссе жазған кезде автордың позициясы, проблеманы ашу, түйін шығару деген мәселелер алдыңғы қатарда болу керек.

Талдау жұмыстарын жүргізген кезде (мәтінді, фильм, мультфильм, кино, видеоролик, сурет) төмендегі кестені қолдануға болады. Үлгі:

Мультфильмнің атауы

 

1

Тақырыбы

 

2

Идеясы

 

3

Кейіпкерлері кімдер?

Мұндай кейіпкерлер өмірде кездесе ме?

 

4

Мультфильмнің екі мықты жағы қандай?

 

5

Мультфильмнің екі әлсіз жағы қандай?

 

6

Мультфильм сізді қандай сезімге бөледі?

 

7

Қандай өмірлік сабақ алуға болады?

 

8

Туынадаған сұрақтарыңыз болса, авторға жазыңыз?

 

Тілді меңгеруде ең басты мақсат - айтатын ойын түсінікті етіп жеткізу.

Ø Жаялық әдісі

1.     мәтін беріледі

2.     мәтінді оқиды

3.     мәтін бойынша түсінгендерін дәптерге жазады

4.     әр топқп «жаялық» (А4 парағы)таратылады

         5.оқушылар 4 бұрышына өз аттарын жазады, мәтіннен есте сақтаған сөйлемдерін жазады .                                                                                     Жаялық бөлігіне көтерілген мәселе бойынша қорытынды ой жазады.Ортасына топтың қорытынды шешімі ұсынылады. Жеке, топтық жұмыс түріне жатады.

 

Жетістік критерийі:

Мәтінде қозғалған мәселелерді анықтай алады;

Көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдай алады.

 «Жаялық » әдісінде жазылым дағдысының дербес және бірлескен түрлері қолданылады. Оқушылардың барлығы жұмысқа белсенді қатысып, әр топ өзіне берілген тапсырманы орындап, оны қорғайды.

 

Айтылым - адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу, хабарлау сияқты процестермен іске асады. Сондықтан сабақ барысында оқушылардың  айтылым дағдысына үлкен мән беріледі. Әр сабақта, әр оқушы өз пікірін ортаға салып, ойымен бөліскен жөн. Айтылым дағдысын жетілдіру үшін диалог, рөлдік ойын, интервью, монолог және т.б. қолдануға болады. Түрлі жағдаяттар, рөлдерге бөліп ойнау, бір-бірін тыңдап, сөйлеу арқылы оқушылар жасаған іс-әрекеттерін ұзақ есте сақтайды. Сонымен қатар, ойлануды қажет ететін тапсырмаларды қолданған кезде, оқушылар оларға анализ жасап, өз пікірлерін қорғауға, дәлелдемелерді келтіріп айтуға дағдыланады.

 

CLIL әдісін қолдану арқылы біріншіден, 2015 -2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамыту жол картасын жүзеге асыру болып табылады. Екіншіден, мұғалімдердің, оқушлардың тілдік құзыреттіліктері дамиды, басқа тіл арқылы ғылымды меңгеруге мүмкіндік беріледі.  Үшіншіден, пәнаралық қоғамдастық дамиды, яғни мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеу арқылы сабакты жоспарлайды, талдайды, күтілетін нәтижені бірге белгілейді. Сондықтан, бұл әдістің тиімділігі зор және жаңартылған білім мазмұнында актуалдылығы айқын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданған әдебиеттер:

1. Л.Т. Нұрақаева, З.К. Шегенова. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін қолдану: Астана, 2013ж

2.  «Мұғалім kz» республикалық  оқу – әдістемелік журналы, 2016ж

3. Вестник «Өрлеу» - kst, 2014ж

4. «Қазақ әдебиеті және мелекеттік тіл» ғылы- дістеелік журнал, 2013ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кіріктірілген сабақтарда (CLIL) оқытудың белсенді әдістемелерін қолдану."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 638 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2018 6648
    • DOCX 107 кбайт
    • 140 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бирмуканова Айгул Мухтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бирмуканова Айгул Мухтаровна
    Бирмуканова Айгул Мухтаровна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44596
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек