Инфоурок Английский язык Другие методич. материалыКнига по темп Fun activities

Книга по темп Fun activities

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті

«Шетел тілдері және аударма» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ОҚЫТУДА ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті

«Шетел тілдері және аударма» кафедрасы

 

 

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

_______ф.ғ.к., доцент М.Ш.Жұмағұлова

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

 

Тақырыбы: «ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ОҚЫТУДА ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

 

5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі»

 

 

      

Орындаған:                        

АЯ-11-1 оқу

тобының студенті                                             Сейтімова Айсұлу Қайратқызы

                                 

 

 

Ғылыми жетекші:                                                             

«Шетел тілдері және аударма

кафедрасының қауымдастырылған

профессоры м.а., ф.ғ.к.                                              Г.Р.Нұрекешова                                                                 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2015

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Шетел тілдері және аударма кафедрасының отырысында қаралып, бекітілген

хаттама №2, «22» қыркүйек, 2014

 

Кафедра меңгерушісі______________________ Жұмағұлова М.Ш.

 

 

 

 

Диплом жұмысын орындау үшін тапсырма

(2014-2015 оқу жылы)

 

 

Мамандығы: 5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі»

Жоспарланған жұмыс саны: 1

Оқу пәндері бойынша:

 

 

                                                                    1. Грамматика теориясы

                                                                    2. Фонетика теориясы

     3. Шетел тілдерін оқыту әдістемесі

     4. Негізгі шетел тілінің теориясы

         мен практикасы

                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:                                                            

«Шетел тілдері және аударма

кафедрасының қауымдастырылған

профессоры м.а., ф.ғ.к.                                              Г.Р.Нұрекешова                                                                  

 

                                                     

 

 

 

Қызылорда, 2014

Диплом жұмысын жазудың күнтізбелік кестесі

 

 

Тақырыбы: «Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне

                    оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясы»

 

 

Автор:                                                            Сейтімова Айсұлу Қайратқызы

                                                                              АЯ-11-1 оқу тобының студенті                                 

 

Ғылыми жетекші:                                      

«Шетел тілдері және аударма

кафедрасының қауымдастырылған

профессоры м.а., ф.ғ.к.                                              Г.Р.Нұрекешова                                                                 

 

 

Кеңес беруші:                     Жұмағұлова Марияш Шырдайқызы

                                              филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

Р/с

Мамұны

Орындау күні

Жетекші қолы

11

а) Диплом жұмысының тақырыбын таңдау, негіздеме жасау.

б) Тақырып бойынша еңбектерге шолу жасау және оларды талдау

қазан-қараша 2014

 

22

а) Тақырып бойынша негізгі мәліметтер, теория мен практикалық мысалдар жинақтау

б) Жұмыстың кіріспе бөлімін пысықтау

желтоқсан 2014-қаңтар 2015

 

33

а) Жұмыстың негізгі бөлімі мен қорытынды бөлімдерін дайындау,

б) Орындаған жұмыс жөнінде есеп беріп, алдын – ала қорғауға шығу

ақпан-наурыз 2015

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диплом жұмысының толық нәтижелерін сынап талқылау және оны қорғауға жіберу-жібермеу жөніндегі кафедра отырысының пікірі

 

 

 

 

 

АЯ-11-1 оқу тобының студенті А.Қ.Сейтімованың «Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясы» атты диплом жұмысы теориялық, практикалық құндылығы жағынан аяқталған және мақсат, міндеттеріне жеткен жұмыс ретінде қорғауға жіберуге болады.

 

 

 

 

«Бекітілді»

 

Кафедра меңгерушісі: ______________________ Жұмағұлова М.Ш.

 

Хаттама №8, «19» наурыз 2015ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студент: Сейтімова Айсұлу Қайратқызы

 

Диплом жұмысының тақырыбы: «Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясы»

 

Университет ректорының бұйрығымен бекітілген.

Бұйрық  № 3134 - С «15» қараша, 2014 ж.             

 

Диплом жұмысының қысқаша мазмұны:

 

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі ағылшын тілін ерте жастан оқыту болып табылады, себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси, экономикалық әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары күнен-күнге даму үстінде. ХХІ ғасыр мектебі түбірлі өзгерістерді талап етіп отыр. Білім алушы әлемдегі өзін жан-жақты дамыған, шығармашылық ізденістер жасауға толық мүмкіндігі бар, өзіндік білім  алатын тұлға ретінде көрсете білуі тиіс. Осыған орай қазіргі таңдағы білім алушы тек бір тілді емес, бірнеше тілдерді меңгеруі абзал.  Ағылшын тілі пәні білім алушылар үшін маңызды қажетті пән ретінде саналып отыр. Ағылшын тіліне оқыту үдерісінде пәнаралық байланыстың, әсіресе ағылшын тілінің қазақ және орыс тілдерімен байланысы ерекше орын алады, себебі бұл пәндердің басты мақсаты жас өспірімдерге тіл үйрету. Оқушылар ағылшын тілін меңгеру арқылы басқа елдердің өмірі, тарихымен, мәдениетін терең түсінетін болады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда жас өспірімдердің физиологиялық, психологиялық қызмет көздерінің мол екені баршамызға мәлім.

Қазiргi кезеңде әртүрлi елдердiң арасында нарық қатынасы нығайып, адам өмiрiндегi ақпараттар алмасу өскен сайын шетел тiлiн оқып-үйренудiң де маңызы өсе бастады. Қазiргi кезеңде адам негiзiнен шетел тiлдерiндегi көркем әдебиеттер, публицистикалық, арнайы әдебиеттер және газеттер мен журналдарды оқуды үйренiп, араласа бастады.  Ал  мұның өзi сәйкестi бiлiктiлiк пен дағдыны талап етедi және бұл қасиеттер өздiгiнен қалыптаспайтыны белгiлi. Сондықтан да орта мектептерде шетел тiлiн үйретудiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – белсенді оқуға үйрету болып табылады. Орта мектептi бiтiрген оқушылар шетел тiлiнде оқи бiлуi керек. Ең алдымен шетел тiлiнде оқып бiлмей тұрып, оны әрi қарай дамытып, қолдану мүмкiн емес. Белсенді оқыту мен оқу адамға жаңа бiр нәрсе үйренiп, мағлұмат алуына шектеусiз мүмкiндiк берiп қана қоймай, сонымен бiрге мәдениетке, өнерге баулиды, басқа халықтардың өмiрiмен таныстырады. Кiтаптар адамға өзiнше идеялық мазмұнымен әсер етiп, жеке тұлға ретiнде қалыптастырады.

 

Диплом жұмысының мақсаты төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясын әдістемелік және теориялық тұрғыда негіздеу.

Диплом жұмысының міндеттері: 

- төменгі сынып оқушыларының ағылшын тілін оқыту әдістемесіне шолу жасау және оның тиімділігінің өзекті мәселелерін айқындау;

- ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жүргізілуінің түрлерін анықтау;

- шетел тілін үйретуде оқыту барысында кездесетін қателер және олардың түрлі туындау сатыларында пайда болатын қиындықтарын саралау;

- төменгі сынып оқушыларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін қарастыра отырып, ағылшын тіліне оқытудағы қатемен жұмыс жасаудың технологиясын негіздеу және жеке тұлғаға бағдарланған тілдік білім контектісіндегі дидактикалық әлеуетін ашу.

 

Диплом жұмысында зерттелінетін теориялық және практикалық мәселелер:

1. төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда технологиясын теориялық тұрғыда негіздеу, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқушыларға ағылшын тілін меңгертудің қажеттілігін арттырып, сөйлесу қарым-қатынасын байытуға септігін тигізеді.

2. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда қатемен жұмыс жасаудың әдістемелік негізі оқушылардың танымдық іс-әрекетін, қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік туғызады.

 

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1. ҚР 2015 жылға дейінгі білім саласын дамыту тұжырымдамасы: теория мен тәжірибеге қатысты мәселелері, 30 наурыз, Алматы, 2014

2. Назарбев Н.Ә. «Қазақстан 2030» Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 2013, 176 бет

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.- ҚРБжҒМ. – Астана, 2006

5. Қалиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. Алматы, 2002

6. Г.Н. Александрова. Управления самообразованием педагогов в условиях внедрения новой технологии учебной и педагогической деятельности. «Директор школы», 2002

7. К.Ж. Бұзаубасова. Жаңа педагогикалық технологиялар. Алматы, 2003

 

Тапсырма берілген күн:  26 қыркүйек, 2014 жыл

 

Ғылыми жетекші:

«Шетел тілдері және аударма

кафедрасының қауымдастырылған

профессоры м.а., ф.ғ.к.                                              Г.Р.Нұрекешова    

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ ....................................................................................................

 

 

1 Жалпы орта мектептегі төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері

 

 

 

 

1.1 Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудың ғылыми-теориялық негіздері ...................................................................................

 

 

 

 

1.2 Төменгі сынып оқушыларын сөйлеуге оқытудағы әдістемелік нысандарға шолу .........................................................................................

 

Бірінші тарау бойынша қорытынды.....................................................

 

 

 

 

2 Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясының әдістемелік жүйесін құру және оны оқыту үрдісінде қолданудың өзекті мәселелері

 

 

 

2.1 Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жүзеге асырылуы ....................................................................................................

 

2.2 Ағылшын тілін оқытуда жіберілген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдірудің амалдары............................................

2.3 Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясының тиімділігін анықтау нәтижелері .........

 

 

Екінші тарау бойынша қорытынды......................................................

 

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………….................

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі ағылшын тілін ерте жастан оқыту болып табылады, себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси, экономикалық әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары күнен-күнге даму үстінде. ХХІ ғасыр мектебі түбірлі өзгерістерді талап етіп отыр. Білім алушы әлемдегі өзін жан-жақты дамыған, шығармашылық ізденістер жасауға толық мүмкіндігі бар, өзіндік білім  алатын тұлға ретінде көрсете білуі тиіс. Осыған орай қазіргі таңдағы білім алушы тек бір тілді емес, бірнеше тілдерді меңгеруі абзал.  Ағылшын тілі пәні білім алушылар үшін маңызды қажетті пән ретінде саналып отыр. Ағылшын тіліне оқыту үдерісінде пәнаралық байланыстың, әсіресе ағылшын тілінің қазақ және орыс тілдерімен байланысы ерекше орын алады, себебі бұл пәндердің басты мақсаты жас өспірімдерге тіл үйрету. Оқушылар ағылшын тілін меңгеру арқылы басқа елдердің өмірі, тарихымен, мәдениетін терең түсінетін болады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда жас өспірімдердің физиологиялық, психологиялық қызмет көздерінің мол екені баршамызға мәлім.

Қазіргі жағдайларда жеке тұлғаға бағдарланған жаңа сапалы бұқаралық бастауыш мектептің даму барысында шетел тілін оқу жалпы білім беретін мекемелердің бірінші сыныбынан бастап көзделуде. Мемлекетік білім стандарттарының талаптарына сәйкес, бастауыш мектепті бітіргеннен кейін оқушылар «өзі, өзінің отбасы, досы туралы қысқаша айтып беруді, заттардың қысқаша сипаттамасын, үлгі бойынша суреттемелер жасауды» білуі тиіс  [1,125].

Осыған орай төменгі сынып оқушылардың бірінші оқу жылында ауызша сөйлеу икемділігін дамыту қажеттігі туындайды. Дегенмен іс жүзінде, қазіргі бастауыш мектепте басқа тілдегі ауызекі сөйлеуге оқытуда оның диалогтық түріне үлкен көңіл бөлінетіні дәлелденіп отыр. Монологтық сөз бірінші сынып оқушыларының танымдық қызметін белсендіре түседі; ойлауды тәртіпке келтіреді, әрі жадыны дамытады; өз ойларын ниетіне сәйкес рәсімдеуге үйретеді; бірінші сынып оқушылардың дәйектерін, құндылық бағдарлары мен қызығушылықтарын дамытуға, олардың өткендегі тәжірибелерін өзектендіруге ықпал етеді; оқушылардың эмоциялық өрісін дамытуда және оқу үдерісін жеке-дараландыруды қамтамасыз етеді. Бірақ, монолог түрінде ағылшын тілінде сөйлеуге оқыту жалпыға ортақ мектептерінде аз қарастырылған бағыт болып табылады.  Қазіргі бастауыш мектептерде, негізінен, ауызекі сөйлесуге монологтық оқытудың дәстүрлі тәсілдері қолданылады, олар бесінші сыныптан бастап басқа жас категориясындағы балаларды шетел тіліне оқытуды кеңінен таралып отыр. Бұл жағдайда оқыту вербалды қарым-қатынаста жүргізіледі, ол дайын мәтін басылып шығарылған, тыңдауға ұсыналатын, немесе сөйлеу үлгілері түрлерінде болмақ. Нәтижесінде, оқушылардың айтқан сөздері көбіне репродуктивті сипатта болып қалады. Бұл жағдайда оқушылардың бастауыш мектеп жасында әлі де дамуы жеткіліксіз сөздік-қисынды пайымдауға жүгінуі жүретіндігін атап өту қажет. Осыдан келіп, төменгі сынып оқушыларында үстемдеу болатын көрнекілік пайымдау әлеуеті тиісті мөлшерде пайдаланылмайды. Осыған орай, осы жұмыстың негізгі бағыты төменгі сынып оқушыларының ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясын толық көлемде іске асыратын ауызекі сөйлеудің мазмұнын, тілдік безендірілуі мен композициясын оқушының өз бетінше айқындалуын көздейтін ауызекі сөйлеуді қалыптастыруға арналған оқытудағы түрлі қателердің шығуы мен оларды болдырмаудың жолдарын қарастыру болды.

Жұмыстың пәні төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясы.

Жұмыстың нысаны төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудың әдістемесі.

Жұмыстың мақсаты төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясын әдістемелік және теориялық тұрғыда  негіздеу.

Зерттеудің міндеттері: 

- төменгі сынып оқушыларының ағылшын тілін оқыту әдістемесіне шолу жасау және оның тиімділігінің өзекті мәселелерін айқындау;

- ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жүргізілуінің түрлерін анықтау;

- шетел тілін үйретуде оқыту барысында кездесетін қателер және олардың түрлі туындау сатыларында пайда болатын қиындықтарын саралау;

- төменгі сынып оқушыларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін қарастыра отырып, ағылшын тіліне оқытудағы қатемен жұмыс жасаудың технологиясын негіздеу және жеке тұлғаға бағдарланған тілдік білім контектісіндегі дидактикалық әлеуетін ашу.

Диплом жұмысының ғылыми болжамы. Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқыту қажеттілігі мен оқушылардың пайымдауларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі және шетел тілінің жасанды ортасын құра отырып, олардың білімі мен мәдениетін жетілдіруге, қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігі мен білім беру сапасын арттыруына мүмкіндік беруімен тұжырымдалады.

Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері.

Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау мәселесіне арналған қазіргі зерттеулерінен (В.И.Симкин, Н.В.Рыбакова, П.Ю.Горляков, С.А.Смирнова, т.б) кең түрде мағлұмат алуға болады. Ағылшын тілін төменгі сыныпта оқыту әдістемесі бойынша мәселелер Г.М.Уайзер, А.Д.Климентайко, А.В.Грейсор, И.В.Рахманов, И.Л.Бим, С.Ф.Шатилов, И.Н.Верещагина, Г.В.Рогова, Е.И.Пассов, С.Д.Рахимжанова, Н.И.Гез, В.Л.Скалкин, Н.Д.Гальская, З.Н.Никитенко сияқты ғалым-әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылады. Дегенмен бұл ғалымдардың шетел тілінде оқыту әдістемесіне қосқан зор үлестері шетел тілінде оқытуға байланысты барлық мәселелердің, атап айтқанда, төменгі сынып оқушыларының тілдік білімінің жеке тұлғалық бағдарламалық бағыттылығы тұрғысында ағылшын тілінде сөйлеуге оқытуға қатыстылығы толықтай зертеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік берді.

Диплом жұмысының әдістері. Диплом жұмысының ғылыми нәтижелерін анықтауға бағытталған талдау жүргізіліп, статистикалық-аналитикалық сауалнама жасалынды, білім алушылардың оқу іс-әрекеттерін бақылау, оқушылар мен мұғалімдер арасында әңгімелесу, салыстырмалы-салғастырмалы әдіс, болжау, селекция, жүйелеу, топтау, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, типтік оқу бағдарламаларына және оқу жоспарларына шолу жасау, үлгілеу, педагогикалық тәжірибелерді зерттеу әдістері қолданылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:  

- төменгі сынып оқушыларының ағылшын тілін оқыту әдістемесіне шолу жасалып және оның тиімділігінің өзекті мәселелері айқындалды;

- ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жүргізілудің түрлері анықталды;

- шетел тілін үйретуде оқыту барысында кездесетін қателер және олардың түрлі туындау сатыларында пайда болатын қиындықтары сараланды;

- төменгі сынып оқушыларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін қарастыра отырып, ағылшын тіліне оқытудағы қатемен жұмыс жасаудың технологиясы негізделіп, жеке тұлғаға бағдарланған тілдік білім контектісіндегі дидактикалық әлеуеті жаңаша сараланды.

Жұмыстың дерек көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, зерттеу проблемасына қатысты психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім беру мәселесіне арналған ресми құжаттар, жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу-әдістемелік кешендер, оқу бағдарламалары.

Диплом жұмысының теориялық құндылығы. Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясын ұйымдастырудың әдістемелік негізіне ой тұжырымдар жасалынып, төменгі сынып оқушыларына қатемен жұмыс жүргізудің қажеттілігі дәлелденді, білімнің жеке тұлғаға бағдарланған парадигмасы контектісіндегі дидактикалық қызметтері ашылды.

Жұмыстың тәжірибелік мәні. Диплом жұмысы нәтижелері мектепте ағылшын тілін оқытудың сапасын жақсартуға, тіл үйренудегі оқушылардың қатемен жұмыс жасау технологиясын игеруге көмегін тигізеді. Қол жеткізген ғылыми нәтижелер қорытындысы жалпы орта мектептердің оқыту тәжірибелерінде, ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған қосымша білім беру мекемелерінде, мектеп оқушыларының өзіндік жұмыстарына, реферат, курстық жұмыстар жазуға пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

-  төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясын әдістемелік және теориялық тұрғыда  негіздеуге мүмкіндік береді;

- төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясын меңгертудегі туындайтын қиындықтарды игеруді қамтамасыз ететін  жаттығулар  пайдаланылған ұтымды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы талаптарға сай кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

       Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, негізгі мақсаты мен міндеттері айқындалып, жұмыстың нысаны мен пәні, болжамы жасалынады, сонымен қатар диплом жұмысының жаңалығы, теориялық және практикалық құндылығы мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар зерделеніп, жұмыстың құрылымы анықталады.

       «Жалпы орта мектептегі төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері» деп аталатын бірінші тарауда

зерттеу жұмысының теориялық және педагогикалық негіздерін қаланып, бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқыту әдістемесіне жалпы сипаттама беріледі, оның қазіргі таңдағы тиімділігі мен мазмұндылығы қарастырылып, білім беру үдерісін жетілдірудің қазіргі таңдағы жаңа бағыттары зерделенеді және төменгі сынып оқушыларын сөйлеуге оқытудағы әдістемелік нысандарға шолу жасалынады.

Екінші тарау «Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясының әдістемелік жүйесін құру және оны оқыту үрдісінде қолданудың өзекті мәселелері» деп аталады. Бұл тарауда бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жүзеге асырылу барысы анықталып, ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасаудың қазіргі әдістемелік зерттеулер жүйесіне талдау жасалынады және төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясының тиімділігін анықтау нәтижелері сараланады.

       Қорытындыда жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудың алатын орны ерекшеленіп, нәтижелері зерделенеді. Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудың принциптері – оқытуды ізгілендіру болып табылса, оқыту барысындағы оқушылардың жіберетін қателерінің түрлері мен қатемен жұмыс жасау технологиясының сауатты қолдана білуі әр ұстаздың білім беру үрдісіндегі сапалы нәтижелерінің негізі. Тек қана осындай ұстаз сабағында жеке тұлғаның білім, білік дағдыларын қалыптастырып, өздігінен даму бағдарын анықтап, өзін-өзі жетілдіріп дамытатын тұлға тәрбиелей алатындығына қорытындыда көз жеткізуге болады

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

1 Жалпы орта мектептегі төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері

 

1.1 Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудың ғылыми-теориялық негіздері

 

Мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес айта білу саласында бастауыш мектепті аяқтау бойына оқушылар күнделікті қарым-қатынас жағдайларында, оқыған немесе тыңдаған шығармаларына байланысты диалогқа қатыса білуі, сондай-ақ шағын монологтық сөйлеулер құрай алуы тиіс: «өзі, өзінің отбасы, досы туралы қысқаша айтып беру; заттың, үлгілері бойынша суреттің (табиғат, мектеп туралы) шағын сиптаттамасын жасай» алуы керек. Бастауыш мектепке арналған шетел тілдері бойынша бағдарламалық-әдістемелік материалдарда айта білу саласындағы аталмыш икемділік үшін «қарапайым  ауызекі сөйлеу» ұғымы да пайдаланылады [13, 160].

ҚР «Білім туралы» Заңында [2], білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген еді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғлімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау болып отыр.

Қазiргi кезеңде әртүрлi елдердiң арасында нарық қатынасы нығайып, адам өмiрiндегi ақпараттар алмасу өскен сайын шетел тiлiн оқып - үйренудiң де маңызы өсе бастады. Қазiргi кезеңде адам негiзiнен шетел тiлдерiндегi көркем әдебиеттер, публицистикалық, арнайы әдебиеттер және газеттер мен журналдарды оқуды үйренiп, араласа бастады.  Ал  мұның өзi сәйкестi бiлiктiлiк пен дағдыны талап етедi және бұл қасиеттер өздiгiнен қалыптаспайтыны белгiлi. Сондықтан да орта мектептерде шетел тiлiн үйретудiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi - белсенді оқуға үйрету болып табылады. Орта мектептi бiтiрген оқушылар шетел тiлiнде оқи бiлуi керек. Ең алдымен шетел тiлiнде оқып бiлмей тұрып, оны әрi қарай дамытып, қолдану мүмкiн емес. Белсенді оқыту мен оқу адамға жаңа бiр нәрсе үйренiп, мағлұмат алуына шектеусiз мүмкiндiк берiп қана қоймай, сонымен бiрге мәдениетке, өнерге баулиды, басқа халықтардың өмiрiмен таныстырады. Кiтаптар адамға өзiнше идеялық мазмұнымен әсер етiп, жеке тұлға ретiнде қалыптастырады.

Төменгі сынып оқушыларын шетел тіліне оқытуда балаларды ана тілінде ауызекі сөйлеу арқылы үйрету оқыту барысындағы тәжірибелерде өзіндік жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Шетел тіліне оқытудың алғашқы сатысында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігінің негіздері салынады, бұл төменгі сынып оқушыларының түрлі сөйлеу қызметіндегі - айту, көпшілік алдында сөйлеу, оқу, хат жазудағы икемділіктерін дамытуды көздейді. Сөйлеу қызметінің жетекші түрі ретінде айта білуді игеру төменгі сынып оқушыларын шетел тіліне оқытуда өзекті міндеттердің бірі болып табылады.

Шетелдік лингвистер мен әдіскерлердің еңбектеріндегі «ауызекі сөйлеу»  ұғымының анықтамасына зер салайық. А.А.Леонтьев «байланыстырып сөйлеу» деп «бір адамның салыстырмалы түрде ұзақ уақыт бойына өз ойларын баяндайтын сөзін немесе білімдер жүйесін бір адамның реттілікпен ауызекі баяндауын» түсінеді [14, 308]. Осылайша, автор сөйлеулердің байланыстылығын, реттілігін және оның уақыт ішінде ашылып көрсетілуін атап көрсетеді. Н.В.Добрынина да А.А.Леонтьев сияқты «ауызекі сөйлеу» ұғымын оның үздіксіздік қырынан қарастырады, бірақ сонымен бір мезгілде сөйлеудің тыңдаушыға қажетті әсер етуіне жету мақсатында бір немесе бірнеше адамдарға арналуын атап көрсетеді [15, 285]. Г.В.Рогова «ауызекі сөйлеу» деп өзара қисынды, реттілікпен байланысқан, интонациялық тұрғыда безендірілген және бірыңғай мазмұнымен  немесе сөйлеу нысаналарымен біріктірілген сөйлемдер қатарынан тұратын байланысқан сөзді түсінеді [16, 232]. Біздің зерттеуімізде төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне үйретудің бірінші оқу жылында оқу монологтық ауызекі сөздерінің өнімін белгілеу үшін Г.В.Рогованың анықтамасындағы «ауызекі  сөйлеу» ұғымын пайдалану барынша тиімдірек. Төменгі сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу икемділіктерін дамытудың ұтымды жолдарын анықтау мақсатында ауызекі сөйлеуге оқытудың лингвистикалық негіздері қарастырылады. Ол үшін лингвистикалық зерттеулерде болатын мәтін, сөйлеу мен монологтық  сөйлеу тәрізді ұғымдардың анықтамасын беру қажет.

Қазіргі лингвистикада «мәтін» ұғымы мазмұнының бірыңғай, жалпыға бірдей анықтамасы жоқ екендігін, оның сапалық сипаттамалары түрлі ғылыми еңбектерде алшақ екендігін атап өту керек. Авторлардың көпшілігі, атап айтсақ  И.Р.Гальперин, Л.М.Лосева, Н.Д.Зарубина, А.И.Новиковалар мәтін деп хатқа жазылған, басылып шыққан сөздерді ұғынуды жөн санады. Зерттеушілер мәтінді синтаксистік деңгейдегі жоғарғы бірлік деп таниды. Зерттеу жұмысы үшін М.Р.Львов, А.А.Леонтьев пен О.И.Москальскаяның еңбектеріндегі «сөйлеу», «монологтық сөйлеу» ұғымдарының арақатынасы маңызды болып табылады. М.Р.Львов, бір жағынан, кейбір лингвистер М.М.Бахтин, Г.В.Колшанский сияқты сөйлеулерді сөйлемдермен сәйкестендіреді. Екінші жағынан, автор ағылшын тілін үйретуде сөйлеу терминін мәтінге де қолданады, мұны сөйлеудің көп жағдайда кең, көлемі бойынша үлкен екендігімен түсіндіреді [17, 248].

Бастауыш мектепте ауызекі сөйлеуге оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау кезінде ауызекі сөздің лингвистикалық және психологиялық-лингвистикалық сипаттамаларын ғана емес, баланың психикалық дамуының жас ерекшеліктерін де ескеру қажет. Осыған байланысты төменгі сынып оқушыларының осы жастағы ойлау дамуының ерекшеліктеріне баса назар аудара отырып, олардың негізгі психикалық қызметтерінің көрінуі қарастырылады. Төменгі сынып оқушысы қызметінің алуан түрлерін қамтамасыз ететін түрлі танымдық үдерістер - қабылдау, зейін, жады, ойлау және елестету бір-бірінен оқшауланбай жұмыс істейтін күрделі жүйені білдіреді, оның ішінде барлық үдерістер өзара тығыз байланыста болады. Бастауыш мектеп жасы баланың салыстырмалы түрде тыныш әрі біркелкі даму кезеңі болып табылады, бұл кезде мидың қызметтік жетілуі жүреді - оның қыртыстарының аналитикалық-синтетикалық қызметі дамиды да ойлауды әрі қарай дамыту басты маңызға ие болады [18, 464]. Л.С.Выготский бойынша, ойлаудың дамуы сананың барлық құрылымы үшін және психикалық атқаратын міндеттер қызметінің барлық жүйесі - орталық болып табылады, ал белгілі бір даму сатысында үстемдік етуші ойлау түрі, негізінен, атқаратын міндеттердің бір-бірімен қатынасының барлық жүйесін айқындайды [19, 519]. Осыдан келіп, төменгі сынып оқушыларына шетел тілін оқытуда ойлаудың ерекшеліктерін ескеру, көркем ойлаудың бай әлеуетін қолдану арқылы сөздік қорды байыта ойлауды дамытуға ықпал етеді. Алға қойған мақсаттарға жету үшін мұғалім төменгі сынып балаларының психологиялық ерекшеліктерін білуі қажет. Бұл жастағы балалар шетел тілін үйренуге икемді: олар тек құбылыстарын тез түсінеді және тілдің құпияларын түсінуге тырысады. Олар қысқа тіл материалын оңай жаттап алып, оны айтып бере алады. Өскен сайын бала бұл қабілеттерін жоғалта бастайды. Психологтардың айтуы бойынша төменгі сынып балалары ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшеді. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, қызыға отырып шетел тіліне тез үйренеді. Сонымен қатар, ойын белгілі бір іс-әрекетті дамытады, шетел тілінде екінші біреумен қарым-қатынас жасауға үйретеді. Бұл жастағы балалардың ой-өрісі жақсы дамыған және олар шығармашылық жұмысқа жақсы икемделген. Ойыннан оқу іс-әрекетіне көшу үшін суреттеуге көшуге болады. Әдетте төменгі сынып оқушылары жалпы жасалған нұсқауларды қабылдамайды, сондықтан тапсырма беру үшін әр балаға жеке ескерту жасаған жөн. Балаларды мектеп өміріне үйрету үшін «сабақ үстінде тұруға болмайды», «сұрақ қойғың келсе қолыңды көтер» деген ескертулерді айтып отыру керек. Олар бұл ескертулерді жылдың аяғына қарай толық орындайды. Бұл ескертулер сыпайы, өтініш ретінде айтылуы керек, әрине осы ескертулер орындалмаған жағдайда мұғалім реніш емес, тек өкініш қана білдіруі керек. Төменгі сынып оқушыларының мінездері әр түрлі, оған себепші олардың балабақшадан, отбасынан және мектептен алған тәжрибесі болып табылады, сондықтан, мұғалім баланың жеке бас ерекшеліктерін де жақсы білуі тиіс [21,167].

 

1.2 Төменгі сынып оқушыларын сөйлеуге оқытудағы әдістемелік нысандарға шолу

 

Сөйлеу адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойы қалыптасып келеді. Тілдік амалдар, сөз тудыру, сөз тіркестері, сөйлем құрау ережелері – көпшілікке ортақ объектвті категориялар. Осыған орай тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына сай түрліше құрылады. Мұның маңызы мұғалімдер үшін зор. Көрнекі педагог А.С.Макаренко бұл жөнінде «балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезе алатындай болуы керек» деген []. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппаратардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық ететрі т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді. Сондықтан да сөйлеудің әр түрлі коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуалдық) сөз жұмсауы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы, сөйлеудің жетілуі индивидуалдық творчествоға сүйенеді.

Сөйлеу – пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт:

– сөйлеудің мазмұндылығы;

- сөйлеудің мәнерлілігі.

Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.

Сөздің мағыналығы – екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.

Сөздің мәнерлігі – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің орнымен айта алуы.

Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып-білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу интонациясын қабылдау кезінде артикуляциялық аппаратпен де адамның мәнерлі сөлеуі түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу не келіспеушілік білдіріледі. Мәнерлі сөйлей алатын адамның дауыс интонациясы мен паузасы орнықты (сөз арасындағы кідіріс)  болып қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ылмишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады.

Сөйлеу әрекеті – ми жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесі.

Сөйлеу қабілеті – мидың анатомиялық функциясына байланысты.

Психологияның жеке пәндерді оқушыларға нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше, мәселен, психология арқылы грамматикалық ережелерді меңгеруде оқушылардың жан-күйі, сана сезіміне қарай күнделікті практикада жүзеге асырылуы қадағаланып, ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындау қабілеті оқушының логикалық ойлау әрекетіне байланысты. Ал ойлау әрекеті сөйлеу әрекетінің жүзеге асуына ықпал етеді. Оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде өзінің көңіл күйін, пікірін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қатынасын, көзқарасын, ойын да білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады. Оқушы бір-бірімен сөйлесу арқылы тілдің эмоциялық жағын, дауыс ырғағын, ымдау, қолдау шараларын пайдаланады. Сондықтан тіл психикалық құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы: оқушы еліктеуіш, одағай сөздерді айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-ақ қазір сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, таблицалар, диаграммалар мен диапозитивтер, бейнетаспалар мен үнтаспаларды пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың түсінгенін айту, сөйлеу тілін арттыру жұмыстары жүргізіледі.Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.

Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрлендіре отырып, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Сондай ақ өз бетімен әңгіме құрап, мәтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал мәтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру қажет. Бұқаралық, ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары, теледидар хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа алынады. Оқу біліктілігін меңгерту мақсатында роман, поэма, эссе, әңгіме оқыту арқылы жан-жақты жұмыс жүргізуге жол ашады. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын, идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын әдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады.

Ағылшын тілін төменгі сынып оқушыларына оқытудың алғы шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілінде сөйлеп, оқып түсіне білу қабілеттерін қалыптастыруға да мектеп қабырғасында мән берілуі тиіс. Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге және кітап арқылы жұмыс жасауға баулу қажет. Шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кездерде шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Ағылшын тілін оқытудағы оқушының өз сөзін жоспарлай білу икемділігін, мәтін мазмұны мен ағылшын тілін үйрету құралдарын ұштастыра отырып, сөйлеу этикасын пайдалана алуын талап етеді. Оқушылар басқа халықтардың тұрмыс тіршілігімен олардың көрнекті өкілдерінің өмірімен алынған деректермен, бұл халықтар тарихының эпизодтарымен, мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен танысады. Оқулық, оқу кітаптары оқушылардың шетелдегі адамдардың өмірімен танысып, олардың жалпы білімділік ой өрісін кеңейтеді. Оқушылардың жан-жақты дамуы және олардың тұлға ретінде қалыптасуы үшін тілдік материалмен жұмыс істеу сипаты мен сөйлеу біліктілігінің елеулі мәні бар. Шетел тілі құралдарымен (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) және сөйлеу іс-әрекетінің негізгі түрлерімен қарулана отырып, оқушылар танымдық белсенділік, дербестілік көрсетуі және қорытынды жасай алуы маңызды болып отыр.

Тілдік материалдар оқушыларға өз қалауларын айтуға және өз пікірін білдіруге қажет болады. Өз пікірін ситуациялар және тақырыптармен байланыстыра қолдану мынадай пікірлер айтуға, жеткізуге жетелеуі тиіс:

- қалауын, сезімін білдіру;

- өз көзқарасын айту, қарапайым ғана дәлел келтіру;

- істің мән жайы мен оқиғалар туралы мәліметтер алу және әріптесінің пікірін сұрау.

Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Шетел тілін меңгеруде тыңдап түсіну қабілетін дамытудың алар орны ерекше.

Сөйлеу қызметі теориясының негізін салушы Л.С.Выготский болып табылады. Бұл теория басқа ғалымдар – А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, Н.И.Жинкин, И.А.Зимняя, Л.С.Цветкова, Т.А.Ахутинаның зерттеулерінде одан әрі дами түсті. Тілдерді оқытуға қатысты сөйлеу қызметінің теориясын дамытуға Отандық лингвист-педагогтардың А.А.Леонтьев, қомақты үлес қосты.Сөйлеу қызметі теориясының негізіне ойлау мен сөйлеу үдерістерінің бірлігі туралы, «мағына» мен «маңыз» ұғымдарының арақатынасы туралы тұжырымдамалар, ішкі сөйлеудің құрылымы мен семантикасы туралы ілім салынды. Осы теорияға сәйкес, ойдан сөзге ауысу үдерісі қайсы бір ойды туғызатын дәйектен жүргізіледі, ойдың өзін бастапқыда ішкі сөзбен, содан соң сыртқы сөздердің маңызымен, ал содан кейін сөздермен рәсімдеу жүргізіледі. Сөйлеу қызметінің ішкі құрылымын және оның негізгі тетіктерін білу мұғалімге бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеуін қалыптастыруды неғұрлым дәлме-дәл басқаруды және шетел тілінде ауызекі сөйлеуге оқыту үдерісін оның туындауындағы мүмкін болатын қиындықтарды болжай отырып, тиімдірек ұйымдастыруды мүмкін етеді. Ұғымдар жүйесіндегі кейбір алшақтықтарға қарамастан, авторлар сөзбен айтудың туындауындағы сөйлеу әрекеті құрылымының үш фазалығын мойындайды. И.А.Зимняя сөйлеу қызметінің келесі фазаларын бөліп алады: дәйектік-оятушы; бағдарланған-зерттеушілік (аналитикалық-синтетикалық); орындаушылық [22, 232]. Cөйлеу тетігінің әр фазасына сәйкес И.А.Зимняя бір мезгілде жұмыс істейтін үш өрісті бөліп алады:

- дәйектеу тетігі сұраныс пен коммуникативтік ниеттің пайда болуы;

- ойды қалыптастыру мен көрсету тетіктері лексикалық-грамматикалық, ішкі ресімдеу тетіктері;   

- сөйлеудің заттық-қисынды өрісі тетігі;

- операциялық тетіктер салыстыру, таңдау, құрастырмалау, ауыстыру, трансформациялау, құрылымдандыру операциялары;

- сөйлеуді фонациялық ресімдеу тетіктері (сыртқы ресімдеу тетіктері). Сөйлеу қызметінің ішкі құрылымын және оның негізгі тетіктерін талдау негізінде И.А.Зимняя оқушылардың шетел тілінде сөйлеуі кезінде туындайтын негізгі қиындықтарды бөліп алды:

- айту нысанасын ашу;

- баяндалатын пайымдардың қисынды реттілігін жадыда қалыптастыру және ұстау;

- ойларды осы пайымдаулар түрінде қалыптастыру және көрсетуге арналған тілдік құралдарды іріктеу. Бұл жерде автор шетел тіліне оқытудың бастапқы сатысында айтылған қиындықтарды, кездесетін қателерді және олармен жұмыс жүргізуді игерудің күрделі екендігін атап көрсетеді [23,159].

Шетел тіліне оқытудың алғашқы жылында балалардың сөйлеу қызметіне жасалған бақылау бізге төменгі сынып оқушыларына ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу икемділіктерін игеру кезінде еңсеруге тура келетін қосымша қиындықтарды бөліп алуға мүмкіндік береді. Автордың пікірінше, айту қызметінде сөйлеу тетігінің жұмыс істеуінің дәйектік-оятушы фазасын іске асыру дәйектеу тетігін іске қосудан басталады және сөйлеу әрекетінің дәйектері, сұраныстары мен мақсатының күрделі өзара байланысында көрініс табады [23]. Дәйектер тұлғаның белсенділігін, оған қоса сөздік белсенділігін айқындайды. Нақпа-нақ дәйек, зерттеушілердің пікірінше, сөйлеу қызметіне белгілі бір бағыттылық береді. А.Н.Леонтьевтің пікірінше, баланың туған тілін игерудегі сөйлеу әрекетінің дәйектері қоршаған ортаны тану, басқа адамдармен араласу қажеттілігін айқындайды [24, 448]. 

Төменгі сынып оқушысын шетел тілінде ауызекі сөйлеуге оқытудағы қиындықтар балада өзінің табиғи ортасынан тыс шетел тілінде сөйлеуге табиғи ортаның болмауына байланысты және оған деген қажеттіліктің болмауы мәтінге деген дәйектің жоқтығы және сөйлеу қызметінің нысанасы айқын еместігі. Адамның мінез-құлығының ояну себептерінің жүйесін, адам қызметін ұйымдастырушы және бағыттаушы белсенділік көзін дәйектеме деп атайды. Айту дәйектемесінің тетігі терең жеке-дара, бөлшектелмейді, тікелей басқарылмайды. Біздің зерттеуіміз үшін сөйлеуге оқыту үдерісінде бұл тетік бір нәрсе арқылы реттеліне алатындығы туралы ереже маңызды. Осыдан келіп, аталмыш сатыда алғашқы қиындықтарды еңсерудегі мұғалімнің міндеті дәйек құру үшін психологиялық негізді табуда тұр. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеуі туындау кезіндегі екінші қиындық оның нысанасының айқын еместігімен байланысты. А.НЛеонтьевтің қызметтің жалпы психологиялық теориясындағы нысана қызметтің сипаты мен жекелеген түрлерін айқындайтын, оның мазмұнының негізгі элементі деп мойындалады. Қызмет нысанасы заттай, материалдық және идеалды бола алады. И.А.Зимняяның пікірінше, сөйлеу қызметінің нысанасы идеалды. Ол ретінде шынайы ақиқаттың құбылыстары мен нәрселерінің қарым-қатынасын көрсету формасы ретінде ой шығады [21].

Сөйлеу нысанасы ретінде ойдың өзіндік ерекшелігі сонда, ол сөйлеу үдерісінің өзінде, сөйлеулердегі шынайы дүниенің нәрселері мен құбылыстары арасындағы мазмұндық байланыстарды орнату барысында ашылады. Әдетте, салыстырмалы түрде аяқталған мәтінде бір негізгі ой айтылады, ал қалған барлық сөйлемдер осы ойға келтіріледі, оны дамытады, аргументтейді. Дегенмен шетел тілінде ауызекі сөйлеуді игеруде оқушылар жекелеген пайымдарды  сөйлемдерді айта отырып, әдетте, сол арқылы ешқандай неғұрлым ортақ ойды, ешқандай мағыналық мәтіндік бағдарламаны ашпайды.

И.А.Зимняяның пікірінше, айтушының дұрыс қойылған мағыналық байланыстары барлық айту деңгейлерінде оның байланыстырылуын айқындайды. Бастауыш мектеп оқушыларын ауызекі сөйлеуге оқытуда сөйлемдегі сөздер арасында, ал әсіресе айтудағы сөйлемдер арасындағы қажетті байланыстарды орнату айтарлықтай қиындық туғызады, өйткені бұл операциялар қисынды пайымдауға тән, ал бұл жаста ол әлі жеткіліксіз дамыған [22]. Осыдан келіп, бастауыш мектеп оқушыларын байланыстырып сөйлеуді қисынды құруға оқытуда аталмыш жастағы ойлау ерекшеліктеріне бара-бар осы қиындықты еңсеру тәсілін табу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Төменгі сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясының әдістемелік жүйесін құру және оны оқыту үрдісінде қолданудың өзекті мәселелері

 

2.1 Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жүзеге асырылуы

 

Мемлекеттік білім стандартына сәйкес, бастауыш мектеп оқушыларының ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуін дамыту бастауыш мектептегі сөйлеу қызметіне оқытудың басты мақсаттарының бірі болып табылады, ол орыс тілі, әдеби оқу (ана тілі) және шетел тілі тәрізді пәндер аясында жүзеге асырылады.

Бастауыш мектептің бірінші сыныбына қарай ағылшын тіліне оқытудың алғашқы жылы оқушыларда қазақ тілінде ауызекі сөйлеу икемділіктерін игеру тәжірибесі жинақталатынын еске түсірейік: қазақ тіліне оқыту үдерісінде оқушылар жеңіл монологтық мәтіндерді баяндау және суреттеу түрінде жасау икемділіктерін игере бастайды. Көрсетілген икемділіктер бастауыш мектепте шетел тілінде ауызекі айту икемділіктеріне де қатысты. Бұдан шығатыны, бастауыш мектепте шетел тіліне бірінші оқыту жылында балаларды ана тіліндегі бұрыннан бар тәжірибесі есебінен шетел тілінде ауызекі сөйлеуді дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады. Осыған орай, қазақ тілінде де, шетел тілінде де ауызекі сөйлеуге оқытуда қолданылатын әдістемелік тәсілдерді анықтау үлкен маңызға ие болады.

Қазіргі уақыттағы іс жүзіндегі орын алып отырған, бастауыш мектепте балалардың ауызекі  сөйлеуін дамыту саласындағы ғылыми зерттеулердің көп емес санының көпшілігі бастауыш мектеп оқушыларын орыс тіліне оқыту үдерісіне көбірек қатысты екендігін атап өту қажет деген пікірлерді қалыптастырған зерттеуші-ғалымдар Е.В.Архипова, И.М.Михайлова, А.А.Захарова, А.В.Кочеткова, А.В.Шувалова. Өкінішке орай, бастауыш сатыда шетел тіліне оқытуға арналған еңбектерде [28, 206] ауызекі сөйлеу икемділіктерін дамыту арнайы нысана емес болып қалған.

 Бұл еңбектерде негізінен шетел тілінде ауызекі сөйлеудің диалогтық түріне оқыту ерекшеліктері ашылады. Осыған байланысты, бастауыш мектеп оқушыларының қазақ тілінде ауызекі сөйлеуін дамыту жөніндегі кейбір еңбектерді егжей-тегжейді қарастырған дұрыс сияқты көрінеді.

Сол сияқты, А.В.Шувалова бастауыш мектеп оқушыларының ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуін дамытудың әдістемелік жүйесін жасады, оның мазмұны мәтін туралы білімдер және мәтінді талдау, қайта өңдеу және құру барысындағы алынатын коммуникативтік-сөздік икемділіктер болып табылады [29,156]. Аталмыш жүйедегі саналы коммуниктивті-сөздік икемділіктерді қалыптастырудың шарты болып оқушылардың мәтін туралы теориялық білімнің нақты көлемін игеруі және тиісті мәтіндік жаттығулар жүйесін пайдалану алға шығады. Ұсынылған әдістемеге сәйкес, ауызекі  сөйлеуді дамыту сабақтарында оқушылар дидактикалық материалдардың екі тобын пайдаланады:

- теориялық материалдар: терминдер, анықтаулар, ережелер, жадынамалар, мәтін сызбалары;

- практикалық материал: мәтіндер, мәттіндердің құрылымдық бөлімдері, мәтіндік тапсырмалары бар карточкалар.

Өзінің негізі ішінде тек қана вербалды тіректерге баспа мәтін, теориялық материал ие бола отырып, аталмыш жүйе баланың физиологиялық жетілуіне қарай бағдарланған. Нәтижесінде оқыту біржақты және осы жүйеге сәйкес, сөйлеуді дамытудағы қызметтің басым түрі мәтін-үлгілерді қабылдау және талдау, одан кейін солардың негізінде өз сөздерін - жазбашаны да, ауызекіні де, өнімдендіру болып табылады. Яғни, А.В.Шувалованың еңбегіндегі аталмыш әдістемелік жүйеде бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеуін жасауға арналған негіз үлгі рөлінде шығатын баспа мәтін болып табылады [30, 389]. Дегенмен, осы жадынамалар да тек мәтіндік негізде екендігін, демек, бастауыш мектеп оқушыларының қисынды және бейнелі зерделеуінің өзара байланысын ескермейтіндігін атап өту қажет.

Сөйлеуді дамытудың бастауыш мектепте бірінші  сынып, бірінші оқыту жылы қазақ және ағылшын тілдеріне өзара байланыстырып оқытудағы тиімділігін қарастырады. Шетел тіліне оқыту үдерісінде сөйлеу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру, оқушыда бұрыннан бар қазақ тіліндегі сөйлеу икемділіктері мен дағыдыларына сүйене отырып жүргізілуі тиіс. Бастауыш мектеп оқушыларында сөйлеу және жұрт алдында сөйлеу икемділігі мен дағдысы мәтінді тыңдау негізінде, қарым-қатынастың табиғи жағдайына біртіндеп жақындай түсетін жағдайларда кешенді түрде қалыптасады. Сондықтан тағы да оқушының айтуы үшін үлгі ретінде ауызекі түрдегі мәтін алға шығады. Төменгі сыныпта сабақ барысында қолданылатын көрнекі құралдар аталмыш әдістемеде жалғыз мақсатпен - қызығушылықты белсендіруге, оқытуға деген дәйектеме үшін қолданылады деген тұжырымға келуге болады.

Бастауыш мектеп оқушыларын ауызекі ағылшын тіліне оқытудың ең маңызды шарты оны сөйлеуді дамыту үдерісіне шығармашылық, өнімді сипаттағы қызметтерді, драматизациялау және бейнелеу өнері қызметін енгізу есебінен қамтамасыз етуді ұсынады. Сол арқылы, сөйлеуді туғызатын басқа фазалардағы мынадай қиындықтарды назардан тыс қалдырады: тілдік материалды тақырыпқа сәйкес іріктеу жүргізу, алдағы сөйлеу үлгісін жасау, баяндалатын пайымдардың қисынды реттілігін ұстап тұру қарастырылған.

Төменгі сынып оқушыларының ағылшын тілі сабағындағы қарым-қатынас икемділіктерін қалыптастыруға, оқыту құралдарын, түрлі-түсті суреттерін, оқушылардың өздері құрастырған мәтіндерін үйлестіріп пайдалануы кажет.

Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге оқыту әдістемесінің көпшілігінде сөйлеу үлгі-мәтін негізінде құрылады. Төменгі сынып оқушыларының танымдық үдерістерін қабылдау, елестету, зерделеу, жады дамытумен шектеледі, өйткені олар, сөйлеу тетіктерімен тығыз өзара байланысты, олар өз кезегінде, коммуникативті икемділіктерді қалыптастыруға база болып табылады. Төменгі сынып оқушысын ауызекі сөйлеуге оқыту тәжірибесіне, атап айтқанда, оқушының шетел тілінде ауызекі сөйлеуге оқытуды ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын анықтау үшін қазақ және ағылшын тілдеріндегі қолданыстағы бағдарламаларға, оқу әдістемелік кешені мен құралдарға назар аударылған дұрыс.

Бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеудің негізгі икемділіктерін игеру нәтижесі көп жағдайда оқыту бағдарламасына және соның негізінде жасалған оқу әдістемелік кешенге байланысты болады, олар тілдік білімнің қазіргі тұжырымдамасына сәйкес оқу-тәрбие міндеттерін ойдағыдай шешу, білім мақсаттарына қол жеткізуге арналған материалдардың негізгі кешенін білдіреді.

Қазіргі кезде бастауыш мектепте (1-4 сыныптар) шетел тілінде оқытудың құралы ретінде ағылшын тілі бойынша келесі оқу-әдістемелік кешендері пайдаланылады:

1) В.Н.Богородицкая, Л.В.Хрусталева (English);

2) З.Н.Никитенко, Е.И.Негневицкая (English);

3) М.З.Биболетова, Н.Н.Трубанева (Enjoy English);

4) И.Н.Верещагина, Т.А.Притыкина ( English).

Көрсетілген оқу әдістемелік кешенде монологтық және диалогтық сөйлеу икемділіктері дәстүрлі жаттығулар негізінде қатар және өзара байланысты қалыптасады. Талданып отырған құралдарға тән ерекшеліктер мыналар:

-        монологтық және диалогтық сөйлеулердің мазмұнын мұғалім көрсеткен ахуалдар, сондай-ақ оқу мен көпшілік алдында айтып беруге арналған шағын мәтіндер жасайды;

-        балалардың айтып беруі үшін шығармалардың рет-реттілігін ұсынылған мәтінге қойылатын сұрақтар жасайды;

-         бейнелеу өнерінің көрнекі құралдары көбіне дәстүрлі түрде қолданылады.

Бастапқы сатыда ағылшын тіліне оқыту үшін келесі авторлардың бағдарламалары мен оқу әдістемелік кешендері ұсынылады:

1) Т.Аяпова;

2) З.Әбілдаева, Ж.Тұтбаева;

3) Т.Аяпова, Д.Укбаев;

4) А.В.Полякова;                    

5) Р.Н.Бунеев және С.Д.Рахимжанова;

6) В.В.Репкин және басқалар;                       

7) Ж.Құрманбаев, З.Садуақасова.

Ағылшын тіліне арналған бағдарламалардың көпшілігінің басты ерекшелігі  сонда, 1-2 сыныптарда фонетика мен графикаға оқыту басты рөл атқарады, өйткені осы кезеңдегі сабақтардың негізгі міндеттерінің бірі оқушыларда оқу және жазу дағдыларын жетілдіру болып табылады; сонымен бірге сөйлемдерді зерттеу мен талдау және олардың негізінде сөйлей алу жұмыстары жүргізіледі. Сөйлеу нәтижесінде оқушылар сөйлем көлемінен аспайды. Ауызекі сөйлеуге оқыту, негізінен 3-4 сыныптарда, көбіне мәтін негізінде жүргізіледі. Көбіне бұл жазбаша түрдегі айтылымдар болып келеді.

Кейбір бағдарламаларда ауызекі сөйлеуге оқыту сөйлем деңгейінен аспайды, ал нақты тақырыпқа ауызша 3-5 сөйлем құрау икемділігі тек 1 және 4 сыныптар оқушыларын дайындау деңгейіне қойылатын талаптарға енгізілген. Басқа бағдарламаларда ауызша түрде ауызекі сөйлеу икемділіктерін дамыту мақсат ретінде қойылмайды және талаптарда көрсетілмеген.

Ауызекі  сөйлеуге арналған тірек түрінде пайдаланылатын суреттер немесе суреттер серияларының рөліне қатысты алсақ, онда олардың атқаратын қызметтері мәтінге ахуалдар немесе бейнелік көрнекілік жасаумен ғана тұжырымдалады. Суреттердің өздері ауызекі айту икемділіктерін қалыптастыру үшін құрал ретінде берілмейді. Бұл рөлді мәтін атқарады.

Бірінші сыныптың өзінде-ақ оқушылар мәтінмен танысады. Сәйкесінше, олар мәтін негізінде айтып беруге үйренеді. Сөйлеуді дамыту әдістемесіне риторика үшін дәстүрлі бөлімдер тиімді:

- тақырыппен және мәтін мазмұнымен жұмыс;

- мәтінді құру, жоспарлау, атау, композициялау; 

- сөзбен білдіру, тілмен безендіру.

Оқулықтарда ауызекі айту икемділіктерін қалыптастыруға арналған төмендегідей құнды материал берілген:

-        ауызекі сөйлеуге дайындау тәсілдері сөйлеуді жасауға арналған жадынама түріндегі қадамдық нұсқаулықтар;

-        өзекті сөздер бойынша сөйлеулерді жасау;

-        сызбалар бойынша сөйлеулерді жасау;

-        сөйлеудің әрбір типі үшін сөйлеу бөліктерінің реттілігі түрінде сызбалар және әрбір бөліктің мазмұнын қысқаша мәтіндік сипаттау болады.

 

2.2 Ағылшын тілін оқытуда жіберілген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдірудің амалдары

 

Мұғалім  оқушылардың  білімін,  дағдысы  мен  шеберлігін   есепке  ала  отырып,  олардың  жақсы  және  олқы  жақтарын  біледі,  ол  өзінің   дәптерінің  бірнеше  бетін  сыныптағы  анағұрлым  білімі  нашар  балаларға  арнайды.   Осы  дәптерге  үнемі  сол  балалардың  қатесін  белгілеп,  жазып  жүреді.  Сөйтіп,  мұғалім  оқушылардың  орфографиялық   сауаттылығын  қадағалап,  кейбір  оқушыларға   жеке  тапсырмалар  береді1

Оқушылар  жазу  жұмыстарында  қате  жібермеу  үшін  өздіктерінен  жұмыс  жасауға тиіс.  Осы  тұрғыдан  олар өздері  қате  жіберген  сөздерін   дәптерлеріне  жазады,  оны  жою   жолында  жұмыс  жасайды.   Оқушы  мұғалімнің  басшылығымен  сөздерді  жазып  қоюға   ғана  емес,  сонымен қатар  өздерінің  қателерін  жою  үшін  өздіктерінен  жұмыс  жасауға  да  үйренуге  тиіс.  Біршама  уақыт  өткеннен  кейін  мұғалім  сыныппен  жұмыс  жасау  кезінде  немесе  бір  оқушыдан  сабақ  сұрау  кезінде  керекті   сөзді  жазғызады,  қалай  жазылып  тұрғанын  талдатады.  Мұндай  жұмыс  балалардың  белсенділігін  арттырады.

Біраз  уақыт  өткеннен  кейін  (тоқсан  аяғында,  жарты  жылдықтың  аяғында)  оқушылардың  жұмыстарына   толық   талдау   жасайды.    Кейбір оқушыларға  тән  қателері  теріп  жазады,  осының  нәтижесінде  әрбір  оқушының  және  бүкіл  сыныптың  үлгерімі  жөнінде  тұтас  карта  жасалады.  Мұғалім  балалардың  қате  жіберу  мотивін  анықтайды:  1)  оқушы  ережені  білмегендіктен  (кезінде  түсінбеген  немесе  ұмытып  қалған)  жіберген  бе?   2)  ережені  біледі, бірақ  оны  жазуда  дұрыс  қолдана  алмаған,  яғни  ережені  жазуда  қолдану  дағдысы  қалыптаспаған.   3)  ережелерді  араластырып  шатастырады.  4)  жазып  отырғанының  мағынасына  (не  жазып  отырғанының  өзіне  түсінбейді)   түсінбей,  зейін  қоймай,  механикалық  түрде  әрекет етеді.   5)  кейбір  дыбыстарды  қате  естиді  немесе  өзі  қате  айтады  да,  өзін-өзі  бақылай  алмайды.  6)  асығыс,  ұқыпсыз  орындау  салдарынан  қатені  байқамайды  т.с.с. – себептерін  анықтағаннан  кейін  соған  сәйкес,  қосымша  жұмыс  ұйымдастырады.

Оқушылардың  жұмыстарында  кеткен  қателіктерді  түзету   жолдары  да  алуан  түрлі.  Қателерді  қай  кезде  түзету  керек?  Егер  жұмыс  шағын  болса,  сол  табанда  түзету  керек.  Мысалы,  ескерту,  түсіндірме  диктанттары,  көшіріп  жазу  жаттығуларын сол  сабақтың  үстінде-ақ  түзетуге  болады.  Ал  бақылау  диктанты,  мазмұндама,  шығармадағы  қателер  соңынан  түзетіледі.  Қате  түзетуде  жазу  жұмыстарына  талдау  жасаудың  пайдасы  зор.  Талдау  барысында  мұғалім  балаларға   әуелі  дәптерлерін  таратып  бермейді,  өйткені  олар  өз  дәптерлеріне  қарап  алаң  болады  да,  мұғалімді  тыңдамайды,  ұжымдық  жұмысқа  қатыспайды.

Жұмыс  осы  оқушылардың  көпшілігіне   тән  қателерден  басталады.  Мұғалім  өзі  (немесе  тақтаға  шақырылған  оқушы)  балардың  көбі  қате  жіберген  сөзді  немесе  сөйлемді  тақтаға  жазады,  оны  қалай  жазу  керектігі,  неге  олай  жазатынымыз  анықталады,  ережесі  еске  түсіріледі.   Мұндай  жалпы  сыныпқа  тән қателер онша көп болмайды, сондықтан оларды талдауға бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса, оқушылар ол сөзге сөйлем құрап, дәптерлеріне жазып алады.

Екінші сабақта жеке оқушылардың жіберген қателіктері талданады. Осы мақсатпен балалардың дәптерлері таратылып беріледі. Олар мұғалімнің түзеткен қателіктерін табады, оны жұмыстың соңғы жағына теріп, көшіреді, қосып сөйлем құрастырады т.б. Қатемен жұмыс тек бақылау диктантына байланысты ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар басқа сабақта да жүргізіледі.

Балалардың жұмыстарындағы қателерді мұғалім түрлі жолдармен түзетеді: 1) қате жазылған сөз сызылып, үстінгі жағына сөздің дұрысы тұтас жазылады; 2) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады; 3) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады, тұсына ескерту жазылады (керекті әріптің я сөздің дұрысы немесе соны еске түсірерліктей сөз көрсетіледі, немесе тиісті сұрау қойылады, кітаптан тиісті параграф ережесі көрсетіледі т.б.); 4) қате әріптің астын сызып қояды, ешқандай ескерту берілмейді.

Бұл көрсетілген жағдайлардың қайсысын қалай қолдану: 1) сыныптың ерекшелігіне байланысты (I-II сыныптарда айқынырақ түзетулер қолданылады,  III –IV сыныптарда күрделірек әдістер қолданған мақұл (3-4 әдістер), 2) оқушылардың дайындық дәрежесіне байланысты. Мысалы, жақсы оқитын оқушы қате жіберсе, оның қатесінің асты сызылып қана қойылады, ал нашар оқитын оқушылардың қателерін түрлі әдіспен түзету керек (кейде қалай түзету керектігіне нұсқау көрсетсе, кейде дұрысын жазады). Мүмкіндігіне қарай, қателерді түзетуге оқушылардың өздерін қатыстыру керек. Мұғалім қате жазылған сөздердің дұрысын, тіпті болмаса, мәтінді түгел балаларға қайта көшіртеді. Мұнда қате жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі өте пайдалы.

Оқушылар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда динамикалық стеротип орнайды да, одан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан олардың қателерін есепке алып, бір қатені екінші рет қайта жібермеу үшін, дереу алдын ала шаралар қолданылады. Оқушыларды қате жазудан сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескертіп, көрсетіп жаздыру, жазылу ережесі оқылмаған сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран кездессе, ондай сөздерді тақтадан немесе  оқулықтан қарап жазуға дағдыландыру  керек. Мұғалім оқушылардың жазуларын тексеріп, қателерін түзетіп болғаннан кейін, әр оқушының жұмысына баға қояды. Бүкіл сыныпқа берілген тапсырманың үстіне жеке оқушыға арнаулы тапсырмалар береді (мысалы, ережені пысықта, сөйлем құрастыр, белгілі бір жаттығуды орында т.б.). Бастауыш сыныптарда да әсіресе сауаттылық жағын қамтитын бір баға қойылады. Ал мазмұндама мен шығармада тек орфографиялық  қателер ғана емес, сонымен қатар пунктуациялық қателер, сөз қолданудағы сөздерді байланыстырудағы, жоспардағы, сөйлем құрудағы, мәтіндегі қателер де, тіпті жазу жұмысының көлемі де есептеледі.

Оқушылардың жазғандары, айтқандары орфографиялық жағынан сауатты, стилистикалық жағынан дұрыс болуға тиіс. Оқушылар мұғалімнің сөзіне еліктейді. Ендеше мектептегі мұғалімдердің өзі сауатты сөйлеулері керек, тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазғандары әдемі, қатесіз болғаны жөн.

Қорыта айтқанда: 1. Сауатты жазуға үйренуде мүғалім оқушылардың ережені түсінбей, құрғақ жаттауына жол бермеуі керек, сол ережені меңгертудің әдіс-тәсілдерін іздестіруі керек. Оқушылар өтілген ережелерге өз бетінше мысал келтіре алып, оны оған ұқсас басқа жағдайларда пайдалана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасады. ¤йткені тіл дамыту – қашанда ой дамыту. Сауатты жазуға үйрену үшін оқушы аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларын іске асыруы керек.

2.    Сауатты жазуға үйретуде мұғалім мынадай жұмыстарды жүргізеді: сөздің не сөйлемнің мағынасын түсіндіріп барып оны оқушыларға жаздырады; сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға машықтандырады; түбірлес сөздерді табу, сөз тіркестер арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру; дыбыстық талдау жасау, сөздік жұмысын жүргізу; сауатты жазу дағдысын қалыптастыру т.б.

3. Жазуға байланысты жүргізілетін жаттығулар  көруге,  естуге және  орфографиялық тапсырмалар бойынша  жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері: грамматикалық-орфографиялық  талдау,  көшіру  түрлері: механикалық көшіру, есте ұстау арқылы көшіру, еркін көшіру; грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру;  бақылап көшіру; диктант жүргізу, оның түрлері: ескерту диктанты, іріктеу диктанты, түсіндіру диктанты, шығармашылық  диктант, ерікті диктант, бақылау диктанты.

4. Оқушылардың  орфографиялық дағдысын қалыптастыру жұмысы 4 кезеңнен тұрады:  бірінші кезеңде  материал мұғалімнің көмегімен  тақтада талданады, ереже бойынша  жазылған сөздер  табылады,  бұл  дағдыны бекітудің алғашқы сатысы.  Екінші кезеңде  дайын  мәтін  беріліп, оқушылар ережеге сай келетіндерін табады. Бұл кезеңде  көптеген жаттығулар жүргізіледі және бұл кезең – орфограмманы білу кезеңі деп аталады.  Үшінші кезең – орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда оқушылармен  грамматика – орфография тапсырмалар, түрлі көшіру, шығармашылық жұмыстар, диктанттар  жүргізіледі. Келесі кезең – қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі. Бұл  кезеңде жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу, диктанттар жазу жұмыстары жүргізіліп, өтілген ережелер бойынша дағдылар толық қалыптасады.

5. Оқушылардың орфографиялық не пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керек және оқушылардың іздегенін ойы- есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.

6. Оқушылардың білімін  бағалауда бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмыстарына мынадай талаптар қойылады: бір тақырып аяқталғаннан кейін бақылау жұмысы жүргізіледі; тек соңғы ереже ғана емес, бұрыңғы өтілген ережелер де қамтылады; бақылауға мәтін не жеке сөйлемдер алынады.

7. Сабақта оқушылар қойылған сұраққа жауап қайтарып қана қоймай, өздері де дұрыс сұрақ қоюға үйренеді. Оқушылардың білімін, дағдысы мен икемділіктерін есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.

8. Оқушы мұғалімнің жетекшілігімен өздерінің қателерін жою үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді. Бақылау жұмысынан кейін мұғалім оқушылардың жіберген қателіктерінен толық талдау жасайды. Әр оқушыға тән қателер теріп жазылады, осының нәтижесінде әр оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі анықталады. Мұғалім қате себептерін анықтап, қосымша жұмыс ұйымдастырады.

9. Бастауыш мектептегі ана тілі пәні жоғары сыныптарда өтілетін қазақ тілі пәнінің дайындық сатысы, оның мақсаты – балаларға оқу, жаза білу дағдысын меңгерту, тілін дамыту, сауатты жазуға үйрету, ана тілін, әдебиетке деген сүйіспеншілігін, білімге деген құштарлығын қалыптастыру.

 

 

 

  

 

 

Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға ерекше мән берген. Онда бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекетін ұйымдастыру атап көрсетілген және оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндігін ашу, білігін қалыптастыру көзделген. Қазіргі таңда мұғалім оқушыға алдын-ала бәрін өзі дайындап бермеуі тиіс, оқушы өзі ізденуі қажет. Ал мұғалім оқушының оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы, оған басшылық жасауы қажет. «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бірі-білім беру,ғылымды дамыту,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Ал бұл істің қайнар көзі білім ордасы-мектеп, ал мектептің –жаны мұғалім. Олай болса ел сенген мектеп мұғалімі: «Оқыту дегеніміз - екі есе оқу» деген қағидаға сәйкес болуы шарт. Осы қағидаға сүйене отырып әр түрлі бағдарламаларды, әдіс-тәсілдерді оқып, салыстыру керек. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда жаңаша міндеттер қойып отыр. Мұның өзі әрбір мұғалімнен оқу үрдісін қайта қарауды бұрыннан қалыптасқан әдістер мен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды қажет етеді. Жаңа тәсіл – балаға жазба тіл дағдысына үйрету. Бұл әрекеттің жаңа тәсілінің мәні, жаңалығы мынада: бала психологиясының мектепке дейінгі табиғи даму динамикасын үздіксіз бірізді жалғастырып алып кету арқылы алдағы уақытта баланың жазба тілін дамытып, шығармашылығын арттыруда интеграция арқылы негіз салу және әрі қарай дамыту. «Тіл дамымаған баланың басқа да психикалық қызметтері дамымайды». Әсіресе, жазба тілді дамыту маңызды және күрделі мәселе. «Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы». Осы уақытқа шейін жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі (элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді жалғастырып жазу кезеңі) бары, сол кезеңдерге қойылатын талаптарды орындауға төселдіру қажеттігі және мұның бәрі өте күрделі процесс болып табылатындығы туралы айтылып және басшылыққа алынып келді. Шын мәнісінде, ғылыми әдебиеттерді зерттей келе, осы кезеңдер арқылы ғана төменгі сынып оқушысын ағылшын тіліндегі жазба тілде үйретуге болмайтындығына көзіміз жетті. Бұл жөнінде профессор Т.Тәжібаев: «Жазба сөзді жақсы білу үшін психологиялық операцияны жаңа түрде пайдалану керек» десе [], Л.С.Выготский: «әріп жазуға үйрету деп ойламау керек» дей келіп,әрі қарай осы күнгі қолданып жүрген дыбыстық талдаудың да жазуға үйрету жолына жатпайтындығы туралы:»....тәжірибе көрсеткендей, сөз ішіндегі дыбыстарды талдай алатын бала сөз жазып кетеді деп айтуға болмайды, оған жазу механизмін үйрену қажет» дейді []. Ғалымдардың «жаңа түрдегі психологиялық операция пайдалану керек», жазба тіл дағдысына үйрену қажет» деп отырғандары баланы жазу әрекетіне үйретудегі жаңа тәсіл.Себебі, онда рухани-адамгершілік құндылықтың іргетасы қаланады. Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы дамып интеллекті баийды. Сондықтан жұмысты дұрыс, сауатты атқаруға бірден үйрету керек. Мұндай жағдайдағы сауаттылық – ол бәрінен бұрын міндеттерді шешеудің шығармашылық жұмысқа үйрету барысында оқытудың жалпы мақсаты мен міндеттерін жоспарлап есепке алу керек. Сауаттылыққа үйретуде қатемен жұмыс жасау технологиясының төмендегідей ережелеріне сүйенгені дұрыс:

1.Оқушы, әсіресе, бастауыш сынып оқушысы нақтылы бір зат жасай алмайды. Демек, шығармашылық тапсырманы оқу барысында игерген біліміне сәйкес және оны сол тапсырманы орындауға мүмкіндігінше толық қолдана алатындай етіп беру керек.

2.Тапсырылған шығармашылық жұмыстар сауатты түрде орындалатын болуы шарт. Ережені білу топтастыру оны практикада іскерлікпен пайдалана алу шеберлікке әкеп тірейді. Нақтылы бір істі атқаруда шығармашылық қиялды үстірт пайдалануға жол беруге болмайды.

3.Бастауыш сынып оқушылары көп жағдайда шығармашылық жұмысты сауатты атқара алады. Сондықтан мұғалім тапсырманы біртіндеп күрделендіре отырып, негізгі үлгіге байланып қалмай мөлшерлете орындатып отыруы шарт. Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында тағы бір жеке-дара мақсатты да алға қою мүмкінддігі бар. Ол - баланың іс-әрекетке икемділігі мен қабілетін ашып дамыту және есепке алу. Шығармашылықпен жұмыс істеудің нәтижесін келешекте өзінің икем-қабілетін сапалы түрде мамандық таңдау жолында пайдалануға болады. Тиянақты шығармашылық жұмыс жүргізіп отырған оқушылар мұғалім тарапынан марапатталып отырады. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген ғалым-педагог М.Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойланын дамыту туралы «Ойлау жанның өте қиын терең ісі»деп атап көрсете келіп, тіл үйретуші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді [].

Ол үшін сауат ашудың негізгі мақсаты - оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық , есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту, буын, сөз, сөйлемді оқуға үйрету сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру өздігінен оқуға, жазуға дағдыландыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеуге үйретуді жүзеге асырады. Осы мақсатты шешу үшін, сауат ашуда төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек.

- оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;

- оқыту принципттерін басшылыққа алу;

- ағылшын тілінің дыбыстық, ерекшеліктерін меңгерту, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету:

- буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру;

- дыбысты әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға, сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас жазуға үйрету;

- жазудың талаптарын орындату;

- балалардың сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру. Көркем жазу - адам өмірінде әсемдік пен сәнділікті сақтаудың, оны жетілдірудің бір жолы. Соның ішінде оқушылардың жазуына каллиграфиясына тоқталатын болсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптасады.

Сауат ашу - аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Бала сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, күнднлікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс.Әдетте, мұғалім жалпы жазу жұмысын, оның ішінде сауатты жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама дайындық жұмысын жүргізуі тиіс. Ондай даярлық жұмыстары жаза білу икемділіктерін меңгеруге керекті дәстүрлі ережелерді қамтиды. Жазуды жазылуы оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді жазуға біртіндеп көшкен дұрыс. Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда, оның сауаттылығын арттыру керек.

Осы талаптарды орындау негізінде оқушылардың көркем жазу дағдысы қалыптасады. Әдемі жазу - өнер. Таза, анық әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа үйретеді.

Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының қол икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін орындалатын жаттығу түрі:

«Басып жазу» жаттығуы. Дәптерге әріптерді қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді, ал оқушылар үстін басады. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды «штрихтау» баланың қолын жаттықтырады, сөйлеуі мен ойлауын белсендіреді.

Ағылшын тілін үйренуде сауат ашудың алғашқы кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды «үзбей жазуға» дағдыландыру қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр элементін жазудағы қимылдың аяқталуы келесі элементтің басталатын жерінде бітіп,әрі қарай келесі элемент жалғасады.

 

Жазба жұмысына байланысты қатемен жұмыс жүргізу жолдары

        Қазақ тілі сабағында алған білімдерін жазбаша сауатты көрсете білуде жазба жұмысының алатын орны ерекше. Ол сабақ құрылымының 3 түрлі мақсатына сәйкес грамматикалық сауаттылығын тексеріп қана қоймай, есте сақтауын, көркем жазуын, ұқыптылығы мен өз - өзіне деген сенімін нығайтады. Қазақ тілі сабағында алынатын диктанттың 7 - сыныпқа арналған әдістемелік нұсқауда 12 түрі көрсетілген. Соның ішінде бақылау диктантында қатемен жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Диктанттың негізгі мақсаты - оқушылардың теориялық білімін сынау, бағалау, оларды сауатты жазуға үйрету болса, қатемен жұмыс жүргізудің мақсаты - жіберілген қатемен сауатты жұмыс жасау болып табылады. Диктантты дұрыс, сауатты жазу үшін грамматиканы үйреніп, талдай білу жеткіліксіз, сонымен қатар көркем әдебиетті көп оқу керек.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жалпы орта білім департаментінің нұсқауы бойынша диктант нормаларын пән мұғалімі білуі тиіс.

Диктант келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек. Жазба жұмысының соңында орфографиялық, пунктуациялық қате саны көрсетіліп, келесі жолдың оң жағына диктант бағасы қойылады. Мысалы, 1/0 немесе, 5/1 т. с. с. Шартты белгілерді оқушы білуі тиіс:

/ – емле қатесі;

V – тыныс белгі қатесі;

? – түсініксіз;

Z – азат жол.

Қазақ тілі пәнінен алынған жазба жұмыстардағы жіберілген қате бойынша саралау кестесі әрбір жазба жұмысынан кейін сараптамалық талдау негізінде жасалып, оқушымен деңгейлік тапсырмалар негізінде тікелей жұмыс жасауға ықпал етеді. Сондай - ақ жазба жұмыстарын бір - бірімен салыстыруға да мүмкіндік береді.

Қатемен жұмыс жүргізу жолдары:

1. Тексерілген жұмыспен оқушы танысып, қызыл сиямен көрсетілген сөзді жол басына ең әуелі қате түрін, содан кейін сызықша қою арқылы жол аяғына дейін қатесіз жазу керек;

2. Қате жазылған немесе оқушыға таныс емес сөздерге қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалана отырып, мағлұмат беру;

3. Жіберілген қате туралы өтілген тақырып бойынша ережені еске түсіру, мысалдар келтірту;

4. Қате жазылған сөзге фонетикалық, лексикалық, морфологиялық талдау жасату;

5. Оқушылардың тасымал, тыныс белгі туралы білімдерін нақтылау, бағдар беру;

6. Диктант мәтініндегі тірек сөздерді тапқызып, сөйлем құрату.

7. Сабақты шығармашылықпен ұштастыра отырып, қате жіберілген сөздердің прозалық, поэзиялық шығармаларда қолданылуына назар аударту, нәтижелі болу үшін жатқа айтқызуға болады.

Өз тәжірибеммен бөлісу мақсатында 7 - сыныпта жүргізілген қатемен жұмыс сабағының үлгісін қоса беріп отырмын.

Күні: 15/02

Сыныбы: 7 «В»

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Жазбаша грамматикалық сауаттылығында жіберілген олқылықтарды жою, білімдерін нақтылау;

2. Дамытушылық. Ойын, есте сақтауын, көркем жазуын дамыту, талдау жұмыстары арқылы білім, білік дағдыларын жетілдіру;

3. Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу, өзіне деген сенімін арттыру.

Сабақтың типі: білімді бекіту

Сабақтың түрі: талдау

Әдіс - тәсілі: байқау, талдау, жеке оқушымен жұмыс, салыстыру.

Көрнекілігі: слайд

Пәнаралық байланыс. география, әдебиет

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа назар аударту.

2. Сабақтың мақсатын қою.

Жазба жұмысын жазуда жіберілген қателермен жұмыс жүргізу.
Тілдік талдау арқылы теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру.

3. Білімді тексеру кезеңі.

1. Диктантта жіберілген қателерді көру арқылы байқау, мұғалімнің түзетуі бойынша сол сөзді салыстыру арқылы қате және қатесіз түрін табу.

2. Сол сөздің қатесіз түрін көшіріп жазу;

3. Ортақ қателер: ойпаңына, бос шөппен, түгін, басшылары, азат жол, азда, молда тамбайтын, аспанынан.

Сөздікпен жұмыс.

Ойпаң - төмен, ойлау жер. [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 626 - бет]

Тасымал туралы түсінік беру.

Тасымал - жазу кезінде сөздің жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру. Тасымал буынға негізделеді.

Сөздер мынадай жағдайда тасымалданбайды:

1. Бір дауысты дыбыстан тұратын буынды жолда қалдыруға немесе келесі жолға тасымалдауға болмайды. Мысалы, а - та, әули - е.

2. Бір буынды сөз тасымалданбайды.

3. Қысқарған өлшем бірлігін (см) өзі тіркескен саннан (30) бөліп тасымалдауға болмайды.

4. Қысқарған сөз тасымалданбайды.

5. й, у дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады: да - уыс, құ - йын.

6. Екі әріптен құралған я, ю дыбыстарына аяқталған сөздер тасымалданбайды: қою, күю, ұя.

7. Аты және әкесінің аты қысқартылып, басқы дыбысы ғана жазылғанда, фамилиясынан бөліп тасымалдауға болмайды.

4. Әр оқушыға жіберілген қателері бойынша жеке тапсырмалар беру.

а) Аспаны сөзін септеу.

б) Дұрыс тасымалданбаған сөздердің тасымалдану жолдарын тапқызу.

в) Емле қателері бойынша сөздерге сөйлем құрату.

5) Шығармашылық тапсырма.

Мәтіннен етістіктің шағына байланысты түрлерін тауып, теріп жазыңдар. Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңдар. Қыс жауған қар суы, жаз жауған жаңбыр – бәрі - бәрі осы жерге келіп үймелейді. Осыны ескеріп, ауыл басшылары Бақанас жайылымына малшыларды жыл сайын үш - үштен бөліп, кезек қондырып отырады.

6) Ойпаңына сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.
Жеке оқушымен жұмыс.

Алдын - ала дайындап келген таратпалармен жұмыс жүргізу. (Мысалы, қатесіз жазған оқушыға жеке тапсырмалар беру, диктантты қате жазған оқушымен жұмыс: қате жазу себебін анықтау, сол тақырып бойынша тапсырмалар беру);

«Ең үздік жазылған диктант» айдарымен диктантты үздік жазған оқушыны анықтау, мадақтау, ынталандыру.

7) Көрінбей кетеді, келгенімен сөздерін морфологиялық талдау жасаңдар.

8) Мәтіннен есімшелі сөздерді тауып, теріп жазыңдар.
Жібіген, отырған, келетін, емес, жауған, тамбайтын, айырбастамайтындай, өскен, отырған.

9) Картамен жұмыс. Бақанас көлі туралы түсінік беру.
10). Балалар, өздеріңе таныс әдебиеттен осындай өзен, көл атауларына байланысты қандай шығармаларды білеміз? Қане, кім айтады?

4. Үй тапсырмасы.

Өзен, көл, жер - су атауларына байланысты ақын - жазушылардың шығармаларымен танысып, үзінді жаттау.

5. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Диктант жазу барысында жіберілген қателеріне талдау жасата отырып, өз қателерін таба алуға, өз беттерінше жұмыс жасай алуға дағдыландыру.  

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, үй тапсырмасын тексеру, оқулықпен,  дәптермен жұмыс, жұптық тапсырма, кеспе қағаздармен жұмыс, үй тапсырмасын беру, кері байланыс.

Қажетті құрал-жабдықтар: ноутбук, А4 парақтары, маркерлер, бағалау парақшалары.

Күтілетін нәтиже: Үлгерімі: 100_____       Білім сапасы: 60

Диктант жазу барысында жіберілген қателеріне талдау жасата отырып, өз қателерін таба алуға, өз беттерінше жұмыс жасай алады.

Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Іске асырылатын тәрбие бағыттары I.Ұйымдастыру кезеңі:

1-минут

Сыныппен сәлемдесу.

Оқушылардың ойын бір жерге жинақтау үшін ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.

Олар шеңбер құрып ,өз көңілкүйлерін бір біріне білдіреді.

Адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді үйрету

1-минут

1.Үй тапсырмасын тексеру: Мектеп тақырыбына жазылған әңгімелеу мәтінін оқыту.

 Жазып келген мәтіндерін оқып береді.

 Белсенді ойлау қызметін дамыту және топ ішінде белсенділік көрсету арқылы өзінің қаблеті мен әлеуеттік мүмкіндігін тану

II. Жаңа сабақты түсіндіру:

10-минут

Жаңа сабақты меңгерту:

25-минут

Дәптермен жұмыс: Сөздік диктант жаздыру.

Сөздерді буынға бөлуге арнал,ан тапсырма,соңында н және ң әрпімен бітетін сөздер жаздыру,кім? сұрағына жауап беретін сөздер жаздыру, осы сөздерге не істеді? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазу.

Тест сұрақтарымен жұмыс. Жұптық тапсырма орындату

 Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

Жұптаса отырып тапсырма орындайды.

Сана-сезімнің қажетті біліммен толығуын ұйымдастыру

III. Бекіту.

1-минут

Сөздерді дұрыс тасымалдау жолдарын үйрету. Сөздерді дұрыс тасымалдайды. Нормаларды, құндылықтар жүйесін анықтауды үйрету.

IV.Үйге тапсырма:

1-минут

Жанұя тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрастыру Берілген тапсырманы күнделіктеріне жазады. Еңбектің (үй жұмысының) өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі екенін қалыптастыру.  

V. Бағалау.

VI. Кері байланыс. (оқушы тарапынан рефлексия):

1. Бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы немесе сұрақтары болса кері байланыс дәптеріне  жаздыру.

2. Дәптерге пікір жазып, сұрақтары болса жазып, жапсырады.

5. Қортындылау: Осы сабақ бойынша сыныптың үлгерімі мен білім сапасын шығарады және оны күтілетін нәтижемен салыстырады.

6. Түзету. (Рефлексия)

1.Түзету қажет емес. (Білімін  тереңдету.)  Оқушылар тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.

 

Шетел тілі бағдарламасы бойынша сауатты жазу дағдысы 1-сыныпта басталады. Оқушылар алғашқыда сұраққа дайын сөздермен жауап берсе, кейін сұрақта жоқ сөздерді қосуға төселеді. 2-сыныпта бастап жоспар арқылы жазуға төселеді. Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізіге қиналады. Ал, кейбіреулері ойын ашық жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Егер дәстүрлі оқыту баланы жаттауға, есте сақтауға үйретсе, ал дамыта оқыту баланың дербес жұмыс жасауына, алған білімін өмірде пайдалануға үйретеді. Жазу нақтылыққа баулиды. Жазу ойды жүйелейді. Адамның қабілет ерекшелігіне, психологиялық жағдайына жазу тікелей байланысты. Жазуға қызықтыру маңызды. Дәстүрлі жазба жұмыстарында оқушы ойын нормадағы сөз санына сыйғызады. Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс. Оқушы әрекеті:

1. Өз ойын еркін жазу.

2. Өзгені тыңдай білу және көмектесу.

3. Бірлесе әрекет жасау.

4. Өз әрекетін талдау.

5. Өз мақсатын анықтау.

Күнделікті сабақта оқушының жазу сауаттылығына үнемі мән берілсе, онда іс нәтижелі болады. Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда көрнекіліктің алатын орны ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың тақырыбына сай әріп, сөз, сөйлем жазылған таблица, суретті карточка, сюжетті суреттер, дидактикалық материалдарды пайдалануға көңіл бөлінеді. Кейбір оқушылар әріптің негізгі формасын сақтамай және оларды бір-біріне өте жақын немесе өте алшақ жазуынан қате жібереді. Сөйлем аяқтағанда тыныс белгілерін қоймай, келесі сөйлемді бас әріптен бастамай, жалқы есімдерді кіші әріппен жазып қояды. Қатенің бір түрі сөз мағынасына дұрыс түсінбей жазудан болады. Мысалы: «small» сөзін «smal» ,«little» сөзін «littl», «love» сөзін «lov» деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда әріпті тастап кету, бірдей екі әріптің біреуін қалдырып кету жиі кездеседі. Басқа тілден енген термин сөздерді жазудан жиі қателеседі. Сауатты жазу үшін төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отыру қажет:

- оқушыларды қатесіз жазуға дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу;

- сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып, оны орнына қойып, үйлестіріп жазу;

- берілген сөздерден сөйлем құрап жазу, сұрақтарға толық жауап жазу сауатылыққа көмегін тигізіп отырады.

Қатемен жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі. Қате жіберген сөйлемдерді қайтадан жазғызып, астын сыздыру нәтижесін береді.  Оқушыларды қатесіз, сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан түрлі. Өйткені әр баланың ерекшелігіне байланысты қатесіз жазуға үйрету әдісі әр сабақта өзінше орын алады.

Тілін дамытып, есте сақтау қабілетін артырып, сауатын жетілдіруге жаңылтпаш жазудың да өзіндік пайдасы бар. Мысалы:

Together, together, together every day,

Together, together we work and play.

 

Why do you cry, Willy? 

Why do you cry?  

Why, Willy? Why, Willy?  Why, Willy? Why?

 

What a big black cat!

What a cat, what a cat!

 

Fat Pat had a fat cat.

Pat’s fat cat sat in Pat’s hat.

 

I scream,

You scream,

We all scream, 

For ice-cream.

 

The  spoilt boys,

Destroyed  all   the  toys.

 

Raise your hands high in the air,

At your sides, on your hair.

Raise your hands as before

While you clap: one,t wo, three, four.

 

Оқушылардың дәптерін күнделікті тексеріп баға қоюмен шектелмей, қате жіберген сөзді қатыстырып,сөйлем құратып,қатесін түзеткен-түзетпегендерін байқап, ретіне қарай жаңа тапсырмалар беріп отыру керек. Әрі таза, көркем,сауатты жазуға дағдыландыру үшін сыныпта дәптерлерді бір-біріне беру, көрсету,салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да өз нәтижесін береді.


Сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді.Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады.Әріп элементтерін ретімен жазып үйрену.Біріншіден,неше элементтер тұратыны.Екіншіден ,ол әріпті қай жерден қалай бағыттап жазуды меңгеру.Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды «үзбей жазуға» дағдыландыру қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр элементін жазудағы қимылдың аяқталуы келесі элементтің басталатын жерінде бітіп,әрі қарай келесі элемент жалғасады.Үзбей жазуға жаттығу жұмыстарын жүргізетін жаттығулар.[Б.с.о №33013ж]
Бұл кезеңдерде «Несімен ажыратылады?»жаттығуы.
а)
ә)
б)
бұл жаттығу әріптерді бірдей биіктікте,бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді.Ал келесі жаттығу «көз» бен «қолдың» бір бағытта жұмыс жасауын қалыптастырады.
2 2
1 3 1 3
Көз бірінші нүктеде, қол да бірінші нүктеде, көз екінші нүктеде ,қол да жоғарыда, көз үшінші нүктеде,қол төменде. Бұл жаттығу қолды сенімді қозғауға үйретсе, «бірдей биіктікте секіру» жаттығуы әріптерді ара қашықтығын сақтап жазуға машықтандырады.
6

Көркем жазу дағдыларын қалыптастыратын мынадай жаттығуларды ұсынуға болады: « Әріпті тап » жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді.
Мысалы: О ,II , .
« Ғажайып алаң» ойыны.Тақтаға сөз жасырылады.Мұғалім жасырылған сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да,ал оқушылар қандай әріп екенін айтады.Мысалы: бүтін құрсау мен оңға иілген қармақшадан тұратын кіші әріп десе, «а» әрпі екенін табады. Енді сөзімнің соңында оқушыларды әдемі жазуға қалыптастырумен қатар шығармашылығын арттыруда жазу жұмысын бастарда жұмбақтар мен өлеңдермен бастасаң әсерлі болар еді. Мысалы, дәптермен жұмыс жүргізерде:
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық,-
деп оқушыларды әдемі етіп жазуға баулу керек. Ойлау қабілетін дамыту мақсатында жазудан бұрын жұмбақтармен бастауға болады. Мысалы:

Q. What has a face and two hands but no arms or legs?
A. A clock!


Q. What is the easiest way to double your money?
A. Put it in front of the mirror of course!


Q. What has a thumb and four fingers but is not alive?
A. A glove.


Q. What has to be broken before you can use it?
A. An egg.


Q. What has a neck but no head?
A. A bottle.


Q. What gets wetter as it dries?
A. A towel.


Q. What goes up and doesn’t come back down?
A. Your age.


Q. What belongs to you but is used more by others?
A. Your name.


Q. Everyone has it and no one can lose it, what is it?
A. A shadow.


Q. It's been around for millions of years, but it's no more than a month old. What is it?
A. The moon.

 

                   

          

 

     

 

  

 

Осы тәріздес жұмбақтарды шешкізіп, әдемі айтуға, оқуға, әрі сауатты жазуға үйрету, қазіргі заман талабына сай әр мұғалімнің басты міндеті болуы қажет. Бастауышта сауаттылықты жете меңгермеген оқушы жоғары сыныптарда оны толықтыра алмайды. Сондықтан оқушының сауатты, таза жазуына әрбір сабақ сайын көңіл бөліп,олардың тіл байлығын арттыруға назар аударған жөн. Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі тікелей байланыста болады. Кітап оқи алмаған оқушының сауатты жаза алмайтыны белгілі. Сауатты әрі әдемі жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады. Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты да біледі. Қатесіз жазуды меңгеруде оқушылар әріп пен дыбысты айырып, әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата біледі. Мысалы: «ана», «домбыра», «асық» сөздеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен бастап-ақ ажырата білуге, сонымен бірге тақтаға жазылған әрбір әріп, әрбір сөз, сөйлемді дауыстап оқытып, оны іштей қайталатып, естеріне сақтап жазуға үйрету қажет. Бұл, біріншіден, баланың есту қабілетін жетілдіруге пайдалы болса, екіншіден,сөздің дыбыстық құрамын дұрыс ажыратуға, үшіншіден текстіні немесе сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазуға көмектеседі. Кейде жұмыстың түрін өзгертуге суреттер іліп, соның аттарын өздеріне жаздырып,жазған сөздерін,сөйлемдерін өздеріне, қатар отырған қасындағы балаға тексеремін. Қате жіберген оқушы қатесін жолдасының түзеткеніне намыстанып,сауатты жазуға талаптанады. Бұл тәсілдің тиімділігі олар бір-бірінен көшірмейтін болады. Әріп (1-сыныпта) буын, сөздік диктантын орынды жүргізіп,онда жіберген қателерін қайталап жаздырып, сол сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құратып астын сыздырамын. Оушыларды сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі әдістің бірі-сабақ үстінде ойын элементтерін пайдалану. Ойын оқушыларды сабаққа қызықтырады, материалды тез қабылдап,есінде ұзақ сақтауға көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп,солардың ішінде сауатты жазуға үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше. Мысалы, «Есіме жаттап сақтайын» ойыны.

Ый-и әріптерінің емлесіне байланысты жазылатын сөздер – сый мен - тый-бұлар түбірлестер. Оған мысал: Сыйға-сый. «Көзің ауырса, қолыңды тый»,қалған сөздерде жалаң «и» жазылады.Егін , шөпті уақытында жи. Оюды қайшымен қи. деген сияқты сөздерді жиі сұраймын. Қорыта келгенде дауыссыз дыбыстардан кейін «и» жазылуына ерекше тоқталған дұрыс.

Я әрпіне жүргізілген ойында и+а =я; қоян,аяқ,таяқ,аяз,т.с.с құраған сөздерін қатесіз дәптерге жаздыртып, өздеріне тексерту,осындай сөздерге қатысты жұмбақ шешкізіп, тасымал тақырыбына байланысты бір буынды,екі буынды,үш буынды сөздерді дұрыс жазуға, «Кім көп сөз тауып жазады?» ойынын жарыс түрінде жүргізген тиімді. Жазған сөздерінің сауаттылықтары тексеріледі. Бұндай ойын түрлері оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелейді.Ұлттық ою-өрнектерімізді көрсетіп,олардың аттарын ататып, дәптерлеріне қатесіз жаздырамын. Сонымен бірге туыстықты білдіретін немере,шөбере,аға,әпке,сіңлі, нағашы т.с.с сөздерін жаздырып,талдау жасатамын. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.

Кейбір жағдайларда оқушылар қосарланған дыбыстарды жасауда көптеген кемшіліктер жібереді. Ол үшін мынадай жұмыстар жүргізген дұрыс деп есептей
міз. «Қайсысы дұрыс?». (Қате әріпті белінен бір сыз).

 

 

 

Түзету жаттығулары жазбаша сөйлеудегі ой байланысын, оқиға желісін дұрыс құруға, өңдеуге құрылады. Қате құрылған мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жағы, қатені іздеген кезде оқушы оны бірнеше рет оқиды. Мәтінге бірнеше рет қайта айналып келу, қайта оқу ерікті түрде әрі жеңіл орындалады. Егер оқушыға «мәтінді екі рет оқып шығыңдар» дейтін болсақ, тапсырма қызықсыз әрі еріксіз орындалар еді. Қатені түзету мақсатымен оқитын кезде бала ойланады, ізденеді. Біреудің қатесін жөндеу арқылы бала байқағыштыққа үйренеді, біртіндеп өз сөзін де қадағалауға жаттығады.

Мәтінді түзету, қалпына келтіру тапсырмасын «Сырлы сандық», «Шатасқан шумақтар» деп аталатын ойын әдісі арқылы ұйымдастыруға болады. Мысалы, сандықтың бір жағына белгілі бір мәтіннен алынған бір сөйлемді, екінші сандыққа екінші сөйлемді жазып, бірнеше сандықты пайдалануға болады. Сандыққа жазылған сөйлемдерден мәтін құрастыруға әртүрлі тапсырма беруге болады. Олар: берілген тақырып бойынша мәтін құру; бірінші сөйлем бойынша мәтін құру т.б. осы сияқты тапсырмаларды орындау барысында оқушы белгілі бір тақырыпта сөйлемдерді жинақтап, мәтін тұтастығын қалпына келтіруді үйренеді. Мәтіннің ішкі логикасын түсінуге үйрету үшін, ұйқасы бұзылған өлең мәтінін редакциялап, түзету тапсырмасы беріледі. Мұны «Шатасқан шумақтар» ойыны арқылы жүргізуге болады. Екі түрлі өлеңнің тақырыбы беріледі де, ондағы өлең жолдары орны ауыстырылып беріледі. Оқушының міндеті осы өлең жолдары қай өлеңнің тақырыбына сәйкес келетінін анықтап, түзетіп жазады. Тапсырма топтық немесе жұптық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Мұндай жаттығуларды орындау кезінде оқушылардың бір-бірімен ақылдасуы арқылы коммуникативтік қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады.

Шығармашылық ізденіс жаттығулары мәтінді құрастыруға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін іздестіру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Оған мыналар жатады:

1) өлең мәтінін құрастыруды үйрету;

2) теңеуді құрастыруды үйрету;

3) жұмбақ мәтінін құрастыруды үйрету;

4) сурет бойынша өз ойынан мәтін құрастыруға үйрету.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік болады да, сын есім, үстеу, есімдік сияқты сөз таптары сирек кездеседі. Сондықтан да байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысында заттың түр-түсін, пішінін, әр түрлі белгілерін бейнелейтін сөздерді, яғни сын есім сөздерді қолдануға үйретуді теңеу, жұмбақ, сипаттау мәтінін құрастыруға үйрету арқылы жүзеге асырылады.

«Педагогикалық эксперимент мазмұны және оның нәтижелері» деп аталатын бөлімшеде әдістемелік жүйенің практикалық маңызы анықталды. Эксперимент жұмысы 2

 

2000-2008 жылдар аралығында өткізіліп, ұсынылып отырған жүйенің тиімділігі анықталды.

Эксперимент үш кезеңге бөлініп жүргізілді: анықтау кезеңі, оқыту кезеңі және қорыту кезеңі.

Қатесіз жазуға, мәнерлеп оқуға дұрыс сөйлеуге жаттықтыру- сауаттылыққа үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету - әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты. Әдемі, әрі сауатты жазуға үйрету, қазіргі заман талабына сай әр мұғалімнің басты міндеті болу керек. Қазақтың ғұлама ақыны Абай атамыз айтқандай:

Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, деп бала бойына білім нәрін жалықпай іздену барысында шығармашылықпен бере білсек олар биіктен көрінер еді демекпін.

Анықтау кезеңінде тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуде қандай жұмыстар жүргізетіндіктері, қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдері жөнінде сауалнамалар таратылды. Мұғалімдердің сабақтарына қатысқанда жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету тек сөздерден сөйлем құрап жазумен шектелетіні байқалды. Оқушылардың жазбаша байланыстырып сөйлеу деңгейін анықтау мақсатында бірнеше тапсырмалар берілді. Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жазба жұмыстарынан мынадай олқылықтар байқалды:

- оқушылардың мәтін жайлы ұғымдарды жаттанды түрде меңгеретіндігі;

- құрастырған мәтініне ат (тақырып) қойғанымен, сол тақырыптың мазмұнын аша алмайтындығы;

- белгілі бір дәрежеде өз ойларын жеткізе алмайтындығы;

- мәтін құру кезінде көркем сөзді қолдану (стиль) ерекшелігін түсінбегендіктен, мүлде қолданбайтындығы;

- бір сөзді бірнеше рет орынсыз қолдану, бір ойды жазып бітпей жатып, екінші бір ойға көшіп кететіндігі;

- айтайын деген ойы мен жазған сөйлемі өзара бір-бірімен байланыс-пайтындығы т.с.с.

Анықтау кезеңінде байқалған кемшіліктерді болдырмау мақсатында, арнаулы бағдарлама бойынша дайындалған жаттығулар мен тапсырмалардың, әдіс-тәсілдердің тиімділігін нақтылау мақсатында оқыту эксперименті ұйымдастырылды. Мұнда үш сыныпты бақылау сыныбы, онда барлығы 85 оқушы, үш сыныпты эксперимент сыныбы, барлығы 87 оқушы алынды. Эксперимент сыныптарында жүргізілген сабақтарда біз құрастырған бағдарлама бойынша арнайы тапсырмалар мен жаттығулар енгізілді. Бақылау сыныптары дәстүрлі оқытудағы әдіс-тәсілдер негізінде ұйымдастырылды. Эксперименттік сыныптарда мәтіннің құрылымдық ерекшелігін меңгерту, мәтін құрастыруға үйрету аудио, визуальдық, оқушы мен компьютердің өзара интерактивті әрекеті арқылы, оқушының өзіндік және ұжымдық шығармашылық әрекеті арқылы ұйымдастырылды. Оқыту экспериментінен кейін әр сыныптың соңында оқушылардан бастапқыда алынған бақылау жұмыстары қайтадан алынып, олардың білім, білік, дағдылары сараланып, нәтижесі тексеріліп отырды.

Эксперименттің үшінші кезеңінде зерттеу нәтижелері бір жүйеге түсіріліп, жинақталды, қорытындыланды. Эксперименттік сыныптардағы алынған бақылау жұмыстарынан экспериментке дейінгі бастапқы деңгейлерімен салыстырғанда, балалардың мәтіндік, тілдік құралдардың қызметіне түсініп, мәтін құрастыруға, өз ойын байланыстырып жазуға біршама дағдыланып қалғанына көз жеткіздік.

Экспериментке дейінгі және эксперименттен кейін алынған бақылау сыныптары мен эксперименттік сыныптардағы жазбаша сөйлеуге үйрету нәтижелерінің жалпы көрінісін мына кестеден көруге болады:

Бастауыш сынып оқушыларының оқыту эксперименті кезіндегі нәтижелерін орта есеппен салыстырып қарайтын болсақ, эксперимент сыныптарында оқушылардың жазбаша байланыстырып сөйлеу деңгейі біртіндеп көтерілгенін байқаймыз.

 

3 - сурет – Бақылау және эксперименттік сыныптардағы
мәтін құрастыру деңгейінің көрсеткіштері

 

Алынған бақылау жұмыстарының нәтижелері мен қорытындыларынан бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін мәтін жайлы белгілі бір көлемде теориялық білімді меңгеру қажеттігі айқындалды. Оқушыға теориялық білімді меңгерту үнемі практикамен ұштастырылып отыратыны белгілі. Дайындалған жаттығулар мен тапсырмалар кешені бойынша оқушыларды мәтін құруға үйрету жұмыстарын ұйымдастыру кезінде олардың ерекше ынта-ықыласы, қызығушылығы байқалды. Мәтін құруға үйрету оқушылардың көру, есту, тірек-сызба, көрнекі-бейнелі қабылдау арқылы жүргізілетіндіктен, өз ойын жүйелі жазу жұмысы біршама жеңілдеді.

Қорыта келгенде, тәжірибелік эксперимент нәтижелерінен мынадай қорытынды шығарылды:

- оқушыға берілетін көмекші нұсқаулар, үлгі мәтіндер, жұмбақ, өлең құруға үйрететін бағдаржол, мәтін түрін, ертегі құрастыруға көмектесетін тірек-сызбалар оқушылардың белсенді іс-әрекетін, өз бетінше жұмыс істеуін, шығармашылық ойлауын жетілдірді;

- экспериментік оқыту барысында тәжірибе сыныптарында білім сапасы бақылау сыныптарына қарағанда анағұрлым нәтижелі болды. Оқушылардың мәтін белгілерін, құрылымдық ерекшелігін саналы ұғынған сайын, оны өз тәжірибесінде қолдануы, яғни мәтін құру қабілеті, өз ойын байланыстырып жаза білу біліктілігі жақсарды;

- оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы біртұтас әдістемелік жүйе ретінде қарастырылды. Бұл жүйе оқушыға мәтін жайлы түсінік, тілдік-қатысымдық білік пен дағды қалыптастырып қана қоймай, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етті;

- эксперимент нәтижелері ұсынған әдістеменің тиімділігін дәлелдеді.

 

Қорытынды бөлімінде зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша мынадай тұжырымдар жасалды:

1. Қазіргі таңда қазақ тілін оқыту әдістемесінде оқушылардың қоғамдағы түрлі іс-әрекеттерін жандандыруға, кез келген ортада өз көзқарасын, пікірін ашық түрде айтуға, жүйелі түрде жеткізуді үйретуге бағытталған жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру міндеті тұр. Сондықтан бастауыш сыныптан бастап белсенді түрде жазба тілде қарым-қатынас жасауға үйрету, қажетті сөйлеу дағдыларын жас ұрпақтың бойына сіңіру жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі арқылы іске асады.

2. Оқушылардың жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар кешені олардың мәтін құру білігі мен дағдысын жетілдірумен қатар, дүниетанымдық, дара тұлғалық қасиетін дамытуды қамтамасыз етеді.

3. Жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әр сабақта қамтылатын шығармашылық тапсырмаларды, ұтымды әдістерді, жаңа технологиялық оқыту құралдарын қолданғанда нәтижелі болады. Жазбаша байланыстырып сөйлеуді меңгеру арқылы оқушының логикалық ойлау қабілеті жақсарады, басқалармен тілдік қатынас деңгейі көтеріледі.

4. Оқушының тілдік және қатысымдық дағдыларын, мәтін құру шеберлігін олардың ұжымға біріккен белсенді әрекеті мен өзіндік іс-әрекеті арқылы ұйымдастыру жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі тануына мүмкіндік ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету» тақырыбында жазылған диплом жұмысы бойынша мынадай қорытынды жасадық:

 1. Бастауыш   сыныпта   жазу  жұмыстарының    мақсаты    оқушыларды    көркем,   анық,   дұрыс   жазуға     үйрету.    Балалардың    жазу   қимылдары    автоматтанғаннан   кейін   сауатты   жазуға    үйрету   міндеті   басталады.

2. Орфография    жазудың  бүкіл    жағдайларын    тәртіптейді.    Оқушы    ереже   бойынша,    саналы   түрде    түсіне  отырып,    жазу   арқылы   алған    білімдерін   бірте-бірте    заңға   айналдырады.

3.   Оқушыларды   дұрыс   жазуға    үйрету  барысында    мұғалім    жазуға   берілетін    материалды    алдын-ала   таңдайды.    Дұрыс   жазу   үлгілерін  тақтаға,   дәптерге    көрсетеді.  Балалардың   дәптерлерін   күн   сайын   тексеріп,    түзету  жолдарын   көрсетеді.    Айына  бір  рет    бақылау  жұмысын   жүргізеді.

 4.   Жазуға   үйрету   үшін   мұғалім:    сөздің   мағынасын   анықтайды;    айтылуына,   жазылуына,   грамматикалық    формасына  көңіл   аударады;    жіберілген   қатемен    жұмыс   жүргізеді;   сөйлем   мен    сөзді  талдау     жұмысын   жүйелі   түрде  жүргізеді;   грамматикалық   жаттығуларды    сөздік – орфографиялық     жаттығулармен    алмастырып   отырады.

  5.  Сауат   ашу   кезеңі   орыстың      ұлы   педагогі   К.Д.Ушинский    негізін   қалаған   дыбыстың   талдау-жинақтау   әдісімен   жүргізеді.    Бұл   кезеңде  талдау,   жинақтау,   бірінбірі    ауыстырып,     бірін-бірі   толықтырып    отырады.   Тек   осы  екі   әдісті   ұштастыру   арқылы   ғана    сауат  ашу   жұмысын    ойдағыдай   жүргізуге   болады.     Талдау-жинақтауда   мынадай   жұмыстар   жүргізіледі:   кез-келген   дыбыстарды    сөз   ішінен   бөліп   алу;   дыбыстың    артикуляциясын   байқату;   сөздің   аяғындағы   не    басындағы  дыбысты  түсіріп   айтып,   балаларға   тапқызу;    айтылуына  қарай   дыбыстарды,   жазылуына   қарай    әріптерді   салыстыру;  т.б.   үйретіліп  отырған   дыбыстың   сөздің   басында,    ортасында,   аяғында   келетінін   түсіндіру;   буынды   немесе  сөзді     есте   сақтау   арқылы  оқу;   дыбыс   алмастырып   оқу.

6.   Сауат  ашу   кезеңі   үшке   бөлінеді: 1)   әліппеге   дейінгі    дайындық   кезеңі;  2)   әліппе   кезеңі;   3)    әліппеден   кейінгі    кезең.    Әр  кезеңнің   өз  мақсаты  бар:       Дайындық   кезеңінде  оқушыларға   ертегі,   әңгіме  оқып   беріп,   өлең   жаттатып,   сурет   салдырып,   қағаз,   қалам   ұстауға      машықтандырады.

7.    Сауат   ашу   кезеңі   4  кезеңге  бөлінеді:   Бірінші   кезеңде  - дауысты дыбыстардың жуан, жіңшке болып бөлінуі, дауыссыз   дыбыстардың   түрлері   үйретіледі.  Екінші   кезеңде     -   қысаң   дауысты   дыбыстармен,    буынның   түрлерімен  танысады,   сюжетті  суреттеумен,   кестелермен   жұмыс   жүргізедіҮшінші   кезеңде  -      жіңішке  дауысты   дыбыстарды  дауыссыз    дыбыстардан    ажыратып    жазуды  үйретеді.         Төртінші   кезеңде -    орыс   алфивитінен  енген   дыбыстармен,   олардың    әріп   таңбаларымен     жұмыс  жүргізу. Әліппеден  кейінгі   кезеңде  оқушылар   «Әліппе»    соңында   берілген    материалдармен  жұмыс  істеп    «Әліппемен   қоштасу»      ертеңгілікке   дайындалады.

8. Сауатты жазуға үйренуде мүғалім оқушылардың ережені түсінбей, құрғақ жаттауына жол бермеуі керек, сол ережені меңгертудің әдіс-тәсілдерін іздестіруі керек. Оқушылар өтілген ережелерге өз бетінше мысал келтіре алып, оны оған ұқсас басқа жағдайларда пайдалана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасады. ¤йткені тіл дамыту – қашанда ой дамыту. Сауатты жазуға үйрену үшін оқушы аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларын іске асыруы керек.

9. Сауатты жазуға үйретуде мұғалім мынадай жұмыстарды жүргізеді: сөздің не сөйлемнің мағынасын түсіндіріп барып оны оқушыларға жаздырады; сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға машықтандырады; түбірлес сөздерді табу, сөз тіркестер арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру; дыбыстық талдау жасау, сөздік жұмысын жүргізу; сауатты жазу дағдысын қалыптастыру т.б.

10. Жазуға байланысты жүргізілетін жаттығулар  көруге,  естуге және  орфографиялық тапсырмалар бойынша  жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері: грамматикалық-орфографиялық  талдау,  көшіру  түрлері: механикалық көшіру, есте ұстау арқылы көшіру, еркін көшіру; грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру;  бақылап көшіру; диктант жүргізу, оның түрлері: ескерту диктанты, іріктеу диктанты, түсіндіру диктанты, шығармашылық  диктант, ерікті диктант, бақылау диктанты.

11. Оқушылардың  орфографиялық дағдысын қалыптастыру жұмысы 4 кезеңнен тұрады:  бірінші кезеңде  материал мұғалімнің көмегімен  тақтада талданады, ереже бойынша  жазылған сөздер  табылады,  бұл  дағдыны бекітудің алғашқы сатысы.  Екінші кезеңде  дайын  мәтін  беріліп, оқушылар ережеге сай келетіндерін табады. Бұл кезеңде  көптеген жаттығулар жүргізіледі және бұл кезең – орфограмманы білу кезеңі деп аталады.  Үшінші кезең – орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда оқушылармен  грамматика – орфография тапсырмалар, түрлі көшіру, шығармашылық жұмыстар, диктанттар  жүргізіледі. Келесі кезең – қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі. Бұл  кезеңде жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу, диктанттар жазу жұмыстары жүргізіліп, өтілген ережелер бойынша дағдылар толық қалыптасады.

12. Оқушылардың орфографиялық не пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керек және оқушылардың іздегенін ойы- есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.

13. Оқушылардың білімін  бағалауда бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмыстарына мынадай талаптар қойылады: бір тақырып аяқталғаннан кейін бақылау жұмысы жүргізіледі; тек соңғы ереже ғана емес, бұрыңғы өтілген ережелер де қамтылады; бақылауға мәтін не жеке сөйлемдер алынады.

14. Сабақта оқушылар қойылған сұраққа жауап қайтарып қана қоймай, өздері де дұрыс сұрақ қоюға үйренеді. Оқушылардың білімін, дағдысы мен икемділіктерін есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.

15. Оқушы мұғалімнің жетекшілігімен өздерінің қателерін жою үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді. Бақылау жұмысынан кейін мұғалім оқушылардың жіберген қателіктерінен толық талдау жасайды. Әр оқушыға тән қателер теріп жазылады, осының нәтижесінде әр оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі анықталады. Мұғалім қате себептерін анықтап, қосымша жұмыс ұйымдастырады.

16. Бастауыш мектептегі ана тілі пәні жоғары сыныптарда өтілетін қазақ тілі пәнінің дайындық сатысы, оның мақсаты – балаларға оқу, жаза білу дағдысын меңгерту, тілін дамыту, сауатты жазуға үйрету, ана тілін, әдебиетке деген сүйіспеншілігін, білімге деген құштарлығын қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.- ҚРБжҒМ. – Астана, 2006

2. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына жолдауы //Астана, 2011 жылғы 28 қаңтар.

3. Мектептегі шет тілі №2/2011. Шетел тілін оқыту әдістемесі: Педагогика әдістемесі, 40-42 б.

4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту  тұжырымдамасы  //  Қазақстан мұғалімі – 2004 - 213 бет.

5. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері 2(26), 2006. Ғылыми әдістемелік журнал, 36-40 б.

6. Сажина А.С. Фонетические аспекты на ранем этапе. Инностранный язык в школе – 1998 - №4,18c.

7. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері №2(26), 2006. Ғылыми әдістемелік журнал - 37бет.

8. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері №2(26), 2006. Ғылыми әдістемелік журнал - 38бет.

9. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері №2(26), 2006. Ғылыми әдістемелік журнал - 39бет.

10. Қазақстан Мектептеріндегі Шетел тілдері №2 (26) 2006. Ғылыми әдістемелік журнал.- 28бет.

11. Амандықова Г., Мұхтарова Ш., Баймұқанова Б., Бисенғалиева А., “Шет тілін оқыту әдістемесі”: Оқу құралы - Астана: Фолиант, 2007 – 167б.  

12. Программно-методические материалы для общеообразавательных учебных заведений. Инностранные языки. Начальная школа.-3-е изд, стереотип - М.: Дрофа, 2000 -160c.

13. Леонтьев А.А. Психолингвистические единицы и порождение речего высказывания - М: Наука,1969 - 308c.

14. Добырнина Н.В. Обучение основном инициативного высказывания на английском языке в 1 классе. - М: Просвещение, 1984 - 285 c.

15. Рогова Д.Е., Рабинович Ф.М., Сахарова Т.Е. Методика обучения инностранным языкам в средней школе - М.: Просвещение, 2000 - 232c.

16. Львов М.Р. Основы теории речи: Учеб. пособие  для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М. Издательский центр «Академия», 2002 - 248 с.

17. Дубровина И.П., Данилова Е.Е., Прихожин А.М. Психология: Учебник для студ. сред, пед.учеб.заведений // - М: Издательский центр «Академия», 2002 - 464c.

18. Выготский Л.С. Избранные психологические исследования. Мышление и речь.- М.: Изд-во АПН РСФСР, 1956 - 519 с.

19. Аршавский В.В. Популяционные механизмы формирования полиморфизма межполушарной асиметрии мозга человека // Мир психоллогии. - 1999. №4 - С.29-45.

20. Амандықова Г., Мұхтарова Ш., Баймұқанова Б., Бисенғалиева А. “Шет тілін оқыту әдістемесі”: Оқу құралы - Астана: Фолиант, 2007 – 167б. 

21. Зимняя И.А. Лингвопсихология речевой деятельности. - М: Московской психолого-социальной институт. Воронеж: НПО «МОДЯК», 2001- 432с.

22. Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говарению на инностранным языке: Пособие для учителей сред, школы.-М: Просвещение, 1978 159с.

23. Леонтьев А.А. Язык, речь и речевая деятельность в общей и педагогической психологии: Избранные психологические труды. - М.: Московской психолого-социальный  институт, Воронеж:НПО «МОДЯК», 2001, 448c.

24. Давыдов В.В. Большая Росийская энциклопедия, 1968 - 672с.- Т.2.-1999.- (М-Я). Ст.16.

25. Азимов Э.Г., Щукин А.Н. Словарь методических терминов (теория и практика преподования языко). - СПБ «Златоуст»,  - 1999. - 472c.

26. Зимняя И.А. Психология обучения инностранным языкам в школе. - М.: Просвещение, 1991 - 222c.

27. Горляков П.Ю. Прагматические направленное обучение общению на английском языке в первом классе общеобразовательных учреждений: Дисс.канд.пед.наук. 13.00.02. - Тамбов, 1995 - 6c.

28. Шувалова А.В. Развитие связной речи младших школников в процессе работы над текстом (На материале английского второго класса): Дис...канд.пед.наук: 13.00.02.-М.,1998 -156c.

29. Архипова Е.В. Проблемы речевого развития младших школьников. Дисс..д-ра пед.наук:13.00.02.-М., 1998 - 389.

30. Рахимжанова С.Д., Волкова А.С. English «First Steps”. Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2 сыныбына арналған оқулық - Алматы кітап баспасы, 2002 - 124 б.

31. Ванслова В.В.-М: Изобритательные искусство, 2000 - 292c.

32. Lannuzzi S. First friends 1. Classbook., 2009-36.

33. Lannuzzi S. First friends 1. Classbook., 2009-39.

34. Lannuzzi S. First friends 1. Classbook., 2009- 47.

35. Рахимжанова С.Д., Волкова А.С. English «First Steps”. Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2 сыныбына арналған оқулық. – Алматы кітап баспасы, 2002 - 127 б.

36. Богородицкая В.Н., Хрусталева Л.В. Учебник английского языка II кл. общеоброзоват. учреждений. Первый год обучения. В двух частях. Часть первая - М.: Версия, 2002 - 80c.

37. Зеленина Л.М. Русский язык: Учеб. для 2 кл.нач. шк. В 2 ч. Ч. 1 /

38. Зеленина Л.М., Хохлова Т.Е. - М.: Просвещение, 2004 - 144c.

39. Lannuzzi S. First friends 1. Classbook, 2009 – р.7.

 

1. ҚР 2015 жылға дейінгі білім саласын дамыту тұжырымдамасы: теория мен тәжірибеге қатысты мәселелері, 30 наурыз, Алматы, 2014

2. Назарбев Н.Ә. «Қазақстан 2030» Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 2013, 176 бет

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.- ҚРБжҒМ. – Астана, 2006

5. Қалиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. Алматы, 2002

6. Г.Н. Александрова. Управления самообразованием педагогов в условиях внедрения новой технологии учебной и педагогической деятельности. «Директор школы», 2002

7. К.Ж. Бұзаубасова. Жаңа педагогикалық технологиялар. Алматы, 2003

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Книга по темп Fun activities"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

В помощь преподавателям английского языка:

Дорогие коллеги, вносите разнообразие в свои уроки!
Хочу предложить готовые к использованию материалы, которые сделают Ваши уроки незабываемыми и принесут радость лично Вам и, конечно же, Вашим подопечным!

В каждом сборнике огромное количество игр, заданий и упражнений, которые станут отличным дополнением к любому уроку:

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 430 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.10.2017 2519
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейтімова Айсұлу Кайратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейтімова Айсұлу Кайратқызы
    Сейтімова Айсұлу Кайратқызы
    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2590
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Курс повышения квалификации

Письмо: методика подготовки учащихся к ОГЭ по английскому языку

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Английский для специальных целей (ESP)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе