Инфоурок Другое СтатьиКітапхана білімпаздар мекені (1-4 сынып)

Кітапхана білімпаздар мекені (1-4 сынып)

Скачать материал

 

Кітапхана –білімпаздар мекені

Мақсаты:оқушылардың кітап оқуға құмарлығын кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын,ой –өрісі дамуын,рухани байлығын,шығармашылық қабілеттерін арттыру.Сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін көп оқып, іздену керек екенін түсіндіре отырып,оларды ұлттық сана-сезім жоғары,рухани ойлауы терең мәдинетті,парасатты, ар-ожданы мол,еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу.Кітапты сүйе білуге,қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: «Ақылдың  сөнбейтұғын шамшырағы»кітап көрмесі, кітап туралы нақыл сөздер,слайдтар.

Жүру барысы:

Кітпханашы: Қош келдіңіздер, құрметті кітап сүйер қауым!23 сәуір –Халықаралық «Кітап күні »мерекесі.1972 жыл- ЮНЕСКО-ның шешімімен «Халлықаралық кітап жылы»деп аталса, ал 1995 жылдан бастап «23 сәуір-Халықаралық кітап күні»деп жарияланды.Міне,содан бері бұл күн Ресейде, Германияда,Америкада шет елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде.

1-жүргізуші: Қымбатты оқушылар,ұстаздар!Бүгінгі «Халықаралық кітап күні» мерекесіне арналған «Кітапхана білімпаздар мекені»атты кітап мерекесіне қош келдіңіздер!ХХI ғасыр-білім, ғылымның ғасыры. "Оқитын Қазақстан" бағдарламасын б»сшылыққа ала отырып, бүгінде кітапханалар-еліміздің болашағы, жастардың ғылымы, білім жолындағы өмірлік құлшынысына айналып отыр.Біздің бүгінгі байқауымыз кітапты жандарына серік қылған,білім мен ғылымды бойларына жинаған, ақылдың шамшырағы іспеттес жылдың үздік оқырмандарына арналмақ.

 Мектеп кітапханасында түрлі тақырыпта көрмелер жасалып, көптеген іс-шаралар өткізіліп отырылады.Соның бір айғағы бүгінгі «Халықаралық кітап күніне»байланысты өткелі отырған «Кітапхана білімпаздар мекені»атты оқырмандар байқауы.

2-жүргізуші:

Білесің бе, кітап білім ұясын,

Келесің мұнда өмірге азық жиясың.

Оқып –біліп, зерттеп көріп санаңв,

Терең білім, ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар «Кітап-білім бұлағы»

Кітапхана-сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп. Көп оқыған баланың

Анық-тағы білімпаз боп шығары.

1-жүргізуші:Кітапхана –бұл  баспа  өнімдерін пайдалану ісін ұйымдастырып, оқырмандарға мәдени-ағарту және ғылыми бағытта көмек көрсететін мекеме.Кітапхана тарихы IV-Vғасырларда қаңлы патшалығы сарайындағы кітапханалардан,ХI-ХII ғасырлардағы Отырар  кітапханасынан   бастау алады. Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады.

2-жүргізуші: Кітапхана-кітаптар ордасы.осы жерде біз өзімізге керектінің барлығын аламыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі мен тәрбие аламыз.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

1-жүргізуші:

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін

Сол кітап бас ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелеп кітап мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

1-жүргізуші:Бүгінгі оқырман байқауы мынадай бөлімдерден тұрады:

1.       «Мен-оқырманмын»(өздерін таныстыру).

2.       «Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы»(оқыған кітабы туралы әңгімелеу).

3.       «Сүйікті  кітабымызды иллюстрациялаймыз»(оқыған кітабы бойынша сурет салып қорғау)

4.       «Мына кітапты  міндетті түрде оқуға кеңес беремін»(кітапты жарнамалау).

1-жүргізуші:

Ал ендеше, шалқытып ән салайық,

Білімпаз оқырманға  қол  соғайық.

Дәстүрін халқымыздың қастерлеген,

Әр сыныптың оқырманын қарсы алайық- деп байқауға қатысушы оқырмандарды ортаға  шақырамыз.Әр сыныптың оқырмандары ортаға шығады.

2-жүргізуші:

Кітапхана-кітаптардың ордасы,

Білсең кітап-нағыз саған жолбасшы,

Біздің ғасыр-білімділер ғасыры,

Деп  айтқандай Нұрсұлтандай Елбасы.

Ендеше, кітап- менің шамшырағым, серігім-деп оқырмандарымыз «Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы»атты бөлімде өздерінің оқыған кітаптарв туралы әңгімелеп береді.

Әр оқырман дайындап келген шығармаларын слайд арқылы қорғайды.

Кітпханашы:Кітапхананың да өз  ережесі бар.Ендеше «Кітапхана ережесімен» танысайық:

-          Кітапханаға сөмкемен кіруге болмайды;

-          Кіргенде кітапханашымен сәлемдесіп, кітап алған соң рахмет айту керек;

-          Әдеби кітаптар үйге он күнге беріледі, алған кітапты уақытында қайтару керек;

-          Жоғалтқан кітаптың орына сол бағаға басқа кітап сатып алынып өткізіледі;

-          Оқу залынан кітап үйге берілмейді, оқу залында айғайлап шулауға, кітаптарды рұқсатсыз алуға, жаздырмай алып кетуге болмайды;

-          Кітапханадан үйге берілген кітап таза, жыртылмаған күйінде қайтарылу керек,кітапхана мүліктерін шимайлап сызуға  болмайды;

-          Кітаптың парпқтарын бүктеуге,жыртуға, кітаптағы мәтіндерге белгі соғуға, кітаптағы суреттерді, сызбаларды, схемаларды бастыруға болмайды, парағы бүлінеді;

-          Кітапты лас қолмен ұстама, кітапхана оқырмандары көп, сондықтан алған кітабыңа ұқыпты бол.Ұқыпты ұсталған кітаптың өмірі ұзақ болады.Әрқашанда осы ережені сақтап кітапты жыртпай, құрметтеп ұстағанда ғана кітап бізбен дос болады.

1-жүргізуші:

Кітап –менің өмірлік асыл мұрам,

Жалқауларға сені қалай басындырам.

Беттеріңе үңіліп, қарап тұрсам,

Алтын қазына алға сөз асылды ұғам.

Келесі бөліміміз «Сүйікті кітабымызды иллюстрациялаймыз»деп аталады.Бұл бөлімде оқырмандар оқыған кітабы бойынша сурет салып қорғайды.

Кітпханашы:Енді жанкүйер оқырмандармен «Сұрақ-жауап» ойыны жүргізіледі. Мұнда кітап жайлы сұрақтар қойылады.

1.       Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (баспахана)

2.       Халықаралық кітап күні қашан аталып өтеледі? (23 сәуір)

3.       Кітаптың суреті қалай аталады? (иллюстрация)

4.       Кітапты жазған адам қалай аталады? (автор)

5.       Кітап кім үшін жазылады? (оқырман үшін)

6.       Кітаптар тұрағы қалай аталады? (кітапхана)

7.       Кітапханаға барып үнемі кітап оқитын адам калай аталады?(оқырман)

8.       Кітап оқығанда нені пайдаланамыз? (қыстырма қағаз)

9.       Кітапханада оқырман туралы мәліметті, оның қандай кітап алғанын қайдан білеміз?(оқырман формуляры арқылы)

10.   Оқырман кітап жоғалтса орына не береді? (сол бағаға басқа кітап сатып алып береді).

2-жүргізуші:

Өмір мәні-өнер менен білімде,

Айтайықшы кітабыңды жыр ете.

Әрі ақылшың, рухани қазынаң,

Құнды байлық баға жетпес бұл өте,-дей отырып келесі «Мына кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін»атты бөлімімізді бастаймыз.Бұл бөлімде оқырмандар көпшілікке қандай кітаптар оқу керектігі жайлы жарнама жасайды.

1-жүргізуші:Оқушылар ,бүгін сендер кітаппен  достасып, өздеріңе пайдалы мағұлмат, біраз кеңес алдыңдар. Тағы да көп білгілерің келсе кітапханаға жиі келіңіздер, қызықты кітаптарды оқыңыздар.Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен қолыңа кітап алып оқығанға не жетсін!Рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның клер шаңырағы-кітапхана болсын!.

2-жүргізуші:Олай болса, балалар Абайдың әжесі Зере: «Қарағым, осының ақыл.Ішкен-жегенге мәз боп, мойны былқылдап,ақылдан да, өнерден де кенде боп жүргендер аз ба?Осы ала қағазыңнан айырылма», -деп кітапты көп оқуға үйреткен екен. Кітаппен дос болайық.

Оқырмандарымыз көбейе берсін!

 

 

                                                                                                                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапхана –білімпаздар мекені

 

 

 

 

 Орындаған:Абетова Р.К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      2016 оқу жылы

Кітапхана- ақыл –білім ордасы

«ХХI ғасыр –мәдинеттің,

Ғылым мен білімнің ғасыры.

Бар білімнің қайнар көзі-кітапхана»

Н.Ә.Назарбаев

Кітапхана білімді дамытудағы көшбасшы.Мақсаты-жастарды оқуға қолдау, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау,оқырман сұранысын қанағаттандыру.

      Мектеп кітапханашыларының басты міндеті-оқушыларды оқулықпен толық қамтамасыз ету, оқырмандардың назарын кітап оқуға аудара отырып оқырман санын арттыру, оқырманның уақытын тиімді, ұтымды ұйымдастыру, пайдалану болып табылады.

     Кітапхана келген оқырмандарға кажетті әдебиеттерін тауып берумен қатар көптеген іс-шаралар,библиотерапиялық кештер, пікірталас,оқырмандар конференциясын, кітап көрмесін,ауызша журнал, сайыстар,ертеңгілік, өнеге сағаттарын өткізе отырып,санқиялы тарихты басынан өткізген халқымыздың тарихын,өнегелі әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени-мұраларын,әдебиет қазыналарын оқырмандарға кітап арқылы насихаттайды.Әрине бұл ауқымды жұмыстарды аткаруда кітапхана активтерінің де көмегі зор.

       Адамзаттың тағы бір қол жеткізген үлкен табыстарының бірі-ақпарат.Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нірсеге айналып кетуі мүмкін,сондықтан оқырманның оқу дағдысын қалыптастыруға ақпаратқа қол жеткізуге, оның ішінде өзіне қажетті материалды іріктеп алуға үйрету,ақпараттық мәдинетті қалыптастыру басты мәселелердің бірі.

       Сонымен қатар бүгінде барлық кітапхананың алдында тұрған міндет кітапхана жұмысын автоматтандыру.Кітапхана  компьютерінде арнайы «MARK-SQL»автоматтандырылған мектеп кітапханасына арналған бағдарлама жұмыс жасайды.Қазіргі танда кітапхана қоры «Негізгі қор», «Оқулықтар» деректер базасы ашылып,көркем әдебиеттер және оқулықтар енгізілуде.

     Алайда кітапты ақпарат  құралы алмастыра алмайтындығын,кітаптың адамзат дамуында  алатын орны жоғары  екенін үнемі оқырмандар санасына жеткізіп отыру кітапханашының басты міндеттерінің бірі.

    Біз, кітапханашылар кітап мәртебесін көтерумен бірге еліміздегі, білім ордамыздағы жаңалықтардың жаршысы, насихатшысымыз.Сондықтан да кітапхана қорын дәстүрлі және электрондық тасмалдауыштармен,жаңа ғылыми басылымдармен, республикалық және жергілікті газет-журналдармен толықтырып отыруымыз керек.

Кітапханада ата-анамен де  тығыз байланыс орнатылған.Ата-ана баласының мектеп кітапханасының оқырман екенін,баласының қандай ертегі,қандай көркем әдебиет оқып жүргенінен хабардар болу керек.

     Қорыта айтқанда, кітапхана мектептің құрамдас бөлігі және кітапханашыларға артылар жүк те салмақты.

РИЗА АБЕТОВА Абай атындағы

жалпы орта білім беретің

мектеп кітапхана меңгерушісі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кітапхана білімпаздар мекені (1-4 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 805 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2016 3448
    • DOCX 25.1 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абетова Риза Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абетова Риза Канатовна
    Абетова Риза Канатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36866
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек