Инфоурок Другое КонспектыКітап - рухани қазына

Кітап - рухани қазына

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Кітап – рухани қазына
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Кітап – білім бұлағы,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілік: Слайдтар, кітаптар.

Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі - оқушылармен сәлемдесу, мемлекеттік Гимнды орындату.
 Сұрақтарға жауап алу.
Балалар, мынау нелер? (кітаптар, бірі ескі, бірі жаңа)
Бұл кітаптарда нелер жазылған? Осы кітап біздерге керек пе? Неге?
 Біздің елімізде бірде бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы» Заң қабылданған. Елімізде кітап шығаруға көп көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде мектеп оқушыларына оқулықтар тегін беріледі. Оған көптеген қыруар ақша жұмсалады. Оқулықты, көркем әдебиетті күтіп ұстай білейік, оларды басып шығаруға аға − апаларымыздың көп еңбегі кетті.
Саған білім жемісін
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.
Орманшы ағаштарды кеседі.
Машинист ағашты тасиды
Зауыт қағаз басады
Ғалымдар, Суретшілер
Әріп терушілер

Оқулықты мектебің
Берер саған теп − тегін
Білмейсің ау, сен бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.



 

1 - топ «Кітапсүйгіштер»

 Кеңестер, үнемі есте сақтап жүру керек.
Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.
Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
Кітап беттерін жыртпа.
Кітапқа сурет салма, жазба.
Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.


2 - топ «Кітапқұмарлар».

Мақал - мәтел
Ақыл азбайды, 
Білім тозбайды. 

Артық ғылым кітабы
Ерінбей оқып көруге.

Кітап білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.

Нақыл сөздер.
1. Білімнің қайнар бұлағы - кітап.
2. Кітап - құдіреті қару.
3. Кітап ғалым тілсіз мұғалім.
4. Кітап - өмір ұстазы.
Айымгүл: Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған.
Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп, кейін күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
Мұғалім: Кітап – күш. Кітап – құдірет. Рухани дүниеңді байытатын, дүниетанымыңды кеңейтетін де кітап. Кітапта ғана шекара жоқ. Алғашқы алланың сөзі де адамзатқа кітап болып түскен. Кітап туралы сөз болғанда міндетті түрде автор мен оқырман арасындағы алтын көпір кітапхананың орны ерекше. Ендеше, рухани байлықтың алтын кені – кітапхана туралы балалардың біліміне құлақ асайық.

Қ
ұттықыз: Білім көзі – кітапта, ал кітаптың мекені – кітапхана, яғни грек тілінен аударғанда «кітап сақтайтын орын» деген мағынаны білдіреді. Кітапханадан көптеген қызықты қажетті деректерді, ертегілерді таба аламыз, сондай - ақ «Балдырған», «Асыл сөз» сияқты газет - журналдар да бар. Кітапханада әрбір кітаптың тұратын өз орны бар.

А
льфия: Кітапхана – жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың бірден – бір сенімді серігіне айналуы тиіс. Ата - бабамыздың өткен тамыры терең тарихтарын, тұңғиықтан сыр шертетін әдебиеттерін, таңғажайып ғылым кереметтерін киелі шаңырақ кітапханадан табамыз.

Қорытынды бөлім.

 Мектеп кітапханасына қонаққа бару.
Кітаптар да адам сияқты: өмірге келеді, өмір сүреді, қартаяды, өледі. Олар да біз сияқты ауырып қалуы мүмкін. Ауырған жағдайда оларды емдеу қажет. Сол үшін де кітаптарды аялап ұстауымыз керек. Бүгін біз кітаптарда қонақтамыз. Бізді қоршап тұрған кітаптар. Ол − кітапхана. Кітапханада өз өзіңді қалай ұстау керек?
1. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені, басқа адамдарға кедергі келтіресіңдер.
2. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын естен шығарма.
3. Кітапты уақытында қайтар. Өйтпесе, басқа оқушы күтіп қалады.
4. Кітапты жоғалтып алма.

Сұрақтарға жауап алу.
Кітап − жан айнасы. Адал досың. Кітаптың да арманы бар. Ол − лас, ұқыпсыз оқушылардың қолына түспеу. Білімге қызығатын, ұқыпты балалардың қолына түссек екен деп армандайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кітап - рухани қазына"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 830 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2017 822
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабиева Гульбаршын Габдуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кабиева Гульбаршын Габдуловна
    Кабиева Гульбаршын Габдуловна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17320
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой